Бағдарлама лицензияларын басқару

Белгілі бір пайдаланушыларға бағдарлама лицензиясын тағайындау, бағдарламаның қосымша лиценияларын сатып алу, лицензия басқарушысын қосу немесе Бағдарлама лицензиясын жойып не қалпына келтіру қажет болса, бұл әрекеттің барлығын Бағдарлама лицензиясын басқару бетінде орындауға болады.

Бағдарлама лицензияларын басқару үшін бағдарлама лицензиясының Лицензия басқарушысы немесе әкімші (SharePoint Online әкімшісі немесе ферма әкімшісі) ретінде тағайындалуыңыз қажет.

  1. Параметрлер «Office 365 параметрлері» түймешігі > Бағдарлама қосу бөліміне өтіңіз.

  2. Сол жақтағы шарлау тақтасында Лицензияларды басқару түймешігін басыңыз.

  3. Лицензия ақпаратын басқару қажет бағдарламаны басыңыз. Не болмаса қажетті бағдарламаны іздеңіз.

  4. Бағдарлама лицензиясын басқару бетінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

Мұны орындау үшін

Келесі әрекетті орындаңыз

Сайттағы белгілі бір пайдаланушыларға лицензияларды тағайындау

  • Лицензияларды тағайындау түймешігін басып, қосу қажет пайдаланушыларлдың атын теріңіз, содан соң Пайдаланушыны қосу түймешігін басыңыз.

Қосымша лицензияларды сатып алу

  • Қосымша лицензияларды сатып алу үшін Сатып алу түймешігін басып, Microsoft тіркелгісі арқылы жүйеге кіру үшін қадамдарды орындаңыз.

Лицензия басқарушысын қосу

  • Басқарушыны қосу түймешігін басып, қосу қажет пайдаланушылардың атын теріңіз, содан соң мәтін ұясының астындағы Басқарушыны қосу түймешігін басыңыз.

Лицензияны қалыпна келтіру

Лицензияны қалпына келтіргеннен кейін оны негізінен SharePoint дүйенінен сатып аласыз. Егер лицензия Office.com сайтымен синхрондаудан шығып жатса немесе лицензияны жаңа орналасуға жылжытсаңыз (мысалы, апаттық қалыпна келтіру сценарийлерінде), мына әрекеттерді орындауыңыз мүмкін.

  1. Сатып алуды қарау бөлімінің астында Әрекеттер тармағының қасындағы көрсеткіні басыңыз, содан соң Лицензияны қалпына келтіру түймешігін басыңыз.

  2. the SharePoint дүйеніндегі бағдарламаға арналған «Мәліметтер» бетінде Қосымша әрекеттер бөлімін басыңыз, содан соң Лицензияны қалпына келтіру түймешігін қайта басыңыз.

  3. Сұралған кезде Microsoft тіркелгіңізбен кіріңіз.

Лицензияны жою

  • Сатып алуды қарау бөлімінің астында Әрекеттер тармағының қасындағы көрсеткіні басыңыз, содан соң Лицензияны жою түймешігін басыңыз.

Қатысты тапсырмалар

Бағдарламаны SharePoint дүйенінен сатып алу

Бағдарламаны қосу

Сайттан бағдарламаны алып тастау

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×