Блогқа жариялау

Блог дегеніміз - сіз және ұйымыңыз үшін ой-пікір мен мәлімет алмасуды жеделдететін веб-торап. Блогтар кері хронологиялық тәртіп бойынша күні көрсетілетін, тізім ретінде көрсетілетін жарияланымдардан тұрады. Адамдар сіздің жарияланымдарыңызға қатысты ескерімдерін қалдырып, сондай-ақ қызықты тораптар мен суреттер және осыған байланысты блогтарға сілтемелер құра алады.

Осы мақалада

Шолу

Блогқа веб-шолғыш арқылы жариялау

Электрондық пошта хабарын жіберу арқылы блогқа жариялау

Блогқа жариялаудың басқа да тәсілдері

Жарияланымдар блогтың аса маңызды бөлігі. Олар әдетте мәліметтерден, идеялардан, пікірлерден тұратын жұрнал тәрізді жазбаға ұқсайды. Олар хронологиялық тәртіп бойынша ең соңғы жарияланымдарды ең бірінші көрсете отырып көрсетіледі. Блогқа қатысты аңғартпаны жариялау үшін Аңғартпалар тізіміне үлес қосу рұқсатына ие болуыңыз керек.

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасында, веб-шолғышты қолдану арқылы блогқа арналған жарияланымды құра аласыз, егер Жарияланымдар тізіміне үлес қосу рұқсатыңыз бар болса. Мазмұнды құрып, суретті қосып, пішімдеуді қолданып және еренсілтемені қосу үшін қосымша құралдар немесе бағдарламалар қажет емес.

Ескерту : Егер веб-шолғышыңыз ActiveX басқару элементі қолдамаса, онда пішімдеуге арналған құралдар үстеліне қатынасу мүмкін емес болуы ықтимал. Дегенмен, негізгі HTML тегтерін, блог жарияланымдарындағы тегтерді пішімдеу үшін қолдануыңызға болады. Қосымша анықтама бөлімін қараңыз.

Келесі қадамды орындау арқылы мазмұнды жариялауыңызға да болады:

  • Электрондық поштада жарияланымды жасау және жіберу. Жарияланымды электрондық пошта арқылы жіберу үшін блогыңыз электрондық пошта арқылы мазмұндарды қабылдау рұқсатына ие болуы керек.

  • Блог жасауды қолдану және Windows SharePoint қызметтерімен үйлесімді жариялау құралдарын қолдану арқылы жарияланымды жасау.

Әдепкі жағдайда, блогтар жарияланымдарды жариялаудан бұрын рұқсатты қажет ететіндей етіп бапталған. Бұл, егер көптеген адамдар мазмұнды жариялса немесе жарияланым мазмұны төтенше сақтықты қажет еткен жағдайда ыңғайлы болып табылады. Әдепкі жағдайда, тізімді басқару рұқсатына ие адамдар блог жарияланымдарын бекіте алады, бірақ сіз сол параметрлерді өзгерте аласыз. Мазмұнды жариялау үшін бекіту туралы көбірек мәлімет алу үшін Қосымша анықтама бөлімін оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Блогқа веб-шолғыш арқылы жариялау

Блог жарияланымын жасаған кезде, оны басқа адамдар назарына ұсынбас бұрын өңдеп немесе қайта қарап шығу үшін көшірмесін жасап қоюыңызға болады немесе оны тура жариялай беруіңіздге де болады.

  1. Блогтың жоғарғы деңгейіне дейін шарлап барыңыз.

  2. Әкімші сілтемелері ішінен Жарияланымды жасау түймешігін басыңыз.

  3. Тақырыбы жолағына жарияланым үшін таңдаған тақырыпты жазыңыз.

    Тақырып өзіндік беттегі жарияланымның жоғарғы жағынын және Жарияланымдар тізімінен көрсетіледі.

  4. Негізгі бөлімге жарияланымға қосқыңыз келген мазмұнды жазыңыз немесе орналастырыңыз.

    Мәтінді пішімдеу немесе "art" нысанын, еренсілтемелер мен кестелерді кірістіру үшін құралдар үстелін қолдануыңызға болады.

  5. Санат тізімінен, қалаған санатты таңдап алыңыз.

    Егер санатты қолданғыңыз келмесе, тізімнен (Ешбір) пәрменін таңдаңыз.

  6. Жарияланған бөлімінен, жарияланымды жариялау күні мен уақытының дұрыстығын тексеріңіз немесе қажетті параметрлердің кез келгенін өзгертіңіз.

    Жариялау күні жарияланымның өзіндік беттің қай жерінде басылып шығатындығын анықтайды, себебі жарияланымдар кері хронологиялық тәртіп бойынша жарияланады. Ең алғаш рет жарияланымды жасаған кезде, ағымдағы күн тізімде көрсетіледі. Егер бірнеше күн бұрын құрылған жоба жазбаны жариялап отырсаңыз, дұрыс күнді көрсету үшін бұл жолақты өңдегіңіз келуі мүмкін.

    Кеңес : Егер жарияланымыңыз белгілі бір уақытқа дейін блогтың бас жағында көрсетілгенін қаласаңыз, мысалы ол қандай да бір ерекше оқиғаға арналса, сол оқиға күні туғанша қалдыра тұру үшін күнді келешекте де көрсетуіңізге болады.

  7. Келесінің бірін орындаңыз:

    • Жұмысыңызды кейінірек аяқтау үшін сақтап қою үшін немесе оны бекітілуге тиіс жоба ретінде сақтау үшін Жоба ретінде сақтау түймешігін басыңыз.

    • Жарияланымды дереу жариялау үшін Жариялау түймешігін басыңыз.

      Ескерту : Егер сіз бекіту рұқсатына ие болмасаңыз, Жариялау түймешігі пайда болмайды.

      Ескертулер : 

      • Егер кімде-кім Жарияланым тізімін бекітуді қажет етпейтіндей теңшесе, онда Жоба ретінде сақтау түймешігі пайда болмайды және де сіз жарияланымды жоба ретінде сақтап қоя алмайсыз. Жариялау түймешігін басқан кезде, блог жарияланымы блогтан көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Электрондық пошта хабарын жіберу арқылы блогқа жариялау

Егер блог электрондық пошта хабарын қабылдайтындай бапталса, жарияланымды блогтың Жарияланым тізіміне жолданған электрондық пошта хабарымен бірге жіберу арқылы құра аласыз. Хабар содан кейін Жарияланым тізімнде блог жарияланымын құрады.

Электрондық пошта бағдарламасын қолданып блогқа жарияланымды жіберу үшін ең алдымен Жарияланым тізімінің мекенжайын алуыңыз керек. Жеке баптауларыңызға байланысты Жарияланым тізімінің электрондық пошта мекенжайы электрондық пошта бағдарламаңыздың мекенжай тізімінде көрсетілуі мүмкін, бұл жағдайда оны, өз электрондық пошта бағдарламаңыздағы жеке басыңызға қатысты мекенжайлар тізіміне қосып қойсаңыз, кейін тауып алу оңайға түседі. Сонымен қатар, Жарияланым тізімінің мекенжайы, тізімнің сипаттамасынан да көрсетілуі мүмкін.

Егер Жарияланым тізімінің мекенжайын таба алмасаңыз, өз әкімшіңізден немесе торап иесінен, тізімнің электрондық пошта хабарын қабылдау үшін теңшелгенін немесе теңшелмегенін сұрап білуіңізге болады, егер қабылдайтын болса Жарияланым тізімінің мекенжайын сұраңыз.

  1. Электрондық пошта бағдарламаңыздан жаңа электрондық пошта хабарын ашыңыз да блогта жариялағыңыз келген мәтінді, электрондық пошта хабарының негізгі бөлігіне жазыңыз.

  2. Кімге немесе Көшірме жолақтарына блогтың Жарияланым тізімінің мекенжайын көрсетіңіз.

  3. Электрондық пошта хабарын жіберіңіз. Көпшілік электрондық пошта бағдарламасында хабарды жіберу үшін Жіберу түймешігі басылады.

Кеңес : Егер Жарияланым тізімі тіркемелерді қабылдау үшін теңшелсе, файлды электрондық пошта хабарына тіркеу арқылы, блог жарияланымына тіркемені қоса аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Блогқа жариялаудың басқа да тәсілдері

Блогқа кіріктірілген құралдарды қолданумен қатар, Windows SharePoint қызметтері қолдайтын блогты жариялау бағдарламаларын қолдануыңызға болады. Мысалы, Microsoft Office Word 2007 SharePoint торабында немесе басқа веб тораптарда блогты жасау және жариялауға мүмкіндік беретін блог үлгісін ұсынады.

Жаңа жарияланымды жасауға дайын болған кезде, өз блогыңыздан қолдау табатын блог бағдарламасын бастап, содан соң жарияланымды блог бағдарламасынан басып шығаруыңызға болады. Блог бағдарламасын ең алғаш рет бастаған кезде өз блогыңыздың веб мекенжайын көрсету туралы немесе блог жарияланымыңыздың басқа да баптаулары туралы сұрау келіп түсуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін блог бағдарламаңыздағы анықтама бөлімін оқыңыз.

  1. Блогтың ең жоғарғы деңгейінде Admin байланысының ішінен Жариялау үшін блог бағдарламасын бастау түймешігін басыңыз.

  2. Блог жарияланымдарын жасау мен жариялау үшін блог бағдарламасындағы нұсқауларды орындаңыз.

    Ескерту : Блогтар, сонымен қатар ортақ бағдарламалау блогы мен жариялауға арналған интерфейстерді қолдайды. Қосымша мәліметті, MSDN жөніндегі Windows SharePoint қызметтерін дамыту орталығынан аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×