Баған енін және жол биіктігін өзгерту

Жұмыс парағында баған енін 0 (нөл) 255 дейін бере аласыз. Бұл мән стандартты қаріп пішімделген ұяшықта көрсетіле алатын таңбалар санын көрсетеді. Әдепкі баған ені 8.43 таңба. Егер баған ені 0 (нөл)таңдалса, баған жасырылады.

Жол биіктігін 0 (ноль) 409 дейін бере аласыз. Бұл мән биіктік өлшеуін нүктелермен көрсетеді (1 нүкте шамамен 1/72 дюймге немесе 0,035 сантиметрге тең). Әдепкі жол биіктігі 12.75 нүкте (шамамен 1/6 дюйм немесе 0,4 сантиметр). Егер жол биіктігі 0 (нөл) таңдалса, жол жасырылады.

Егер Бер орналасуы көрінісінде (Көрініс қойындысы, Жұмыс кітабының көріністері тобы, Бет орналасуы түймешігі)жұмыс істеп жатсаңыз, баған ені мен жол биіктігін дюйммен көрсетуіңізге болады. Бұл көріністе дюймдер әдепкі өлшем бірлігі болып табылады, бірақ өлшем бірлігін сантиметрге немесе миллиметрге өзгертуіңізге болады. (Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті , Excel параметрлері, Қосымша санаты).

Не істегіңіз келеді?

Белгілі баған енін таңдау

Мазмұнды қиыстыру үшін баған енін автоматты түрде өзгерту (автоқиыстыру)

Баған енін екінші бағанға сәйкес келтіру

Жұмыс парағындағы немесе жұмыс кітабындағы барлық бағандардың әдепкі енін өзгерту

Тінтуір пайдалану арқылы бағандардың енін өзгерту

Жолдың белгілі биіктігін таңдау

Мазмұнды қиыстыру үшін жолдың биіктігін өзгерту

Тінтуірді пайдалану арқылы жолдардың биіктігін өзгерту

Белгілі баған енін таңдау

  1. Өзгерткіңіз келетін бағанды немесе бағандарды таңдаңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Ұяшықтар тобында Пішім түймешігін нұқыңыз.

    Excel Ribbon кескіні

  3. Ұяшық өлшемі мәзірінде Баған ені нұқыңыз.

  4. Баған ені жолағында керекті мәнді енгізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұнды қиыстыру үшін баған енін автоматты түрде өзгерту (автоқиыстыру)

  1. Өзгерткіңіз келетін бағанды немесе бағандарды таңдаңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Ұяшықтар тобында Пішім түймешігін нұқыңыз.

    Excel Ribbon кескіні

  3. Ұяшық өлшемі мәзірінде Баған енін өзіріктеу нұқыңыз.

Кеңес    Жұмыс парағындағы барлық бағандарды жылдам өзіріктеу үшін Бәрін бөлектеу түймешігін басып, екі баған тақырыбының арасындағы кез келген жиекті екі рет нұқыңыз.

Бәрін бөлектеу түймешігі

Беттің жоғарғы жағы

Баған енін екінші бағанға сәйкес келтіру

  1. Қолданғыңыз келген ені бар бағандағы ұяшықты таңдаңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Аралық сақтағыш тобында Көшірутүймешігін нұқып, одан кейін мақсатты бағанды таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

  3. Өзіндік қойындысының Аралық сақтағыш тобында Кірістіру түймешігінің астындағы меңзерді нұқып, одан кейін Арнайы қойым түймешігін нұқыңыз.

  4. Қою мәзірінде Баған ендері таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс парағындағы немесе жұмыс кітабындағы барлық бағандардың әдепкі енін өзгерту

Әдепкі баған енінің мәні ұяшыққа қиыстыратын стандартты қаріп таңбаларының орташа санын көрсетеді. Жұмыс парағындағы немесе жұмыс кітабындағы әдепкі баған еніне басқа сан бере аласыз.

  1. Төменгі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Жұмыс парағындағы әдепкі баған енін өзгерту үшін парақ қойындысын нұқыңыз.

    • Бүкіл жұмыс кітабындағы әдепкі баған енін өзгерту үшін парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, контекстік мәзірБарлық парақтарды таңдау пәрменін таңдаңыз.

      Excel sheet tabs

  2. Өзіндік қойындысының Ұяшықтар тобында Пішім түймешігін нұқыңыз.

    Excel Ribbon кескіні

  3. Ұяшық өлшемі мәзірінде Әдепкі ен нұқыңыз.

  4. Әдепкі баған ені жолағында жаңа өлшеуді енгізіңіз.

Кеңес    Егер барлық жаңа жұмыс кітаптарына және жұмыс парақтарына әдепкі баған енін бергіңіз келсе, жұмыс кітабының қалыбын немесе жұмыс парағының үлгісін жасап, жаңа жұмыс кітаптарын немесе жұмыс парақтарын осы үлгілерге негіздей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тінтуір пайдалану арқылы бағандардың енін өзгерту

Төменгі әрекеттердің біреуін істеңіз:

  • Бір бағанның енін өзгерту үшін, баған керек енге жеткенше баған тақырыбының оң жағындағы жиекті сүйреңіз.

    Сүйретілетін баған жиегі

  • Бірнеше бағанның енін өзгерту үшін өзгерткіңіз келетін бағандарды таңдап, таңдалған баған тақырыбының оң жағына жиекті сүйреңіз.

  • Мазмұнды қиыстыру үшін бағандардың енін өзгерту үшін, өзгерткіңіз келетін бағанды не бағандарды таңдап, таңдалған баған тақырыбының оң жағындағы жиекті екі рет нұқыңыз.

  • Жұмыс парағындағы барлық бағандардың енін өзгерту үшін, Бәрін бөлектеу түймешігін басып, кез келген баған тақырыбының жиегін сүйреңіз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

Беттің жоғарғы жағы

Жолдың белгілі биіктігін таңдау

  1. Өзгерткіңіз келетін жолды немесе жолдарды таңдаңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Ұяшықтар тобында Пішім түймешігін нұқыңыз.

    Excel Ribbon кескіні

  3. Ұяшық өлшемі мәзірінде Жол биіктігі нұқыңыз.

  4. Жол биіктігі жолағында керек мәнді енгізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұнды қиыстыру үшін жолдың биіктігін өзгерту

  1. Өзгерткіңіз келетін жолды немесе жолдарды таңдаңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Ұяшықтар тобында Пішім түймешігін нұқыңыз.

    Excel Ribbon кескіні

  3. Ұяшық өлшемі мәзірінде Жол биіктігін өзіріктеу нұқыңыз.

Кеңес    Жұмыс парағындағы барлық жолдарды жылдам өзіріктеу үшін Бәрін бөлектеу түймешігін басып, бір жол тақырыбының астындағы жиекті екі рет нұқыңыз.

Бәрін бөлектеу түймешігі

Беттің жоғарғы жағы

Тінтуірді пайдалану арқылы жолдардың биіктігін өзгерту

Төменгі әрекеттердің біреуін істеңіз:

  • Бір жолдың биіктігін өзгерту үшін, жол керек биіктікке жеткенше жол тақырыбының астындағы жиекті сүйреңіз.

    Сүйретілетін жол жиегі

  • Бірнеше жолдардың биіктігін өзгерту үшін, өзгерткіңіз келетін жолдарды таңдап, таңдалған жол тақырыптарының біреуінің астындағы жиекті сүйреңіз.

  • Жұмыс парағындағы барлық жолдардың биіктігін өзгерту үшін, Бәрін бөлектеу түймешігін басып, кез келген жол тақырыбының астындағы жиекті сүйреңіз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

  • Мазмұнды қиыстыру үшін жолдың биіктігін өзгерту үшін, жол тақырыбының астындағы жиекті екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×