Бейне: Excel бағдарламасынан Access бағдарламасына деректерді жылжыту

Your browser does not support video. Install Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player, or Internet Explorer 9.

Excel бағдарламасында басқарылуы қиындап бара жатқан контактілер немесе қойма тізіміңіз бар ма? Мүмкін оны көп мөлшерлі деректерді басқаруға қолайлы құралдарды қамтамасыз ететін Access бағдарламасына жылжытудың уақыты келген болар. Access бағдарламасында қарапайым импорттау әрекетін жасау жолын көру үшін осы бейнені қараңыз.

Ескерту :  Бұл бейнеде веб-дерекқорларға деректерді импорттау қамтылмаған. Веб-дерекқорлар туралы қосымша мәліметтер алу үшін, Интернетте ортақ пайдаланылатын дерекқорды құру мақаласын қараңыз.

Бейнеде

Excel бағдарламасындағы деректерді дайындау

Маңызды :  Төмендегі нұсқаулар жұмыс парағына өзгертулер енгізуді қажет етсе, жалғастыру алдында жұмыс кітабының немесе жұмыс парағының сақтық көшірмесін жасаңыз.

  • Егер Excel жұмыс парағындағы деректер бос жолдармен немесе бағандармен бөлінген болса, оны мүмкіндігінше бір тізімге біріктіріңіз. Бос ұяшықтар проблема емес, бірақ жылжытылатын деректерде толығымен бос жолдардың немесе бағандардың болмауын алдын алыңыз.

  • Мүмкіндігінше әр бағанда деректердің бір түрі, мысалы, барлығы сан немесе мәтін, болатындай реттеңіз. Бағанда аралас деректер түрлері болса, әрбір түрдің кем дегенде біреуін деректердің бірінші сегіз жолына қойып көріңіз. Бұл, Access бағдарламасына сол баған үшін қай деректер түрі ең қолайлы екенін анықтауға және импорттау қателерін алдын алуға көмектеседі.

  • Access бағдарламасы кесте атауы ретінде жұмыс парағы қойындысының атауын пайдаланады. Мысалы, жұмыс парағы «1-парақ» деп аталса, импортталған кесте Access бағдарламасында «1-парақ» деп аталады. Деректерді жылжытпас бұрын кестеге мағыналы бір атау беру керек болса, жұмыс парағының төмендегідей атын өзгертіңіз:

    • Жұмыс парағының қойындысын (жұмы парағының төменгі жағында) екі рет нұқып, қажетті атауды енгізіңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

Деректерді Access бағдарламасына жылжыту

  1. Excel бағдарламасында Access бағдарламасына жылжытылатын деректерді, соның ішінде баған тақырыптарын (бар болса) таңдаңыз.

  2. Таңдалған деректі тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, Көшіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Access бағдарламасында қолданыстағы дерекқорды ашыңыз немесе жаңа дерекқор жасаңыз.

    Жаңа дерекқор жасаған кезде, Access бағдарламасы бос кестені көрсетеді. Сол кестені сақтамай жабыңыз.

  4. Шарлау аумағы көрсетілмесе, оны көрсету үшін F11 пернесін басыңыз.

  5. Шарлау аумағында кез келген жерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін Қою пәрменін таңдаңыз.

    Access бағдарламасында деректерге баған тақырыптарының болғанын-болмағанын сұрайтын тілқатысу терезесі көрсетіледі.

  6. Көшірілген деректерде баған тақырыптары бар болса, Иә; болмаса, Жоқ түймешігін басыңыз.

    Барлығы дұрыс болса, Access бағдарламасында нысан сәтті түрде импортталғаны туралы хабарлама көрсетіледі.

  7. Жалғастыру үшін, Жарайды түймешігін басыңыз.

Access бағдарламасы жаңа кестені шарлау аумағында көрсетеді. Деректер дұрыс импортталғанын тексеру үшін жаңа кестені екі рет нұқыңыз.

Импорттау қателерін түзету

Импорттау әрекеті кезінде кез келген проблемалар кездестірілген болса, Access бағдарламасы қателердің сипаттамаларын қамтитын «Импорт қателері» кестесін жасайды. Қателерді қарап шығу үшін, «Импорт қателері» кестесін екі рет нұқыңыз. Қателер көп болса, импортталған кестені жойып, Excel жұмыс парағындағы проблемаларды түзетіп, одан кейін көшіру/қою іс рәсімін қайталауға әрекет жасау керек болуы мүмкін. Қателер аз болса, оларды Access бағдарламасында қолмен түзету жөн болуы мүмкін. Барлық проблемалар түзетілгеннен кейін «Импорт қателері» кестесін жоюға болады.

Өрістің деректер түрлерін орнату

Access кестесінде қажетті деректер түрін енгізу мүмкін болмағаны байқалса, өрістің деректер түрін өзгерту керек болуы мүмкін.

Өрістің деректер түрін анықтау үшін, өрістегі бір мәнді таңдап, одан кейін Пішімдеу тобындағы Өрістер қойындысында Деректер түрі жолағына қараңыз. Егер, мысалы, деректер түрі Сан болса, Access бағдарламасы «166А» сияқты кез келген әріптерді өріске енгізуге жол бермейді.

Өрістің деректер түрін өзгерту

Ескерту :  Кейбір жағдайда өрістің деректер түрін өзгерту деректердің жоғалуына әкелуі мүмкін. Өрістің деректер түрін өзгертпес бұрын .accdb файлының (немесе кестенің файлының) сақтық көшірмесін жасаңыз.

  1. Өзгертілетін ұяшықты нұқыңыз.

  2. Пішімдеу тобындағы Өрістер қойындысында Деректер түрі тізімінен жаңа деректер түрін таңдаңыз.

    Access бағдарламасы ескерту хабарламасын көрсетеді.

  3. Деректердің сақтық көшірмесі бар болып, жалғастыруға сенімді болсаңыз, Иә түймешігін басыңыз.

  4. Кестені сақтаңыз.

Бастапқы кілтті қосу

Қайталанатын жазбалардың алдын алып, кестелер арасында байланыстар жасауды жеңілдету үшін, жаңа кестеге бастапқы кілт өрісін қосуға кеңес береміз. Төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.

  1. Шарлау аумағында кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін Құрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

  2. Өріс атауы бағанының бірінші ұяшығында «Идентификатор» сөзін енгізіңіз.

  3. Деректер түрі бағанында Автосанағыш параметрін таңдаңыз.

  1. Жаңа идентификатор жолы таңдалған кезде, Құралдар тобындағы Жасақтау қойындысында Бастапқы кілт параметрін таңдаңыз.

  2. Кестені сақтап жабыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×