Ақаулықтарды жою бетбелгілері

Егер құжатқа бетбелгілер қосқан болсаңыз және оған қатысты ақау пайда болса, ақаулықты жоюдың алғашқы қадамы — оларды көріп отырғаныңызға көз жеткізу. Әдепкі бойынша, Word бағдарламасы оларды көрсетпейді.

Құжатта бетбелгілерді көрсету үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Файл > Параметрлер > Қосымша түймешігін басыңыз.

  1. Құжат мазмұнын көрсету жолағының астында Бетбелгілерді көрсету параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
    Word параметрлері

    Ескертулер : 

    • Егер бетбелгіні мәтін топтамасына не кескінге (не өзге элементке) қоссаңыз, бетбелгі жақшаның ішінде көрсетіледі:
      Жақша арқылы көрсетілген бетбелгі

    • Егер бетбелгіні қосу кезінде ешбір элемент таңдамаған болсаңыз (жай ғана курсорды аймақта орналастыру), бетбелгі I-түрінде көрсетіледі:
      I тәрізді көрсеткіш ретінде бейнеленген бетбелгі .

Сонымен қатар, бұл мақалада:

Мәтін орнына пайда болатын қате хабарламасы

Бетбелгі дұрыс жаңартылмағанын білдіретін элемент

Автомәтін енгізуінде жоқ бетбелгі

Бетбелгіні өңдеу кезіндегі күтілмеген нәтиже

Бетбелгілерді көшіру

Бетбелгілерді қию және жою

Бетбелгілерге қосу

Мәтін орнына пайда болатын қате хабарламасы

Бетбелгі үшін зақымдалған сілтемені қамтитын өрісті жаңартқанда, Word баңдарламасы «Қате! Бетбелгі анықталмады» немесе «Қате! Сілтеме көзі табылмады» хабарламасын көрсетеді. Қате хабарламасын алған бойда CTRL+Z пернелерін басу арқылы бастапқы мәтінді қалпына келтіре аласыз. Өрістегі мәтінді қалыпты мәтінге түрлендіру үшін CTRL+SHIFT+F9 пернелерін басуға болады.

Зақымдалған сілтемені зерттеу үшін келесі әрекетті орындап көріңіз:

  • Бетбелгінің бар екеніне көз жеткізіңіз     кейде адамдар өзге мәтінді жою кезінде бетбелгіні байқаусызда жойып алады. Мүұны тексеру үшін құжатта бетбелгілерді көре алатындығыңызға көз жеткізіңіз.

  • Өріс атаулары дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз     Бетбелгіні пайдаланатын көптеген элементтер — мысалы, қиылысатын сілтемелер мен индекстер — өріс ретінде кірістіріледі. Егер өріс атауы дұрыс енгізілмесе, өате хабарламасы көрсетілуі мүмкін. Өріс кодтары жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Word бағдарламасындағы өріс кодтары бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бетбелгі дұрыс жаңартылмағанын білдіретін элемент

Word қиылысатын сілтемелерді өріс ретінде кірістіреді. Егер қиылысатын сілтеме байланысқан бетбелгіге енгізілген өзгерістерге әсер етпесе, өрісті жаңартыңыз. Өріс кодын оң басып, мәтінмәндік мәзірден Өрісті жаңарту пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Автомәтін енгізуінде жоқ бетбелгі

Бетбелгіні қамтитын автомәтін жасағанда, бетбелгіде қамтылған мәтінді толықтай, ашу және жабу жақшаларын қоса таңдағандығыңызға көз жеткізіңіз.

Егер бетбелгі қамтитын мәтінді автомәтін енгізуі ретінде сақтасаңыз, Word бетбелгіні енгізумен бірге сақтайды. Егер өқжатта бірнеше рет автомәтін енгізуін кірістірсеңіз, Word бетбелгіні алдыңғы енгізуден жойып, оны ең соңғы енгізуге тіркейді.

Автомәтін жөнінде қосымша ақпараттыAвтоматты түрде мәтін кірістіру бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бетбелгіні өңдеу кезіндегі күтілмеген нәтиже

Бетбелгімен белгіленген элементтерді қия, көшіре және қоя аласыз. Сондай-ақ, белгіленген элеменке мәтін қоса аласыз және белгіленген элементтен мәтінді жоя аласыз. Бетбелгілерге енгізуге болатын өзгерістер мен күтілетін нәтижелер төменде берілген.

Бетбелгілерді көшіру

  • Егербетбелгі қосылған мәтін топтасының не кескіннің бөлігін не толықтай өзін сол құжаттағы өзге жерге көшірсеңіз,    бетбелгі бастапқы элементпен бірге қалады және көшірме белгіленбейді.

  • Егер белгіленген элементті толықтай өзге құжатқа көшірсеңіз,    екі бет те бірдей бетбелгілері бар бірдей элементтерді қамтиды.

Бетбелгілерді қию және жою

  • Егер белгіленген элементті түгелдей қиып алып, оны сол құжатттағы өзге орынға қойсаңыз,    элемент те, бетбелгі де жаңа орынға жылжиды.

  • Егер белгіленген элементтің бөлігін жойсаңыз,    бетбелгі қалған мәтін бөлігіне қосылады.

Бетбелгілерге қосу

  • Егер бетбелгіге қосылған кез келген екі таңба арасына мәтін қосқыңыз келсе,    қосымша мәтін бетбелгіде қамтылады.

  • Егер бетбелгінің ашу жақшасынан кейін тікелей басып, содан соң элементке мәтін не сызба қоссаңыз,    қосымша бетбелгіде қамтылады.

  • Егер бетбелгінің жабу жақшасынан кейін тікелей басып, содан соң элементке қоссаңыз,    қосымша бетбелгіде қамтылмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×