Бірлесіп жұмыс істеу үшін Excel қызметтерін пайдалану

Жұмыс кітабындағы деректермен бірлесіп жұмыс істеу бұрынғыдан да оңай болу үшін, Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасын Excel қызметтері  қызметімен бірге пайдалануға болады. Ол Excel есептеу қызметтері қызметтерін пайдаланатын Microsoft Office SharePoint Server 2007 сервері болып табылады.

Жұмыс кітабын SharePoint құжаттар кітапханасына сақтаудың орнына оны Excel ішінде жариялау арқылы келесідей артықшылықтарды пайдалана аласыз:

  • Жұмыс кітабының деректері ұйымыңыз үшін теңшелген сенімді орыннан беріле алады.

  • Жұмыс кітабындағы басқа кісілер көретін бөліктерді анықтауыңызға болады, яғни, олар көрмеуі тиіс деректерді жасырудың қажеті болмайды.

  • Excel қолдау көрсетпейтін мүмкіндіктерді пайдаланбау үшін, жұмыс кітабының Excel қызметтерімен сыйысымдылығын тексеруіңізге болады.

  • Excel қызметтеріне жарияланған жұмыс кітаптарына браузер ішінен Microsoft Office Excel Web Access арқылы қатынауыңызға және есептерді Excel бағдарламасының толық есептеу дәлдігімен шығаруыңызға болады.

Бұл мақалада

Excel қызметтері дегеніміз не?

Excel Web Access дегеніміз не?

Excel 2007 мен Excel қызметтері қалай бірге жұмыс істейді?

Excel қызметтері және ақпараттық құқықтарды басқару

Деректерге сенімді жолмен қосылу

Excel серверіне жұмыс кітабын жариялау

Excel қызметтерінде Excel жұмыс кітабымен өзара әрекеттесу

Excel қызметтері дегеніміз не?

Excel қызметінің өзара әрекет жасасатын және барлығы бірге Excel серверінің жалпы құрылымдық жасақтамасын құрайтын үш негізгі құрамдасы бар.

1. Excel есептеу қызметтері (ECS) жұмыс кітабын қотаратын, Excel қызметімен бірге есептерді толық дәлдікпен шығаратын, сыртқы деректерді жаңартатын және сеанстарды қамтамасыз ететін Excel "қозғағышы" болып табылады.

2. Excel Web Access (EWA) тұтынғыш компьютерге ActiveX басқару элементтерін қотару қажетінсіз динамикалық иерархиялық тегтерді белгілеу тілі (DHTML) мен JavaScript сценарийлер тілі арқылы Microsoft Office Excel жұмыс кітабын шолғыштан көрсететін және онымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін веб-бөлік болып табылады және оны құралдар тақтасындағы басқа веб-бөліктер мен басқа веб-бөлік беттеріне қосуға болады.

3. Excel веб-қызметтері (EWS) Microsoft Office SharePoint қызметтерінде орналасқан веб-қызмет болып табылады. Ол Excel жұмыс кітабына негізделген пайдаланушы бағдарламаларын құрастыру үшін жасақтаушы бағдарлама жасау тілдесуі (API) ретінде қолдана алатын бірнеше әдіспен қамтамасыз етеді.

Excel сервері Microsoft Office SharePoint Server 2007 құрамдасы болғандықтан, сонымен қатар көптеген SharePoint технологиялық мүмкіндіктерін, мысалы, жұмыс кітаптарына қатынасты бақылау, қорғау және басқару, сондай-ақ пайдаланушылар қосылған кезде кеңейту мүмкіндігін пайдалануыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Excel Web Access дегеніміз не?

Excel Web Access қызметі Excel жұмыс кітабындағы деректер мен диаграммаларды көрсететін веб-бөлік болып табылады. Оның "көріліп-сезілетін" элементтері Excel бағдарламасына ұқсайды (мысалы, екеуінде да парақ қойындылары, желіге қосылу түймешіктері мен ашылмалы көрсеткілер бар) және Excel Web Access веб-бөлікті теңшеудің бірқатар жолын ұсынады.

1. Жоғарғы бөлікте бірнеше мәзірі, пәрмендері, ашылмалы тізімдері мен беттер арқылы жылжуға арналған шарлау түймешіктері бар құралдар тақтасы болады.

2. Негізгі терезедегі Жұмыс парағы көрінісінде бір немесе бірнеше жұмыс парағы, Атаулы элемент көрінісінде атаулы элемент, мысалы, диаграмма немесе Excel кестесі және қосымша бір құрылым аймағы көрсетіледі.

3. Төменгі бөлікте ескертулер мен нұсқаулар, мысалы деректерді жаңарту туралы хабарламалар көрсетіледі.

4. Параметр тапсырмалар аймағында параметр белгілері, деректер енгізуге арналған мәтін ұялары және әрбір параметрлер туралы қосымша ақпарат беретін қосымша сөзкөмектер бар.

Excel веб торабына өту туралы толық ақпарат алу үшін, Office Excel Web Access анықтамасын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel 2007 мен Excel қызметтері қалай бірге жұмыс істейді?

Excel қызметтері арқылы бірлесіп жұмыс істеу үшін, алдымен Excel 2007 бағдарламасында жұмыс кітабын жасап, ол жұмыс кітабын Excel қызметтеррінде жариялауыңыз керек. Негізінде, Excel 2007 нұсқасы авторлық құрал, ал Excel қызметтері есеп жүргізу құралы болып табылады.

1. Жұмыс кітабының авторы, көбінесе экономист, Excel 2007 бағдарламасын Excel жұмыс кітабын жасау және қалауы бойынша атаулы элементтерді көріп, параметрлерін анықтау үшін пайдаланады.

2. Жұмыс кітабының авторы жұмыс кітабын Excel қызметтері ішіндегі құжаттар кітапханасына (немесе желі не веб қалтасына) жариялап, ол жерде жұмыс кітабын SharePoint әкімшісі басқарып, сақтандырады.

3. Жұмыс кітабының авторы мен басқа пайдаланушылар есептер, веб-бөлік беттерін және жұмыс кітабын пайдаланатын іскерлік талдау құралдар тақтасын жасай алады.

4. Көптеген іскер пайдаланушылар жұмыс кітабына шолғыштан қарай отырып қатынаса алады және жұмыс кітабы сыртқы деректер көзіне қосылған жағдайда оны тіпті жаңартуына да болады.

5. Тиісті рұқсат болған жағдайда, іскер пайдаланушылар жұмыс кітабының ағымдағы күйін және ағымдағы сеанс кезінде жасалған сұрыптау және сүзу сияқты кез келген өзара әрекеттерді көшіріп алып, оларды әрі қарай талдау үшін тұтынғыш компьютерге не Excel жұмыс кітабы, не жұмыс кітабының суреті ретінде сақтай алады.

Беттің жоғарғы жағы

Excel қызметтері және ақпараттық құқықтарды басқару

Ақпараттық құқықтарды басқару (IRM) Microsoft Office құжатының құпиялығын қорғау және маңызды ақпаратты тек тиісті кісілердің көруін қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Мысалы, қалауыңыз бойынша, тоқсандық қаржы деректері туралы есептерді атқарушы комитетінің бұқарамен байланыс жөніндегі материалдарды дайындауға уақыты болу үшін деректерді тек атқарушы комитеттің таңдалған мүшелеріне деректер қаржы есебінде жарияланардан бір ай бұрын беруіңізге болады.

Windows SharePoint қызметтері 3.0 немесе одан кейінгі нұсқасы құжаттар кітапханасында және сол кітапханадағы барлық құжаттарда (ол жекелеген құжаттарда IRM қосылған-қосылмағанына қарамастан) ақпараттық құқықтарды басқаруға қолдау көрсетеді. Ақпараттық құқықтарды басқаруы қосылған құжаттар кітапханасына кері қотарылғаннан кейін, құжаттың ақпараттық құқықтарды басқаруы шын мәнінде қосылады.

Excel қызметтері ақпараттық құқықтарды басқаруы қосылған Excel жұмыс кітаптарын қолдамайды және Excel жұмыс кітабының ақпараттық құқықтарды басқаруы қосылған немесе ол ақпараттық құқықтарды басқаруы қосылған құжаттар кітапханасынан алынған жағдайда оны аша алмайды. Дегенмен, ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігін пайдаланғыңыз келсе, Excel жұмыс кітабын ақпараттық құқықтарды басқарусыз Excel қызметтеріне жариялап, жұмыс кітабын Excel қызметінде сурет түрінде ашып, суретті ақпараттық құқықтарды басқаруы қосылған құжаттар кітапханасына сақтауыңызға болады.

қосымша ақпарат алу үшін, Office SharePoint сервері орталық әкімшілігінің анықтамасынан қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерге сенімді жолмен қосылу

Excel қызметтеріне жарияланатын Excel жұмыс кітаптарының көпшілігінде деректер жұмыс кітабына сақталады. Excel қызметтеріне осы деректерге енген өзгерістермен жаңарту үшін Excel жұмыс кітабын сақтасаңыз болады. Басқа жұмыс кітаптарында, дерекқор немесе OLAP текшесі сияқты сыртқы деректер көзіне қосылудың бір немесе бірнеше жолы бар. Бұл қосылымдарда сыртқы деректер көзін тауып алу, кру, сұрау және қатынау туралы ақпарат бар. Бұл қосылым ақпаратын жұмыс кітабында сақтау мүмкін болғанымен, ол көбінесе Office деректер қосылымы (ODC) файлына (.odc), әсіресе деректерді бірнеше кісі бірлесіп пайдаланған кезде және қосылым ақпаратын жаңарту қажет болған кезде сақталады. Жұмыс кітабының авторы немесе әкімші қосылымды жасап, иелену үшін қосылым ақпаратын Excel 2007 арқылы жасап, қосылым ақпаратын ODC файлына (.odc) экспорттай алады.

Деректер қосылымы кітапханасы (DCL) — сенімді орындағы кітапхана ретінде анықтауға болатын және .odc файлдарын сақтауды, қорғауды, ортақтастыруды және басқаруды жеңілдететін арнайы SharePoint құжаттар кітапханасы. Мысалы, әкімшіге дерекқорды сынақ серверінен өндіріс серверіне жылжыту немесе деректерге қатынайтын сұрауды жаңарту қажет болуы мүмкін. DCL ішіне сақталған бір .odc файлының арқасында бұл қосылым ақпаратын басқару әлдеқайда жеңілдеп, пайдаланушының деректерге қатынау қолайлылығы артады, себебі тұтынғыш немесе сервер компьютердегі барлық жұмыс кітаптары бір қосылым файлы мен жаңарту әрекетін пайдаланады және сол қосылым файлына соңғы өзгерістерді дер кезінде алып отырады. Сіз тіпті Office SharePoint серверін теңшеуіңізге болады, сонда пайдаланушының тұтынғыш компьютері қосылым файлына енген өзгерістерді өзі тауып, сол қосылым файлының ең соңғы нұсқасын қолданады.

қосымша ақпарат алу үшін, Сыртқы деректерге қосылуды жасау, өзгерту және реттеу бөлімінен және Office SharePoint сервері орталық әкімшілігінің анықтамасынан қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel серверіне жұмыс кітабын жариялау

Егер Excel серверіне қатынасу мүмкіндігіңіз болса, басқа пайдаланушылар жұмыс кітабындағы деректердің барлығына немесе бір бөлігіне браузер арқылы Microsoft Office Excel Web Access көмегімен қол жеткізе алу үшін оны жариялауыңызға болады.

Басқа пайдаланушылар көретін нәрселерді анықтау

Жұмыс кітабы Excel ішіне жарияланғанда, жұмыс кітабы серверге толық жарияланады, бірақ жұмыс кітабының Excel сервері Office Excel Web Access ішінде көрсететін бөліктерін, мысалы, жеке жұмыс парақтарын, атаулы ауқымдарын немесе диаграммаларды анықтауыңызға болады. Жұмыс кітабының белгілі бір бөліктерін көрсету және жұмыс кітабын рұқсатсыз қатынасудан қорғау үшін Office SharePoint Server 2007 рұқсаттарын пайдалану арқылы жұмыс кітабындағы деректерді құпия сақтай отырып, рұқсатты пайдаланушылардың көруге болатын деректерді жаңартуына, қайта есептеуіне және өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік беруіңізге болады.

Көзбе-көз белсенді талдауға мүмкіндік беретін параметрлерді орнату

Сонымен қатар, параметрлерді анықтай аласыз. Параметрлер Office Excel Web Access пайдаланушылары анықтайтын мәндері бар жалғыз ұяшықтар болып табылады. Сіз параметрлер деп белгіленген ұяшықтарға пайдаланушылар енгізетін мәндерді пайдаланатын "егер-не" талдауы сияқты жұмыс кітабының есептеуіне жеткізетін ұяшықтарды ашу үшін параметрлерді пайдалануыңызға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін, Excel қызметтеріне жұмыс кітабын жариялау және Office Excel Web Access бағдарламасында қолдану үшін жұмыс кітабы параметрлерін анықтау бөлімдерін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel қызметтерінде Excel жұмыс кітабымен өзара әрекеттесу

Excel қызметтерінде жұмыс кітабының ұяшықтарын өзгерте алмағаныңызбен, деректермен бірнеше тәсіл арқылы өзара әрекеттесуіңізге болады. Деректер бойынша туындауы мүмкін ерекше, күтілмеген сұрақтарға жауап табу үшін, көбінесе келесі көзбе-көз белсенді мүмкіндіктер арқылы ақпаратты тауып, бейнебетке шығаруыңызға болады:

  • Жұмыс кітабындағы деректерді қайта есептеу арқылы ең соңғы өрнек нәтижелерін көру.

  • Дерекқор немесе желіде талау үрдісі (OLAP) текшесі сияқты сыртқы деректер көзінен алынған нақты деректерді жаңарту.

  • Басқа жұмыс парақтарына, жұмыс парақтарының бөліктеріне немесе жұмыс кітабындағы диаграмма немесе Excel кестесі сияқты атаулы элементтерге өту.

  • Деректерді сұрыптау және сүзу.

  • Жиынтық кесте есебіндегі деректердің деңгейлерін жаю немесе тасалау.

  • Өрнектің нәтижелерін жаңарту үшін параметрлер енгізу арқылы ұяшықтардың мәндердін уақытша өзгерту немесе болашақ нәтижелерге қарапайым болжамдық талдау жасау.

  • Құралдар тақтасындағы немесе басқа веб-бөлік бетіндегі сүзгілер веб-бөлігі немесе тізім көрінісі веб-бөлігі сияқты басқа бір қосылған веб-бөліктен алынған деректерді таңдау арқылы әр түрлі нәтижелерге немесе көріністерге қол жеткізу.

Ескерту : Сонымен қатар, Excel жұмыс кітабын көшіріп, оны компьютердегі Excel 2007 бағдарламасынан ашып, Excel бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін, соның ішінде болашақ нәтижелерге болжамдық талдау және жақсы пішімделген басып шығару мүмкіндіктерін пайдалануыңызға болады.

Excel веб торабына өту туралы толық ақпарат алу үшін, Office Excel Web Access анықтамасын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×