Басқару элементтің байланыстыруын тексеру

Пішін үлгісіне басқару элементін қосқан кезде осы басқару элементі ішінде белгіше пайда болғанын көре аласыз. Сондай-aқ, Сіз тінтуір көрсеткісін басқару элементінде тоқтатқан кезде белгіше пайда болуы мүмкін. Осы белгіше басқару элементін деректер көзіндегі өріс немесе топпен дұрыс байланыстырылғанын көрсете алады. Басқару элементі деректер көзіндегі өріске немесе топқа байланыстырылған соң сол басқару элементіне енгізілген деректер сақталады. Сондай-ақ, осы белгіше пайдаланушылар пішінді Веб-шолғышта толтырған кезде басқару элементі істейтін-істемейтінін көрсете алады. Веб-шолғышта толтыруға жарайтын пішін үлгілері браузерге үйлесімді форма үлгісі деп аталады.

Егер басқару элементінің байланыстыруына қатысты мәселе пайда болса, онда дереу тиісті белгіше шыға келеді.

Ескерту : Кейбір белгішелер сыйысымдылық мәселелерін көрсетуі мүмкін. Сыйысымдылық мәселелерін іздеп табу және шешу туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

Басқару элементінің байланыстыруын тексеру үшін:

  • Тінтуірдің көрсеткісін баскару элементінде тоқтатыңыз.

    Баскару элементінің оң жақ жоғарғы бұрышында мәтін мен белгіше шыққанын көре аласыз. Мәтін мен белгіше басқару элементі дұрыс байланыстырылғанын көрсетеді. Сондай-aқ, белгіше шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінде басқару элементі істейтін-істемейтінін көрсетеді. Төмендегі кесте пайда болуы мүмкін ықтимал белгішелерді сипаттайды.

    Белгіше

    Сипаттама

    Icon image

    Байланыс дұрыс.

    Белгіше суреті

    Басқару элементі күткендегідей жұмыс істемейді. Ықтимал қатені анықтау үшін басқару элементін оң жақ пернемен нұқыңыз, содан кейін орналасу мерзіміндегі Толық мәлімет түймешігін нұқыңыз.

    Белгіше суреті

    Басқару элементі дұрыс жұмыс істемейді. Қатені анықтау үшін басқару элементін оң жақ пернемен нұқыңыз, содан кейін орналасу мезіріндегі Толық мәлімет түймешігін нұқыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×