Ақпараттық құқықтарды басқаруды тізім не кітапханада қолдану

Сіз Ақпараттық құқықтарды басқаруды (АҚБ) Microsoft Office SharePoint Server 2007 бағдарламасының тораптарымен тізімдер не кітапханалардан қотарылған файлдарды басқаруға және қорықтауға жәрдемдесу үшін пайдалануыңыз мүмкін.

Осы мақалада

Ақпараттық құқықтарды басқару деген не?

Ақпараттық құқықтарды басқару SharePoint тізімдері және кітапханалары үшін қалай істейді

Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігін тізім не кітапханада қолдану

Ақпараттық құқықтарды басқару деген не?

Ақпараттық құқықтарды басқару (АҚБ) сізге пайдаланушылардың SharePoint тізімдерінен не кітапханаларыдан қотарылған файлдар үстінде орындайтын әрекеттерін шектеуге мүмкіндік береді. АҚБ қотарылған файлдарды шифрлайды және осы файлдардан шифрді шешуге рұқсат берілген пайдаланушылар және бағдарламалар жиынын шектейді. Сонымен қатар, файлдарды оқуға рұқсаты бар пайдаланушылар файлдардың көшірмесін басып шығару не олардағы мәтіндерді көшіру сияқты әрекеттерді орындауын алдын алу үшін АҚБ сол пайдаланушылардың құқықтарын шектейді.

Сіз құпия ақпаратты таралуын шектеу үшін Ақпараттық құқықтарды басқаруды тізімдерде не кітапханаларда қолдануыңыз мүмкін. Мәселен, егер сіз алдағы өнімдер туралы ақпаратты таңдамалы маркетинг өкілдерімен ортақтасу үшін құжат кітапханасын жасап тұрған болсаңыз, сіз Ақпараттық құқықтарды басқаруды пайдаланып осы кісілерді ұйымдың басқа жұмысшыларымен бірге осы мазмұнды ортақтасуды алдын алуыңыз мүмкін.

Office SharePoint Server 2007 торабында сіз Ақпараттық құқықтарды жеке файлдарда пайдаланғандан гөрі бүтін тізім не кітапханада қолдана аласыз. Бұл бүкіл құжаттар және файлдар жиынына бірдей қорғаныс деңгейін қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Сөйтіп АҚБ ұйымыңызға құпиялы не меншікті ақпараттарды бақылауды және таратуды басқаратын қауымдық саясаттарды орындауға жәрдемдеседі.

АҚБ мазмұнды қалай қорғауға жәрдемдесуі туралы

АҚБ төменгі жолдармен шектелген мазмұндарды қорғауға жәрдемдеседі:

  • Рұқсаты бар қараушыға мазмұнды рұқсат етілмеген мақсатпен көшіруіне, өзгертуіне, басып шығаруына, факс арқылы жіберуіне, не көшіруіне және кірістіруіне жол бермейді

  • Рұқсаты бар қараушыға Microsoft Windows жүйесінің Print Screen мүмкіндігін пайдаланып мазмұнды көшіруіне жол бермейді

  • Егер мазмұн серверден қотарылған соң электрондық пошта арқылы жіберілген болса рұқсаты жоқ қараушыға мазмұнды көруіне жол бермейді

  • Мазмұнға қатынасты белгілі мерзімге шектеп қояды, сол мерзім біткен соң пайдаланушылар құқықтарын құптауға және мазмұнды қайта қотаруға тиісті

  • Мазмұнды ұйымыңыз ішінде қолданылуын және таратылуын басқаратын қауымдық саясаттарды орындауға жәрдемдеседі

АҚБ мазмұнды қалай қорғауға жәрдемдесе алмайды

АҚБ шектелген мазмұнды мыналардан қорғай алмайды:

  • Троян вирустары, перне басылымдарын тіркеушілері және тыңшылық бағдарламалардың белгілі түрлері сияқты қаскүнемдік бағдарламалар себепші болатын өшірілу, ұрлық, тартып алыну не берілім

  • Компьютер вирустарыны себебші болатын жоғалту не бұзылу

  • Бейнебеттегі мазмұнды қолмен көшіру не қайта теру

  • Бейнебеттегі мазмұндың цифрлық не кәдімгі фотосуреті

  • Бөгде бейнебетті жазып алу бағдарламалары арқылы көшіру

  • Бөгде бейнебетті жазып алу бағдарламаларын не көшіру және кірістіру әрекетін пайдалану арқылы мазмұн метадеректерін (баған мәндерін) көшіру

Беттің жоғарғы жағы

Ақпараттық құқықтарды басқару SharePoint тізімдері және кітапханалары үшін қалай істейді

АҚБ тізімдердегі және кітапхана деңгейіндегі файлдарда қолданылады. Тізім не кітапхана үшін Ақпараттық құқықтарды басқаруды қосқан соң, сіз алдыңғы веб серверлерінің бәріне қорғаушы бағдарлама орнатылған тізімдегі не кітапханадағы қандай болса да файл түрін қорғай аласыз. Қорғаушы бұл белгілі файл пішіміндегі құқықтары басқарылатын файлдарды шифрлауды және шифрін шешуді басқаратын бағдарлама болып табылады.

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы мынау файл түрлері үшін қорғаушыларды қамтиды:

  • Microsoft Office InfoPath пішіндері

  • Мынау Microsoft Office бағдарламаларының 1997-2003 жылғы файл пішімдері: Word, Excel, және PowerPoint

  • Microsoft Office Word 2007, Microsoft Office Excel 2007 және Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламаларына арналған Office Open XML пішімдері

  • XML Қағаз сипаттамасы (XPS) пішімі

Егер ұйымыңыз Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігін жоғарыда айтылған файл түрлерінен басқа файл түрлерін да қорғау үшін қолдануды жоспарласа, серверлік әкімшіңіз сол қосымша файл пішімдері үшін қорғаушыларды орнатуға тиіс.

АҚБ кітапхана үшін қосылған соң, құқықтарды басқару сол кітапханадағы файлдардың бәрінде қолданылады. АҚБ тізім үшін қосалған кезде, құқықтарды басқару тізім элементтерінің өздерінде емес, ал тек тізім элементтеріне тіркелген файлдарда қолданылады.

Адамдар файлдарды АҚБ қосылған тізім не кітапханаларға қотарған кезде, файлдарды тек қана рұқсаты бар кісілер көре алуы үшін олар шифрланады. Әрбір құқықтары басқарылатын файл файлды көретін кісілерге шек қоятын беру лицензиясын қамтиды. Әдетте қойылатын шектерге файлды тек оқылатын ету, мәтінді көшіру мүмкіндігін ажырату, кісілерге жергілікті көшірмені сақтап қоюға жол бермеу, және кісілерге файлды басып шығаруға жол бермеу кіреді. АҚБ қолданылатын файл түрлерін оқий алатын тұтынғыш бағдарламалар сол шектеулерді орындау үшін беру лицензиясын құқықтары басқарылатын файл ішінде пайдаланады. Сөйтіп, құқықтары басқарылатын файл серверден қотарылған соң да өзінің қорғанысын сақтап қалады.

Файл тізім не кітапханадан қотарылған кезде онда қолданылатын шектеу түрлері жеке пайдаланушылардың сол файл сақталған Office SharePoint Server тораптағы рұқсаттарына негізделген. Төменгі кесте Office SharePoint Server 2007 тораптарындағы рұқсаттар АҚБ рұқсаттарымен қалайша сай келуін түсіндіреді.

Office SharePoint Server 2007 рұқсаттары

АҚБ рұқсаттары

Рұқсаттарды басқару, веб торабын басқару

Толық басқару (тұтынғыш бағдарламасы анықтаған түрде): Бұл рұқсат әдетте пайдаланушыға құқықтары басқарылатын мазмұндың рұқсаттарын оқуға, өңдеуге, көшіруге, сақтауға, және өзгертуге мүмкіндік береді.

Элементтерді өңдеу, Тізімдерді басқару, Беттерді қосу және теңшеу

Өңдеу, Көшіру, және Сақтау: Тізім не кітапхана үшін Ақпараттық құқықтарды басқару бетінде Пайдаланушыларға құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру параметрі көзіне құсбелгі қойылған болса ғана пайдаланушы файлды басып шығаруы мүмкін.

Элементтерді көру

Оқу: Пайдаланушы құжатты оқий алады, бірақ оның мазмұнын көшіруі не өзгертуі мүмкін болмайды. Тізім не кітапхана үшін Ақпараттық құқықтарды басқару бетінде Пайдаланушыларға құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру параметрі көзіне құсбелгі қойылған болса ғана пайдаланушы басып шығаруы мүмкін.

Басқа

Басқа еш қайсы рұқсаттар АҚБ рұқсаттарымен сай келмейді.

Беттің жоғарғы жағы

Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігін тізім не кітапханада қолдану

АҚБ тізімдер және кітапханалар үшін қосылудан бұрын Microsoft Windows құқықтарды басқару қызметтері (ҚБҚ) тұтынғышы мен Client with 2-жаңарту бумасы әрбір алдыңғы веб серверде SharePoint торабыңыз үшін орнатылуы тиіс. Сонымен қатар, Ақпараттық құқықтарды басқаруы Орталықтан басқаруда сіздің торабыңыз үшін қосылуы тиіс. Сондай-ақ, сервер әкімшісі алдыңғы веб серверлердің бәрінде ұйымыңыздағы жұмысшыларға АҚБ мүмкіндігін пайдаланып қорғау қажет болған әрбір файл түрі үшін қорғаушы бағдарламалар орнатылуы тиіс.

АҚБ мүмкіндігін тізім не кітапханада қолдану үшін сізде сол тізім не кітапхана үшін кемінде Құрастыру рұқсаты деңгейі болуы тиіс.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Рұқсаттар және басқару параметрі астында Ақпараттық құқықтарды басқару параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер Ақпараттық құқықтарды басқару сілтемесі бейнеленбесе, АҚБ мүмкіндігі сіздің торабыңыз үшін қосылмаған болуы мүмкін. Сервер әкімшіңізбен байланысып, торабыңыз үшін АҚБ мүмкіндігін қосу мүмкіндігін тексеріңіз. Ақпараттық құқықтарды басқару сілтемесі сурет кітапханалары үшін бейнеленбейді.

  3. Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігінің параметрлері бетінде шектелген рұқсатты осы тізім не кітапханадан қотарылған құжаттарда қолдану үшін Қотару кезінде рұқсатты осы кітапханадағы құжаттарға шектеу құсбелгі көзін белгілеңіз.

  4. Рұқсат саясаты тақырыбы астындағы саясатты кейінірек басқа саясаттардан ажырата алуыңыз үшін оған сипаттайтын атау беріңіз.

    Мәселен, егер ұйымдың құпиялы құжаттарын қамтитын тізім не кітапханада шектелген рұқсатты пайдаланып тұрған болсаңыз, Құпиялы ұйым деп теріңіз.

  5. Рұқсат саясатының сипаты тармағы астында осы тізім не кітапхананы пайдаланатын кісілерге бейнеленіп, оларға осы тізім не кітапханадағы құжаттарды қалай қолдануды түсіндіретін сипаттаманы теріңіз.

    Мәселен, егер сіз осы құжаттардағы ақпаратқа қатынасты ішкі қызметкерлер пайдалануына шектеуді қаласаңыз, Осы құжаттың мазмұнын тек қана басқа қызметкерлермен талқылау деп тересіз.

  6. Осы тізім не кітапханалардағы құжаттарда қосымша шектеулерді қолдану үшін төменгі амалдардың біреуін орындаңыз.

Оны

істеу үшін

Пайдаланушыларға осы тізімдегі не кітапханадағы құжаттарды басып шығаруға рұқсат беріңіз.

Пайдаланушыларға құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру құсбелгі көзін белгілеңіз.

Кемінде элементтерді көруге рұқсаты бар пайдаланушыларға құжатта ендірілген код не макростарды жегуге рұқсат беріңіз.

Пайдаланушыларға мазмұнға бағдарламалық түрде қатынасқа рұқсат беру құсбелгі көзін белгілеңіз.

Ескерту : Егер сіз осы параметрді таңдасаңыз пайдаланушылар құжат мазмұндарын бөліп алу үшін кодты жеге алады.

Пайдаланушылар өздерінің құқықтарын белгілі аралықта тексеруін талап етіңіз.

Егер сіз мазмұнға қатынасты белгілі мерзімге шектеуді қаласаңыз, осы параметрді таңдаңыз. Егер сіз осы параметрді таңдасаңыз, пайдаланушылардың мазмұнға қатынасу лицензияларының мерзімі белгілі күндерден соң бітеді және пайдаланушылардан серверге қайтып құқықтарын тексеру және жаңа көшірмесін қотару талап етіледі.

Пайдаланушылар құқықтарын тексеруге тиісті құсбелгі көзін белгілеңіз, сонан соң құжаттың бейнеленетін күндер санын белгілеңіз.

Пайдаланушыларға АҚБ мүмкіндігін қолдамайтын құжаттарды осы тізімге не кітапханаға кері қотаруына жол бермеңіз.

Егер сіз осы параметрді таңдасаңыз, пайдаланушылар төменгі файл түрлерін кері қотара алмайды:

  • Алдыңғы веб серверлерінде сәйкесті АҚБ мүмкіндігін қорғаушы бағдарламалары орнатылмаған файл түрлері.

  • Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы шифрлерін шеше алмайтын файл түрлері.

  • Басқа бағдарламадағы АҚБ жәрдемімен қорғалған файл түрлері.

Пайдаланушыларға АҚБ қолданылмайтын құжаттарды кері қотаруға рұқсат бермеу құсбелгі көзін белгілеңіз.

Осы тізбе не кітапханадан шектелген рұқсаттарды белгілі күнде жойыңыз.

Рұқсаттарды осы кітапханадағы құжаттармен шектеуді тоқтату құсбелгі көзін белгілеңіз, сонан соң сізге керекті күнді енгізіңіз.

  1. Сізге керекті параметрлерді таңдап болған соң, OK түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×