Ағымдағы құжатта тілді орнату

Аударманы басқару кітапханасы Microsoft Office SharePoint Server 2007 сайтында қолжетімді және Microsoft Office Word 2007 құжаттары мен олардың аудармаларын сақтау үшін арнайы жасалған. Кітапхана бастапқы құжат (құжаттың бастапқы нұсқасы) пен оның аудармалары арасындағы байланысты бақылайды және оңай тауып алу үшін сол құжаттардың барлығын бірге топтастырады.

Құжатты Office Word 2007 ішіндегі Аударманы басқару кітапханасына алғаш рет сақтағанда Құжат туралы мәлімет тақтасындағы Тіл сипаты үшін қажет мәнді енгізу сұралады. Құжат туралы мәлімет тақтасы Office Word 2007 ішінде көрсетіледі және құжат метадеректеріне арналған өрістерді қамтиды. Тақтаны Office Word 2007 бағдарламасынан шықпастан қалаған уақытта файд туралы маңызды метадеректерді енгізу үшін пайдалана аласыз.

Тіл сипаты үшін енгізілетін мәнді Аударманы басқару жұмыс процесі Аудармашылар тізіміндегі тиісті аудармашыға тапсырма тағайындау үшін пайдаланады. Тіл сипатының Аударманы басқару жұмыс процесі ғана пайдаланатын метадеректер екенін және Тіл сипаты пайдаланылатын емле тексергіш пен сөздікті анықтайтын құжаттың өзіндегі негізгі сипаттан өзгеше екенін түсінген жөн. Қосымша анықтама бөлімінен тіл параметрлері туралы қосымша ақпаратқа арналған сілтемелер табыңыз.

Маңызды : Аударманы басқару тақтасы мен Office Word 2007 арасындағы біріктіру тек Microsoft Office Professional Plus 2007 (қазақша нұсқасы), Microsoft Office Enterprise 2007 (қазақша нұсқасы) және Microsoft Office Ultimate 2007 (қазақша нұсқасы) және Office Word 2007 бағдарламасының автономды нұсқасында ғана қолжетімді.

Ағымдағы құжатта тілді орнату

Құжатты алғаш рет Аударманы басқару кітапханасына сақтағанда сізден Тіл сипаты үшін мән енгізу талап етіледі. Құжат туралы мәлімет тақатсын пайдалану арқылы құжат сипаттарын Office Word 2007 бағдарламасынан кез келген уақытта орната аласыз.

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Дайындау тармағын көрсетіп, Сипаттар түймешігін басыңыз.

  3. Қажетінше, Құжат туралы мәлімет тақтасындағыАударма құжатының сипаттары - Сервер түймешігін басыңыз.

    Құжат туралы мәлімет тақтасындағы параметрлер

  4. Тіл тізімінде құжатқа арналған тілді басыңыз.

    Ескерту : Тіл сипаты үшін енгізілетін мәнді Аударманы басқару жұмыс процесі Аудармашылар тізіміндегі тиісті аудармашыға тапсырма тағайындау үшін пайдаланады. Тіл сипаты Аударманы басқару кітапханасы мен жұмыс процесі тарапынан пайдаланылады — бұл сипат пайдаланылатын емле тексергіш пен сөздікті анықтайтын құжаттың өзіндегі негізгі сипаттан өзгеше. Қосымша анықтама бөлімінен тіл параметрлері туралы қосымша ақпаратқа арналған сілтемелер табыңыз.

  5. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  6. Басқаша сақтау пәрменін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×