Ақпараттық құқықтарды басқаруды тізім не кітапханада қолдану

Ақпараттық құқықтарды басқаруды тізім не кітапханада қолдану

Тізімдерден не кітапханалардан жүктелген файлдарды бақылау және қорғау үшін ақпараттық құқықтарды басқаруды (АҚБ) қолдана аласыз.

Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігін тізім не кітапханада қолдану

Microsoft Active Directory құқықтарды басқару қызметтері (AD RMS) SharePoint сайттары үшін ақпараттық құқықтарды басқаруға қолдау көрсетеді. Бөлек немесе қосымша орнату қажет емес.

Тізімге немесе кітапханаға АҚБ қолданбас бұрын оны алдымен сайттың әкімшісі қосуы керек. Сондай-ақ, сервер әкімшісі алдыңғы Веб-серверлердің бәрінде ұйымыңыздағы жұмысшыларға АҚБ мүмкіндігін пайдаланып қорғау қажет әр файл түрі үшін қорғаушы бағдарламалар орнатылуы тиіс.

АҚБ мүмкіндігін тізім не кітапханаға қолдану үшін кем дегенде, сол тізім не кітапханаға арналған Құрастырушы рұқсаттар деңгейіңіз болуы керек.

Ақпараттық құқықтарды басқару параметрлері

  1. АҚБ конфигурациялау қажет тізімге немесе кітапханаға өтіңіз.

  2. Таспадағы Кітапхана қойындысын басып, Кітапхана параметрлері түймешігін басыңыз (Егер тізімде жұмыс істеп жатсаңыз, Тізім қойындысын басып, Тізім параметрлері түймешігін басыңыз).

  3. Рұқсаттар мен басқару жолағының астында Ақпараттық құқықтарды басқару параметрін таңдаңыз.
    Егер ақпараттық құқықтарды басқару сілтемесі көрсетілмесе, АҚБ сіздің сайтыңыз үшін қосылмауы мүмкін. Сайт үшін АҚБ-ны қосу мүмкін не мүмкін еместігін анықтау үшін сервер әкімшісіне хабарласыңыз. Ақпараттық құқықтарды басқару сілтемесі сурет кітапханалары үшін көрсетілмейді.

  4. Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігінің параметрлері бетінде, шектелген рұқсатты осы тізім не кітапханадан жүктелген құжаттарда қолдану үшін Жүктеу кезінде рұқсатты осы кітапханадағы құжаттарға шектеу ұяшығына белгі қойыңыз .

  5. Рұқсат саясаты тақырыбын құру ұясында саясатты кейінірек басқа саясаттардан ажырата алуыңыз үшін оған сипаттайтын атау енгізіңіз. Мысалы, компанияның құпиялы құжаттарын қамтитын тізім не кітапханада шектелген рұқсатты пайдаланып тұрған болсаңыз Компанияның құпиясы деген атау енгізіңіз.

  6. Рұқсат саясатының сипаттамасын қосу ұясында осы тізім не кітапхананы пайдаланатын кісілерге бейнеленіп, оларға осы тізім не кітапханадағы құжаттарды қалай қолдануды түсіндіретін сипаттаманы теріңіз. Мысалы, осы құжаттардағы ақпаратқа қатынасты ішкі қызметкерлер пайдалануына шектеуді қаласаңыз, Осы құжаттың мазмұнын тек қана басқа қызметкерлермен талқылау деп енгізесіз.

  7. Осы тізім не кітапханалардағы құжаттарда қосымша шектеулерді қолдану үшін Параметрлерді көрсету пәрменін таңдап, төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

Бұл үшін:

Келесі әрекеттерді орындаңыз:

Пайдаланушыларға осы тізімдегі не кітапханадағы құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру

Пайдаланушыларға құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру ұяшығына белгі қойыңыз.

Кем дегенде, Элементтерді қарап шығу рұқсаты бар пайдаланушыларға құжатта ендірілген код не макростарды жегуге рұқсат беру.

Пайдаланушыларға мазмұнға бағдарламалық түрде қатынасқа рұқсат беру ұяшығына белгі қойыңыз.

Ескерту :  Осы параметрді таңдасаңыз, пайдаланушылар құжат мазмұндарын бөліп алу үшін кодті іске қоса алады.

Пайдаланушылар өздерінің құқықтарын белгілі аралықта тексеруін талап ету.

Егер сіз мазмұнға қатынасты белгілі мерзімге шектеуді қаласаңыз, осы параметрді таңдаңыз. Егер сіз осы параметрді таңдасаңыз, пайдаланушылардың мазмұнға қатынасу лицензияларының мерзімі белгілі күндерден соң бітеді және пайдаланушылардан серверге қайтып, өздерінің құқықтарын тексеруге және жаңа көшірме жүктеуге талап етіледі.

Пайдаланушылар құқықтарын тексеруге тиісті ұяшығына белгі қойып, сонан соң құжаттың бейнеленетін күндер санын белгілеңіз.

Пайдаланушыларға АҚБ мүмкіндігін қолдамайтын құжаттарды осы тізім не кітапханаға кері жүктеуін болдырмау.

Егер сіз осы параметрді таңдасаңыз, пайдаланушылар төмендегідей файл түрлерін кері жүктей алмайды:

  • Алдыңғы Веб-серверлерде сәйкесті АҚБ мүмкіндігін қорғаушы бағдарламалары орнатылмаған файл түрлері.

  • SharePoint Server 2010 бағдарламасы шифрлерін шеше алмайтын файл түрлері.

  • Басқа бағдарламадағы АҚБ жәрдемімен қорғалған файл түрлері

Пайдаланушыларға АҚБ қолданылмайтын құжаттарды кері жүктеуге рұқсат бермеу ұяшығына белгі қойыңыз.

Осы тізбе не кітапханадан шектелген рұқсаттарды белгілі күнде жою.

Рұқсаттарды осы кітапханадағы құжаттармен шектеуді тоқтату ұяшығына белгі қойып, сонан соң сізге керекті күнді таңдаңыз.

Құжатты ашуға лицензияланған бағдарлама үшін тіркелгі деректерінің кэштелу аралығын бақылаңыз.

Топ қорғауын жән тіркелгі деректері аралығын орнату тармағында тіркелгі деректерін кэштеу аралығын күн санымен енгізіңіз.

Пайдаланушылар бір топтың ішінде бөлісуі үшін топ қорғауын орнатыңыз.

Топты қорғауға рұқсат беру ұяшығына белгі қойып, ортақ пайдалану үшін топ атауын енгізіңіз

  1. Сізге керекті параметрлерді таңдап болған соң, ОК түймешігін басыңыз.

Ескерту :  SharePoint Online қызметін пайдалансаңыз, ауқымды IRM арқылы қорғалған файлдарды жүктеу кезінде күту уақыттары аяқталуы мүмкін. Ондай болса, IRM қорғанысын Office бағдарламалары арқылы қолданыңыз және файлдарды IRM мүмкіндігін пайдаланбайтын  SharePoint кітапханасына сақтаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ақпараттық құқықтарды басқару не?

Ақпараттық құқықтарды басқару (АҚБ) сізге пайдаланушылардың тізімдер немесе кітапханалардан жүктелетін файлдарға қатысты орындайтын әрекеттерін шектеуге мүмкіндік береді. АҚБ жүктелген файлдарды шифрлап, осы файлдардың шифрін шешуге рұқсат берілген пайдаланушылар мен бағдарламалар санын шектейді. Сонымен қатар, файлдарды оқуға рұқсаты бар пайдаланушылар файлдардың көшірмесін басып шығару не олардағы мәтіндерді көшіру сияқты әрекеттерді орындауды болдырмау үшін АҚБ сол пайдаланушылардың құқықтарын шектейді.

Құпия ақпараттың таралуын шектеу үшін ақпараттық құқықтарды басқаруды тізімдерде не кітапханаларда қолдануыңыз мүмкін. Мысалы, алдағы өнімдер туралы ақпаратты таңдамалы маркетинг өкілдерімен ортақтасуды үшін құжаттар кітапханасын жасап тұрған болсаңыз, Ақпараттық құқықтарды басқаруды пайдаланып, осы кісілерді компанияның басқа жұмысшыларымен бірге осы мазмұнды ортақтасуды болдырмауыңыз мүмкін.

Сайтта сіз АҚБ-ны жеке файлдарда пайдаланғаннан гөрі, бүкіл тізім не кітапханада қолданған жөн. Бұл бүкіл құжаттар не файлдар жиынына бірдей қорғаныс деңгейін қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Сөйтіп, АҚБ ұйымыңызға құпиялы не меншікті ақпараттарды пайдалану және таратуды басқаратын қауымдық саясаттарды орындауға көмектеседі.

АҚБ мазмұнды қалай қорғауға көмектесуі туралы

АҚБ төмендегі жолдармен шектелген мазмұндарды қорғауға көмектеседі:

  • Рұқсаты бар көрушінің мазмұнды рұқсат етілмеген мақсатпен көшіруіне, өзгертуіне, басып шығаруына, факс арқылы жіберуіне, не көшіруіне және кірістіруіне жол бермеу.

  • Рұқсаты бар көрушіге Microsoft Windows жүйесінің Print Screen мүмкіндігін пайдаланып, мазмұнды көшіруіне жол бермеу.

  • Егер мазмұн серверден жүктелгеннен кейін, электрондық пошта арқылы жіберілген болса, рұқсаты жоқ көрушінің мазмұнды көруіне жол бермеу.

  • Мазмұнға қатынасты белгілі мерзімге шектеп қояды, сол мерзім біткеннен соң, пайдаланушылар құқықтарын растауға және мазмұнды қайта жүктеуге тиісті.

  • Мазмұнның ұйымыңыз ішінде қолданылуын және таратылуын басқаратын қауымдық саясаттарды орындауға көмектесу.

АҚБ мазмұнды қалай қорғауға көмектесе алмайды

АҚБ шектелген мазмұнды төмендегілерден қорғай алмайды:

  • Троян вирустары, перне басылымдарын тіркеушілері және тыңшылық бағдарламалардың белгілі түрлері сияқты зиянды бағдарламалар себебші болатын өшірілу, ұрлық, тартып алыну не берілім.

  • Компьютер вирустарына себебші болатын жоғалту не бұзылу.

  • Экрандағы мазмұнды қолмен көшіру не қайта теру.

  • Экрандағы мазмұнның цифрлық не қарапайым фотосуреті.

  • Бөгде экранды жазып алу бағдарламалары арқылы көшіру.

  • Бөгде экранды жазып алу бағдарламаларын не көшіру және кірістіру әрекетін пайдалану арқылы мазмұн метадеректерін (баған мәндерін) көшіру.

Беттің жоғарғы жағы

АҚБ SharePoint тізімдері және кітапханалары үшін қалай істейді

АҚБ тізімдердегі және кітапхана деңгейіндегі файлдарда қолданылады. Тізім не кітапхана үшін Ақпараттық құқықтарды басқаруды қосқан соң, сіз алдыңғы веб серверлерінің бәріне қорғаушы бағдарлама орнатылған тізімдегі не кітапханадағы қандай болса да файл түрін қорғай аласыз. Қорғаушы бұл белгілі файл пішіміндегі құқықтары басқарылатын файлдарды шифрлауды және шифрін шешуді басқаратын бағдарлама болып табылады.

SharePoint бағдарламасы келесі файл түрлері үшін қорғаушыларды қамтиды:

  • Microsoft Office InfoPath пішіндері.

  • Мынау Microsoft Office бағдарламаларының 1997-2003 жылғы файл пішімдері: Word, Excel және PowerPoint.

  • Мына Microsoft Office бағдарламаларының Office Open XML пішімдері: Word, Excel және PowerPoint.

  • XML Қағаз сипаттамасы (XPS) пішімі.

Егер ұйымыңыз Ақпараттық құқықтарды басқару мүмкіндігін жоғарыда айтылған файл түрлерінен басқа файл түрлерін да қорғау үшін қолдануды жоспарласа, серверлік әкімшіңіз сол қосымша файл пішімдері үшін қорғаушыларды орнатуға тиіс.

АҚБ кітапхана үшін іске қосылғаннан соң, құқықтарды басқару сол кітапханадағы файлдардың бәрінде қолданылады. АҚБ тізім үшін іске қосалған кезде, құқықтарды басқару тізім элементтерінің өздерінде емес, тек қана тізім элементтеріне тіркелген файлдарда қолданылады.

Адамдар файлдарды АҚБ қосылған тізім не кітапханаларға жүктеген кезде, файлдарды тек қана рұқсаты бар кісілер көре алуы үшін олар шифрланады. Әрбір құқықтары басқарылатын файл файлды көретін кісілерге шек қоятын беру лицензиясын қамтиды. Әдетте қойылатын шектерге файлды тек оқылатын ету, мәтінді көшіру мүмкіндігін ажырату, кісілерге жергілікті көшірмені сақтап қоюға жол бермеу және кісілерге файлды басып шығаруға жол бермеу кіреді. АҚБ қолданылатын файл түрлерін оқи алатын клиенттік бағдарламалары сол шектеулерді орындау үшін беру лицензиясын құқықтары басқарылатын файл ішінде пайдаланады. Сөйтіп, құқықтары басқарылатын файл серверден жүктелгеннен соң да, өзінің қорғанысын сақтап қалады.

Файл тізім не кітапханадан жүктелген кезде онда қолданылатын шектеу түрлері жеке пайдаланушылардың сол файл сақталған сайттағы рұқсаттарына негізделеді. Төменгі кесте сайттардағы рұқсаттар АҚБ рұқсаттарымен қалайша сай келуін түсіндіреді.

Рұқсаттар

АҚБ рұқсаттары

Рұқсаттарды басқару, Веб-сайтты басқару

Толық басқару (клиенттік бағдарламасы анықтаған түрде): Бұл рұқсат әдетте пайдаланушыға құқықтары басқарылатын мазмұнның рұқсаттарын оқуға, өңдеуге, көшіруге, сақтауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

Элементтерді өңдеу, Тізімдерді басқару, Беттерді қосу және реттеу

Өңдеу , Көшіру және Сақтау: Тізім не кітапхана үшін Ақпараттық құқықтарды басқару бетінде Пайдаланушыларға құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру ұяшығына белгі қойылған болса ғана, пайдаланушы файлды басып шығара алады.

Элементтерді қарап шығу

Оқу : Пайдаланушы құжатты оқи алады, бірақ оның мазмұнын көшіруі не өзгертуі мүмкін болмайды. Тізім не кітапхана үшін Ақпараттық құқықтарды басқару бетінде Пайдаланушыларға құжаттарды басып шығаруға рұқсат беру ұяшығына белгі қойылған болса ғана, пайдаланушы басып шығаруы мүмкін.

Басқа

Басқа ешқайсы рұқсаттар АҚБ рұқсаттарымен сай келмейді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×