Бизнеске арналған Skype бағдарламасының веб-жоспарлаушысы

Skype for Business веб-жоспарлаушысы - Outlook бағдарламасы болмағанда немесе Outlook Web App бағдарламасына қолдау көрсететін браузеріңіз болмағанда Skype жиналыстарын жасау үшін пайдаланыла алатын веб негізіндегі бағдарлама. Skype for Business веб-жоспарлаушысының көмегімен жаңа жиналыстарды жасап, бар жиналыстарды өзгертуге және сүйікті электрондық пошта бағдарламасынан шақыруларды жіберуге болады.

Skype for Business веб-жоспарлауышының веб-мекенжайы ұйымыңызға байланысты. Егер веб-жоспарлаушысының мекенжайын білмесеңіз немесе дұрыстығына сенімді болмасаңыз, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Office 365 веб-жоспарлаушысының https://sched.skypeforbusiness.com мекенжайы бойынша өтіп, жұмыс немесе мектеп тіркелгісімен жүйеге кіріп көріңіз.

  2. Егер бұл нәтиже бермесе, ұйымыңыздағы Skype for Business веб-жоспарлаушысының мекенжайын білу үшін, жұмыс орныңыздағы техникалық қолдау орталығымен хабарласыңыз.

Бұл мақалада

Skype жиналысын жасау

  1. Skype for Business веб-жоспарлаушысын ашып, Жаңа жиналыс тармағын таңдаңыз.

  2. Жиналысыңыз үшін Тақырып мәнін енгізіңіз.

  3. Жиналыс орнын Skype жиналысы түрінде қалдыруға болады немесе виртуалдық емес қатысушылар да болса, конференция бөлмесі сияқты орынды қосуға болады.

  4. Хабар өрісіне жиналыс мәліметтерін енгізіп, Басталу және Аяқталу күні мен уақытын орнатыңыз.

  5. Қабылдау бөлмесінен өту мүмкіндігі бар кісілер және Баяндамашы тармағынан келесі әрекеттерді орындаңыз:

  6. Қатысушылар және дыбыс астында нүктелі үтірмен (;) бөлінген шақырылушылардың аттарын немесе электрондық пошта мекенжайларын қосуға болады.

  7. (Қосымша) Ұйымыңыздағы қатысушылардың мекенжайын тексеру үшін Атын тексеру тармағын таңдаңыз.

  8. Сақтау түймешігін таңдаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Қатысушыларға жиналыс ақпаратын жіберу

Жиналысқа шақыруды жіберу үшін жиналыс мәліметтерін көшіріп, оларды электрондық пошта бағдарламасына кірістіруге немесе мәліметтерді iCalendar пішімінде сақтап, тіркеме ретінде жіберуге болады.

Жиналысқа шақыруды көшіріп, оны электрондық пошта хабарына кірістіру

  1. Жиналыс жасауды аяқтаған соң Сақтау түймешігін таңдаңыз.

  2. Менің жиналыстарым бетінен жиналыс туралы ақпаратты, соның ішінде, жиналыстың URL мекенжайын, дыбыстық конференция нөмірін және конференция идентификаторын бөлектеңіз.

  3. Таңдалған мәтінді тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз немесе таңдалған мәтінді түртіп, ұстап тұрыңыз және Көшіру тармағын таңдаңыз.

  4. Электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз да, әдеттегі кездесу сұрауын жасаңыз.

  5. Шақыруға Skype жиналысының мәліметтерін кірістіріңіз.

  6. Қатысушылардың электрондық пошта мекенжайларын хатқа қосып, жиналыстың күні мен уақытын тексеріңіз де, жиналыстың күн тәртібін енгізіп, шақыруды жіберіңіз.

Жиналысқа шақыруды iCalendar файлы ретінде жіберу

iCalendar файл пішімі түрлі электрондық пошта жүйелерінің пайдаланушыларына күнтізбе ақпаратын алмасу мүмкіндігін береді. Жиналысқа шақыруды iCalendar ретінде жіберу үшін:

  1. Менің жиналыстарым бөлімінде жиналысты тақырыбы бойынша таңдап, Ақпарат тармағын таңдаңыз.

  2. Жиналысқа шақыру терезесінің төменгі жағында iCalendar ретінде экспорттау тармағын таңдаңыз.

  3. Веб-браузеріңіздің тарапынан iCalendar файлын не ашу, не сақтау туралы сұрау берілгенде, Сақтау тармағын таңдаңыз.

  4. Электрондық пошта хабарын жасап, енді жасалған iCalendar файлын тіркеме ретінде қосыңыз.

    Tip: Тіркемені Outlook немесе Outlook Web App бағдарламаларында кірістіру жолын біліңіз.

  5. Жиналысқа қатысушыларды, жиналыс тақырыбын және хабарын тиісінше енгізіп, хатты жіберіңіз.

Қатысушылар iCalendar файлын ашқан кезде, жиналыс олардың әдепкі электрондық пошталарына немесе күнтізбелік бағдарламаларына автоматты түрде қосылады.

Беттің жоғары бөлігі

Skype жиналысына қосылу

Skype for Business веб-жоспарлауышының көмегімен жасалған жиналысқа қосылу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Электрондық поштадағы жиналысқа шақыруды ашып, жиналыстың сілтемесін таңдаңыз.

    НЕМЕСЕ

  • Skype for Business веб-жоспарлауышын ашып, сол жақтағы қажет жиналысты таңдаңыз да, жиналыстың жиынтық тақтасынан Қосылу тармағын таңдаңыз.

Қосымша мәлімет:

Беттің жоғары бөлігі

Бар жиналысты көру, өңдеу немесе жою

Жиналыс мәліметтерін көру үшін, Skype for Business веб-жоспарлауышын ашыңыз және сол жақтағы жиналыстың тақырыбын таңдаңыз. Skype for Business веб-жоспарлауышында күнтізбеңіздегі барлық жиналыстар емес, тек жоспарларғандары ғана тізіледі.

Жиналысты өңдеу немесе жою үшін:

  1. Жиналыстың жиынтық тақтасынан Өңдеу немесе Жою тармағын таңдаңыз.

    Бизнеске арналған Skype веб-жоспарлаушысының жиналыс туралы мәліметтер аумағы
  2. Өзгерістеріңізді енгізгеннен кейін, қатысушыларға не жаңартылған ақпаратты, не жиналыстың болмайтыны туралы хабарландыруды жіберіңіз.

    Important: Skype for Business веб-жоспарлауышы күнтізбеңізді автоматты түрде жаңартпайды, яғни қатысушыларды әр енгізілген өзгеріс туралы хабардар ету керек.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×