Балама Exchange электрондық пошта бүркеншік ат ұсыныстарын болдырмау

Бұл мүмкіндік сізден Microsoft Exchange Server 2000, Exchange Server 2003 немесе Exchange Server 2007 тіркелгісін пайдалануды талап етеді. Көптеген үй және жеке тіркелгілер Microsoft Exchange тіркелгісін пайдаланбайды. Microsoft Exchange тіркелгілері және тіркелгіңізді қай Exchange нұсқасына жалғау керектігі туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтемелерді қараңыз.

Кімге, Көшірме және Жасырын көшірме жолақтарында алушының атын не электрондық пошта бүркеншік атын терген кезде Microsoft Outlook бағдарламасының электрондық пошта алушылардың аттарын ұсыну мүмкіндігін өшіріп қоюыңызға немесе қолданбауыңызға болады.

Бұл Microsoft Exchange электрондық пошта тіркелгі пайдаланушыларына арналған Office Outlook мүмкіндігі Exchange мекен-жайлық кітабындағы көптеген адамдарға не қорларға сәйкес келуі мүмкін болатын электрондық пошта бүркеншік атты терген кезде электрондық пошта хабарын жіберейін деп жатқан адамды анықтауды сұрайды.

Ескерту : Бұл мақала терген мекенжайыңызға электрондық пошта хабарыңызды алғашқы рет жіберген істес кісілердің арасынан сәйкестіктерді ұсынатын Outlook бағдарламасының АвтоТолтыру мүмкіндігі туралы емес. АвтоТолтыру мүмкіндігі жөнінде анықтама алу үшін Атын өздіктік түрде толтыру (АвтоТолтыру) мүмкіндігін қолдану тарауын қараңыз.

Мысалы, егер пат деп теріп, Exchange мекен-жайлық кітабында патр және патдиректс электрондық пошта бүркенші аты бар біреудің жазбасы кездессе, Outlook бағдарламасы сізден пат деп басталатын жазбалардың арасынан біреуін таңдауды сұрайды. Бұл жағдайда, үш түрлі жазбалар ұсынылады.

Осы мүмкіндіктің пайдасы - ол сізге электрондық пошта бүркеншік аттың тек бірінше әріптерін тергізіп, ұсынылған тізімнен қажетті атты таңдап алуға мүмкіндік береді. Алайда, алушыңыздың бүркеншік аты қысқа болса немесе құрамында сол бүркеншік аты бар басқа бүркеншік аттар кездессе, сол басқа мүмкіндіктердің біреуін таңдауды сұрау сізді ығыр қылуі мүмкін. Төменде көрсетілгендей, осы мүмкіндікті өшіріп қоюдың екі жолы бар:

Бүркеншік аттарды ұсыну мүмкіндігін әр жағдайда бөлек өшіріп қою

  • Кімге, Көшірме немесе Жасырын көшірме жолағында бүркеншік атының дәл алдына тең (=) белгісін қойыңыз.

    Мысалы, егер =пат деп терсеңіз, басқа ешқандай бүркеншік ат ұсынылмайды. Бұл жағдайда пат толық бүркеншік ат болып есептеледі.

Бүркеншік ат ұсыну мүмкіндігін біржолата өшіріп қою

Жетік компьютер пайдаланушыларына арналған Exchange бүркеншік ат ұсыну мүмкіндігін біржолата өшіріп қоюдың бір жолы бар. Егер келесі өзгерістерді Тізбе өңдегішін қолдану арқылы жасау сізге қолайсыз болса, әрі қарай жалғастырмаңыз. Алғашқы бөлімде түсіндірілген әр жағдайда бөлек өшіріп қою әдісін қолданыңыз.

Ескерту : Егер Тізбе өңдегішін дұрыс қолданбасаңыз, операциялық жүйеңізді қайта орнатуға мәжбүр қылатын ауыр қате жасауыңыз мүмкін. Microsoft корпорациясы Тізбе өңдегішін дұрыс қолданбаудан туындайтын мәселелерді шеше алатыныңызға кепіл бере алмайды. Тізбе өңдегішін қолдану салдары өз жауапкершілігіңізде.

  1. Тізбе өңдегішін Windows жүйесінде ашу үшін келесінің біреуін орындаңыз:

    • Microsoft Windows Vista жүйесінде Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар тармағынан Қалыпталған тармағын таңдап, Жегу пәрменін таңдаңыз. Содан кейін regedit деп теріп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Microsoft Windows XP немесе Microsoft Windows Server 2003 жүйесінде Бастау түймешігін басып, Жегу пәрменін таңдаңыз. Содан кейін regedit деп теріп, Жарайды түймешігін басыңыз.

  2. KEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Microsoft\Exchange\Exchange Provider ішкі кілтін ашыңыз.

  3. Exchange Provider қалтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Содан кейін Жаңа тармағына барып, мәтінмәндік мәзірден DWORD мәні дегенді таңдаңыз.

  4. OAB дәл бүркеншік ат сәйкестігі деп теріп, ENTER пернесін басыңыз.

  5. Жаңа жазба таңдалып тұрған кезде, ENTER пернесін басыңыз.

  6. DWORD мәнін өңдеу тілқатысу терезесіндегі Мән деректері жолағында 1 деп теріп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Негізгі мәнге Он алтылық дегенді таңдаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×