Басқарылатын жолдарды анықтау

Басқарылатын жолдарды анықтау арқылы веб бағдарламасының URL аттар кеңістігіндегі жолдардың қайсысы торап жиындары үшін пайдаланылатынын көрсетуіңізге болады. Көрсетілген жолда бір тораптар жиыны немесе бірнеше тораптар жиыны болатынын көрсетуіңізге болады. Мысалы, hr ашық жолы URL http://server/hr тораптар жиыны, ал бұл жердегі - қойылмалы "тораптар" жолы server/sites/team сияқты http://server/sites/ отау URL мекенжайлары тораптар жиыны екендігін көрсетеді.

  1. Жоғарғы шарлау тақтасындағы Бағдарламаны басқару түймешігін басыңыз.

  2. "Бағдарламаны басқару" бетінің SharePoint веб бағдарламасын басқару бөліміндегі Басқарылатын жолдарды анықтау пәрменін таңдаңыз.

  3. "Басқарылатын жолдарды анықтау" бетінде, егер таңдалғаннан басқа бір веб бағдарламасының басқарылатын жолдарын анықтағыңыз келсе, Веб бағдарламасы бөлімінің Веб бағдарламасы мәзіріндегі Веб бағдарламасын өзгерту пәрменін таңдаңыз.

    • "Веб бағдарламасын таңдау" бетінде басқарылатын жолдары анықталатын веб бағдарламасын таңдаңыз.

  4. Қосылған жолдар бөлімінде бір жолды немесе жолдарды жою үшін жойылатын жолдардың құсбелгілерін қойып, содан кейін Таңдалған жолдарды жою пәрменін таңдаңыз.

  5. Жаңа жол қосу бөлімінде жаңа жолды URL аттар кеңістігіне қосу үшін жолды Жол жақтауына теріңіз.

  6. URL тексеру үшін URL тексеру пәрменін таңдаңыз. Веб-шолғыш көрсетілген жолда ашылады.

  7. Түрі тізімінен төмендегілердің біреуін таңдаңыз:

    • Қойылмалы таңбалар қосу. Көрсетілген жолға бағынатын жолдардың барлығын қосу үшін осы параметрді таңдаңыз.

    • Аық қосу. Көрсетілген жол арқылы көрсетілетін торапты қосу үшін осы параметрді таңдаңыз. Көрсетілген жолға бағынатын тораптар қосылады.

  8. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×