Бет үлгілерін жасау және теңшеу

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасында жазу кітапшаңыздағы беттерге біркелкі бет сызбасын және жасақтарын қолдану үшін, үлгілерді пайдалана аласыз. Бет үлгілері түстердің , өңдік суреттер және мәтін пішімдеуін сәйкес қолдану арқылы жазбалардың түрін жақсартады.

OneNote үлгілерін сол күйі пайдалана да, қалауыңызша өзгерте де, жеке өзіңіздікін жасай да аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Бет үлгісін қолдану

Үлгіні теңшеу

Жаңа үлгі жасау

Бет үлгісін қолдану

OneNote бағдарламасын бастау үшін, сізге жоспарлаушы және жұмыс тізімі сияқты сәнделген өңдерден арналған жазба беттеріне дейін бірнеше бет үлгілерін береді.

Төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. Файл мәзірінде Жаңа пәрменін таңдаңыз да, Үлгіден бет пәрменін таңдаңыз.

  2. Үлгілер тапсырмалар аймағында Бетті қосу астында тізімдегі санатты нұқыңыз да, пайдаланғыңыз келетін үлгінің атауын таңдаңыз. OneNote таңдалған үлгі негізінде ағымдық бөлімде жаңа бет жасайды.

Кеңес : Жаңа бетке соңғы рет қолданған үлгілерді жылдам пайдалану үшін, бет қойындыларының тізімінде Жаңа бет түймешігінің қасындағы көрсеткіні нұқып, пайдаланғыңыз келетін үлгінің атауын таңдаңыз. Егер жаңа бос бет жасағыңыз келсе, Бос үлгі түймешігін басыңыз.

Ескерту : Көптеген үлгі жасақтамалары белгіленген орындарда пайда болатын бет мазмұнынан тұрады. Үлгілер тек жазбалары жоқ жаңа беттерге ғана қолданылады. Үлгілерді жасалып болған жазбаларға пайдалану үшін, қалаған үлгіңізден жаңа бет жасаңыз да, бар жазбаларды осыған көшіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Үлгіні теңшеу

Егер өз бетіңізше жаңа бет үлгісін жасағыңыз келмесе, бар үлгінің мазмұнын және түрін өзгерте аласыз және оны өзгертпелі үлгі ретінде сақтай аласыз.

Төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. Пішім мәзірінде Үлгілер пәрменін таңдаңыз.

  2. Үлгілер тапсырмалар аймағында Бетті қосу астында санатты нұқыңыз да, өзгерткіңіз келетін үлгінің атауын таңдаңыз.

  3. Файл мәзірінде Бет параметрлері пәрменін таңдаңыз да, Бет параметрлері тапсырмалар аймағында қалаған параметрлерді өзгертіңіз.

  4. Беттегі кез-келген мазмұнды өэгертілген үлгі негізінде жасалған әрбір жаңа бетте пайда болатындай етіп өзгертіңіз. Сонымен бірге сақтағыңыз келмейтін үлгі мазмұнын жойыңыз.

  5. Бет параметрлері тапсырмалар аймағының астында Ағымдық бетті үлгі ретінде сақтау түймешігін басыңыз.

  6. Үлгі ретінде сақтау тілқатысу терезесінде Үлгі атауы жолына үлгі атауын теріңіз.

  7. Жазу кітапшасындағы ағымдық бөлімге қосатын әр жаңа бетке үлгіні қолдану үшін, Ағымдық бөлімдегі жаңа беттерге әдепкі үлгі ретінде орнату құсбелгісін қойыңыз.

  8. Сақтау түймешігін басыңыз.

Ескерту : Теңшелген үлгілер Үлгілер тапсырмалар аймағындағы Менің үлгілерім тізіміне автоматты түрде қосылады.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа үлгі жасау

Сондай-ақ, OneNote беретін үлгілерге жазу кітапшаңыздағы бетті өз қалауыңызша пішімдеп, жаңа үлгі ретінде сақтай аласыз.

  1. Файл мәзірінде Жаңа пәрменін таңдаңыз да, Бет пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сонымен қатар бет қойындыларының үстіндегі Жаңа бет түймешігін басу арқылы жаңа бет жасай аласыз.

  2. Файл мәзірінде Бет параметрлері дегенді нұқыңыз да, Бет параметрлері тапсырмалар аймағында қалаған кез-келген параметрлерді орнатыңыз.

  3. Өзгертпелі үлгі негізінде жасалған жаңа беттерде көрсеткіңіз келетін кез-келген мазмұнды қосыңыз.

    Мәселен, егер жиналыс жазбаларына үлгі жасап жатсаңыз, жиналыстың мерзіміне және уақытына күн тәртібі бөлімін және тақырыптарды қоса аласыз.

  4. Бет параметрлері тапсырмалар аймағы астында Ағымдық бетті үлгі ретінде сақтау түймешігін басыңыз.

  5. Үлгі ретінде сақтау тілқатысу терезесінде Үлгі атауы жолына үлгі атауын теріңіз.

  6. Үлгіні жазу кітапшасының ағымдық бөліміне қосылған әрбір жаңа бетке қолдану үшін, Ағымдық бөлімдегі жаңа беттерге әдепкі үлгі ретінде орнату құсбелгісін қойыңыз.

  7. Сақтау түймешігін басыңыз.

Ескерту : Жасалған үлгі Үлгілер тапсырмалар аймағында Менің үлгілерім тізіміне автоматты түрде қосылады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×