Басқару элементтерін таныстыру

Пайдаланушылар толтыратын барлық InfoPath пішіндері негізгі пішін үлгілеріне негізделген. Microsoft Office InfoPath бағдарламасын көзбе-көз белсенді әрі түсінікті пішін үлгілерін құрастырып, жариялау үшін пайдалануға болады. Пішін үлгісі соңғы пішін көрінісінің және әрекетінің қандай болатынын айқындайды.

Пішіндерді толтырған сәтте пайдаланушылар ақпаратты мәтін жолақтарында теріп, элементтерді тізімінен таңдап, құсбелгілерді қойып және басқа әрекеттерді іске асыра отырып енгізеді. Пайдаланушылар қатынайтын сызбалық тілдесу нысандары басқару элементтері деп аталады. Басқару элементтерінен деректерді немесе таңдауларды бейнебетке шығару, амалдарды орындау немесе пішін пайдаланушысының тілдесуін оқуды жеңілдету үшін пайдаланылады.

Мәтін жолағы және тізім сияқты стандартты басқару элементтерінен басқа, InfoPath бағдарламасының құрамында қайталама кесте, таңдау тобы және қосымша бөлім сияқты бірқатар жаңа басқару элементтері бар. Бұл басқару элементтерінің түрлері пайдаланушыларға қызмет көрсететін икемді пішін үлгілерін құрастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, шығын есепхаты пішін үлгісінде қайталама кестені пайдаланушылардың өздеріне қажетті шығын элементтерін ғана енгізуіне мүмкіндік беру үшін пайдалана аласыз.

Пайдаланушылар басқару элементіне енгізетін ақпарат пішіннің деректер көзі сақталады. Сіз пішін үлгісін құрастырған кезде басқару элементтерін қосу үшін әдетте Басқару элементтері тапсырмалар аймағын пайдаланасыз, дегенмен басқару элементтерін өріс мен топДеректер көзі тапсырмалар аймағынан пішін үлгісіне сүйреп апару арқылы кірістіруге де болады.

Сіз басқару элементінің көрінісін, соның ішінде басқару элементіндегі мәтіннің қарпін, түсін және туралануын, басқару элементінің әдепкі мәні деректер түрі, сондай-ақ пайдаланушы тінтуір көрсеткісін басқару элементіне қойған кезде пайда болатын Қалқыма сөзкөмек сияқты басқа да сипаттарын қалауыңызша баптай аласыз. Сондай-ақ, басқару элементінің ақпаратты сүзгіден өткізу немесе ереже жауап беру сипаттары сияқты мүмкіндіктерін да баптай аласыз.

Кеңес : Басқару элементінің сипаттарын көру үшін пішін үлгісіндегі басқару элементін екі рет шертіңіз.

Осы мақалада

Басқару элементтері және деректер көзі

Басқару элементтерін пішін үлгілеріне кірістіру жолдары

Басқару элементтерінің түрлері

Сыйымдылық талдаулары

Басқару элементтері және деректер көзі

Microsoft Office InfoPath пішініндегі басқару элементтерінің барлығы дерлік пішін үлгісінің деректер көзімен салғастырылған немесе байланыстыру болады. Басқару элементтерінің көпшілігі, соның ішінде мәтін жолақтары, құсбелгі көздері, және тізімдер, деректер көзіндегі өрістерге байластырылған болады. Егер басқару элементі деректер көзіне байластырылмаған болса, немесе ол қате байластырылған болса, басқару элементіне енгізілген ақпаратты негізгі пішін (.xml) файлында дұрыс сақтау мүмкін емес.

Сіз InfoPath пішін үлгісін құрастырған кезде, басқару элементін кірістірген сайын деректер көзіндегі өрістер автоматты түрде жасалатын күйді таңдауға немесе әр басқару элементін бұрыннан бар өріске қолдан байластыруға болады.

Төмендегі мысалда пішін құрастырушысы Соңғы ат мәтін жолағы пішін үлгісіне кірістірілген. Мәтін жолағы пішін үлгісінің деректер көзіндегі Тегі өрісіне байластырылған.

Relationship between control on form template and field in data source

Осы пішін үлгісінің негізінде пішінді толтырған кезде, пайдаланушы өз атын Тегі мәтін жолағына енгізеді. InfoPath сол деректі төмендегі мысалда көрсетілген сияқты, XML тілі (XML) түрінде сақтайды.

Data entered in the text box is saved as XML

Басқару элементінің түрі және оның салғастырылған өрісі бірлесіп пайдаланушылар басқару элементіне енгізе алатын ақпарат түрін, сондай-ақ пайдаланушылардың ол ақпаратты қалай енгізетінін айқындайды. Мысалы, егер пішін үлгіңізде деректер түрі күні бар өріспен байластырылған күн таңдаушы басқару элементі болса, пайдаланушылар сол басқару элементіне тек қана күнді енгізе алады. Егер олар өздерінің аты-жөні немесе мекен-жайлары сияқты басқа деректерді сол басқару элементіне енгізуге тырысса, InfoPath күнді тексеру қатесін көрсетеді.

Ескерту : Пішін үлгісі үшін басты деректер көзінен басқа, XML құжаттары, деректер қорлары, Веб қызметтері және Microsoft Windows SharePoint Services кітапханалары мен тізімдеріне деректер байланысы жасауға болады. Бұл деректер қосылымдарының нәтижесінде тізімдерді толтыру үшін және мәтін жолақтарымен басқа да басқару элементтерін мәндермен қамтамасыз ету үшін пайдалануға болатын екінші реттегі деректер көзі пайда болады.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементтерін пішін үлгілеріне кірістіру жолдары

Пішін үлгісін құрастырған кезде Басқару элементтері тапсырмалар аймағын пайдалана отырып, басқару элементтерін кірістіруге болады. Басқару элементін кірістіргенде, пішін үлгісінің деректер көзі автоматты түрде жасалатын күйді таңдауға болады. Мұндай жағдайда деректер көзінде қосылатын әр басқару элементіне арналған өріс немесе топ автоматты түрде жасалады. Сонымен қатар әр басқару элементін пішін үлгісінің деректер көзінде бұрыннан бар өріске немесе топқа байланыстыруға болады. Егер осы параметрді таңдасаңыз, басқару элементін кірістірген кезде деректер көзінен өрісті немесе топты таңдау туралы ұсыныс түседі.

Кеңес : Деректер көзіні автоматты түрде жасаумен басқару элементтерді бар жолақ немесе топпен байланыстыру параметрлерін бір бірімен ауыстыру үшін Басқару элементтері тапсырмалар аймағындағы Деректер көзін автоматты түрде жасау құсбелгі көзін пайдаланыңыз.

Сондай-ақ өрістер мен топтарды Деректер көзі тапсырмалар аймағынан пішін үлгіңізге сүйреп апарып, басқару элементтерін кірістіруге де болады. Өрісті немесе топты пішін үлгіңізге апарған сайын InfoPath өріске немесе топқа барынша сәйкес келетін басқару элементін ұсынады. Мысалы, егер өрісте күн деректері түрі болса, InfoPath күн таңдаушыны ұсынады.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементтерінің түрлері

Басқару элементтері тапсырмалар аймағында пішін үлгіңізге қосуға болатын 30-дан астам басқару элементі бар. Бұл басқару элементтері төмендегі санаттарда топталған:

  • Стандартты басқару элементтері

  • Қайталама және қосымша басқару элементтері

  • Файл және сурет басқару элементтері

  • Қосымша басқару элементтері

  • Таңдамалы басқару элементтері

Төмендегі кестелерде әр басқару элементінің мақсаты сипатталған.

Стандартты басқару элементтері

Стандартты басқару элементтеріне әдетте ақпаратты жинаумен және бейнелеумен салғастырылатын басқару элементтері кіреді. Бұл басқару элементтерінде мәтін жолақтары, тізім жолақтары, құсбелгі көздері мен батырмалар бар.

Басқару элементі

Белгіше

Сипаттамасыъ

Мәтін жолағы

Түймешік суреті

Пішінде ең кең пайдаланылатын басқару элементі. Пайдаланушылар сөйлемдер, атаулар, сандар, күндер және уақыт сияқты әр түрлі пішімделмеген мәтінді мәтін жолағына енгізе алады.

Пішімделген мәтін жолағы

Button image

Бұл басқару элементінде пішімделген мәтін, соның ішінде қалың және көлбеу мәтін, және әр түрлі қаріптер, қаріп өлшемдері мен қаріп түстері болуы мүмкін. Сонымен қатар пайдаланушылар кескіндерді, тізімдер мен кестелерді пішімделген мәтін жолағына кірістіре алады.

Енгізбелі-өзгертпелі шаршы

Button Image

Бұл басқару элементі пайдаланушыларға таңдау тізімін шаршы ішінде ұсынады. Тізімнен элемент таңдау үшін пайдаланушылар меңзерді шертіп таңдау тізімін ашады. Бұл таңдаулар қолдан енгізілген тізімнен, пішіннің деректер көзіндегі мәндерден немесе XML құжатты, деректер қоры, Веб қызметтер я болмаса Microsoft Windows SharePoint Services кітапханасына немесе тізіміне деректерді қосудан келетін мәндерден алынады.

Өзгертпелі шаршы

Button Image

Бұл басқару элементі пайдаланушыларға жолақтағы таңдаулар тізімін ұсынады, пайдаланушылар осы жолақтан тиісті элементті таңдайды немесе өздерінікін тереді. Таңдаулар қолдан енгізілген тізімнен, пішіннің деректер көзіндегі мәндерден немесе XML құжатты, деректер қоры, Веб қызметтер әлде Windows SharePoint Services кітапханасына немесе тізіміне деректерді қосудан келетін мәндерден алынады.

Тізімді жолақ

Түймешік суреті

Бұл басқару элементі пайдаланушыларға жолақтағы таңдаулар тізімін ұсынады, пайдаланушылар осы жолақтан тиісті элементті таңдайды. Таңдаулар қолдан енгізілген тізімнен, пішіннің деректер көзіндегі мәндерден немесе XML құжатты, деректер қоры, Веб қызметтер әлде Windows SharePoint Services кітапханасына немесе тізіміне деректерді қосудан келетін мәндерден алынады.

Күн таңдаушы

Button image

Бұл басқару элементінде күнді енгізуге арналған жолақ және күнді таңдауға мүмкіндік беретін күнтізбе батырмасы бар.

Құсбелгі көзі

Түймешік суреті

Бұл басқару элементі пайдаланушыларға иә/жоқ немесе шын/жалған деген мәндерді кішкентай шаршыға құсбелгі қою немесе оны алып тастау арқылы орнатуға мүмкіндік береді.

Ажыратпа-қосқыш

Түймешік суреті

Бұл басқару элементі пайдаланушыларға өзара таңдау тізімінен элементтерді таңдауға мүмкіндік береді. Топта бір ажыратпа-қосқыш таңдалғанда, басқа ажыратпа-қосқыштар жойылады. Ажыратпа- қосқыштар тобы бір өріске байластырылған болады және әр ажыратпа-қосқыш сол өрісте басқа мәнді сақтайды.

Батырма

Button image

Бұл басқару элементі деректер қорына пішінді джіберу немесе дерекқордан сұрату үшін және басқа мақсаттарда пайдаланылады. Сондй-ақ батырманы ережелер немесе пайдаланушы батырманы басқан сәтте жегілетін өзгертпелі кодымен байластыруға да болады.

Бөлім

Button Image

Бұл басқару элементінде басқа басқару элементтері бар. Бөлімдер Басқару элементтері тапсырмалар аймағындағы әр түрлі басқару элементтерімен бірге басқа бөлімдерді де қамтуы мүмкін.

Қайталама және қосымша басқару элементтері

Қайталама және қосымша басқару элементтерінее "тізім" басқару элементтері, қайталама бөлімдер және қосымша бөлімдер кіреді. Бұл басқару элементтері пайдаланушыларға тізім элементтерін, жолдарды, жазу параметрлерін және қосымша ақпаратты пішінге кірістіруге мүмкіндік береді.

Басқару элементі

Белгіше

Сипаттамасы

Қосымша бөлім

Button image

Бұл басқару элементінде басқа басқару элементтері бар және оны пайдаланушылардың барлығы толтыруға тиіс емес қосымша ақпаратты енгізу үшін пайдалануға болады. Қосымша бөлімі бар пішінді толтырған кезде пайдаланушылар сол қосымша бөлімді пішінге қосуды немесе қоспауды таңдай алады.

Қайталама бөлім

Button Image

Бұл басқару элементінде басқа басқару элементтері бар және жұмысшылар дерек қорындағы жазулар сияқты жазуға негізделген деректермен таныстыру үшін пайдалы. Қайталама бөлімді қамтитын пішінді толтырған кезде, пайдаланушылар қайталама бөлімдердің қосымша нұсқаларын қоса алады.

Қайталама кесте

Button image

Бұл басқару элементі қайталайтын ақпаратты кестеленген құрылымда бейнелейді. Қайталама кестеде әрбір элемент жаңа жолда пайда болады. Пішінді толтырған кезде пайдаланушылар қажет болғанына қарай жолдарды қоса алады немесе жоя алады. Қайталама кестелерде басқа басқару элементтері болуы мүмкін.

Көлденең қайталама кестелер

Button image

Бұл басқару элементі қайталайтын ақпаратты кестеленген құрылымда бейнелейді. Қайталама кестеде әрбір элемент жаңа бағанда пайда болады. Пішінді толтырған кезде пайдаланушылар қажет болғанына қарай бағандарды қоса алады немесе жоя алады. Көлденең қайталама кестелерде басқа басқару элементтері болуы мүмкін.

Үлгі/егжей-тегжей

Button image

Бір-біріне тікелей қатысы бар қайталама басқару элементтерінің тобы болып табылатын басқару элементі. Басты басқару элементі әрдайым қайталама кесте болады, және мәліметтерді басқару элементі қайталама кесте әлде қайталама бөлім болуы мүмкін. Үлгі/егжей-тегжей басқару элементтері пайдаланушыларға үлкен көлемді деректермен тиімді жұмыс істеуге жәрдем береді. Мысалы, егер сіздің пішін үлгіңіз жұмысшылардың дерек қорындағы жазбаларды көрсетсе, сіз басты басқару элементінде жұмысшы туралы тек қана ақпарат жиынын көрсетуді орната аласыз. Содан соң пайдаланушы басты басқару элементінде жазбаны (жолды) таңдаған кезде егжей-тегжейді басқару элементі жұмысшы туралы толығырақ ақпаратты бейнелей алады.

Таңбалаушы тізім

Button image

Пайдаланушыларға таңбалаушы тізім элементтерін пішінге қажетінше қосуға немесе одан жоюға мүмкіндік беретін басқару элементі. Таңбалаушы тізім басқару элементтері жиналыста қаралатын мәселелер тізімінің пішін үлгісіндегі әрекет элементтер тізімі сияқты қайталанатын оңай мәтінді енгізудің қолайлы жолы болады.

Нөмірленген тізім

Button image

Пайдаланушыларға нөмірленген тізім элементтерін пішінге қажетінше қосу немесе одан жоюға мүмкіндік беретін басқару элементі. Нөмірленген тізім басқару элементтері жиналыста қаралатын мәселелер тізімінің пішін үлгісіндегі күн тәртібі мәселелері сияқты қайталанатын және қандай да бір тәртіпті көрсететін оңай мәтінді енгізудің қолайлы жолы болады.

Қарапайым тізім

Button image

Пайдаланушыларға пішіндегі элементтерді қажетінше қосу немесе жою мүмкіндігін беретін басқару элементі. Қарапайым тізім басқару элементтері жиналысқа сұраныс пішін үлгісіндегі қатысушылар аттарының тізімі сияқты қайталанатын оңай мәтіндерді енгізудің қолайлы жолы болады.

Көптік таңдау тізімді жолағы

Button image

Пайдаланушыға құсбелгі көздерінің жылжымалы тізімі ретінде көрінетін таңдаулар тізімін ұсынатын басқару элементі. Пайдаланушылар керегінше құсбелгі көздерін таңдауы мүмкін. Сондай-ақ, пішін үлгісінің қалай құрастырылғанына қарай олар өздерінің жазбаларын енгізе немесе жоя алады.

Файл және сурет басқару элементтері

Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтыратын кезде пішін үлгіні пайдаланушыларға қосымша файлдарды немесе суреттерді кірістіруге мүмкіндік беретін етіп жасауға болады. Сондай-ақ InfoPath пішіндерін планшетті компьютерде толтыратын пайдаланушылар қолжазба суреттерді жасауға және оларды сақтап қоюға мүмкіндік беретін арнайы қолжазба сурет басқару элементін қолдана алады.

Басқару элементі

Белгіше

Сипаттамасы

Тіркеме файл

Түймешік суреті

Пайдаланушыларға пішіндеріне файлдарды тіркеуге мүмкіндік беретін басқару элементі. Әрбір тіркеме файл басқару элементі тек қана бір файлды тіркеуге рұқсат береді, және қажет болса, файл түрлерін шектеуге болады. Егер пайдаланушылар бірнеше файлды тіркеуді қаласа, қайталама басқару элементі ішіне тіркеме файлды басқару элементін кірістіруге болады.

Сурет

Button image

Пішін үлгісіне тақырып әлде өң сияқты тұрақты элемент ретінде пішін үлгісіне енгізуге болатын басқару элементі. Сондай-ақ бұл басқару элементі пайдаланушыларға суретті пішін бөлімі ретінде кірістіруге мүмкіндік бере алады. Сурет басқару элементтері суретті пішіннің өзінде сақтап қоюы мүмкін немесе сурет сақталған жерді көрсететін (Бірыңғай ресурс көрсеткіші (URL)) мекен-жайды сақтап қоюы мүмкін.

Қолжазба сурет

Button image

Планшетті компьютері бар пайдаланушыларға қолжазба сызбаларды өз пішіндеріне қосуға мүмкіндік беретін басқару элементі. Қолжазба сызбалар басқару элементінің ішіне немесе өңдік суреттің үстіне қосылады.

Қосымша басқару элементтері

Қосымша басқару элементтері стандартты басқару элементтеріне қарағанда азырақ пайдаланылатын немесе тек арнайы жағдайларда ғана пайдаланылатын басқару элементтері.

Басқару элементтері

Белгіше

Сипаттамасы

Еренсілтеме

Түймешік суреті

URL мекен-жайымен байланысу үшін қолданылатын басқару элементі. Мысалы, өнімдер тізімі туралы ақпаратты көрсететін пішін үлгісінде өнім туралы ақпараты бар Веб беттеріне сілтейтін еренсілтемелер болуы мүмкін. Еренсілтеме басқару элементтері Интернет немесе интранетте болатын кез келген Веб-серверлерге жол көрсетуі мүмкін.

Өрнек жолағы

Button image

Тек қана оқуға арналған мәтінді басқару элементі. Өрнек жолақтарын тек қана оқуға арналған мәтіндерді бейнебетте көрсету үшін, пішіндегі басқа басқару элементінің мәнін бейнебетке шығару үшін немесе XML Path тілі (XPath) өрнектеріне негізделген формулаларды жасау үшін пайдалануға болады.

Тік жапсырма

Button image

Сіздің пішін үлгіңізде 90-градусқа бұрыштап көрінетін тек қана оқуға арналған мәтіндің жапсырмасы. Тік жапсырма қайталанатын кестелерде баған тақырыптары ретінде жиі қолданылады.

Жылжыту аймағы

Button image

Басқару элементтерін қамтитын, белгіленген тұрақты өлшемді сақтап тұратын және пайдаланушылардың назарынан тыс ақпаратты көруге арналған жылжыту жолақтарын қамтитын басқару элементі. Жылжыту аймақтары пішін бөлімінде көп деректер болғанда және пайдаланушыларға оның бәрін бірден көру қажет болмаған жағдайды өте пайдалы болады.

Көлденең аймақ

Button Image

Басқа басқару элементтерін қамтитынжәне сол басқару элементтерін пішін үлгісінде қатар жайғастыру үшін қолдануға болатын басқару элементі.

Таңдау тобы

Button image

Екі немесе одан көп таңдау бөлімі қамтитын басқару элементі. Өз кезегінде, бұл таңдау бөлімдерінде басқа басқару элементтері бар. Таңдау тобындағы әрбір таңдау бөлімі өзара таңдау тізімінде біріңғай параметр ретінде пайдаланылады. Пішінді толтырған кезде пайдаланушылар әдепкі таңдау бөлімін бөтен таңдау бөлімімен ауыстыруы мүмкін. Мәселен, жұмысқа кіру арыз пішін үлгісінде, Сіз таңдау тобыдан қолданып пайдаланушыларға үй телефон нөмерін я жұмыс телефон нөмерін мәлімет үшін енгізу мүмкіндігін бересіз.

Қайталама таңдау тобы

Button image

Қайталама құрылымда бір немесе көбірек таңдау бөлімдерді бейнелейтін басқару элементі. Пішінді толтырған кезде, пайдаланушылар қосымша қайталама топтарды керегінше қосуы, жоюы немесе ауыстыруы мүмкін. Мәселен, жұмысшы туралы ақпарат пішіні үлгісінде Сіз қайталама таңдау тобынан қолданып пайдаланушыларға бір нешеу төтенше жағдайда байланыс мәліметтерді енгізу мүмкіндігін береді. Әрбір байланыс үшін, пайдаланушы үй мекен-жайы туралы ақпаратты жұмыс орны мекен-жайы туралы ақпараты мен ауыстыруы мүмкін.

Таңдау бөлімі

Button image

Басқа басқару элементтерді қамтитын және әрдайым таңдау тобының немесе қайталама таңдау тобының ішінде көрінетін басқару элементі. Сізге таңдаулары бар таңдау топтарына тағы да таңдау кірістіру қажет болған жағдайда таңдау бөлімдері тиімді болады. Егер таңдау бөлімін таңдау тобынан басқа жерге кірістірсеңіз, InfoPath автоматты түрде сол таңдау бөлімін жаңа таңдау тобының ішіне кірістіріп қояды.

Қайталама кері бөлім

Button image

Басқа басқару элементтерні қамтитын және өз ішіне кірістіріле алатын басқару элементі. Қайталама кері бөлімдерді пайдаланып, нобай сияқты иерархиялық мазмұнды жасауға болады.

Таңдамалы басқару элементтері

Таңдамалы басқару элементін қосу шеберін пайдаланып таңдамалы басқару элементтерін, соның ішінде Microsoft ActiveX басқару элементі және үлгі бөлімдерін, InfoPath ішінде қатынауға болатын ете аласыз. Таңдамалы басқару элементі InfoPath ішінде әдепкі бойынша кірмеген басқару элементі болып табылады.

Басқару элементі

Сипаттамасы

Үлгі бөлімі

Теңшелген басқару элементтерінің жиыны. Бұл жиынға бірнеше пішін үлгісінде қайтадан қолдану үшін сақталатын схема, сипат параметрлері және басқару элементі жосығының кейбір жақтары кіреді. Үлгі бөлімін жасаған соң таңдамалы басқару элементін қосу шеберін қолданып, үлгі бөлімін өзіңіздің пішін үлгіңізде қолдану үшін оны құрастыру тәртібі импорттайсыз.

ActiveX басқару элементі

InfoPath бағдарламасына кіргізілмеген, бірақ Басқару элементтері тапсырмалар аймағына қосуға болатын басқару элементі. Сіз компьютеріңізде тіркелген бұрыннан бар ActiveX басқару элементтерін таңдай аласыз немесе іскерлік мұхтаждарыңызды қанағаттандыру үшін өзіңіз өңдеген арнайы теңшелетін басқару элементтерін қолдана аласыз. Мысалы, егер пішін үлгісін қаржылық мақсатта қолдану үшін өңдейтін болсаңыз, биржалық телефон аппаратының мәліметін пішін үлгісінде көрсетуге мүмкіндік беретін ActiveX басқару элементіні өңдей аласыз. ActiveX басқару элементін жасаған соң немесе тапқан соң осы басқару элементін өзіңіздің пішін үлгіңізде қолдана алу үшін оны таңдамалы басқару элементін қосу шеберін пайдаланып құрастырушы тәртібіне импорттайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сыйымдылық талдаулары

Сіз пішін үлгісін InfoPath пішінінде жасақтағаныңызда, сіз шолғышпен үйлесімді пішін үлгісін жасақтауға арнайы сыйымдылық режимін таңдай аласыз. Шолғышпен үйлесімді пішін үлгісі InfoPath Forms Services іске қосылған серверге жарияланса, онда қосылған шолғыш, пішін үлгісіне негізделген пішіндер веб-шолғышында көрінеді. Сіз шолғышпен үйлесімді пішін үлгісін жасақтағаныңызда, кейбір басқару элементтері Басқару элементтері тапсырмалар тақтасында қолданылмайды, себебі олар веб-шолғышта бейнеленбейді. Төмендегі басқару элементтеріне шолғышпен сыйысымды пішін үлгілерінде қолдау көрсетілмейді.

  • Өзгертпелі шаршы

  • Көптік таңдау тізімді жолағы

  • Үлгі/егжей-тегжей басқару элементтері

  • Таңбалаушы, нөмірленген және қарапайым тізімді басқару элементтері

  • Сурет және қолжазбалық мәтін суреті басқару элементтері

  • Қолжазбалық мәтін суреті басқару элементтері

  • Тік жапсырмалар

  • Жылжыту аймақтары

  • Көлденең аймақтар

  • Көлденең қайталама кестелер

  • Таңдау тобы, қайталама таңдау тобы және таңдау бөлімін басқару элементтері

  • Қайталама кері бөлімдер

  • ActiveX басқару элементтері

Сіз сондай-ақ үлгі бөлігі және Microsoft Office InfoPath 2003 бағдарламасымен сыйысымды Microsoft Office InfoPath 2007 пішін үлгілерін құрастыруды таңдай аласыз. Үлгі бөлімдерінде, ActiveX басқару элементтері сыйысымсыз болады, сондықтан Басқару элементтері тапсырмалар аймағында жасырылады. Кері сыйысымды пішін үлгілерінде өзгертпелі шаршылар және көптік таңдау тізім жолақтары сыйысымсыз болады. Пайдаланушылар InfoPath 2003 ішінде пішін үлгілерін ашқан кезде өзгертпелі шаршылар енгізбелі-өзгертпелі шаршы ретінде көрінеді, ал көптік таңдау тізім жлоақтары таңбалаушы тізімдер ретінде көрінеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×