Бетте жазбалар салу және сызу

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасындағы жазу құралдары қолмен жазылған мәтінді немесе қолмен сызылған суреттерді жазбаларыңызға қосу үшін, сызбалық қаламұш немесе планшеттік компьютер қаламұшы сияқты кез келген меңзегіш құрылғысын пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл мақалада

Жазу және сурет салу құралдар тақталарын көрсету немесе жасыру

Жазбаларды жазу немесе суретін салу

Қаламұшты теңшеу

Қолжазбаны мәтінге түрлендіру

Жазу және сурет салу құралдар тақталарын көрсету немесе жасыру

  1. Көрініс мәзіріндегі Құралдар тақтасы пәрменін көрсетіп, одан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Сурет салу құралдары түймешігін басыңыз.

    • Менің қаламұштарым түймешігін басыңыз.

    • Жазу құралдары түймешігін басыңыз.

Ескерту : Әдетте Сурет салу құралдары мен Менің қаламұштарым құралдар тақталары төменгі жақта бекітіледі және бағдарлама терезесінің сол жағында орналасады. Бұл құралдар тақталарын жаңа орынға жылжыту үшін, бекітілген құралдар тақтасындағы Түймешік суреті жылжыту тұтқасын немесе жылжымалы құралдар тақтасындағы тақырып терезесін нұқып сүйреңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазбаларды жазу немесе суретін салу

  1. Қаламұштың нақты қалыңдығы мен түсін таңдау үшін, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Қаламұш Түймешік суреті түймешігін басыңыз немесе Қаламұш Түймешік суреті түймешігінің жанында орналасқан көрсеткіні нұқыңыз.

  2. Планшеттік компьютердің қаламұшын пайдаланып, бетке тікелей сурет салыңыз немесе жазбаларды жазыңыз.

    • Бетке қосымша бос орын қосу үшін, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Жазбалар үшін қосымша бос орынды кірістіру түймешігін Түймешік суреті басып, меңзерді бос орын қосу қажет жерге орналастырып, одан кейін көрсеткіні меңзер көрсеткен бағытта сүйреңіз.

    • Қолжазбалық мәтін штрихтарын жою үшін, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Есеп хатты басып шығару белгіше суреті Өшіргіш түймешігін басып,меңзерді қолжазбалық мәтін бойымен сүйреңіз. Қолжазбалық мәтінді өшіруді тоқтату үшін, Өшіргіш түймешігін тағы бір рет нұқыңыз. Әлпет өшіргіші қолжазбалық мәтіннің барлық штрихтарына бір рет жанасу немесе нұқу арқылы жоя алады. Ол, әсіресе, қолжазбалық мәтін штрихтарын жою немесе түзету үшін өте пайдалы.

    • Қолжазбалық мәтінді таңдау үшін, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Түймешік суреті Теру не таңдау құралы түймешігін басып,сөзді бөлектеу үшін жүгіргіні сүйреңіз немесе екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қаламұшты теңшеу

  1. Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Қаламұш Түймешік суреті түймешігінің жанында орналасқан көрсеткіні нұқып,мәтінмәндік мәзірдегі теңшеу керек қаламұшты немесе бөлектенуді таңдаңыз.

    OneNote бағдарламасында сегіз қаламұш және төрт бөлектену бар. Қаламұштарды теңшеу қатынаулы қаламұштар тізіміне жаңа таңдауларды қоспайды. Теңшелетін әрбір қаламұш үшін бастапқы таңдау көрсеткен параметрлермен алмастырылады.

  2. Қаламұш түймешігінің жанындағы көрсеткіні тағы бір рет нұқып, одан кейін Ағымдық қаламұшты теңшеу түймешігін басыңыз.

  3. Ағымдық қаламұшты теңшеу тілқатысу терезесінде төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Қаламұш аты терезесінде ағымдық қаламұшқа жаңа ат теріңіз.

    • Қаламұш түсі тізімінде ағымдық қаламұшқа арналған жаңа түсті нұқыңыз.

    • Қаламұш қалыңдығы (мм) тізіміне ағымдық қаламұшқа арналған жаңа штрих өлшемін (миллиметрде) енгізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Қолжазбаны мәтінге түрлендіру

Егер OneNote бағдарламасын планшеттік компьютерде пайдалансаңыз, қолжазбаларыңызды машинамен басылған мәтінге түрлендіре аласыз. Қолжазбаны тану амалдық жүйеңізге байланысты болады.

  1. Төмендегілердің бірін орындап, түрлендіргіңіз келген бетті, жазба контейнерін немесе сөзді бөлектеңіз:

    • Қолжазбалар бетін бөлектеу үшін, белсенді бетке арналған бет қойындысына жанасу немесе оны нұқу керек.

    • Жазба контейнерін бөлектеу үшін, контейнердің жоғарғы шетіне жанасу немесе нұқу қажет.

    • Жеке сөздерді бөлектеу үшін, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Теру не таңдау құралы Түймешік суреті түймешігіне жанасу немесе нұқу керек, одан кейін жүгіргіні сөздің үстіне апарыңыз немесе сөзді екі рет нұқыңыз.

  2. Құралдар мәзіріндегі Қолжазбаны мәтінге түрлендіру пәрменіне жанасыңыз немесе таңдаңыз.

  3. Егер сөз қате түрлендірілсе, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Теру не таңдау құралы Түймешік суреті түймешігіне жанасу немесе нұқу керек, қате түрленген сөзге жанасып немесе нұқып, одан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер планшеттік компьютеріңізде Microsoft Windows XP Tablet PC Edition жұмыс істеп тұрса, баламалы тізім символының жанындағы көрсеткіге Түймешік суреті жанасу немесе нұқу керек, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі қосымша сөзге жанасу немесе нұқу керек.

    • Егер планшеттік компьютеріңізде Windows XP Tablet PC Edition 2005 жұмыс істеп тұрса, түрлендірілген сөзді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі баламалы сөзге жанасу немесе нұқу керек.

      Ескерту : Егер мәтінмәндік мәзірде қажетті сөз болмаса, сөзді қайта жазып, түрлендіруді жойыңыз немесе сөзді қайта теру үшін, планшеттік компьютердің енгізу тақтасын немесе пернетақтаны пайдаланыңыз. Егер пернетақта қатынаулы болса, ең оңайы – қате түрлендірілген мәтінді қайта теру немесе қатесі бар сөздерді түзету үшін, F7 пернесін басу.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×