Бизнеске арналған Skype бағдарламасының арнайы мүмкіндіктері

Бизнеске арналған Skype бағдарламасының арнайы мүмкіндіктері

Office арнайы мүмкіндіктер орталығы

Бизнеске арналған Skype

Office 365 ішіндегі Бизнеске арналған Skype бағдарламасы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жиналыс және хабар алмасу бағдарламасын пайдалануын жеңілдететін арнайы мүмкіндіктерді қамтиды.

Экраннан оқу бағдарламалары, үлкейткіштер, түс контрастын басқару элементтері және айтып жаздыру құралдары сияқты көптеген арнайы мүмкіндіктер құралдары құрылғы платформасына ғана тән (Windows, Mac, iOS, Androids және тағы басқалар). Компьютерде немесе құрылғыда арнайы мүмкіндіктерді қалай таңдау керектігі жөнінде мәліметтер алу үшін, Құрылғыңызды Office 365 жүйесіндегі арнайы мүмкіндіктермен жұмыс істеу үшін реттеу бөлімін қараңыз.

Бұл бөлімде

Бизнеске арналған Skype орналасуымен танысу

Бизнеске арналған Skype пайдаланып, онлайн жиналыстарды жоспарлауға, жүргізуге және шамамен 250 қатысушы қосуға болады. Сонымен қатар, әріптестерге қоңырау шалып, оларға хабар жібере аласыз. Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсінде қамтылған элементтер сіз таңдаған контактілер, сөйлесулер, қоңыраулар немесе жиналыстар сияқты байланыс элементтері негізінде өзгереді.

Көзіңіз көрмейтін немесе нашар көретін, немесе қозғалу мүмкіндігіңіз шектеулі болса, ол Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсіндегі белгілерді табуға көмектеседі, осылайша сіз оның менталды үлгісін құрастырып, интерфейсті жылдамырақ пайдалана алатын боласыз.

Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсіндегі негізгі аймақтарды (келесі кестеде түсіндіріледі) интерфейстегі арнайы элементтермен бірге менталды үлгіңіздегі белгілер ретінде пайдалана аласыз.

Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсінің менталды үлгісіндегі пайдаланылатын белгілер

Аумақ

Осы аумақтағы элементтер

Бірінші қатар: мәзір жолағы немесе сіздің жекелендірілген жазбаңыз

  • Бағдарламаның әдепкі көрінісін пайдалансаңыз, Бүгін не болып жатыр мәтін өрісі бірінші жолда болады. Ол сіздің жекелендірілген жазбаңызды көрсетеді.

  • Бағдарламаның мәзір жолын көрсету үшін әдепкі көріністі өзгертсеңіз, мәзір жолы бірінші жолда, одан кейін Бүгін не болып жатыр мәтін өрісі тұрады.

Екінші қатар: сіз туралы ақпарат

  • Пайдаланушы аты

  • Күй мәзірі. Басқа опциялардың арасында Қолжетімді, Бос емес немесе Мазаламау сияқты сіздің күйіңізді көрсетеді.

  • Орналасқан жерді белгілеу түймешіктері және мәтін өрісі. Орналасқан жеріңізді көрсетеді және оны белгілеуге мүмкіндік береді.

Үшінші қатар: пайдаланушы интерфейсі мен параметрлер түймешігінің негізгі аймағында көрсетілген ақпаратты өзгертетін ббелгілеу топтары

  • Контактілер қойындысы. Контактілеріңіз туралы ақпаратты көрсетеді.

  • Чат бөлмелері қойындысы (тіркелгіңіз үшін қолжетімді болса). Сізге қатысты немесе сіз бақылайтын чат бөлмелері туралы ақпаратты көрсетеді.

  • Сөйлесулерқойындысы. Ағымдағы немесе соңғы сөйлесулер туралы ақпаратты көрсетеді.

  • Телефон қойындысы. Дауыстық пошта және телефон қоңырауларын соғатын пернетақтасы туралы ақпаратты көрсетеді (егер тіркелгіңізге қолжетімді болса).

  • Жиналыстар қойындысы. Жуырда болатын жиналыстарыңыз туралы ақпаратты көрсетеді.

  • Параметрлер түймешігі. Бағдарламаның параметрлеріне кіруге мүмкіндік береді.

  • Мәзірді көрсету түймесі. Келесі түймелер мен мәзірлерге кіруге мүмкіндік береді:

    • Файл мәзірі

    • Жиналысты бастау түймесі

    • Құралдар мәзірі

    • Анықтама мәзірі

    • Мәзір жолағын көрсету қосқышы. Пайдаланушы интерфейсінің бірінші қатарындағы бағдарламаның мәзір жолағын көрсетеді немесе жасырады.

Бірнеше қатар: сіз таңдаған байланыс элементіне қатысты ақпарат

Контактілер қойындысын таңдасаңыз, келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Адамды табуіздеу өрісі. Ұйымдағы немесе Skype каталогындағы адамдарды іздейді (егер ұйымда қолжетімді болса).

  • Контакт көру қойындылары:

    • Топтар қойындысы. Контактілеріңізді таңдаулылар, реттелетін тортар және басқалар бойынша топтастырып көрсетеді.

    • Күй қойындысы. Контактілеріңізді топтастырып, оларды Онлайн немесе Желіден тыс және тағы басқа күйлері бойынша көрсетеді.

    • Қатынастар қойындысы. Контактілерді басқалардың арасында Әріптестер, Достар және Отбасы немесе Жұмыс топтары сияқты сізбен құпиялылық қатынастары бойынша топтастырып көрсетеді.

    • Жаңа қойындысы. Сізді контактілер тізіміне қосқан адамдарды көрсетеді.

    • Контакт қосу, Топ жасау және Контактілер тізімін реттеу түймесі. Контактілер қосады, топтар жасайды және көрсету опцияларын орнатады.

  • Әрбір адамның байланыс мәліметтері аты, күйі және құрылғы мүмкіндіктері (мысалы Бейне мүмкіндігі) сияқты мәліметтерді қамтиды.

Сөйлесулер қойындысын таңдасаңыз, келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Барлық сөйлесулер қойындысы. Ағымдағы немесе соңғы сөйлесулер туралы ақпаратты көрсетеді.

  • Жоқ сөйлесулер түймешігі. Жоқ сөйлесулерді көрсетеді.

  • Қоңыраулар түймесі. Қоңыраулар тарихын көрсетеді.

  • Әрбір сөйлесуіңіз немесе қоңыраулар тарихындағы әрбір қоңырау.

Телефон түймесін таңдасаңыз, келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Адамды немесе терілетін санды табу іздеу өрісі. Ұйымдағы адамдарды іздейді немесе терілетін телефон нөмірін енгізеді.

  • Пернетақта түймешіктері. Телефон нөмірін енгізуге немесе соңғы телефон нөмірін енгізуге және қоңырау шалуға мүмкіндік береді. (егер тіркелгіде қолжетімді болса)

  • Дауыстық пошта опцияларын көру мәзірі. Келесі пәрмендерді қамтитын мәзірді көрсетеді: Дауыстық поштаға қоңырау шалу, Сәлемдесуді өзгерту және Дауыстық поштаны орнату.(егер тіркелгіде қосулы болса)

  • Әрбір дауыстық пошта хабары. (егер тіркелгіде қосулы болса)

Жиналыстар түймесін таңдасаңыз, келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Жиналысты бастау түймесі Жиналысты бірден бастайды.

  • Жиналыстардың әрбірі жоспарланған уақыты бойынша топтастырылады.

Соңғы қатар: негізгі құрылғыңыз туралы ақпарат

Негізгі құрылғыны таңдау мәзірі. Негізгі құрылғыңыз туралы аудио және бейне ақпаратты көрсетеді.

Бизнеске арналған Skype арнайы мүмкіндіктерін пайдалану

Жылдам хабар алмасу мәтінінің өлшемін өзгерту

Сөйлесулерде көрсетілетін мәтіннің өлшемін өзгерткіңіз келсе, келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Сөйлесу терезесінде Қосымша опциялар түймесін таңдаңыз.

  • Жылдам хабарлардың қаріп өлшемі мәзір элементін таңдаңыз.

  • Қалаған мәтін өлшемін таңдаңыз.

    Ескерту : Бұл экраныңыздағы мәтін өлшемін өзгертеді, бірақ сіз жіберетін хабардағы мәтіннің өлшемі өзгермейді.

Қоңырау шалу немесе қабылдау кезінде экранды оқу құралының дыбыс деңгейін реттеу

Компьютеріңізде Dolby аудио басқару элементтері бар болса, Бизнеске арналған Skype арқылы қоңырау шалу немесе қабылдау кезінде сіздегі экранды оқу құралының дыбыс деңгейі төмендейтіндігін байқауыңыз мүмкін. Бұл белгілі ақау және Windows 10 жүйесінде барлық аудио құрылғы өндірушілерінің бұл ақауды жоюы қарастырылуда. Дегенмен, барлық құрылғыларда бұл ақау жойылғанша дыбыс деңгейінің төмендеуін келесі екі әдістің бірімен тоқтата аласыз:

  • Сыртқы USB динамиктерін жалғаңыз.USB емес динамиктер құрылғыңыздың Dolby драйверімен ендірілген аудиосын пайдаланады. Құрылғыңыздың ендірілген динамиктерін немесе құлақаспап ұясына жалғанған динамиктерді пайдаланудың орнына оған сыртқы USB динамиктерін жалғаңыз.

  • Аудио драйвердің Dolby мүмкіндігін өшіру. Dolby мүмкіндігін өшіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

    1. Windows 10 жүйесінде, Басқару тақтасына өтіп, Дыбыс параметрлерін ашыңыз.

    2. Дыбыс параметрлерінің диалогтық терезесінде Ойнату қойындысын таңдап, одан кейін аудио құрылғыңызды таңдаңыз.

    3. Сипаттар түймесін таңдап, одан кейін Сипаттар диалогтық терезесінде Dolby қойындысын таңдаңыз және Dolby мүмкіндігін өшіріңіз. OK түймесін басыңыз.

    4. Дыбыс параметрлерінің диалогтық терезесінде OK түймесін басыңыз.

Бизнеске арналған Skype бағдарламасында телетайп (TTY) режимін іске қосыңыз

Телетайп (TTY) құрылғысын пайдаланатын болсаңыз, Бизнеске арналған Skype бағдарламасында TTY режимін қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Мәзір жолағынан Құралдар > Опциялар тармағын таңдаңыз немесе Options түймешігін басыңыз.

  2. Телефондар қойындысын таңдаңыз, одан кейін Телефон ыңғайлылығы аймағында TTY режимін қосу белгісін басыңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Бизнеске арналған Skype бағдарламасын сөз тану құралдарымен басқарыңыз

Сөз тану құралдары қозғалу мүмкіндігі шектеулі және Microsoft өнімдерін, соның ішінде Бизнеске арналған Skype бағдарламасын қолдануы үшін (пернетақта немесе тінтуірге қарағанда) дауыстық пәрмендерді пайдалануы қажет болатын адамдар үшін пайдалы.

Үшінші тараптың сөз тану құралдарын немесе Windows операциялық жүйесінде қамтылған Сөз тану деп аталатын функцияны пайдалануыңызға болады. Компьютеріңіздегі Сөз тану функциясын іске қосу үшін Сөз тану функциясын пайдалану парақшасын қараңыз.

Пернетақта көмегімен өту

Төменде Бизнеске арналған Skype бағдарламасында жиі қолданылатын пернелер тіркесімі берілген:

  • Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсінің жоғарғы қатарындағы мәзір жолағын көрсету немесе жасыру үшін Alt пернесін басыңыз. Мәзір жолағы көрсетіліп, Alt пернесі басылғаннан кейін, кез келген мәзірді ашу үшін мәзір атауында асты сызылған әріпті (көбінесе бірінші әріп) бірден басыңыз. Одан кейін мәзірдегі элементтердің бірін ашу үшін мәзір элементінің атауындағы асты сызылған әріпті (көбінесе бірінші әріп) бірден басыңыз. Мысалы, Құралдар мәзіріндегі Опциялар мәзір элементін ашу үшін Alt+T+O пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсінің элементтерімен алға жылжу үшін Tab пернесін, ал артқа жылжу үшін Shift+Tab пернелерін басыңыз. Кейбір элементтер арасында жылжу үшін сондай-ақ көрсеткі пернелерін пайдалану қажет болуы мүмкін.

  • Контактімен кез келген түрде байланысқа түсу үшін контактіні таңдаңыз, одан кейін Enter пернесін басып, бөлек байланыс терезесін ашыңыз.

Бизнеске арналған Skype бағдарламасының арнайы пернелер тіркесімі туралы қосымша ақпарат алу үшін Бизнеске арналған Skype қызметіндегі пернелер тіркесімі бетіне өтіңіз.

Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға техникалық қолдау көрсету

Microsoft корпорациясы барлық тұтынушыларына ең үздік тәжірибе ұсынғысы келеді. Егер мүмкіндігіңіз шектеулі немесе арнайы мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарыңыз болса, техникалық көмек алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз. Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қолдау көрсету тобы көптеген танымал көмекші технологияларды пайдалануға жаттықтырылған және ағылшын, испан, француз және америкалық ишарат тілінде көмек ұсына алады. Өзіңіздің аймағыңыздағы байланысу мәліметтерін алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметі сайтына өтіңіз.

Егер сіз мемлекеттік мекеме, коммерциялық ұйым немесе корпоративтік пайдаланушы болсаңыз, корпоративтік Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат

Бизнеске арналған Skype бағдарламасында экраннан оқу құралын пайдалануды бастау

Экраннан оқу бағдарламасы бар Бизнеске арналған Skype көмегімен қоңырау шалу немесе қабылдау

Экранды оқу құралы бар Бизнеске арналған Skype көмегімен экранды бөлісу

Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype

Онлайн жиналыстарға оңай қосылу, экраныңызды бөлісу және контактілеріңізбен сөйлесу үшін, Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype арнайы мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Бизнеске арналған Skype бағдарламасындағы пернелер тіркесімдерін, VoiceOver экраннан оқу бағдарламасын, Siri және Speak айтып жаздыру құралын Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype бағдарламасымен жұмыс істеу үшін пайдалануыңызға болады.

Осылар сияқты көптеген арнайы мүмкіндіктер Windows немесе Mac сияқты құрылғы платформасына ғана тән болады. Бұл мүмкіндіктерді Mac жүйесінде пайдалану әдісі туралы мәліметтер алу үшін, Құрылғыңызды Office 365 жүйесіндегі арнайы мүмкіндіктермен жұмыс істеу үшін реттеу бөліміне өтіңіз.

Бұл бөлімде

Mac жүйесіндегі Бизнеске арналған Skype орналасуымен танысу

Пайдаланушы интерфейсінің аймағы

Бірінші баған: негізгі шарлау тобы

Екінші баған: шарлау тобындағы әрбір негізгі элементке қатысты элементтер тізіліп көрсетілетін тақта.

Үшінші баған: екінші бағанда таңдалған элементтік мәліметтері көрсетілетін тақта.

Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype пайдаланушы интерфейсінің элементтері

  • "Менің профилім" қалқымалы түймешігі:

    • Желідегі күйіңіз туралы ақпаратыңызды өзгерту

    • Жекелендірілген күй хабарын жазу

  • "Чаттар" түймешігі

  • "Жиналыстар" түймешігі

  • "Қоңыраулар" түймешігі

  • «Контактілер» түймешігі

  • Чаттар:

    • Чаттарды іздеу

    • Жылдам хабарлар тізімі

  • Жиналыстар:

    • Жоспарланған жиналыстар

  • Қоңыраулар

    • "Барлық қоңыраулар" опциясы

    • "Жауап берілмеген қоңыраулар" опциясы

    • Сақталған қоңыраулар (бар болса

    • "Дауыстық пошта" опциясы (параметрлеріңізге байланысты)

  • Контактілер

    • Контактілерді іздеу

    • "Таңдаулы контактілер" тобы

    • Жаңа топ (егер реттелетін топтар орнатылмаған болса)

    • "Басқа контактілер" тобы

  • Жылдам хабарлар, қоңыраулар, контактілер және жиналыстардың мәліметтерін көріңіз.

  • Жиналысты таңдаған кезде оларға қосылыңыз.

Әдепкі бойынша, Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype бағдарламасы Контактілер қойындысы таңдалған күйде қосылады және фокус Контактілерді іздеу тармағында болады.

Сөйлесулерді бөлек терезелерде көрсету

Әдепкі бойынша, Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype контактінің барлық жылдам хабар (ЖХ) сөйлесулерін негізгі бағдарламамен бір терезеде көрсетеді. Дегенмен, сөйлесулер бөлек терезелерде болғанда оларды реттегіңіз келуі мүмкін.

  1. Бизнеске арналған Skype параметрлерінде әдепкі бойынша Негізгі қойындысы таңдалады. “Негізгі, таңдалды, түймешік” сөздерін естисіз. Одан кейін Control+Option+бос орын түймешігін басыңыз.

  2. “Сөйлесулерді бөлек терезелерде көрсету, құсбелгі қойылмаған өріс” сөздері естілгенше Tab пернесін басыңыз. Опцияны таңдау үшін Control+Option+Бос орын пернелерін басыңыз.

Кіріс хабарлар мен қоңыраулардың дыбыстарын қосу

Кіріс хабарлардың дыбыстық әсерлері жаңа жылдам хабар немесе кіріс қоңырау туралы хабарлайды.

  1. Бизнеске арналған Skype параметрлерінде “Хабарландырулар, таңдалды, түймешік” сөздері естілгенше сол жақ немесе оң жақ көрсеткі не Tab пернесін басыңыз. Одан кейін Control+Option+бос орын түймешігін басыңыз.

  2. “Қоңырауларға қатысты дыбысты ойнату, құсбелгі қойылмаған өріс” сөздері естілгенше сол жақ немесе оң жақ көрсеткі не Tab пернесін басыңыз. Опцияны таңдау үшін Control+Option+Бос орын пернелерін басыңыз.

  3. “Хабарларға қатысты дыбыстарды ойнату, құсбелгі қойылмаған өріс” сөздері естілгенше сол жақ немесе оң жақ көрсеткі не Tab пернесін басыңыз. Опцияны таңдау үшін Control+Option+Бос орын пернелерін басыңыз.

    Кеңес : Экранды бөлісу кезінде хабарландырудың көрсетілуін қаламасаңыз, “Экранды бөлісу кезінде хабарландыруларды тоқтату, құсбелгі қойылмаған өріс” сөздері естілгенше сол жақ немесе оң жақ көрсеткі не Tab пернесін басыңыз. Опцияны таңдау үшін Control+Option+Бос орын пернелерін басыңыз.

Пернелер тіркесімдерінің көмегімен өту

VoiceOver қызметі қосылған кезде, Quick Nav қызметінің де қосылғанына көз жеткізіңіз. Control және Option пернелері “VoiceOver пернелері” немесе “Control+Option пернелері” деп аталады. VoiceOver пәрмендерін енгізу үшін Control+Option пернелерін бір немесе бірнеше пернемен бірге басып тұрыңыз. Бұл тақырыпта Control+Option пернелерінің орнына нақты атаулары қолданылады.

  • Негізгі терезенің айналасында шарлау үшін Control+Option+көрсеткі пернелерін басыңыз.

  • Олармен әрекеттесу үшін Control+Option+Shift+Төмен көрсеткісін басыңыз.

  • Элементті таңдау немесе таңдауды жою үшін Control+Option+Бос орын пернелерін басыңыз.

  • Элементтерден шығу үшін Control+Option+Shift+Жоғары көрсеткісін басыңыз.

  • Мәзірлер немесе тізімдердің ішінде шарлау үшін жоғары немесе төмен көрсеткі пернелерін басып, одан кейін Enter пернесін басыңыз.

  • Мәзірден немесе тізімнен шығу үшін Esc пернесін басыңыз.

  • Мәзір жолағына өту үшін Control+Option+M пернелерін басыңыз. “Мәзір жолағы, Apple” сөздерін естисіз.

Қосымша ақпарат алу үшін Бизнеске арналған Skype бағдарламасындағы пернелер тіркесімі бөлімін қараңыз.

VoiceOver элементті таңдау құралын пайдалану

Бизнеске арналған Skype бағдарламасын оңай шарлау үшін VoiceOver элементті таңдау құралын да пайдалануға болады. Элементті таңдау құралын белсендіру үшін Control+Option+I пернелерін басыңыз. “Элементті таңдау құралы-мәзір” сөздерін естисіз. Содан кейін мәзір ішінде жылжу үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып, контентті тыңдаңыз.

Бизнеске арналған Skype параметрлеріне өтіңіз

Command+, (үтір) пернесін басыңыз. “Параметрлер, Негізгі” сөздерін естисіз. Одан кейін опцияларды тыңдау үшін терезенің айналасында шарлаңыз.

Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға техникалық қолдау көрсету

Microsoft корпорациясы барлық тұтынушыларына ең үздік тәжірибе ұсынғысы келеді. Егер мүмкіндігіңіз шектеулі немесе арнайы мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарыңыз болса, техникалық көмек алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз. Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қолдау көрсету тобы көптеген танымал көмекші технологияларды пайдалануға жаттықтырылған және ағылшын, испан, француз және америкалық ишарат тілінде көмек ұсына алады. Өзіңіздің аймағыңыздағы байланысу мәліметтерін алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметі сайтына өтіңіз.

Егер сіз мемлекеттік мекеме, коммерциялық ұйым немесе корпоративтік пайдаланушы болсаңыз, корпоративтік Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат

Бизнеске арналған Skype қызметіндегі пернелер тіркесімі

Сұрақ-жауап - Mac құрылғысындағы Бизнеске арналған Skype

Бизнеске арналған Skype туралы анықтама

Онлайн жиналыстарға оңай қосылу, экраныңызды бөлісу және контактілеріңізбен сөйлесу үшін, iPhone және iPad үшін Бизнеске арналған Skype арнайы мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Бизнеске арналған Skype бағдарламасындағы пернелер тіркесімдерін, VoiceOver экраннан оқу бағдарламасын, Siri және Speak айтып жаздыру құралын iOS құрылғыларындағы Бизнеске арналған Skype бағдарламасымен жұмыс істеу үшін пайдалануыңызға болады.

Осылар сияқты көптеген арнайы мүмкіндіктер Windows немесе Mac сияқты құрылғы платформасына ғана тән болады. Бұл мүмкіндіктерді құрылғыңызда пайдалану әдісі туралы мәліметтер алу үшін, Құрылғыңызды Office 365 жүйесіндегі арнайы мүмкіндіктермен жұмыс істеу үшін реттеу бөліміне өтіңіз.

Бұл бөлімде

iPhone және iPad жүйелеріндегі Бизнеске арналған Skype орналасуымен танысу

iPhone және iPad құрылғыларында Бизнеске арналған Skype бағдарламасын іске қосқан соң орналасуда мына элементтерді табасыз:

Ескерту : Skype нені көрсету керектігін соңғы әрекеттер негізінде таңдайды. Құрылғыңызда көрінетін элементтер әр түрлі болуы мүмкін.

  • Профиліңіз, Жиналыстар түймешігі, қоңырауларға арналған Пернетақта түймешігі және Контактілер түймешігі.

  • Контактілерді іздеу терезесі.

  • Алдағы тақырыбы (алдағы жиналыстарыңыз болса).

  • Соңғы тақырыбы, жиналыстарды қоса алғанда, барлық соңғы байланыстар тізімін көрсетеді.

  • Сіз қатысқан жиналыстарға қоса, Бизнеске арналған Skype арқылы соңғы байланысқан контактілер тізімі.

Қимылдарды пайдаланып VoiceOver көмегімен өту

  • Жоғарыға, төменге, сол жаққа немесе оң жаққа айналдыру үшін, қажетті бағытта үш саусақты жүргізіп өтіңіз.

  • Пәрменді немесе басқа пайдаланушы интерфейсінің элементін таңдау үшін, бір рет түртіңіз

  • Таңдалған пәрменді немесе басқа пайдаланушы интерфейсінің элементін белсендіру үшін, екі рет түртіңіз.

Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға техникалық қолдау көрсету

Microsoft корпорациясы барлық тұтынушыларына ең үздік тәжірибе ұсынғысы келеді. Егер мүмкіндігіңіз шектеулі немесе арнайы мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарыңыз болса, техникалық көмек алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз. Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қолдау көрсету тобы көптеген танымал көмекші технологияларды пайдалануға жаттықтырылған және ағылшын, испан, француз және америкалық ишарат тілінде көмек ұсына алады. Өзіңіздің аймағыңыздағы байланысу мәліметтерін алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметі сайтына өтіңіз.

Егер сіз мемлекеттік мекеме, коммерциялық ұйым немесе корпоративтік пайдаланушы болсаңыз, корпоративтік Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз.

Онлайн жиналыстарға оңай қосылу, экраныңызды бөлісу және контактілеріңізбен сөйлесу үшін, Android Бизнеске арналған Skype арнайы мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Android үшін Бизнеске арналған Skype бағдарламасындағы пернелер тіркесімдерін, TalkBack экраннан оқу бағдарламасын және басқа ендірілген Android құралдарын пайдалануыңызға болады.

Осылар сияқты көптеген арнайы мүмкіндіктер Windows немесе Mac сияқты құрылғы платформасына ғана тән болады. Бұл мүмкіндіктерді құрылғыңызда пайдалану әдісі туралы мәліметтер алу үшін, Құрылғыңызды Office 365 жүйесіндегі арнайы мүмкіндіктермен жұмыс істеу үшін реттеу бөліміне өтіңіз.

Бұл бөлімде

Android жүйесіндегі Бизнеске арналған Skype орналасуымен танысу

Android үшін Бизнеске арналған Skype экраны төрт бөліктен тұрады.

  • Экранның жоғарғы жағындағы бірінші бөлікте тақырып орналасады. Тақырыптың сол жақ шетінде профиліңіз болады. Фокусты профиліңізге жылжытқан кезде, “Профиль параметрлері мәзірін көру, түймешік” сөздерін естисіз. Профильді ашу үшін, түймешікті екі рет түртіңіз. Мәзір ашылады, оны желідегі күйіңізді орнату, Android үшін Бизнеске арналған Skype параметрлерін өзгерту, анықтамалық ақпарат алу, пікір беру және жүйеден шығу үшін пайдалануға болады. Мәзірді жабу үшін, екі саусақпен оң жақтан сол жаққа қарай жүргізіп өтіңіз.

    Тақырыптың оң жақ шетінде Жиналыс және Контактілер түймешіктері орналасқан. Жиналыстар тізімін көру немесе контактілеріңізді басқару үшін, түймешікті түртіңіз, сонан соң екі рет түртіңіз. Жиналыстар немесе Контактілер экранын жабу үшін, жоғарғы сол жақ бұрышта, фокусты Оралу түймешігіне жылжытып, екі рет түртіңіз.

  • Контактілерді іздеу терезесін ұйым каталогынан адамдарды іздеу үшін пайдалануға болады. Фокусты іздеу терезесіне апарып, екі рет түртіңіз. Экрандағы пернетақта ашылады. Тапқыңыз келген адамның атын енгізіңіз немесе айтыңыз.

  • Алдағы алдағы оқиғалар мен кездесулерді көрсетеді.

  • Оның астында төртінші бөлік орналасқан: соңғы пайдаланылған контактілер тізімі. Бұл тізім соңғы сөйлесулердің немесе жиналыстардың күндерімен қоса контактілердің аттарын көрсетеді.

Talkback пернелер тіркесімдерімен өту

Android үшін Бизнеске арналған Skype бағдарламасымен сыртқы пернетақтаны пайдалансаңыз, бағдарламада өту үшін Tab пернесін, Shift+Tab, көрсеткі пернелерін, Esc немесе Back пернесін және Enter пернесін пайдалануға болады. (Қосымша ақпарат алу үшін, "Android үшін Бизнеске арналған Skype пернелер тіркесімдері" бөліміне өтіңіз). Сонымен қатар, Android құрылғыңызда TalkBack құралын пайдаланғанда, жиырма шақты қосымша пернелер тіркесімдері қолжетімді болады.

Talkback пернелер тіркесімдерін табу
  1. Басты экранға оралу үшін, Android Басты түймешігін түртіп, сонан соң екі рет түртіңіз.

  2. Басты экраннан, Параметрлер түймешігі бар экранға өтіңіз, оған фокусты апарып, екі рет түртіңіз.

  3. "Арнайы мүмкіндіктер" естілгенше экранды Жүйе аумағына дейін төмен жылжытып, екі рет түртіңіз.

  4. Арнайы мүмкіндіктер экранында, фокусты TalkBack опциясына жылжытыңыз, әдетте ол бірінші пәрмен болады. “TalkBack, Қосу” сөздерін естисіз. Екі рет түртіңіз.

  5. TalkBack экранында, фокусты Параметрлер мәзіріне апарып, екі рет түртіңіз. Мынаған ұқсас сөздерді естисіз: “TalkBack параметрлері, отыз екі элементтің біріншісінен он үшіншісіне дейін көрсету.”

  6. Тізімді төменге айналдыру үшін, екі саусақпен жоғарыға қарай жүргізіп өтіңіз. Фокус Пернелер тіркесімдерін басқару опциясына өткенше экранды төмен сырғытыңыз. Екі рет түртіңіз.

  7. TalkBack қосылған кезде пайдалануға болатын қолжетімді пернелер тіркесімдерінің тізімін қарап шығу үшін, экранды төмен сырғытыңыз. Тізімді төменге айналдыру үшін, екі саусақпен жоғарыға қарай жүргізіп өтіңіз.

  8. Пернелер тіркесімін есту үшін, оған сырғытыңыз. Мынаған ұқсас сөздерді естисіз: “Басты, Alt+Shift+H” немесе “TalkBack тоқтата тұру немесе жалғастыру, Alt+Shift+Z”.

  9. Пернелер тіркесімдерін басқару экранынан шығу үшін, Esc немесе Back пернесін басыңыз. Немесе құрылғыңызда фокусты Басты түймешігіне жылжытып, екі рет түртіңіз.

Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға техникалық қолдау көрсету

Microsoft корпорациясы барлық тұтынушыларына ең үздік тәжірибе ұсынғысы келеді. Егер мүмкіндігіңіз шектеулі немесе арнайы мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарыңыз болса, техникалық көмек алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз. Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қолдау көрсету тобы көптеген танымал көмекші технологияларды пайдалануға жаттықтырылған және ағылшын, испан, француз және америкалық ишарат тілінде көмек ұсына алады. Өзіңіздің аймағыңыздағы байланысу мәліметтерін алу үшін, Microsoft корпорациясының Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметі сайтына өтіңіз.

Егер сіз мемлекеттік мекеме, коммерциялық ұйым немесе корпоративтік пайдаланушы болсаңыз, корпоративтік Арнайы мүмкіндіктер бойынша Answer Desk қызметіне хабарласыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×