Басқару элементті талап етілітен қылып тағайындау

Пайдаланушылар Сіздің үлгіңізді толтырып жатқанда басқару элементіке мән енгізуін талап етпекші болсаңыз, осы басқару элементібайланыстыру өрісті талап етілетін өріс етіп қоюыңыз қажет. Мысалы үшін, пайдаланушы құсбелгі көзін білгілеуімен келісім шартқа ризалығын беріп жатқанын тағыда мықтылау үшін құсбелгі көзімен байланыстырылған өрісті талап етілетін өріс етіп тағайындауыңызға болады.

Басқару элементті талап етілітен қылып тағайындау процедурасына қарап және пайдаланушы шолғыштан пайдаланып сіздің пішін үлгініңізді толтырып жатырма, жоқпа талап етілетін басқару элементі келесі жолдардың біреуімен көрсетілуі мүмкін:

  • Қызыл жұлдызшаға алынған немесе қызыл пунктирлі сызықтармен оралған жәнеБос қалдыруға мүмкін емес деген Қалқыма сөзкөмектен құрам тапқан стандартты қате ескертуі ретінде.

  • Тілқатысу жолағында өзгертпелі қате туралы хабар ретінде.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Сыйымдылық талдаулары

Басқару элементі бос қалғанда қате туралы хабарды көрсету

Басқару элементі бос қалғанда өзгертпелі қате туралы хабарды көрсету

Сыйымдылық талдаулары

Сіз пішін үлгісін InfoPath пішінінде жасақтағаныңызда, сіз шолғышпен үйлесімді пішін үлгісін жасақтауға арнайы сыйымдылық режимін таңдай аласыз. Шолғышпен үйлесімді пішін үлгісі InfoPath Forms Services іске қосылған серверге жарияланса, онда қосылған шолғыш, пішін үлгісіне негізделген пішіндер веб-шолғышында көрінеді. Сіз шолғышпен үйлесімді пішін үлгісін жасақтағаныңызда, кейбір басқару элементтері Басқару элементтері тапсырмалар тақтасында қолданылмайды, себебі олар веб-шолғышта бейнеленбейді.

Кейбір деректерді тексеру мүмкіндіктері InfoPath бағдарламасына қарағанда веб шолғышында басқаша жұмыс істейді. Мысалы, деректерді тексеруді басқару элементіне қосқаныңызда, пайдаланушы сол басқару элементіне дұрыс емес деректі енгізгенде, сіз түсіндірме мәтінді көрінетін ете аласыз. Сіз осы түсіндірме мәтінді Қалқымалы кеңесте шығара аласыз және қосымша ретте пайдаланушыларға қосымша ақпараты бар ескертуді бейнелеуге мүмкіндік бере аласыз немесе пайдаланушы дұрыс емес деректі енгізгенде, сіз ескертуді автоматты түрде шығара аласыз. Ескертулер веб шолғышында көрінетін пішіндер үшін автоматты түрде бейнеленбейді, бірақ пайдаланушылар Қалқымалы кеңесті көре береді және қосымша ретте қосымша ақпараты бар ескертуді бейнелей алады.

Талап етілген өрістер деп орнатуға мүмкін болған басқару элементтердің тізімі

Келесі кесте Microsoft Office InfoPath 2007 талап етілетін қылып тағайындауға мүмкін болған басқару элементтердің тізімі келтірілген және әр бір басқару элемент шолғышмен сай келетін пішін үлгі үшін қатынаулы ма, жоқ па көрсетеді.

Деректерді тексеруі бар басқар элементтері

Шолғышпен үйлесімді пішін үлгілері үшін қолданыла ма?

Қанатша

Иә

Мерзімдік сұрыптағыш

Иә

Енгізбелі-өзгертпелі шаршы

Иә

Тізімді жолақ

Иә

Параметр түймешігі

Иә

Мәтін жолағы

Иә

Үлкен мәтін жолағы

Иә

Байрақшалы, нөмірленген немесе таза тізім

Жоқ

Өзгертпелі шаршы

Жоқ

Ескертулер : 

  • Шолғышмен сай келетін пішін үлгіні жаратқан кезде пішімделген мәтін ұя басқару элементтері қатынаулы болса да, пішін үлгіге негізделген үлгіні Веб-шолғышта ашқанда деректерді тексеру мүмкіндігі пішімделген мәтін ұялар үшін қосылмаған күйінде болады.

  • Талап етуге мүмкін басқару элементтердің көбісі Басқару элементСипаттары тілқатысу жолағында Бос қалдыруға мүмкін емес деген құсбелгі көзі бар. Алайда Пішімделегн мәтін ұя сипаттарытілқатысу жолағында Бос қалдыруға мүмкін емес деген құсбелгі көзі жоқ, соның үшін оған өзгертпелі қате туралы хабарды төменде келтірілген "Басқару элементі бос қалғанда қате туралы хабарды көрсету" деген процедурада көрсетілгендей жасауыңыз қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементі бос қалғанда қате туралы хабарды көрсету

Талап етілетін қылып орнатуға мүмкіндігін қолдайтын басқару элементтердің көбісі Басқару элементСипаттары тілқатысу жолағында Бос қалдыруға мүмкін емес деген құсбелгі көзі болады. Құсбелгі көзін белгілегеніңізбен осы басқару элементпен байланысты өрісті талап етілетін өріс етіп тағайындайсыз.

Ескерту : Егер Бос қалдыруға мүмкін емес құсбелгі көзін белгілеуге мүмкіндік жоқ болса өзгертпелі қате туралы хабарды жасауыңыз қажет.

  1. Талап етілетін қылып тағайындалатын басқару элементті нұқыңыз.

  2. Пішім мәзірінде Сипаттарды басқару түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  4. Тексеру және ережелер параметрінің астында Бос қалдыруға мүмкін емес құсбелгі көзін белгілеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементі бос қалғанда өзгертпелі қате туралы хабарды көрсету

  1. Өзгертпелі қате туралы хабарын қай басқару элементіне көрсетпекші болсаңыз осы басқару элементті нұқыңыз.

  2. Пішімдеу мәзірінде Деректерді тексеру параметрін таңдаңыз.

  3. Қосу батырмасын басыңыз.

  4. Егер осы шарт "шын " болса астындағы бірінші ұяда Өріс немесе топты таңдау параметрін таңдаңыз, содан соң басқару элементімен байланыстырылған өріс немесе топты таңдаңыз.

  5. Екінші ұяда бос дегенді нұқыңыз.

  6. Пайдаланушы басқару элементті бос қалдырғанда автоматты түрде тілқатысу жолақ хабарын көрсету үшін Пайдаланушылар дұрыс емес деректерді енгізгенде дереу тілқатысу жолақ хабарын көрсету құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Ескерту : Веб-шолғышта тілқатысу жолақ хабары автоматты түрде көрсетілмегендіктен Сіздің үлгіңізді веб-шолғыш арқылы толтырып жатқан пайдаланушы тек қана "Қалқымалы сөзкөмек"ті көреді.

  7. Қалқымалы кеңес жолағында пайдаланушы басқару элементін көрсеткенде немесе басқару элементін оң жақ пернемен нұқығанда, бейнелегіңіз келген мәтінді теріңіз.

  8. Хабар ұясында, тілқатысу жолағында дереу көрсетілетін немесе пайдаланушы егжей-тегжейлерін талап етгенде көрсетілетін мәтінді енгізіңіз.

    Ескерту : Деректерді тексеру қатесіне арналған қалқымалы кеңес Басқару элементі Сипаттар тілқатысу терезесінің Қосымша қойындысындағы әдепкі мәндегі қалқымалы кеңесі да бар басқару элементтерін көрсетпейді. Бұл қасиет басқару элементі атауының бейнебет оқырмандарын пайдаланып отырған пайдаланушыларға нақты беруін растауға көмектеседі.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×