Бизнеске арналған Skype (Lync) жиналысына қоңырау соғып қосылу

Компьютеріңіз болмаса, не дыбыс үшін телефон қолдануды қаласаңыз, Lync жиналысына қоңырау шала аласыз. Сізге бар болғаны жиналыс сұрауындағы конференция нөмірі мен жиналыс идентификаторы қажет.

Жиналысқа қоңырау шалу

  1. Жиналыс сұрауында көрсетілген конфренция нөмірін теріңіз.

    Кеңес :  Егер сапарға шықсаңыз, ағымдағы орныңызға арналған қолжетімді нөмірлерді табу үшін жиналысқа шақырудағы Жергілікті нөмірді табу түймешігін басыңыз.

  2. Телефонның нөмір теру тақтасы арқылы конференция идентификаторын енгізіңіз.

  3. Сондай-ақ, PIN кодын және жұмыс нөмірін немесе кеңейтілімді де енгізу қажет болуы мүмкін.

  4. Жиналыс параметрлеріне сәйкес растау үшін күту қажет болуы мүмкін не автоматты түрде қосылуыңыз мүмкін.

  5. Жиналысқа қосылған соң, дыбыс қосу, дыбыс өшіру т.б. секілді параметрлер тізімін алу үшін *1 пернесін басыңыз.

PIN коды, жұмыс нөмірі немесе кеңейтілім қажет пе?

Әрдайым қажет емес. Жиналысқа қоңырау соққан кезде көп жағдайда тікелей қосылып, сіздің телефон нөміріңіз қатысушылар тізімінде көрсетіледі.

PIN коды және кеңейтілім қажет болатын жағдайлар:

  • Егер жиналыс басшысы (ұйымдастырушысы) болсаңыз және ұялы телефон секілді тіркелгіңізге қосылмаған телефоннан қоңырау шалып отырсаңыз.

  • Егер қатысушы болсаңыз, бірақ жиналыс қорғалған және қосылу алдында жеке басты растау қажет етіледі (Жеке басы расталған қоңырау шалушы).

Ескерту : Егер PIN кодын ұмытсаңыз, жиналыс сұрауындағы PIN кодын ұмыту параметрін басыпып, кодты қалпына келтіру үшін беттегі нұсқауларды орындаңыз.

Жиналыс шақыруының скриншоты

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×