Басқару элемент үшін жылжымалы-мәтін параметрлерін қосу

Басқару элементі үшін параграфтар үзілімі мүмкіндігі қосылған болса немесе басқару элемент ішінде мәтін тасымалдау мүмкіндігі қосылған болса, осы басқару элемент үшін айналдыру параметрін қосып қоюыңызға болады. Мысалы үшін, пайдаланушының мәтін ұяға енгізетін мәтіні мәтін ұяның әдепкі бойынша пайда болатын өлшемдерінен асып кететін болса, оған жылжымалы жолақ қосып қойсаңыз болады.

Ескерту : Жылжымалы жолақты мәтін ұяларға, пішімделген мәтін ұяларға және өрнек ұясықосуға болады. Әдепкі бойынша пайдаланушы мәтін енгізетін кезде мәтін ұя автоматты түрде айналады, пішімделген мәтін ұя және өрнек ұя барлық мәтінді көрсету үшін кеңейеді.

  1. Жылжымалы-мәтін параметрлерін қоспақшы болған басқару элментте тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқып мәтінмәндік мәзірде Басқару элементі Сипаттары параметрін таңдаңыз.

  2. Бейнелеу қойындысын нұқыңыз.

  3. Айналдыру тізімінде қалаған жылжымалы-мәтін параметрін нұқыңыз.

Кеңес : Пішін үлгіңізді тексергеніңізде жылжыту жолағы жақсы істемесе  (мысалы үшін, басқару элементке енгізілген мәтіннің мөлшеріне қарамастан олар күңгірт түсінде көрінетін болса ) Басқару элемент Сипаттары тілқатысу жолағын ашыңыз, Өлшемі қойындысындағы Биіктігі мен Ені параметрлерін қайта көріп шығыңыз. Егер авто деген жолақтардың екеу де пайда болатын болса, басқару элемент мәтінді сыйдыру үшін кеңейеді. Осындай кездерде, пішін үлгіде жылжыту жолағы керек емес және дайым күңгірт түсде көрініп тұрады. Ақаулықты жою үшін, Биіктігі немесе Ені деген жолқта авто сөзінен басқа сөздер енгізіңіз немесе Бейнелеу қойындысында басқа айналдыру параметрін таңдаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×