Бетке бейне немесе дыбыс қосу

Бетке бейне немесе дыбыс қосу

SharePoint бетіне медиа (бейне, аудио немесе кескін сияқты) қоса аласыз. Медиа файл компьютерден, вебтен немесе файл ортақ пайдалануы сияқты басқа орыннан алынуы мүмкін. Немесе бейнені YouTube сияқты бейнені ортақ пайдаланатын веб-сайттан ендіре аласыз.

Ескерту : Егер .WAV пішімінде аудио файл жүктесеңіз, көптеген браузерлер үшін дұрыс емес хабарды көресіз. Хабар күйі, ”Медиа ойнатқыш Веб бөлігі бұл пішімдегі файлдарды ойната алмайды”. Бұл Chrome браузерінен басқа барлық қолдау көрсетілген браузерлер үшін дұрыс емес. Хабарды елемей, файлды жүктеуді жалғастырыңыз.

Маңызды :  Осы процедураны орныдау үшін беттерді өңдеуге қажетті рұқсаттарыңыз болуы керек.

  1. Медиа қосу қажет бетке өтіңіз.

  2. Бет қойындысын таңдаңыз. Одан кейін таспада Өңдеу параметрін басыңыз.

  3. Беттегі өңдеуге қол жетімді аймақты басыңыз.

  4. Кірістіру қойындысын басыңыз, таспадағы Медиа тобында Бейне және Аудио параметрін басыңыз.
    Таспадағы Бейне және Аудио мәзірінің скриншоты. Бұл мәзір «Кірістіру» қойындысында SharePoint бетін өңдеген кезде шығады.

  5. Осы параметрлердің біреуінің көмегімен мультимедианы кірістіру жолы туралы ақпарат алу үшін келесі сілтемелердің біреуін басыңыз.

Бұл мақалада

Компьютерден файлды жүктеу

Бейнені ортақ пайдалану веб-сайтынан ендіру

Бейнені SharePoint сайтынан қосу

Бейнені басқа орыннан қосу

Мультимедиа сипаттарын және мультимедиа веб-бөлігін өңдеу

Компьютерден файлды жүктеу

Компьютерден файлды жүктеу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Компьютерден түймешігін басыңыз.

  2. Қажетті файл орнын көрсетіп, файлды таңдаңыз одан кейін Ашу параметрін таңдаңыз.

  3. Файлды сақтау керек мақсатты кітапхананы көрсетіңіз.
    Мақсатты орын ретінде активтер кітапханасын көрсету ұсынылады. Активтер кітапханасы арнайы мультимедиаға арналған және суретті алдын ала қарау және бейнелердің белгілері сияқты мүмкіндіктерді автоматты түрде қамтиды. Бұл мүмкіндіктер мультимедиалық файлдармен жұмыс істеуді оңайырақ етеді.
    Активтер кітапханасын мультимедиалық файлдар үшін реттеу жолы туралы мәліметтер алу үшін Активтер кітапханасын сурет, дыбыстық немесе бейне файлдарды сақтауға реттеу бөлімін қараңыз.

  4. ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені ортақ пайдалану веб-сайтынан ендіру

Бейнені ортақ пайдалану веб-сайтынан ендіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

Қауіпсіздік ескертуі :  Қауіпсіздік себептеріне байланысты, SharePoint <iframe> тегімен ендірілген кодты қолдайды.

  1. Ендіру параметрін басыңыз.

  2. Содан кейін диалогтық терезеде ендіру кодын қойыңыз.
    Бейнені ортақ пайдалану сайтынан көшірілген бейне үшін <iframe> ендіру кодының скриншоты. Ендіру коды ойдан шығарылған.

    Кеңес :  Әдетте, танымал бейнені ортақ пайдалану сайттарынан бейненің ендіру кодын алу оңай. Жай Ендіру немесе Ортақ пайдалану параметрін іздеңіз де, ендіру кодын көрсету үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ендіру коды көрсетілгенде, оны көшіріңіз де, кодты алдыңғы суретте көрсетілгендей қойыңыз.

  3. Кірістіру т\үймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені SharePoint сайтынан қосу

Бейнені SharePoint сайтындағы орыннан қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. SharePoint сайтынан параметрін басыңыз. Қалаған қалта және кітапхана үшін қарауға болатын «Активтер таңдау құралын» ашады.

  2. Бейне немесе аудио файлдар сақталған Активтер кітапханасы сияқты сайтта орынды көрсетіңіз.

  3. Қажетті файлды таңдап, одан кейін Кірістіру параметрін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені басқа орыннан қосу

Бейнені басқа орыннан қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Мекенжайдан параметрін басыңыз.

  2. Пайдалану қажет файл үшін URL мекенжайын теріп, OK түймешігін басыңыз. URL мекенжайы тікелей бейне файлына көрсетуі қажет. Мысалы: http://contoso.com/VideoFile.wmv.

Беттің жоғарғы жағы

Мультимедиа сипаттарын және мультимедиа веб-бөлігін өңдеу

Бетке бейне немесе аудио қосқан кезде SharePoint Медиа веб бөлігін кірістіреді. Медиа қосқаннан кейін, Веб бөлікті реттей аласыз. Мысалы, оның өлшемін немесе орнын, атауын өзгерту немесе каталог белгішесін қосу қажет болуы мүмкін.

Егер бетте Медиа веб бөлікті өзгерту қажет болса, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Бейне қамтылған бетке өтіңіз.

  2. Бет қойындысын таңдап, Өңдеу параметрін басыңыз.

  3. Бейне бетте пайда пайда болған кезде, осы таспа және «Медиа» қойындысын ашу үшін бейне кескінінің кез келген жерін басыңыз.
    Медиа веб бөлігінде таспа скриншоты. Алдын ала қарау, Сипаттар, Ойнатқыш мәнері және Өлшем сияқты опцияларды көрсетеді.

  4. Таспада Алдын ала қарау тобында, Кескінді өзгерту параметрін таңдап, бейне және аудио файл үшін алдын ала қарау ретінде көрсетілетін кескін файлын таңдаңыз. Алдын ала қарау кескінін жаңартпаған болсаңыз, файл түрі үшін әдепкі кескін көрсетіледі.

  5. Сипаттар тобында пайда болатын атауды өзгерте немесе енгізе аласыз. Бет жүктелген кезде файлды автоматты түрде ойнату немесе тоқтағанша бөліп ойнаут екеуінің біреуін таңдай аласыз.

  6. Таспада Ойнатқыш мәнерлері тодында, Мәнерлерпараметріне көрсетіп, ойнатқышқа сәйкес мәнерді таңдаңыз.

  • Таспада Өлшем тобында, ойнатқыштың көлденең немесе тік өлшеміне жасау керек кез келген өзгертулерді көрсетуге болады.

  • Медиа веб бөлігін өңдеу үшін көрсеткішті медиа атауына апарып, Медиа веб бөлік мәзірінде ашу үшн көрсетілген көрсеткіні басыңыз.
    Мәзірді ашу үшін басуға болатын көрсеткіні көрсететін Медиа веб бөлігі бұрышының скриншоты. Мәзір Веб бөлікті өңдеу немесе жою үшін опцияларды қамтиды.

  • Экранның жанындағы өңдеу терезесін ашу үшін Веб бөлікті өңдеу параметрін таңдаңыз.

  1. Веб-бөлікті өңдеу тақтасында өзгерту керек сипаттарды таңдаңыз. Өзгертулерді енгізуді аяқтағанда, Қолдану түймешігін басыңыз.
    Реттеуге болатын кейбір сипаттар көрсетілген мультимедианы өңдеу тақтасының скриншоты

  2. Өңдеу терезесін жауып, бетке оралу үшін OK түймешігін басыңыз.

  3. Бетке өзгерістер енгізуді аяқтаған кезде, Бет қойындысын таңдаңыз, одан кейін Сақтау параметрін басыңыз. Егер бет тексерілген болса, сілтемемен бірге ескерту хабарын көресіз, осылайша оны тіркей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×