Басқа адамның пошта жәшігіне кіру

Басқа адамның пошта жәшігіне талап етілетін рұқсаттарды алған жағдайда кіре аласыз.

Мына сценарийлерді қарастырыңыз:

  • Менеджерге өзінің атынан электрондық поштаны басқару үшін көмекші қажет. Осы сценарийде, менеджердің пошта жәшігіне тағайындалған сәйкес рұқсаттары бар көмекші менеджердің пошта жәшігін қарай алады.

  • Менеджерге өзінің пошта жәшігіндегі белгілі бір қалтаны басқару үшін көмекші қажет. Осы сценарийде, менеджердің пошта жәшігіндегі қалтаға кіруге сәйкес рұқсаттар тағайындалған көмекші менеджер пошта жәшігіндегі дәл сол қалтаны ғана көре алады.

Ескерту :  Бұл мүмкіндік тек Office 365 электрондық пошта тіркелгілеріне және басқа да Microsoft Exchange бағдарламасына негізделген тіркелгілерге қол жетімді. Қосымша ақпарат алу үшін Microsoft Exchange сервер тіркелгісі дегеніміз не? бөлімін қараңыз.

Осы мақаладағы қадамдар басқа адамның пошта жәшігіне кіру үшін сәйкес рұқсаттар тағайындалғанын көрсетеді.

Осы мақалада

Outlook бағдарламасында басқа адамның пошта жәшігіне кіру

Outlook Web App бағдарламасындағы қалталар тізіміне басқа адамның пошта жәшігін қосу

Басқа адамның пошта жәшігін Outlook Web App бағдарламасындағы бөлек браузерде ашу

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу қажет?

Outlook бағдарламасында басқа адамның пошта жәшігіне кіру

Outlook 2013 бағдарламасын пайдаланатын болсаңыз, рұқсат алған пошта жәшігі автоматты түрде қалталар тізімінде пайда болады. Төмендегі мысалда Асылбек Құрманәлиұлы Азат Рақымұлының пошта жәшігіне кіруге рұқсат алды. Азаттың пошта жәшігі Асылбектің қалтасында автоматты түрде Outlook 2013 бағдарламасында көрсетеді.

Ескерту : Пошта жәшігіне кіруге жақында рұқсат алсаңыз, өзіңіздің қалталар тізіміңізде басқа пайдаланушының пошта жәшігі көрсетілуі үшін бірнеше уақыт қажет болуы мүмкін.

Ортақ пайдаланылатын қалта Outlook 2013 қалталар тізімінде көрсетеді

Беттің жоғарғы жағы

Outlook Web App бағдарламасындағы қалталар тізіміне басқа адамның пошта жәшігін қосу

Осы процедураны аяқтағаннан кейін сіз кіруге рұқсат берген адамның пошта жәшігі Outlook Web App қалталар тізімінде Outlook Web App бағдарламасын ашқан кезде көрсететін болады.

  1. Outlook Web App бағдарламасы арқылы пошта жәшігіңізге кіріңіз.

  2. Қалталар тізіміндегі атыңызды тінтуірдің оң жағымен басыңыз да, Ортақ пайдаланылған қалтаны басыңыз.

    Outlook Web App: ортақ пайдаланылған қалтаның оң жақ түймесі мәзір опциясын қосу

  3. Ортақ пайдаланылған қалтаны қосу диалогтық терезесінде рұқсатты тағайындаған пошта жәшігінің атын теріңіз де, Қосу түймешігін басыңыз.

    Outlook Web App: ортақ пайдаланылған қалта диалогтық терезесін қосу

  4. Пошта жәшігі Outlook Web App қалта тізімінде пайда болады.

    Ортақ пайдаланылған қалта Outlook Web App көрсетеді

    Егер сізге басқа пайдаланушының пошта жәшігіндегі белгілі бір қалталарға кіруге ғана рұқсат етілсе, тек рұқсат етілген қалталарды ғана көресіз.

Outlook Web App бағдарламасын ашқан сайын басқа адамның пошта жәшігін көргіңіз келмесе, қалтаны тінтуірдің оң жағымен басыңыз да, Ортақ пайдаланылатын қалтаны жою түймешігін басыңыз.

Outlook Web App: жойылған ортақ пайдаланылған қалтаның оң жағын басу опциясы

Беттің жоғарғы жағы

Басқа адамның пошта жәшігін Outlook Web App бағдарламасындағы бөлек браузерде ашу

Outlook Web App бағдарламасындағы қалта тізіміне басқа адамның пошта жәшігін қосқыңыз келмесе, басқа адамның пошта жәшігін бөлек браузер терезесінде аша аласыз.

  1. Outlook Web App бағдарламасы арқылы пошта жәшігіңізге кіріңіз.

  2. Outlook Web App бағдарламасы экранының жоғарғы жағындағы Шарлау тақтасында атыңызды басыңыз. Ашылмалы тізім пайда болады. Басқа пошта жәшігін ашу түймешігін басыңыз.

    Outlook Web App: басқа пошта жәшігі мәзірін ашу

  3. Ашу қажет басқа пошта жәшігінің электрондық пошта мекенжайын теріңіз де, Ашу түймешігін басыңыз.

    Outlook Web App: басқа пошта жәшігінің диалогтық терезесін ашу

  4. Басқа адамның пошта жәшігі бөлек Outlook Web App бағдарламасындағы браузер терезесінде ашады.

Егер сізге басқа пайдаланушының пошта жәшігіндегі белгілі бір қалталарға кіруге ғана рұқсат етілсе, тек рұқсат етілген қалталарды ғана көресіз.

Кеңес : Кіруге рұқсат етілген пошта жәшігіне жиі кіру қажет болса, пошта жәшігінің Outlook Web App пошта жәшігіне арналған қалта тізімінде көрсетілетіндей етіп жасауға болады. Оны жасау үшін осы мақалада жоғарыда айтылғандай Басқа адамның пошта жәшігін Outlook Web App қалталар тізіміне қосу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша мәліметтерді қайдан алуға болады?

  • Басқа пайдаланушының немесе топтың атынан әрекет ету рұқсаты, әдетте, өкілдік қатынасу деп аталады. Басқа адамның пошта жәшігіне кіру рұқсаты пайдаланушыға тағайындауға болатын өкілдік қатынасу рұқсатының мысалы болып табылады. Өкілдік кірудің басқа да мысалдарына жатады: басқа адамның атынан электрондық хабар жіберу рұқсаты және басқа пайдаланушының күнтізбесіне кіру және оны басқару рұқсаты.

  • Outlook Web App бағдарламасына кіру жолы туралы ақпарат алу үшін Outlook Web App бағдарламасына кіру бөлімін қараңыз.

  • Басқа адамның немесе топтың атынан электрондық хат жіберу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Басқа адамнан немесе топтан электрондық хат жіберу бөлімін қараңыз.

  • Outlook арқылы басқа адамның поштасы мен күнтізбе элементтерін басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін Басқа адамның поштасы және күнтізбе элементтерін басқару бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×