Басып шығару үшін бапталған көріністі жасақтау

Сіз жасайтын Microsoft Office InfoPath пішін үлгілері Интернетте InfoPath бағдарламасын өзін немесе Веб шолғышты пайдаланып ашуға және толтырылуға арналған. Алайда, пайдаланушылар толтырылған пішінді өздерінің жеке құжаттары арасында сақтау немесе мұрағаттау үшін басып шығаруы мүмкін. Осы мақсатпен, пішін үлгіңіз басып шығарылғанда ол дұрыс көрінісін тексеру жөн. Мәселен, сіз пішін үлгіңіздегі басқару элементтері басып шығарылатын беттің жақтау араларына қиыстыруын және басып шығарылатын пішіндегі мәтінді оқуға болатын екенін тексеруді қалауыңыз мүмкін.

Сонымен қатар, сіз Көріністер тапсырмалар аймағын пайдаланып, пішін үлгісінің  — басып шығарылатын көрініс деп аталатын — және әдейі басып шығару мақсатымен жасақталған, арнайы нұсқасын жасай аласыз.

Бұл мақала пішін үлгіңіз үшін басып шығарылатын көріністі қалай жасақтауды және басқа, басып шығарылуы ыңайлы болған пішін үлгілерін жасау техникаларын түсіндіреді.

Бұл мақалада

Пішін үлгісі мен пішінді басып шығару арасындағы айырмашылықтар

Басып шығарылатын көріністерге кіріспе

Бар болған көрініске негізделген басып шығарылатын көрінісі жасақтау

Басып шығарылатын көріністі Word бағдарламасына арнап жасақтау

Пішін үлгісі мен пішінді басып шығару арасындағы айырмашылықтар

Пішін үлгіңіздегі басқару элементтері және басқа нысандардың басып шығарылатын бетте қалай көрінісімен жалпы танысу үшін, немесе үстінгі немесе төменгі деректемелер сияқты басып шығару параметрлерін тексеру үшін пішін үлгісін басып шығаруыңыз мүмкін. Пішін үлгісін құрастыру тәртібі басып шығарғаныңызда, сіз басып шығарылған пішін үлгісінде түймешктер сияқты, пайдаланушының пішн үлгісіңізге негізделген пішінді басып шығарғанда пайда болмайтын, белгілі элементтерді көре аласыз.

Пайдаланушылар пішін үлгіңізге негізделген пішінді басып шығарғанда, InfoPath бағдарламасы пішінге өзгертулер енгізеді немесе басып шығарылатын мазмұнда мағынасы болмаған белгілі элементтерді жояды. Мәселен, қайталама кестелер астында әдепкі түрде пайда болатын Элементті кірістіру нұсқаулық мәтіні басып шығарылатын пішінде пайда болмайды. Сонымен қатар, түймешікті басқару элементтер, тізім жазбасы, немесе айналдыру көрсеткілері да пайда болмайды себебі бұл элементтердің басып шығарылатын бетте мағынасы болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Басып шығарылатын көріністерге кіріспе

Пішін үлгілері пішін деректерін электрондық пішімде жинауға арналған болуына қарамай, сіз басып шығару үшін әдейі арналған көрініс болған басып шығарылатын көріністі жасай аласыз. Бұл пайдаланушыларыңыздың пішіндерді ерекше орналасуды қолданып басып шығаруын немесе пішіндің тек қана белгілі бөліктерін басып шығаруын қалағаныңызда тиімді болады.

Егер пішін үлгіңіз көп көріністерге ие болса, сіз әрбір көрініс үшін басып шығарылатын көріністі басып шығаруыңыз мүмкін. Балама ретінде, сіз пішін үлгісінің барлық көріністерге қолданылатын бірыңғай басып шығарылатын көріністі тағайындай аласыз. Мәселен, егер пішін үлгіңіз үш түрлі көрініске ие болса, сіз сол көріністердегі әрбірінен маңызды ақпаратты бірыңғай бетке біріктіретін басып шығарылатын көріністі жасай аласыз.

Басып шығарылатын көріністі жасап, оны бар болған көрініспен байланыстыру үшін, сіз Көріністер тапсырмалар аймағындағы Осы көрініс үшін басып шығарылатын нұсқаны жасау сілтемесін пайдалануыңыз мүмкін. Осы сілтемеге нұққан кезде, InfoPath бағдарламасы төменгі амалдарды орындайды:

  • Басып шығарылатын нұсқааты деп аталған жаңа, таза көріністі жасайды, және бұл жерде ат басып шығарылатын көрініс негізделген көріністің аты.

  • Басып шығарылатын көріністі ол негізделген көрініспен байланыстырады. Бұл байланыс Басып шығару параметрлері қойындысының Көрініс сипаттары тілқатысу терезесінде жазылған. Мәселен, сіз пішін үлгіңіздің Мақұлдау көрінісіне негізделген басып шығарылатын көріністі жасадыңыз делік. Пайдаланушылар Мақұлдау көрінісінде Басып шығару түймешігіне нұққан соң, InfoPath бағдарламасы Басып шығарылатын нұсқаны мақұлдау көрінісінде не пайда болса да басып шығарады.

Басып шығарылатын көріністі жасаған соң, пішіндің сіз қалаған басып шығарылатын көрінісіне сәйкесті түрде құрастыруыңыз мүмкін. Бұл әдетте пішін үлгісіндегі басқа басқару элементтерінің көшірмесін алу және оларды басып шығарылатын көрініске кірістіру амалдарын өз ішіне алады. Егер қажет болса, сіз белгілі басқару элементтерін басып шағарылатын көріністегі басқа басқару элементтеріне ауысытыра аласыз. Мәселен, сіз әдепкіде тізім ұясы жазбаларын жасыратын енгізбелі-өзгертпелі шаршысын жазбаларды әдепкі түрде бейнелейтін стандартты тізімді жолақпен ауыстыруыңыз мүмкін. Солай істегенде, жазбалардың бәрі басып шығарылған пішінде көрсетіледі. Сонымен қатар, сіз Көрініс сипаттары тілқатысу терезесіндегі басып шығарылатын көрініс үшін үстінгі мен төменгі деректемелер және беттің жақтау аралары сияқты теңшелетін басып шығару параметрлерін белгілей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бар болған көрініске негізделген басып шығарылатын көрінісі жасақтау

Әдепкіде, пайдаланушы белгілі басып шығарылатын көріні болмаған пішінді басып шығарғанда, оның компьютерінде ағымда бейнеленіп тұрған көрініс басып шығарылады. Егер сіз басып шығарылатын көріністі жасасаңыз, InfoPath бағдарламасы сол көріністі ағымдағы көрініс орнына басып шығарады. Сіз бар болған көріністердің қайсысын болса да басып шығарылатын көрініс етіп тағайындай аласыз. Төменгі іс рәсімі бар болған көріністі басып шығарылатын көрініс үшін негіз ретінде пайдалануды түсіндіреді.

  1. Көрініс мәзірінде Көріністерді басқару түймешігін нұқыңыз.

  2. Көріністер тапсырмалар аймағының Көріністі таңдау тізімінде, басып шығарылатын көріні жасалатын көріністі таңдаңыз.

  3. Әрекеттер параметрі астында, Осы көрініс үшін басып шығарылатын көріністі жасау пәрменіне нұқыңыз.

  4. Басып шығарылатын нұсқаны жасау тілқатысу терезесінде, басып шығарылатын көрініс үшін атауды теріңіз да, Иә түймешігіне нұқыңыз.

  5. Көріністер тапсырмалар аймағында, басып шығарылатын көрініске екі рет нұқыңыз.

  6. Көрініс сипаттары тілқатысу терезесінде, Басып шығару параметрлері және Бет параметрлері қойындыларыда сізге керекті болған параметрлерді таңдаңыз да, Иә түймешігіне нұқыңыз. Мәселен, сіз басып шығарылатын көрініс үшін әдепкі жақтау арасы параметрлерін белгілей аласыз, немесе үстінгі немесе төменгі деректемелерді қосуыңыз мүмкін.

  7. Бастапқы көрініске ауысу үшін, Көріністер тапсырмалар аймағындағы Көріністі таңдау тізімінен көріністің атына нұқыңыз.

  8. Көріністегі барлық заттарды бөлектеу үшін, CTRL+A пернелер тіркесімін басыңыз.

  9. Бөлектелген заттарды аралық сақтағышқа көшіру үшін CTRL+C пернелер тіркесімін басыңыз.

  10. Басып шығарылатын көрініске ауысу үшін, Көріністер тапсырмалар аймағындағы Көріністі таңдау тізімінен көріністің атына нұқыңыз.

  11. Бастапқы көріністе таңдалған бөлекті басып шығарылатын көрініске кірістіру үшін CTRL+V пернелер тіркесімін басыңыз.

  12. Сізге керек болмаған басқару элементтерін немесе орналасу элементтерін жойыңыз, немесе қосымша басқару элементтерін қосыңыз.

    Кеңес : Басқару элементтері мен басқа безендіру элементтері басып шығарылатын бетке лайық келу келмеуін тез анықтау үшін, сіз Көрініс мәзіріндегі Бет енін бағыттаушы параметріне нұқып, бет енін бағыттаушысын пішін үлгісінің оң жағы бойлап бейнелей аласыз. Бет енін бағыттаушысы сызықталған тік сызық ретінде пішін үлгісінде пайда болады. Компьютеріңіздің әдепкі басып шығарғышына қарай, сызық басып шығарылатын беттің оң жақтау арасы қай жерде орналасуын көрсетеді.

  13. Басып шығарылатын көрініске бет үзілімдерін қосу үшін, жаңа бет басталуын қалаған жерге нұқыңыз, сонан соң Кірістіру мәзірінде, Бет үзілімі параметріне нұқыңыз.

    Ескерту : Бет үзілімі пішін үлгісінде сызықталған көлденең сызық ретінде пайда болады. Егер пішін үлгіңізді алдын ала қарап алуды қаласаңыз, сіз сызықталған сызықты немесе басқа ешқандай бет үзілі белгілерін көрмейсіз. Бет үзілімі пішін үлгіңізге негізделген басып шығарылатын пішіндерге қандай әсер етуін көру үшін, Стандартты құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу пәрменіне нұқыңыз Түймешік түрі .

Беттің жоғарғы жағы

Басып шығарылатын көріністі Word бағдарламасына арнап жасақтау

Егер сіз XML тілі (XML) технологияларын түсінетін, кәсіпқой пішін құрастырушы болсаңыз, сіз Word үшін басып шығарылатын көріністі қосу шеберін пішін деректерін тура Word бағдарламасынан басып шығаратын Microsoft Office Word бағдарламасына негізделген басып шығарылатын көріністі жасай аласыз. Бұл сізге Word бағдарламасында қол жеткізгілі болған бір қатар басып шығару мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Солай істеу үшін, сізде пішін үлгіңіздегі деректерді Word бағдарламасынан басып шығаруға лайықты болған пішімге өзгертетін бар болған XSL түрлендіру (XSLT) файлына кіруге рұқсат болу керек. Пайдаланушы Word бағдарламасына негізделген басып шығарылатын көрініске ие болған пішінді басып шығарғанда, сол пішіндегі деректер тура Word бағдарламасынан басып шығарылады. XSLT файлы Microsoft Office 2003 немесе Microsoft Office Word 2007 бағдарламаларын пайдаланып жасалуы керек.

Ескерту : XSLT файлын жасау туралы көбірек ақпаратты білу үшін, Microsoft Office InfoPath 2003 бағдарламалық жасақтамаларды дамыту жинағына қараңыз. Бағдарламалық жасақтамаларды дамыту жинағында InfoPath бағдарламасы Word шеберіне деп аталған құрал болып, ол сізге Microsoft Office Word 2003 немесе Office Word 2007 бағдарламасын пайдаланып InfoPath пішін деректерін басып шығаруға мүмкіндік бердеі. Сіз бағдарламалық жасақтамаларды дамыту жинағын Microsoft Office Update Веб торабынан қотаруыңыз мүмкін немесе оның мазмұндарын Microsoft Жасақтаушы желісінің (MSDN) Веб торабынан шолуға болады.

  1. Көрініс мәзірінде Көріністерді басқару түймешігін нұқыңыз.

  2. Көріністер тапсырмалар аймағының Әрекеттер параметрі астында, Word үшін басып шығарылатын көріністі қосу пәрменіне нұқыңыз.

  3. Word үшін басып шығарылатын көріністі қосу шеберіндегі нұсқауларды орындап, сіз Word бағдарламасына негізделген басып шығарылатын көрініс үшін қолдануды қалаған XSLT файлын белгілеңіз.

  4. Көріністер тапсырмалар аймағының Көріністі таңдау тізімінде, Word бағдарламасына негізделген басып шығарылатын көріністі тағайындау керек болған көріністі таңдаңыз да, Көрініс сипаттары параметріне нұқыңыз.

  5. Басып шығару параметрлері қойындысына нұқыңыз.

  6. Осы көріністі басып шығарғанда бар болған көріністі пайдалану үшін таңдау тізімінде, Word бағдарламасына негізделген басып шығарылатын көріністке нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×