Басты бетті жасау немесе өңдеу

Осы мақалада

Шолу

Басты бет жасау

Басты бетті өңдеу

Шолу

Басты бет торапта бірнеше бетте пайда болатын жасақтама және орналасу беттерін қамтиды. Осы танымалы элементтерді басты бетте пайдаланатын болсаңыз, торабыңызға одан да тұрақты көрініс енгізесіз. Сондай-ақ әрбір веб-торапта жеке-жеке өзгертулер енгізудің орнына, осы элементтерді бір жерде жасап, жаңартуға мүмкіндік береді. Басты бет құрамында веб-торапқа енгізілетін кез келген элементтер орнатылуы мүмкін, мысалы Жедел іске қосу мүмкіндігі, жоғары деңгей сілтеме, тақырып және ену элементтері.

Әдепкі бойынша, әрбір торап құрамында бір басты бет болады яғни ол Басты бет жинағында сақталады. Бұл жинақта басты беттерді қаншасын қаласаңыз соншасын сақтауыңызға болады, алайда торап үшін тек бір басты бетті ғана әдепкі қылып орната аласыз.

Microsoft Office SharePoint Designer бағдарламасы сияқты Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасымен сай келетін кез келген торап-жасақтаушы бағдарламаны пайдаланып, жаңа басты бет жасай аласыз. Сонымен бірге, кейінірек элементтерді өңдеу үшін бар басты беттің сақтық көшірмесін алуыңызға болады.

Ескерту : Басты бетті веб-торапқа немесе бетке енгізу үшін, Microsoft Office SharePoint Designer сияқты Windows SharePoint Services бағдарламасымен сай келетін торап жасақтаушы бағдарламаны пайдаланыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басты бет жасау

Әр жаңа торап жасаған кезде басты бет жаратудың қажеты жоқ. Әдепкі бойынша әрбір тораптың құрамында бір басты бет болады. Басты бет жасау үшін, бар басты беттің көшірмесін өңдеу және сақтау арқылы жасауыңызға болады.

Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Жинақтар бөлімінде, Басты беттер пәрменін таңдаңыз.

  2. Көшіргіңіз келетін басты бетті нұқыңыз.

  3. Басты бетті Microsoft Office SharePoint Designer бағдарламасы сияқты Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасымен сай келетін торап-жасақтаушы бағдарламасында ашу үшін Өңдеу парамтерін таңдаңыз.

  4. Торап-жасақтаушы бағдарламаңызда, өзгертулерді сақтаудан алдын көшіргіңіз келетін басты беттің атауын өзгертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Басты бетті өңдеу

Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Жинақтар бөлімінде, Басты беттер пәрменін таңдаңыз.

  2. Өңдегіңіз келетін басты бетті нұқыңыз.

  3. Басты бетті Microsoft Office SharePoint Designer бағдарламасы сияқты Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасымен сай келетін торап-жасақтаушы бағдарламасында өңдеу үшін Өңдеу парамтерін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×