Ақша ағымының толқынында болу: дисконтталған таза кіріс (NPV) пен табыстылықтың ішкі нормасын (IRR) Excel бағдарламасында есептеу

Табыстылығыңызды барынша көбейтудің және бизнес инвестицияларыңыздың қауіп-қатерлерін барынша төмендетудің ең тәуір жолын іздеумен ұйқыңыздан айырылып жүрсіз бе? Абыржуды қойыңыз. Өзіңізді еркін ұстап, ағыммен жүріңіз.

Яғни, ақша ағымымен. Ақша ағымыңызға немесе бизнесіңізге не кіріп және не шығып жатқанына көз салыңыз. Позитивті ақша ағымы дегеніміз кіріп жатқан ақшаның мөлшері (сату, үлестен шыққан табыс, акциялар және басқалары), ал негативті ақша ағымы шығып жатқан ақшаның мөлшері (сатып алу, жалақы, салықтар және басқалары) болып саналады. Таза ақша ағымы дегеніміз позитивті ашқа ағымыңыз бен негативті ақша ағымыңыздың айырмашылығы болып табылып, бизнестік ең іргелі сұрақтарына жауап береді: кассада қанша ақша қалады?

Бизнесті дамыту үшін қаржыны ұзақ мерзімде қандай бизнеске салу керектігі жөнінде маңызды шешімдер жасау қажет. Microsoft Excel бағдарламасы күні-түні уайымдатпай, әр түрлі жолдарды салыстырып, ішінен дұрысын таңдауға көмектеседі.

Бұл мақалада

Капиталды инвестициялау жобалары жөнінде сұрақтар қою

NPV және IRR арқылы сұрақтарға жауап беру

Лайықты Excel функциясын таңдау

Қосымша мәліметтер

Капиталды инвестициялау жобалары жөнінде сұрақтар қою

Егер қаржыңызды кассадан шығарып, айналым капиталына аударып және бизнесіңізді құрайтын жобаларға салғыңыз келсе, сол жобалар жөнінде сұрақтар қоюыңыз қажет:

  • Бұл жаңа ұзақ-мерзімді жоба табысты бола ма? Қашан табыс әкеле бастайды?

  • Қаржыны басқа жобаға салған дұрыстау бола ма?

  • Ағымдағы жобаға көбірек қаржы бөлген жөн бе, әлде шығындарымды қысқартатын уақыт келді ме?

Енді, сол жобалардың әрқайсысын мұқияттылау қарап, сұрақ қойыңыз:

  • Осы жобаның негативті және позитивті ақша ағымдары қандай?

  • Үлкен бастапқы инвестиция қандай әсер тигізеді және тым көп деген қанша болады?

Соңында, Сізге шын мәнінде керегі жобаларды салыстыруға қолданатын қорытынды сандар болады. Сол қорытындыға жету үшін талдауыңызға ақшаның уақыт құндылығын енгізуіңіз керек.

Менің әкем маған былай деп айтқан: «Балам, ақшаңды мүмкіндігінше тезірек қайтарып алып, барынша ұзағырақ ұстағаның дұрыстау болады». Өсе келгенше, мен айтқан сөздің мағынасын түсіндім. Сол ақшаны өспелі пайыз ставкасымен салуыңызға болады, яғни сол ақша Cізге қосымша ақша жасайды  — , және тағы қосымша. Басқаша айтқанда, ақшаның қашан шығып және кіріп жатқаны ақшаның қаншасы шығып және кіріп жатқаны сияқты маңызды.

Беттің жоғарғы жағы

NPV және IRR арқылы сұрақтарға жауап беру

Осы сұрақтардың барлығына жауап беруге көмек ретінде қолдануыңызға болатын екі қаржылық әдіс бар: дисконтталған таза кіріс (NPV) және табыстылықтың ішкі нормасы (IRR). NPV мен IRR әдістерінің екеуі де дисконтталған ақша ағымы әдістері деп те аталады, өйткені олар уақыт құндылығын капиталды инвестициялау жобасының бағалауына енгізеді. NPV мен IRR әдістерінің екеуі де болашақ төлемдеріне (негативті ақша ағымы), кірістерге (позитивті ақша ағымы), шығындарға (негативті ақша ағымы) және "ұтысы жоқ ағымдарға" (нөлдік ақша ағымы) негізделеді.

NPV

NPV әдісі ақша ағымдарының таза мәнін қайтарады — бүгінгі доллармен көрсетіледі. Ақшаның уақыт құндылығына байланысты бүгін алынған доллар ертеңгі алынған доллардан құндылау болады. NPV әдісі әр ақша ағымының таза кірісін есептеп, барлығын бірге қосып, дисконтталған таза кірісті шығарады.

NPV формуласы мынадай:

Теңдеу

Бұл жерде n деген ақша ағымдарының саны, ал i   деген дисконт ставкасының пайызы.

IRR

IRR әдісі NPV әдісіне негізделеді. Оны NPV әдісінің арнайы жағдайы деп санауыңызға болады. Бұл жағдайда, есептелетін табыс нормасы 0 (нөл) дисконтталған таза кіріске сәйкес пайыз ставкасы болып табылады.

NPV(IRR(values),values) = 0

Тізбекте барлық негативті ақша ағымдары барлық позитивті ақша ағымдарынан ерте кездессе немесе жобаның ақша ағымдарының тізбегіде тек бір негативті ақша ағымы болса, IRR бірегей мән қайтарады. Капиталды инвестициялау жобаларының көбісі үлкен негативті ақша ағымынан басталып (бастапқы инвестиция), бір қатар позитивті ақша ағымдарымен жалғасады. Сол себептен, онда бірегей IRR нормасы болады. Алайда, кейбір кезде біреуден көп жарамды IRR норма болуы немесе олардың біреуі де болмауы мүмкін.

Жобаларды салыстыру

NPV әдісі жобаңыз қалаған пайда нормаңыздан (минималды табыс ставкасы деп те аталады) көбірек немесе азырақ пайда әкелетінін анықтайды және жобаңыз пайдалы не пайдасыз болатынын білуге жақсы көмек береді. IRR әдісі NPV әдісінен бір қадам алда болып, жобаның бір арнайы пайда нормасын анықтайды. NPV мен IRR әдістерінің екеуі де бәсекелі жобаларды салыстыру үшін қолдануыңызға болатын сандар береді және бизнесіңізге ең тәуірін таңдайды.

Беттің жоғарғы жағы

Лайықты Excel функциясын таңдау

NPV мен IRR есебіне Office Excel бағдарламасының қай функцияларын қолдануыңызға болады? Ол үшін бес функция берілген: NPV, XNPV, IRR, XIRR және MIRR. Таңдауыңыз қалаған қаржы әдісіңізге, яғни ақша ағымдары тұрақты мерзімі бойынша болатыны не болмайтынына және мерзімді болатыны не болмайтынына, байланысты болады.

Ескерім.    Ақша ағымдары негативті, позитивті немесе нөлдік мәндер ретінде белгіленеді. Осы функцияларды қолданған кезіңізде бірінші қадамның басындағы дереу ақша ағымдарын және қадамдардың соңындағы басқа да ақша ағымдарын қалай қолданатыныңызға арнайы көңіл бөліңіз.

Функция синтаксисы

Келесіні орындау үшін қолданыңыз

Аңғартпалар

NPV(мөлшерлеме, 1-мән, [2-мән], …)

Айлық немесе жылдық сияқты тұрақты мерзімдері сайын болып тұратын ақша ағымдарын қолдану арқылы дисконтталған таза кірісті анықтау.

Мән ретінде белгіленген әр ақша ағымы қадамның соңында болады.

Егер бірінші қадамның басында қосымша ақша ағымы болса, ол NPV функциясымен қайтарылған мәнге қосылу керек. NPV Анықтама тақырыбындағы 2-ші мысалды қараңыз.

XNPV(мөлшерлеме, мәндер, күндер)

Тұрақсыз мерзімдері сайын болып тұратын ақша ағымдарын қолдану арқылы дисконтталған таза кірісті анықтау.

Мән ретінде белгіленген әр ақша ағымы жоспарланған төлем күні болады.

IRR(мәндер, [жорамал])

Айлық немесе жылдық сияқты тұрақты мерзімдері сайын болып тұратын ақша ағымдарын қолдану арқылы табыстылықтың ішкі нормасын анықтау.

Мән ретінде белгіленген әр ақша ағымы қадамның соңында болады.

IRR мәні IRR бағалауынан (жорамал ретінде беріледі) басталатын қайталанатын іздеу іс рәсімін арқылы есептеліп, дұрыс IRR қорытындысына жеткенінше, сол мәнді қайта-қайта өзгертеді; Жорамал аргументін белгілеу қалауыңызға байланысты; Excel бағдарламасы әдепкі мәні ретінде 10% қолданады.

Егер біреуден көп жарамды жауап болса, IRR функциясы бірінші тапқанын ғана қайтарады. Егер IRR функциясы ешқандай жауап таппаса, ол #NUM! қателік мәнін қайтарады. Егер қателік шықса немесе күткен нәтижеңіз шықпаса, жорамалға басқа мән қолданыңыз.

Ескерім.    Егер табыстылықтың ішкі нормасы біреуден көп болса, әр түрлі жорамал әр түрлі нәтиже шығаруы мүмкін.

XIRR(мәндер, күндер, [жорамал])

Тұрақсыз мерзімдері сайын болып тұратын ақша ағымдарын қолдану арқылы табыстылықтың ішкі нормасын анықтау.

Мән ретінде белгіленген әр ақша ағымы жоспарланған төлем күні болады.

XIRR мәні IRR бағалауынан (жорамал ретінде беріледі) басталатын қайталанатын іздеу іс рәсімін арқылы есептеліп, дұрыс XIRR қорытындысына жеткенінше, сол мәнді қайта-қайта өзгертеді; Жорамал аргументін белгілеу қалауыңызға байланысты; Excel бағдарламасы әдепкі мәні ретінде 10% қолданады.

Егер біреуден көп жарамды жауап болса, XIRR функциясы бірінші тапқанын ғана қайтарады. Егер XIRR функциясы ешқандай жауап таппаса, ол #NUM! қателік мәнін қайтарады. Егер қателік шықса немесе күткен нәтижеңіз шықпаса, жорамалға басқа мән қолданыңыз.

Ескерім.     Егер табыстылықтың ішкі нормасы біреуден көп болса, әр түрлі жорамал әр түрлі нәтиже шығаруы мүмкін.

MIRR(мәндер, қаржыландыру_мөлшерлемесі, қайтаинвестициялау_мөлшерлемесі)

Айлық немесе жылдық сияқты тұрақты мерзімдері сайын болып тұратын ақша ағымдарын қолдану арқылы өзгертілген табыстылықтың ішкі нормасын анықтап, ақшаны қайта инвестициялаудан шыққан пайызды және инвестициялау құнын қарастыру.

Мән ретінде белгіленген әр ақша ағымы, қадамның басындағы мәнді белгілейтін бірінші ақша ағымынан басқа, қадамның соңында болады.

Ақша ағымдарында қолданылатын қаржыға төлейтін пайыз ставкаңыз қаржы_ставкасында белгіленеді. Қайта инвестициялаған кезіңіздегі ақша ағымдарынан алатын пайыз ставкаңыз қайта инвестициялау_ставкасында белгіленеді.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша мәліметтер

NPV мен IRR жөнінде көбірек білу үшін Уэйн Л. Уинстон жазған Microsoft Excel деректерін талдау және бизнесті модельдеу кітабындағы «Инвестицияларды дисконтталған таза кіріс шарттарын қолдану арқылы бағалау» деп аталған 8-ші тарауын және «Табыстылықтың ішкі нормасы» деп аталған 9-ші тарауын қараңыз. Осы кітап жөнінде көбірек білгіңіз келсеMicrosoft оқытуына қатысыңыз бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×