Басқару элементіне жете кірістіру

Microsoft Office InfoPath 2007 пішін үлгісінде, жаңа өріс жасап оны осы өріспен байланыстыру басқару элементінде көрсету үшін, өрнекті пайдалануыңызға болады. Өрнек дегеніміз - мәндерден, өрістерден немесе топтардан, жетелерден және амалдағыштардан құрам тапқан XPath өрнектер.

Көп жағдайларда, формуланы өріс пен басқару элементтеріндегі сипаттарында қол жеткізуге мүмкін болған Өрнекті кірістіру тілқатысу терезесін пайдаланып енгізуіңізге болады. Осы тілқатысу терезесі Сізге өрістер мен функцияларды өрнекке дұрыстап енгізуге мүмкіндік береді. XML Path тілі (XPath) пішімімен таныс болсаңыз, осы өрнектің XPath өрнегін осы тілқатысу терезесінде өңдеуіңізге болады.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Өрнек дегеніміздің өзі не екен?

Басқару элементіне өрнек кірістіру

Өрнектің XPath өрнегін өңдеңіз

Өрнек дегеніміздің өзі не екен?

Формула басқа мәндерді есептеуге және бейнелеуге пайдаланылатын мәндерден, жолақтардан немесе топтардан, функциялар мен амалдағыштардан жасалған XPath өрнегі болып табылады. Формулаларды төмендегі тапсырмаларды орындау үшін пайдалануға болады:

  • Пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтырғанда, пайдаланушылар басқару элементтеріне енгізетін пішін үлгісін немесе мәндерді жасақтағанда анықтайтын мәндеріңізден математикалық мәндерді есептеңіз..

  • Белгілі бір мерзім мен уақытты бейнелеңіз.

  • Пайдаланушылар басқа басқару элементіндегі бір басқару элементіне енгізетін мәндерді бейнелеңіз.

  • Жолақтың немесе басқару элементінің әдепкі мәнін орнатыңыз.

  • Формула арқылы есептелген мәнге қарай ережені іске қосыңыз.

Формулада пайдаланылатын әрбір XPath өрнегі бір мәнді есептейтін мәндердің, функциялар мен амалдағыштардың тіркесімі болып табылады. Формуланың құрамында бірнеше өрнек болады. Сіз бір не одан көп сөз тіркестерінен жасалған сөйлем ретіндегі формула туралы ойлай аласыз, ондағы әрбір сөз тіркесі формуладағы бір өрнекті білдіреді.

Төмендегі түсіндірме формула мен өрнек арасындағы байланысты көрсетеді.

Формулалар мен өрнектердің арасындағы байланысты көрсететін диаграмма

Функция есептеу нәтижелеріне негізделген мәнге қайтаратын өрнек болып табылады. Функцияларда пайдаланылатын мәндер дәлелдер деп аталады. Сіз InfoPath құрамындағы стандартты XPath 1.0 функцияларын және кейбір InfoPath ерекше функцияларын пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат бөліміндегі InfoPath функциялары туралы толық ақпаратқа сілтемелерді табыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементіне өрнек кірістіру

  1. Өрнек енгізілетін басқару элементін екі рет нұқыңыз

  2. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  3. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Өрістің сипаттарын пайдаланып өрнек жасау үшін Деректер көзі тапсырмалар аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңіз содан соң мәтінмәндік мәзірде Сипаттар параметрін таңдаңыз.

  4. Өрнекке өрісті немесе топты кірістіру үшін Өрісті немесе топты енгізу параметрін таңдаңыз, содан соң Өрісті немесе топты таңдау тілқатысу терезесінде өрісті немесе топты нұқыңыз.

  5. Жетені өрнекке кірістіру үшін Жетені кірістіру параметрін таңдаңыз, содан соң Жетені кірістіру тілқатысу терезесінде жетені таңдаңыз.

    Кеңес : Егер жете параметрлерді талап етсе, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде жетені таңдаңыз да ОК батырмасын басыңыз, ал одан соң Басқару элементі сипаттары тілқатысу терезесіндегі Өрнек қоршауында қосқан жетеңізді екі рет нұқып, өріс немесе топ таңдаңыз. Жетелер туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

  6. Өрнекке мән немесе математикалық амалдағышты кірістіру үшін Өрнек қоршауында мән немесе математикалық әрекет белгісін енгізіңіз.

    Математикалық амалдағыштар тізімі

    Әрекет

    Нышан

    Қосу

    +

    Азайту

    -

    Көбейту

    *

    Бөлу

    /

    Ескерту : Егер формулаңыз бөлу (/) амалын пайдалансаңыз, бөлу амалынан бұрын немесе кейін бос орын қалмағанына көз жеткіңіз. Егер бөлу амалының алдында немесе артында бос орын болмаса, InfoPath бағдарламасы бөлу амалынан гөрі XPath орын қадамдарына бөлгіш ретінде '/' таңбасын қалдыруы мүмкін.

    Кеңес : Әдетте математикалық өрнектер бүтін сандар мен оңдық сандар мәндерімен дәлел ретінде байланысты. Формулаңызда бос мәндердің пайда болуын алдыны алу үшін, Үлгі параметрлеріндегі Қосымша санатта Бос мәндерді нөл деп қабылдау құсбелгіні қойыңыз.

  7. Синтаксисін дұырыстауға арналған өрнекті тексеру үшін Формуланы кірістіру тілқатысу терезесінде Формуланы тексеру түймешігін нұқыңыз.

    Менің өрнегімде қателер бар

    Өрнектегі қателерді көрі үшін Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Егжей-тегжей мәліметтерін бейнелеу параметрін таңдаңыз. Келесі кеңестер осы қателердің кейбірлерін жоюға көмектеседі:

    • Өрнегіңізде жетені пайдаланып тұрған болсаңыз, осы жете үшін дұрыс дәлелдерді пайдаланып тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Жетелердің кейбірлері өрістер мен топтарды талап етеді, басқалары белгіленген мәндерді дәлел ретінде талап етеді. Жетелер туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

    • Өрнектер дұрыстап енгізілгеніне көз жеткізу үшін, оларды жойып тастап қайтадан теріңіз.

  8. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өрнектің XPath өрнегін өңдеңіз

XPath пішімімен таныс болсаңыз, өрнектің XPath өрнегін тура Жетені кірістіру тілқатысу терезесінен өңдеуіңізге болады. XPath өрнегін өңдеу үшін (мәтін ұялары, пішімделген мәтін ұялары және күн-айын таңдайтын элементі) басқару элементтерінің сипаттарын немесе өрістің сипаттарын пайдаланып өңдеуіңізге де болады.

  1. Құрамында өңделетін өрнегі бар басқару элементін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  3. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Өрістің сипаттарын пайдаланып XPath өрнегін өңдеу үшін Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы өрісті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, содан соң мәтінмәндік мәзірде Сипаттар пәрменін таңдаңыз.

  4. Өрнекті кірістіру тілқатысу терезесінде, XPath өңдеу (қосымша) құсбелгіні қойыңыз.

    Өрнек осы өрнектің XPath өрнек нұсқасына өзгереді.

  5. Өрнек жолағында, өрнектің XPath өрнегін өңдеңіз. Өрнекке өрістерді, топтарды және жетелерді қосу үшін Өрісті немесе топты кірістіру немесе Жетені кірістіру параметрді таңдаңыз.

  6. Синтаксистік қателерді тексеру үшін, Өрнекті кірістіру тілқатысу терезесінде Өрнекті тексеру параметрін таңдаңыз.

    Менің өрнегімде қателер бар

    Өрнектегі қателерді көрі үшін Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Егжей-тегжей мәліметтерін бейнелеу параметрін таңдаңыз. Келесі кеңестер осы қателердің кейбірлерін жоюға көмектеседі:

    • Өрнегіңізде жетені пайдаланып тұрған болсаңыз, осы жете үшін дұрыс дәлелдерді пайдаланып тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Жетелердің кейбірлері өрістер мен топтарды талап етеді, басқалары белгіленген мәндерді параметрлер ретінде талап етеді. Жетелер туралы көбірек ақпарат алу үшін Т. б. көріңіз тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

    • Өрнектер дұрыстап енгізілгеніне көз жеткізу үшін, оларды жойып тастап қайтадан теріңіз.

  7. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×