Басқа файл пішімдеріне берілмейтін Excel пішімдері мен мүмкіндіктері

Microsoft Office Excel 2007 Жұмыс кітабы пішімі (.xlsx) барлық жұмыс парағы мен диаграмма деректерін, пішімдерді және басқа да Office Excel 2007 қолданылатын мүмкіндіктерді сақтайды, ал Макроспен қосылатын жұмыс кітабы пішімі (.xlsm) сол мүмкіндіктерден басқа макростар мен макрос парақтарын сақтайды. Егер жұмыс кітабын мәтін файл пішімі сияқты басқа файл пішімімен сақтасаңыз, кейбір пішімдердің, деректер мен басқа мүмкіндіктердің жоғалып кетуі мүмкін.

Файл пішімі

Мүмкіндік және пішімдеу айырмашылықтары

Пішімделген мәтін (Бос орын шектелген)

Бұл пішім (.prn) мәтін мен мәндерді ғана сақтайды, өйткені олар белсенді жұмыс парағының ұяшықтарына шығады.

Егер ұяшықтар жолында 240 таңбадан көп болса, 240 басқа таңбалар түрлендірілген файлдың соңындағы жаңа жолға тасымалданады. Мысалы, 1-ден 10 дейінгі жолдардың әрқайсысында 240 таңбадан көп болса, 1-жолдың қалған мәтіні 11-жолға орналастырылады, 2-жолдың қалған мәтіні 12-жолға орналастырылады және т.с.с.

Деректердің бағандары үтірлермен бөлінеді, ал деректердің әр жолы каретканың қайтуымен аяқталады. Егер ұяшықтар өрнек мәндерінің орнына өрнектерді көрсетсе, өрнектер мәтін түрінде түрлендіріледі. Барлық пішімдер, сызбалар, нысандар мен басқа да жұмыс парағының мазмұндары жоғалып кетеді. Евро таңбасы сұрақ белгісіне айналады.

Ескерту : Жұмыс парағын осы пішіммен сақтамай тұрып, түрлендірілген деректердің барлығының көрінетініне және бағандардың арыснда жеткілікті бос орынның қалғанына көз жеткізіңіз. Болмаса, деректердің жоғалуы немесе түрлендірілген файлда дұрыс бөлінбеуі мүмкін. Пішімделген мәтін пішіміне айналдырмай тұрып, жұмыс парағының баған ендерін дұрыстап алуды қажет етуіңіз мүмкін.

Мәтін (Қойынды шектелген)

Бұл пішім (.txt) мәтін мен мәндерді ғана сақтайды, өйткені олар белсенді жұмыс парағының ұяшықтарына шығады.

Деректердің бағандары қойынды таңбалармен бөлінеді, ал деректердің әр жолы каретканың қайтуымен аяқталады. Егер ұяшықта үтір болса, ұяшықтың мазмұны қос таңбалы тырнақшаға алынады. Барлық пішімдер, сызбалар, нысандар мен басқа да жұмыс парағының мазмұндары жоғалып кетеді. Евро таңбасы сұрақ белгісіне айналады.

Егер ұяшықтар өрнек мәндерінің орнына өрнектерді көрсетсе, өрнектер мәтін түрінде сақталады. Microsoft Office Excel бағдарламасындағы файлды қайта ашқан жағдайда өрнектерді сақтау үшін Мәтінді импорттау шеберіндегі Бөліктелген параметрін таңдаңыз және қойынды таңбаларын шектегіштер ретінде таңдаңыз.

Ескерту : Егер жұмыс кітабыңызда авторлық құқық таңбасы (©) сияқты арнайы қаріп таңбалар болса және амалдағыш жүйесі әр түрлі компьютерде түрлендірілген мәтіндік файлды қолданып отырсаңыз, жұмыс кітабын сол жүйеге лайықты мәтіндік файл пішімімен сақтаңыз. Мысалы, Microsoft Windows жүйесін қолданып отырып, мәтіндік файлды Macintosh компьютерінде пайдаланғыңыз келсе, файлды Мәтін (Macintosh) пішімімен сақтаңыз. Егер Macintosh компьютерін қолданып отырып, мәтіндік файлды Windows немесе Windows NT жүйесінде пайдаланғыңыз келсе, файлды Мәтін (Windows) пішімімен сақтаңыз.

Мәтін (Юникод)

Бұл пішім (.txt) барлық мәтін мен мәндерді сақтайды, өйткені олар белсенді жұмыс парағының ұяшықтарына шығады.

Дегенмен, файлды Мәтін (Юникод) пішімімен Notepad in Microsoft Windows 95 немесе Microsoft MS-DOS негізделген бағдарламасы сияқты Юникодты оқымайтын бағдарлама арқылы ашсаңыз, деректеріңіз жоғалып кетеді.

Ескерту : Notepad in Microsoft Windows NT бағдарламасы Мәтін (Юникод) пішіміндегі файлдарды оқиды.

CSV (Үтір шектелген)

Бұл пішім (.csv) мәтін мен мәндерді ғана сақтайды, өйткені олар белсенді жұмыс парағының ұяшықтарына шығады. Әр ұяшықтағы барлық жолдар мен барлық бағандар сақталады. Деректердің бағандары үтірлермен бөлінген, ал деректердің әрбір жолы каретка қайтуымен аяқталады. Егер ұяшықта үтір болса, ұяшықтың мазмұны қос таңбалы тырнақшаға алынады.

Егер ұяшықтар өрнек мәндерінің орнына өрнектерді көрсетсе, өрнектер мәтін түрінде түрлендіріледі. Барлық пішімдер, сызбалар, нысандар мен басқа да жұмыс парағының мазмұндары жоғалып кетеді. Евро таңбасы сұрақ белгісіне айналады.

Ескерту : Егер жұмыс кітабыңызда авторлық құқық таңбасы (©) сияқты арнайы қаріп таңбалар болса және амалдағыш жүйесі әр түрлі компьютерде түрлендірілген мәтіндік файлды қолданып отырсаңыз, жұмыс кітабын сол жүйеге лайықты мәтіндік файл пішімімен сақтаңыз. Мысалы, Windows жүйесін қолданып отырып, мәтіндік файлды Macintosh компьютерінде пайдаланғыңыз келсе, файлды CSV (Macintosh) пішімімен сақтаңыз. Егер Macintosh компьютерін қолданып отырып, мәтіндік файлды Windows немесе Windows NT жүйесінде пайдаланғыңыз келсе, файлды CSV (Windows) пішімімен сақтаңыз.

DIF (Деректермен өзара алмасу пішімі)

Бұл пішім (.dif) тек мәтінді, мәндер мен өрнектерді белсенді жұмыс парағына сақтайды.

Егер жұмыс параныңы параметрлері ұяшықтардағы өрнек нәтижелерін көрсетуге қойылса, тек өрнек нәтижелері түрлендірілген файлға сақталады. Өрнектерді сақтау үшін файлдың сақтаудан бұрын жұмыс парағындағы өрнектерді көрсетіңіз.

Жұмыс парағының ұяшықтарындағы өрнектерді көрсету әдісі

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Excel параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Қосымша түймешігін басып, Осы жұмыс парағы үшін параметрлерді көрсету астындағы Өрнектерді көрсету, олардың мәндерін емес параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

Баған ендері мен үлкен санды пішімдер сақталады, бірақ барлық басқа пішімдер жоғалып кетеді.

Бет параметрлері мен бетті қолмен бөлу жоғалған.

Ұяшық аңғартпалары, сызбалар, енгізілген диаграммалар, нысандар, пішінді басқару элементтері, еренсілтемелер, деректерді тексеру параметрлері, шартты пішімдеу және басқа да жұмыс парағының мүмкіндіктері жоғалып кетеді.

Жиынтық кесте есебінің ағымдық көрінісіне шыққан деректер сақталады; барлық басқа жиынтық кесте деректері жоғалған.

Visual Basic коды жоғалған.

Евро таңбасы сұрақ белгісіне айналады.

SYLK (Таңбалы байланыс)

Бұл пішім (.slk) тек мәндер мен өрнектерді белсенді жұмыс парағына және шектеулі ұяшық пішіміне сақтайды.

Бір ұяшыққа 255 таңбаға дейін сақталады.

Егер Excel функциясы SYLK пішімінде болмаса, Excel бағдарламасы файлды сақтаудың алдында функцияны есептеп, өрнекті нәтижесіндегі мәнмен ауыстырады.

Үлкен мәтінді пішімдер сақаталады; түрлендірілген мәтін ұяшықтағы бірінші таңбаның пішімін алады. Бұрылған мәтін, біріктірілген ұяшықтар мен көлденеңінен және тігінен туралау параметрлері жоғалып қалады. Егер түрлендірілген SYLK парағын Excel бағдарламасында қайта ашсаңыз, қаріп түсі басқа түске айналуы мүмкін. Жиектері бір сызықты жиектерге айналады. Ұяшықтың көлеңкесі нүктелі сұр көлеңкеге айналады.

Бет параметрлері мен бетті қолмен бөлу жоғалған.

Ұяшық аңғартпалары сақталады. Егер SYLK файлын Excel бағдарламасында қайта ашсаңыз, аңғартпаларды көрсетуіңізге болады.

Сызбалар, енгізілген диаграммалар, нысандар, пішінді басқару элементтері, еренсілтемелер, деректерді тексеру параметрлері, шартты пішімдеу және басқа да жұмыс парағының мүмкіндіктері жоғалып кетеді.

Visual Basic коды жоғалған.

Жиынтық кесте есебінің ағымдық көрінісіне шыққан деректер сақталады; барлық басқа жиынтық кесте деректері жоғалған.

Ескерту : Microsoft Multiplan пішімімен қолдануға жұмыс кітабы файлдарын сақтау үшін осы пішімді пайдалануыңызға болады. Excel бағдарламасы жұмыс кітабы файлдарын бірден Multiplan пішіміне түрлендіруге арналған файл пішімін түрлендіргіштерді қамтымайды.

Веб беті мен Бір файлдық веб беті

Бұл веб бетінің файл пішімдерін (.htm, .html), Бір файлдық веб бетінің файл пішімдерін (.mht, .mhtml) Excel деректерін экспорттауға пайдалануға болады.

Visual Basic for Application жобалары бұл файл пішімінде болмайды.

Жаңа Excel 2007 мүмкіндіктері бұл файл пішімінде болмайды.

Жиынтық кестелер мен диаграммаларды осы файл пішіміне экспорттауға болады, бірақ файлды Excel бағдарламасында осы файл пішімімен қайтадан ашқаныңызда, олар жоғалып кетеді.

XML Spreadsheet 2003

XML Spreadsheet 2003 файл пішімі (.xml) төмендегі мүмкіндіктерді сақтамайды:

  • Тексеруді белгілеуіш көрсеткілер

  • Диаграмма және басқа сызбалық нысандар

  • Диаграмма парақтары, макрос парақтары, тілқатысу терезесінің парақтары

  • Таңдамалы көріністер

  • Деректерді біріктіру сілтемелері

  • Нысан қабаттарын сызу

  • Мүмкіндіктердің құрылымын көрсету және топтау

  • Құпия сөзбен қорғалған жұмыс парағының деректері

  • Сценарийлер

  • Пайдаланушы анықтайтын функция санаттары

  • Visual Basic for Application жобалары

Жетілдірілген шартты пішімдеу сияқты жаңа Excel 2007 мүмкіндіктері бұл файл пішімінде болмайды. Дегенмен, Excel 2007 нұсқасының жаңа жолы мен бағанының шектеулері қолданылады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×