Басқа компьютерлерді Groove жұмыс кеңістігіне шақыру

Тіркелгі бірнеше компьютерде пайдаланылса, кез келген Groove жұмыс кеңістігіндегі деректерді басқа компьютерлерге кез келген уақытта жіберуге болады.

Ескерту : Бұл мүмкіндік SharePoint жұмыс кеңістіктері үшін қолданылмайды.

Іске қосу тақтасында, басқа компьютер шақырылатын жұмыс кеңістігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Менің басқа компьютерлерімді қосу... пәрменін таңдаңыз.

Қазіргі уақытта басқа компьютерде тіркелгіңіз болмаса, басқа компьютерде тіркелгіні орнатуға арналған нұсқаулары бар Басқа компьютерде жазбаны пайдалану терезесі ашылады.

Басқа компьютерде тіркелгіңіз болса, басқа компьютер қосылған күйде болса немесе басқа комьютерге келесі кірген кезде жұмыс кеңістігінің деректері басқа компьютерге дереу қотарылады.

Ескерту :  Жұмыс кеңістігі басқа компьютерге шақырылған кезде, жұмыс кеңістігі сипаттарында Барлық компьютерлерге автоматты түрде қотару параметрі автоматты түрде таңдалады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×