Бизнеске арналған Skype (Lync) бейне қоңырауын жасау немесе қабылдау

Тіркелгіңіз бейне қоңырауларды қосқан болса, контактілеріңізбен бетпе-бет бейне қоңырау арқылы сөйлесе аласыз. Ол үшін бар болғаны камера, компьютеріңіздің үндеткіштері және микрофон. Егер компьютеріңізде бекітілген дыбыс құрылғылары болмаса, гарнитураны да қолдана аласыз.

Ескерту :  Бейненің тіркелгіңіз үшін қосылғанын және қол жетімді екенін білу үшін жұмыс орнының техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Бейне қоңырауын бастау

  1. Lync бағдарламасын ашып, қажетті контактіні Контактілер тізімінен табыңыз не оның атын іздеу өрісінде теру арқылы іздеңіз.

  2. Контактінің суретіне меңзерді апарып, Бейне белгішесін басыңыз.

Бейне қоңырауды бастау үшін контактінің және камера белгішесінің скриншоты

Контактілер терезесінде ескерту қалқып шығады, оны сұрауды қабылдау не одан бас тарту үшін қолдана аласыз.

  1. Егер бейне қоңырауыңыз қабылданса, сөйлесу терезесі бейнені көрсету үшін кеңейтіледі. Дыбысты қосу, дыбысты өшіру, ұстау секілді көріністер мен басқаруларды қажетінше қолданыңыз. Басқарулар мен көріністер жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін келесі бөлімді қараңыз.

  2. Кез келген уақытта төмендегілердің кез келгенін орындауыңызға болады:

    • Қоңырауды аяқтау үшін, терезені жабыңыз немесе қоңырауды аяқтау түймешігін басыңыз.

    • Барлық бейнелерді аяқтау үшін меңзерді камера белгішесіне апарып, Бейнені тоқтату түймешігін басыңыз. Дыбыстық сөйлесу жалғасады.

    • Бейне сөйлесуді көрсетуді тоқтату үшін меңзерді камера белгішесіне апарып, Бейнені аяқтау түймешігін басыңыз. Дыбыстық сөйлесу жалғасады.

Сондай-ақ, жедел хабар алмасу сөйлесуіне де бейне қоса аласыз. Бейнені бастау үшін жай ғана терезедегі камерабелгішесін басыңыз.

Жылдам хабар алмасу қызметінен бейнені бастаудың скриншоты

Бейне басқарулары мен көріністерін қолдану

Сөйлесу терезесінде Орналасуды таңдау пәрменін таңдаңыз және одан кейін келесілердің кез келгенін басу арқылы көріністі таңдаңыз:

  • Галерея көрінісі барлық қатысушылардың бейнелерін көрсетеді (екі адамнан артық болған жағдайда). (Lync Basic 2013 бағдарламасымен қолжетімсіз.)

  • Сөйлеуші көрінісі жиналыс терезесінің төменгі оң жақ бұрышында сөйлеушінің бейнесін не фотосуретін және оған қоса жиналыс мазмұнын көрсетеді.

  • Мазмұн көрінісі тек жиналыс мазмұнын көрсетеді.

  • Ықшам көрініс ықшам терезеде қатысушылардың фотосуреттерін қабаттастырып көрсетуге арналған.

Сөйлесу терезесінде қоңырауға қатысушыларды басқару үшін біреудің бейнесін не фотосуретін тінтуірдің оң жағын басып, кейін келесілердің бірін таңдаңыз:

  • Дыбысты өшіру, дыбысты өшірмеу немесе сол адамды қоңыраудан жою үшін Дыбысты өшіру, Дыбысты өшірмеу немесе Жою тармақтарын таңдаңыз.

  • Мәліметтер тобындағы контактілерден басқа адамдардың бейнесін/фотосуретін ажырату үшін, Бейне пайдалы мәліметтерін құрсаулау пәрменін пайдаланыңыз.

Бейнелерді немесе фотосуреттерді бөлек терезеде көру үшін, Бейне жиынтығын шығару пәрменін таңдап, келесінің бірін таңдаңыз:

  • Бейнелердің не фотосуреттердің үлкейтілген көрінісі үшін Толық экран көрінісі параметрін таңдаңыз.

  • Қалыпты көрініске қайта оралу үшін Адамның орналасқан жерін көрсету параметрін таңдаңыз.

Бейне қоңырауға жауап беру

Сізге біреу қоңырау шалса, ескерту экранға қалқып шығады. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Қоңырауға жауап беру үшін сурет аумағындағы кез келген жерді басыңыз.

  • Қоңыраудан бас тарту үшін Елемеу түймешігін басыңыз.

  • Келесі әрекеттердің біреуін орындау үшін Параметрлер тармағын басып, сізге қажетті бөлімді таңдаңыз:

    • Бейне не дыбыстық сөйлесудің орнына жедел хабарлама арқылы жауап беру

    • Қоңырауға тек дыбыстық сөйлесу арқылы жауап беру

    • Қоңыраудан бас тарту үшін және қзге қоңыраулардың келуін болдырмау үшін Мазаламаңыз күйін қою

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×