Ақпарат басқару саясаттарына кіріспе

Ұйымдар ақпаратты басқаруға арналған корпоративтік іскерлік үрдістермен немесе заңнамалық немесе мемлекеттік ережелермен сәйкестікті қамтамасыз ету үшін Microsoft Office SharePoint Server 2007 веб-тораптарда ақпарат басқару саясаттарын айқындап, пайдалана алады. Ақпарат басқару саясаттары веб-торап әкімшілеріне немесе тізім басқарушыларына мазмұнның қалай басқарылып жатқанын бақылауға мүмкіндік береді.

Осы мақалада

Ақпарат басқару саясаты дегеніміз не?

Ақпарат басқару саясатын веб-торапта қалай пайдалануға болады

Ақпарат басқару саясаты дегеніміз не?

Ақпарат басқару саясаты дегеніміз мазмұн түріне арналған ережелер жиыны. Ақпарат басқару саясаттары мазмұнның қанша уақыт қалатыны немесе осы мазмұнның көмегімен пайдаланушылардың қандай амалдарды жасай алатыны сияқты нәрселерді басқаруына және қадағалауына мүмкіндік береді. Ақпарат басқару саясаттары ұйымдардың заңгерлік және мемлекеттік ережелердің талаптарына сай болуына көмектеседі немесе олар әншейін ішкі бизнес үрдістердің орындалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, ұйымдардың өз қаржылық есептерінің "тиісінше бақылануын" көрсетуін талап ететін мемлекеттік заңдарды орындауға тиіс ұйым бір немесе бірнеше ақпарат басқару саясатын жасауы мүмкін, олар қаржы құжаттарын тіркеуге қатысты барлық құжаттар бойынша авторлық әзірлеу мен құптау үрдістеріндегі белгілі бір әрекеттерді тексереді.

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасында қамтылған саясат мүмкіндіктері

Ақпарат басқару саясатының шеңберіндегі әрбір жеке ереже саясат мүмкіндігі болып табылады. Office SharePoint Server 2007 алдын ала айқындалған бірнеше саясат мүмкіндіктерін қамтиды, оларды ұйымдар өздерінің веб-тораптарына арналған ақпарат басқару саясаттарын айқындау үшін бөлек-бөлек немесе қиыстырып пайдалана алады. Office SharePoint Server 2007 қамтылған саясат мүмкіндіктері:

  • Аудит    Аудит саясаты мүмкіндігі ұйымдарға құжаттар мен тізім элементтерінде іске асырылатын жүйеге кіру оқиғалары мен амалдары арқылы өздерінің мазмұн басқару жүйелерінің қалай пайдаланылатынын талдауға көмектеседі. Ұйымдар құжат немесе элемент өңделетін, қаралатын, тексерілетін, тіркелетін, тіркеуден шығарылатын, жойылатын немесе оның рұқсаттары өзгерген жағдайлар сияқты оқиғаларды журналға тіркеу үшін Аудит саясаты мүмкіндігін баптай алады. Барлық аудит ақпараты сервердегі бір ғана аудит журналында сақталады да, веб-торап әкімшілері ол бойынша есепхаттарды іске қоса алады. Ұйымдар аудит журналына таңдамалы оқиғаларды жазу мен қосу үшін сондай-ақ Office SharePoint Server 2007 Нысан үлгісін пайдалана алады.

  • Мерзімі өту    Мерзімі өту саясаты мүмкіндігі ұйымдарға ескірген мазмұнды өздерінің веб-тораптарынан лайықты, қадағалауға болатын жолмен жоюға немесе алып тастауға көмектеседі. Бұл саясат мүмкіндігі ұйымдарға ескірген мазмұнды ұстап тұруға байланысты шығындар мен тәуекелді басқаруға көмектеседі. Ұйымдар құжатты біраз уақыт белсенді болғаннан кейін (жасау немесе өңдеу сияқты), нақты күні немесе есептелген уақыт кезеңі ішінде мазмұнның белгілі бір түрлерінің мерзімі өтетінін көрсету үшін Мерзім өту саясатын баптай алады.

  • Штрих-кодтар    Штрих-код саясаты мүмкіндігі ұйымдарға веб-тораптан басып шығарылған құжаттардың немесе тізім элементтерінің іс жүзіндегі көшірмелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Штрих-код саясаты мүмкіндігі құжатқа арналған бірегей жалпылауыш мәнін жасайды. Сонда пайдаланушылар осы мәннің штрих-код кескінін өздері жасайтын Microsoft Office құжаттарына кірістіре алады. Олар сондай-ақ штрих-кодты сол құжаттың сервердегі бастапқы данасын іздеу үшін құжаттың іс жүзіндегі көшірмесіне пайдалана алады. Әдепкі бойынша, штрих-кодтар жалпы Код 39 стандартына (ANSI/AIM BC1-1995, Code 39) сәйкес келеді. Ұйымдар Office SharePoint Server 2007 Нысан үлгісін басқа штрих-код провайдерлерін орнату үшін пайдалана алады.

  • Жапсырмалар    Жапсырма саясаты мүмкіндігі сондай-ақ ұйымдарға веб-тораптан басып шығарылған құжаттардың немесе тізім элементтерінің іс жүзіндегі көшірмелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жапсырма саясаты мүмкіндігі веб-торап әкімшісі немесе тізім басқарушысы көрсететін құжат сипаттары мен пішімделуіне негізделген мәтін жапсырмаларын автоматты түрде жасап шығарады. Пайдаланушылар жапсырмаларды Microsoft Office құжаттарына кірістірген кезде, жапсырмалар құжаттың сипаттарынан алынған ақпаратпен автоматты түрде жаңартылады.

Беттің жоғарғы жағы

Таңдамалы саясат мүмкіндіктері

Ұйымдар сондай-ақ белгілі бір мұқтаждары үшін таңдамалы саясат мүмкіндіктерін жасап, орната алады. Мысалы, өндірістік ұйым өнім жасақтамасының техникалық сипаттамаларының жобалық құжаттары үшін, пайдаланушыларға осы құжаттардың көшірмелерін қауіпсіз емес басып шығарғыштарда басып шығаруына тыйым салатын ақпарат басқару саясатын айқындағысы келуі мүмкін. Ақпарат басқару саясатының осы түрін айқындау үшін ұйым Басып шығаруды шектеу саясатын жасап, орната алады, оны өнім жасақтамасының техникалық сипаттамаларының мазмұн түріне арналған тиісті ақпарат басқару саясатын қосуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Ақпарат басқару саясатын 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламарымен біріктіру

Office SharePoint Server 2007 ақпарат басқару саясаттарын пайдаланушыларға 2007 Office тұтынғыш бағдарламаларының шегінде көрсетудің бір-екі тәсілі бар. Сіз ақпарат басқару саясатын белгілі бір мазмұн түрі, тізім немесе кітапхана үшін серверде баптаған кезіңізде, сіз саясат мәлімдемесін жазып, оны осы саясаттың нысаны болып табылатын мазмұнмен жұмыс істейтін пайдаланушыларға көрсете аласыз. Саясат мәлімдемесі пайдаланушыларға осы ақпарат басқару саясатының құжат үшін мәжбүрлі түрде орындалатыны туралы хабарлай алады, немесе ол, мысалы, құжаттың белгілі бір уақыт кезеңінен кейін мерзімі өтетіні сияқты ақпаратты қамтамасыз ете алады. Пайдаланушылар ақпарат басқару саясатының нысаны болап отырған құжаттарды 2007 Office тұтынғыш бағдарламаларының бірінде ашқан кезде, осы саясат мәлімдемесі бейнебетте көрсетіледі. Осыған қоса, егер ақпарат басқару саясаты Штрих-код немесе Жапсырма саясаты мүмкіндігін қамтыса, пайдаланушылар Microsoft Office құжаттарын сақтауға немесе оларды 2007 Office тұтынғыш бағдарламасынан басып шығаруға әрекет жасаған кезде, олардың осы құжаттарға штрих-кодтар немесе жапсырмалар енгізуін талап ететін саясатты баптауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Ақпарат басқару саясатын веб-торапта қалай пайдалануға болады

Ақпарат басқару саясаттын жүзеге асыру үшін оны веб-тораптағы тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосуыңыз керек. Сіз ақпарат басқару саясатын жасайтын немесе қосатын жерлер саясаттың қаншалықты кеңінен қолданылуына немесе оның қаншалықты кеңінен пайдалана алатынына әсер етеді. Төмендегілерді іске асыра аласыз:

  • Веб-торап жиыны саясатын жасау және осы саясатты мазмұн түріне, тізімге немесе кітапханаға қосу     Сіз веб-торап жиынындағы жоғары деңгейлі веб-торапқа арналған веб-торап жиыны саясатын Веб-торап жиыны саясаттары тізімінде жасай аласыз. Веб-торап жиыны саясатын жасап болғаннан кейін сіз оны басқа веб-торап жиындарының веб-торап әкімшілері өздерінің Веб-торап жиыны саясаттары тізіміне енгізе алатындай етіп, оны экспорттай аласыз. Экспорталатын веб-торап жиыны саясатын жасау сізге өзіңіздің ұйымыңыз бойынша ақпарат басқару саясаттарын стандарттауға мүмкіндік береді.

    Веб-торап жиыны саясатын веб-торап мазмұн түріне қосқан кезіңізде, ал осы веб-торап мазмұн түрінің бір данасы тізімге немесе кітапханаға қосылса, осы тізімнің немесе кітапхананың иесі веб-торап мазмұн түрін осы тізім немесе кітапхана үшін өзгерте алмайды. Веб-торап жиыны саясатын веб-торап мазмұн түріне қосу веб-торап жиыны саясаттарының сіздің веб-торап иерархияңыздың әр деңгейі үшін орындатылуын қамтамасыз етудің жақсы тәсілі болып табылады.

    Ескерту : Веб-торап жиындарының әкімшілері саясатты Веб-торап жиыны саясаттарының тізімінде барлық құжат кітапханалары үшін және құжат негізіндегі мазмұн түрлері үшін әдепкі веб-торап ретінде көрсете алады. Егер әдепкі веб-торап таңдалса, осы кітапханалар мен мазмұн түрлері осы ақпарат басқару саясатын басқа бір саясат көрсетілгенше пайдалана береді.

    Толығырақ ақпарат алу үшін Веб-торабы жинағына арналған ақпарат басқару саясатын жасау тарауын қараңыз.

  • Жоғары деңгейлі веб-тораптың Веб-торап мазмұн түрі жинағындағы веб-торап мазмұн түрі үшін ақпарат басқару саясатын жасау және осы мазмұн түрін бір немесе бірнеше тізімге немесе кітапханаға қосу     Сіз сондай-ақ ақпарат басқару саясатын тікелей веб-торап мазмұн түріне арнап жасап, содан кейін осы веб-торап мазмұн түрінің данасын көптеген тізімдермен немесе кітапханалармен байланыстыра аласыз. Егер сіз осы әдісті пайдалана отырып, ақпарат басқару саясатын жасайтын болсаңыз, осы мазмұн түрінің немесе осы мазмұн түрінен мұраға алатын мазмұн түрінің әрбір веб-торап жиынының саясаты болады. Егер сіз ақпарат басқару саясатын тікелей веб-торап мазмұн түріне арнап жасасаңыз, осы ақпарат басқару саясатын басқа веб-торап жиындарында қайта пайдалану қиынға соғады, себебі осындай жолмен жасалған саясаттарды экспорттау мүмкін емес.

    Ескерту : Веб-торап жиынында қандай саясаттардың пайдаланатынын бақылау үшін веб-торап жиындарының әкімшілері саясат мүмкіндіктерін тікелей мазмұн түрінде орнату қабілетін ажыратып тастай алады. Бұл шектеу күшінде болған кезде, мазмұн түрлерін жасайтын пайдаланушыларға Веб-торап жиыны саясаттарының тізімінен саясаттарды таңдау жағынан шек қойылады.

    Веб-тораптың мазмұн түріне арналған ақпарат басқару саясатын жасау туралы ақпарат алу үшін Веб-тораптың мазмұн түрін өзгерту тарауын қараңыз.

  • Тізімге немесе кітапханаға арналған ақпарат басқару саясатын жасау     Егер сіздің ұйымыңызға белгілі бір ақпарат басқару саясатын өтек шектеулі мазмұн жиынына қолдану керек болса, тек бір ғана тізімге немесе кітапханаға қолданылатын ақпарат басқару саясатын жасауыңызға болады. Ақпарат басқару саясатын жасаудың бұл әдісі барынша икемсіз, себебі саясат тек бір орынға ғана қолданылады да, оны басқа орындарға экспорттау немесе қайта пайдалану мүмкін емес. Алайда, белгілі бір жағдайларда қолдану үшін кейбір ұйымдарға шектеулі қолданылатын бірегей ақпарат басқару саясаттарын жасау қажет болуы мүмкін.

    Ескертулер : 

    • Тек егер тізім немесе кітапхана көптеген мазмұн түрлеріне қолдау жасамайтын жағдайда ғана сіз осы тізімге немесе кітапханаға арналған ақпарат басқару саясатын жасай аласыз. Егер тізім немесе кітапхана көптеген мазмұн түрлеріне қолдау жасайтын болса, осы тізіммен немесе кітапханамен байланысқан әрбір жеке тізім мазмұн түріне арналған ақпарат басқару саясатын жасауыңыз керек. (Белгілі бір тізіммен немесе кітапханамен байланысқан веб-торап мазмұн түрінің даналары тізім мазмұн түрлері ретінде белгілі).

    • Веб-торап жиынында қандай саясаттардың пайдаланатынын бақылау үшін веб-торап жиындарының әкімшілеріне саясат мүмкіндіктерін тікелей тізімде немесе кітапханада орнату қабілетін ажыратып тастай алады. Бұл шектеу күшінде болған кезде, тізімдерді немесе кітапханаларды басқарушыларға Веб-торап жиыны саясаттарының тізімінен саясаттарды таңдау жағынан шек қойылады.

    Тізім немесе кітапхана үшін ақпарат басқару саясатын жасау туралы толығырақ ақпарат алу үшін Тізімге, кітапханаға немесе тізім мазмұн түріне арналған ақпарат басқару саясаттарын көрсету тарауын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×