Бизнеске арналған Skype (Lync) бағдарламасында жаңа топ жасау

Lync бағдарламасындағы топтар — дисплейде бірден бірнеше контактілерді көріп немесе олардың барлығымен бір уақытта байланыса алуыңыз үшін жасалатын контактілер жиынтығы. Қандай топ және қайсысына кімдер кіретінін сіз шешесіз. Мысалы, өзіңіз және сізбен бірге бір жоба бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін біт топ жасап, софтбол тобы үшін екінші топты реттеп, көлікті ортақ пайдаланатын адамдар үшін үшінші топты жасауыңызға болады. Қандай топтың болатыны, оларға кімдер кіретіні және олардың қашанға дейін жұмыс істейтіні сіздің ыңғайлылығыңызға байланысты болады. Топты жасау сияқты оны жою да оңай. Әдетте контактілер өздерінің қай топқа кіретінін білмеуі мүмкін және олардың білуі де қажет емес.

Топ жасау

  1. Lync бағдарламасының негізгі терезесінің Контактілер көрінісінде Контактіні қосу белгішесін Контактіні қосу , содан соң Жаңа топ жасау түймешігін басыңыз.

  2. Енді терезенің төменгі жағында ашылатын бос орынға топқа сипаттама атауды беру үшін Жаңа топ сөз тіркесін жазыңыз.

Жаңа топ жасау

Топты жою

  • Lync бағдарламасының негізгі терезесіндегі «Контактілер» тізімінде жойғыңыз келетін топ тақырыбын тінтуірдің оң жағымен басыңыз да, ашылмалы тізімдегі Топты жою түймешігін басыңыз. (Осы ашылмалы тізімнен топтың атын өзгертуге немесе топтардың көрсетілу ретін өзгертуге болады).

    Ескертулер : 

    • Жасалатын топтар мен Lync бағдарламасы реттейтін қатынасу деңгейлерінің (достар және отбасы, жұмыс тобы, әріптестер, сыртқы контактілер, блокталған контактілер) арасында айырмашылық бар. Біріншісі — контактілерді тиімді жолмен көрсетуге және олармен байланысуға мүмкіндік беретін жиынтықтар. Соңғысы — Lync білетін және кімнің қалай және қашан сізбен байланыса алатынын басқаратын ресми қарым-қатынастарға негізделген санаттар.

    • Мысалы, Самат есімді әріптесіңіз бар делік. Самат ұйымдастыру диаграммасында жұмыс тобының мүшесі ретінде көрсетілетіндіктен, Lync бағдарламасы оған сіздің күнтізбеңізді көруге және басқалар байланыса алмаған кезде байланысу мүмкіндігін беретін «Жұмыс тобына» кіру қатынасын тағайындайды. Дегенмен қызығушылықтарыңыз ортақ болып, жиі байланысатындықтан, Самат контактілеріңіздің бақылауын оңайлату үшін Lync бағдарламасында жасалған үш топтың мүшесі ретінде қосылды: «Contoso өндіріс басшылары» (мансабыңыздың әр түрлі кезеңдерінде түрлі салаларда бірге жұмыс істеген Contoso өндіріс басшылары), «C# Мамандары» (аса жоғары бағаланатын тәжірибелі C# жүйесі бойынша бағдарламашылар тізімі) және «B6 паста сүюшілер» (кейде итальяндық тағамдарды сатып алу кезінде бірлесіп тапсырыс беруде серік бола алатын 6- ғимараттағы адамдар).

Контактілерді қосқан кезде оларды белгілі бір топқа тағайындамайсыз, оларды Lync бағдарламасы «Әріптестер» кіру деңгейі бар Басқа контактілер тобына автоматты түрде қосады.

Қатынау деңгейлері туралы қосымша мәліметтер алу үшін Lync бағдарламасында қатысу туралы ақпаратына қатынасуды басқару бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×