Ауқымдағы немесе кестедегі деректерді сүзу

Деректерді сүзуге автосүзгіні пайдалану ұяшықтар ауқымындағы немесе кесте бағанындағы деректер жиынын табудың және онымен жұмыс істеудің жылдам және оңай жолы болып табылады.

Не істегіңіз келеді?

Сүзу туралы қосымша мәліметтер

Мәтінді сүзу

Сандарды сүзу

Күндерді немесе уақытты сүзу

Жоғарғы және төменгі сандарды табу үшін сүзу

Орташа мәндерден үлкен не кіші сандар бойынша сүзу

Бос мәндер немесе бос емес мәндер бойынша сүзу

Ұяшық түсі, қаріп түсі немесе белгіше жиыны бойынша сүзу

Бөлектелген элемент бойынша сүзу

«Автосүзгі» мәзіріндегі күндер иерархиясын топсыздандыру

Сүзу туралы қосымша мәліметтер

Сүзілген деректер көрсетілген шарт сай келетін жолдарды ғана көрсетіп, көрсеткіңіз келмейтін деректерді жасырады. Деректерді сүзгеннен кейін, сүзілген деректер жиынын қайта реттемей немесе жылжытпай, оны көшіруіңізге, табуыңызға, өңдеуіңізге, пішімдеуіңізге, диаграммасын сызуыңызға және басып шығаруыңызға болады.

Сондай-ақ, бірнеше баған бойынша сүзуіңізге болады. Сүзгілер ағымдағы сүзгіге негізделген және деректер жиынын азайтатын, әрбір қосымша сүзгіні білдіретін толықтыру болып табылады.

Автосүзгіні пайдалана отырып, үш түрлі сүзгіні жасай аласыз: тізімдегі мәндер бойынша, пішімі бойынша немесе шарттары бойынша. Бұл сүзгі түрлерінің әрқайсысы ұяшықтардың әр ауқымына немесе баған кестесіне өзара ерекше болып табылады. Мысалы, ұяшық түсі бойынша немесе сандар тізімі бойынша сүзуіңізге болады, бірақ екі шарт түрі бойынша сүзуге болмайды; белгішесі бойынша немесе пайдаланушы белгілеген сүзгі бойынша сүзуіңізге болады, бірақ екі шарт түрі бойынша сүзуге болмайды.

Маңызды : Жақсы нәтижелер алу үшін, бір бағандағы мәтін мен сан немесе сан мен күн сияқты сақтау пішімдерін араластырмаңыз, себебі әр бағанға сүзу пәрменінің бір ғана түрі қолданылады. Егер сақтау пішімдері араласып кетсе, шыққан пәрмен көп кездесетін сақтау пішімі болып табылады. Мысалы, бағанда сан түрінде сақталған үш мән және мәтін түріндегі төртеуі болса, шыққан сүзу пәрмені Мәтіндік сүзгілер болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін, Мәтін түрінде сақталған сандарды сандарға түрлендіру және Мәтін түрінде сақталған күндерді күндерге түрлендіру бөлімдерін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтінді сүзу

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Құрамында әріп пен сан деректері бар ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Белсенді ұяшық құрамында әріп пен сан деректері бар кесте бағанында екендігін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Мәтін мәндерінің тізімінен бөлектеу    

    1. Мәтін мәндерінің тізімінде сүзілетін бір немесе бірнеше мәтін мәндерін бөлектеңіз немесе бөлектеуді алыңыз.

      Мәтін мәндерінің тізімі 10 000 аса мәннен тұруы мүмкін. Егер тізім үлкен болса, жоғарыдағы (Бәрін бөлектеу) жанындағы құсбелгіні алып тастап, сүзілетін нақты мәтін мәндерін таңдаңыз.

      Кеңес : «Автосүзгі» мәзірін кеңейту не ұзарту үшін, астыңғы анықтауыш тұтқасын нұқып созыңыз.

      Шарттар жасау    

    2. Мәтіндік сүзгілер параметрін таңдап, салыстыру операторы немесе Теңшелетін сүзгі пәрмендерінің бірін таңдаңыз.

      Мысалы, нақты бір таңбамен басталатын мәтін бойынша сүзу үшін, Басталады пәрменін таңдаңыз, не болмаса, мәтіннің кез келген жерінде нақты таңбалар бар мәтін бойынша сүзу үшін, Құрамында бар пәрменін таңдаңыз.

    3. Өзгертпелі автосүзгі тілқатысу терезесінің оң жақтағы жолағына мәтінді енгізіңіз немесе тізімнен мәтін мәнін бөлектеңіз.

      Мысалы, "Ж" әрпінен басталатын мәтін бойынша сүзу үшін, Ж әрпін енгізіңіз, не болмаса, мәтіннің кез келген жерінде "бел" сөзі бар мәтін бойынша сүзу үшін, бел сөзін енгізіңіз.

      Егер басқаларын емес, кейбір таңбаларды ортақ пайдаланатын мәтінді табу керек болса, қойылмалы таңбаны пайдаланыңыз.

      Қойылмалы таңбаларды пайдалану әдісі

      Келесі қойылмалы таңбалар мәтін сүзгілерінде салыстыру шарты ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      Пайдалану

      Табу үшін

      ?-(сұрақ белгісі)

      Кез келген жалғыз таңба
      Мысалы, қа?ық шарты бойынша "қазық" және "қайық" сөздері табылады

      * (жұлдызша)

      Таңбалардың кез келген саны
      Мысалы, *түстік шарты бойынша "Солтүстік" және "Оңтүстік" сөздері табылады

      ~ (ирек сызық) таңбасынан кейін ?, *, немесе ~ келеді

      Сұрақ белгісі, жұлдызша немесе тильда
      Мысалы, ил06~? шарты бойынша "ил06?" сөзі табылады

    4. Таңдамалы бойынша, қосымша бір шарт бойынша сүзіңіз.

      Қосымша бір шарт қосу әдісі

      1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

        • Сүзілетін кесте бағаны немесе бөлектелген элемент шарттарының мәні шын болуы тиіс болса, Және қисындық амалдағышын таңдаңыз.

        • Сүзілетін кесте бағаны немесе бөлектелген элемент шарттарының мәні шын болуы мүмкін болса, Немесе қисындық амалдағышын таңдаңыз.

      2. Екінші енгізуде салыстыру амалдағышын таңдап, оң жақтағы жолаққа мәтінді енгізіңіз немесе тізімнен мәтін мәнін бөлектеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сандарды сүзу

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Құрамында сандық деректері бар ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Белсенді ұяшық құрамында сандық деректер бар кесте бағанында екендігін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Сандар мәндерінің тізімінен бөлектеу    

    1. Сандар тізімінен бір не бірнеше сүзілетін сандарды бөлектеңіз немесе бөлектеуді алыңыз.

      Сандар мәндерінің тізімі 10 000 аса мәннен тұруы мүмкін. Егер тізім үлкен болса, жоғарыдағы (Бәрін бөлектеу) жанындағы құсбелгіні алып тастап, сүзілетін нақты сандар мәндерін таңдаңыз.

      Кеңес : «Автосүзгі» мәзірін кеңейту не ұзарту үшін, астыңғы анықтауыш тұтқасын нұқып созыңыз.

      Шарттар жасау    

    2. Сандық сүзгілер параметрін таңдап, салыстыру операторы немесе Теңшелетін сүзгі пәрмендерінің бірін таңдаңыз.

      Мысалы, ең аз және ең көп сан шектеуі бойынша сүзу үшін, Арасында пәрменін таңдаңыз.

    3. Өзгертпелі автосүзгі тілқатысу терезесінің оң жақтағы жолағына не жолақтарына сандарды енгізіңіз немесе тізімнен сандар мәнін бөлектеңіз.

      Мысалы, ең аз 25 саны және ең көп 50 саны бойынша сүзу үшін, 25 және 50 сандарын енгізіңіз.

    4. Таңдамалы бойынша, қосымша бір шарт бойынша сүзіңіз.

      Қосымша бір шарт қосу әдісі

      1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

        • Сүзілетін кесте бағаны немесе бөлектелген элемент шарттарының мәні шын болуы тиіс болса, Және қисындық амалдағышын таңдаңыз.

        • Сүзілетін кесте бағаны немесе бөлектелген элемент шарттарының мәні шын болуы мүмкін болса, Немесе қисындық амалдағышын таңдаңыз.

      2. Екінші енгізуде салыстыру амалдағышын таңдап, оң жақтағы жолаққа санды енгізіңіз немесе тізімнен сан мәнін бөлектеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Күндерді немесе уақытты сүзу

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Құрамында сандық деректері бар ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Белсенді ұяшық құрамында күндер немесе уақыт бар кесте бағанында екендігін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Күндер мен уақыт тізімінен бөлектеу    

    1. Күндер немесе уақыт тізімінен сүзілетін бір немесе бірнеше күнді немесе уақытты бөлектеңіз немесе бөлектеуді алыңыз.

      Әдепкіде ұяшықтар ауқымындағы немесе кесте бағанындағы барлық мерзім жылдар, айлар және күндер иерархиясымен топталады. Иерархиядағы жоғарғы деңгейді бөлектеу немесе бөлектеуді тазалау сол деңгейдің төменгі жағына енгізілген барлық күндерді бөлектейді немесе бөлектеуді тазалайды. Мысалы, 2006 жылды бөлектесеңіз, айлар 2006 жыл астындағы тізімде, ал күндер әр айдың астындағы тізімде беріледі.

      Мәндер тізімі 10 000 аса мәннен тұруы мүмкін. Егер мәндер тізімі үлкен болса, жоғарыдағы (Бәрін бөлектеу) жанындағы құсбелгіні алып тастап, сүзу үшін мәндерді таңдаңыз.

      Кеңес : «Автосүзгі» мәзірін кеңейту не ұзарту үшін, астыңғы анықтауыш тұтқасын басып тұрып созыңыз.

      Шарттар жасау    

    2. Күн бойынша сүзгілер тармағын көрсетіп, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

      Жалпы сүзгі    

      Ескерту : Жалпы сүзгі салыстыру операторынегізделген сүзгілердің бірі болып табылады.

      1. Салыстыру амалдағышы пәрмендерінің (Тең, Дейін, Кейін немесе Арасында) бірін таңдаңыз немесе Теңшелетін сүзгі пәрменін таңдаңыз.

      2. Өзгертпелі автосүзгі тілқатысу терезесінің оң жағындағы жолаққа күнді немесе уақытты енгізіңіз, тізімнен бір күнді немесе уақытты таңдаңыз, не болмаса бір күнді тауып, енгізу үшін, Күнтізбе түймешігін басыңыз.

        Мысалы, ең аз немесе ең көп күн немесе уақыт бойынша сүзу үшін, Арасында пәрменін таңдаңыз.

      3. Өзгертпелі автосүзгі тілқатысу терезесінің оң жағындағы жолаққа не жолақтарға күнді немесе уақытты енгізіңіз, тізімнен бір күндерді немесе уақытты таңдаңыз, не болмаса бір күнді тауып, енгізу үшін, Күнтізбе түймешігін басыңыз.

        Мысалы, «01.03.2006» және «01.06.2006» арасындағы күн бойынша сүзу үшін, 01.03.2006 және 01.06.2006 мәндерін енгізіңіз. Не болмаса, «8:00» және «00:00» арасындағы уақыт бойынша сүзу үшін, 8:00 және 00:00 мәндерін енгізіңіз.

        Динамикалық сүзгі    

        Ескерту : Динамикалық сүзгі сүзгіні қайта қолданғаныңызда шарттары өзгеруі мүмкін сүзгілердің бірі болып табылады.

      4. Алдын ала анықталған күн пәрмендерінің бірін басыңыз.

        Мысалы, барлық күнді ағымдағы күн бойынша сүзу үшін, Бүгін пәрменін таңдаңыз, не болмаса, келесі ай бойынша сүзу үшін, Келесі айда пәрменін таңдаңыз.

      5. OK түймешігін басыңыз.

        Ескертулер : 

        • Кезеңдегі барлық күндер мәзірінің астындағы пәрмендер, мысалы Қаңтар немесе 2-тоқсан, жылға қарамай, кезең бойынша сүзеді. Мысалы, оны бірнеше жыл барысында кезеңдердегі сатуларды салыстыру үшін пайдалануға болады.

        • Биыл және Жылдың басынан болашақтағы кезеңдерді өңдеу жолдары бойынша ерекшеленеді. Осы жылда ағымдық жылға қатысты болашақ күндерді береді, ал Жылдың басынан күндерді ағымдық күнге дейін қосып береді.

    3. Таңдамалы бойынша, қосымша бір шарт бойынша сүзіңіз.

      Қосымша бір шарт қосу әдісі

      1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

        • Сүзілетін кесте бағаны немесе бөлектелген элемент шарттарының мәні шын болуы тиіс болса, Және қисындық амалдағышын таңдаңыз.

        • Сүзілетін кесте бағаны немесе бөлектелген элемент шарттарының мәні шын болуы мүмкін болса, Немесе қисындық амалдағышын таңдаңыз.

      2. Екінші енгізуде салыстыру амалдағышын таңдап, оң жақтағы жолаққа күнді немесе уақытты енгізіңіз, тізімнен күнді немесе уақытты таңдаңыз не күнді тауып енгізу үшін, Күнтізбе түймешігін басыңыз.

      Ескертулер : 

      • Барлық күн сүзгілері Григориан күнтізбесіне негізделеді.

      • Қаржы жылдары мен қаржы тоқсандары әрдайым күнтізбе жылының қаңтарынан басталады.

      • Егер апта күндері бойынша сүзгіңіз келсе, апта күнін көрсету үшін, ұяшықтарды пішімдеңіз. Егер күнге қарамай апта күні бойынша сүзгіңіз келсе, оларды TEXT функциясы арқылы түрлендіріңіз. Дегенмен, TEXT функциясы мәтін мәнін береді, сондықтан шыққан сүзу пәрмені Күн бойынша сүзгілер емес, Мәтіндік сүзгілер болады. Қосымша ақпарат алу үшін, Күндерді апта күндері түрінде көрсету бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жоғарғы және төменгі сандарды табу үшін сүзу

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Құрамында сандық деректері бар ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Белсенді ұяшық құрамында сандық деректер бар кесте бағанында екендігін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Сандық сүзгілер пәрменін таңдап, Жоғарғы 10 түймешігін басыңыз.

  4. Шартты тізім бойынша салу тілқатысу терезесінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.

    1. Сол жақтағы жолақта Жоғарғы немесе Төменгі түймешігін басыңыз.

    2. Ортаңғы жолаққа санды енгізіңіз.

    3. Оң жақтағы жолақта келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

      • Сан бойынша сүзу үшін, Элементтер түймешігін басыңыз.

      • Пайыздық көрсеткіш бойынша сүзу үшін Пайыз түймешігін басыңыз.

Ескерту : Жоғарғы және төменгі мәндер сүзілген деректер жиынына емес, бастапқы ұяшықтар ауқымына немесе кесте бағанына негізделеді.

Беттің жоғарғы жағы

Орташа мәндерден үлкен не кіші сандар бойынша сүзу

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Құрамында сандық деректері бар ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Белсенді ұяшық құрамында сандық деректер бар кесте бағанында екендігін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Сандық сүзгілер пәрменін таңдап, келесі әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындаңыз:

    1. Орташа мәндерден үлкен сандар бойынша сүзу үшін, Ортаңғыдан жоғары параметрін таңдаңыз.

    2. Орташа мәндерден кіші сандар бойынша сүзу үшін, Ортаңғыдан төмен параметрін таңдаңыз.

Ескерту : Орташа мәндерден үлкен не кіші сандар сүзілген деректер жиынына емес, бастапқы ұяшықтар ауқымына немесе кесте бағанына негізделеді.

Беттің жоғарғы жағы

Бос мәндер немесе бос емес мәндер бойынша сүзу

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз. Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Белсенді ұяшық кесте бағанында екендігін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    1. Бос емес мәндер бойынша сүзу үшін, мәндер тізімінің жоғарғы жағындағы «Автосүзгі» мәзірінен (Бәрін бөлектеу) жанына құсбелгі қойып, мәндер тізімінің жоғарғы жағындағы (Бос ұяшықтар) жанындағы құсбелгіні алып тастаңыз.

    2. Бос мәндер бойынша сүзу үшін, мәндер тізімінің жоғарғы жағындағы «Автосүзгі» мәзірінен (Бәрін бөлектеу) жанындағы құсбелгіні алып тастап, мәндер тізімінің жоғарғы жағындағы (Бос ұяшықтар)жанына құсбелгі қойыңыз.

      Ескерту : Ұяшықтар ауқымында немесе кесте бағанында кем дегенде бір бос ұяшық болған жағдайда ғана, (Бос ұяшықтар) құсбелгісі қатынаулы болады.

Беттің жоғарғы жағы

Ұяшық түсі, қаріп түсі немесе белгіше жиыны бойынша сүзу

Егер ұяшықтар ауқымын немесе кесте бағанын ұяшық түсі не қаріп түсі бойынша қолмен немесе шартты түрде пішімдесеңіз, осы түстер бойынша да сүзуіңізге болады. Сондай-ақ, шартты пішім арқылы жасалған белгіше бойынша сүзуіңізге болады.

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Ұяшықтар ауқымы    

    1. Ұяшық түсі, қаріп түсі немесе белгіше жиыны бойынша пішімделген деректері бар ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    2. Өзіндік қойындысының Өңдеу тобында Сұрыптау & Сүзгі түймешігін нұқып, одан кейін Сүзгі түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

      Кесте    

    3. Кесте бағанында ұяшық түсі, қаріп түсі немесе белгіше жиыны бойынша пішімделген деректер бар екенін тексеріңіз.

  2. Бағанның үстіңгі деректемесіндегі көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі нұқыңыз.

  3. Түс бойынша сүзгілер параметрін таңдап, пішім түріне байланысты Ұяшықтың түсі бойынша сүзгі, Қаріптің түсі бойынша сүзгі немесе Ұяшықтың белгішесі бойынша сүзгі параметрінің бірін таңдаңыз.

  4. Пішім түріне байланысты түсті, қаріп түсін немесе ұяшық белгішесін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бөлектелген элемент бойынша сүзу

Деректерді белсенді ұяшықтың мазмұнына тең шарттармен жылдам сүзуіңізге болады.

  1. Ұяшықтар ауқымында немесе кесте бағанында сүзгіңіз келетін мәні, түсі, қаріп түсі немесе белгішесі бар ұяшықты тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Сүзгі пәрменін таңдап, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Мәтіні, саны, күні не уақыты бойынша сүзу үшін, Бөлектелген ұяшықтың мәні бойынша сүзгі параметрін таңдаңыз.

    • Ұяшық түсі бойынша сүзу үшін, Бөлектелген ұяшықтың түсі бойынша сүзгі параметрін таңдаңыз.

    • Қаріп түсі бойынша сүзу үшін, Бөлектелген ұяшықтың қаріп түсі бойынша сүзгі параметрін таңдаңыз.

    • Белгішесі бойынша сүзу үшін, Бөлектелген ұяшықтың белгішесі бойынша сүзгі параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

«Автосүзгі» мәзіріндегі күндер иерархиясын топсыздандыру

Күн сүзгісі «Автосүзгі» мәзірінің төменгі жағындағы күндер тізімі үшін күндердің иерархиялық тобын иерархиялық емес күндер тізіміне өзгертуіңізге болады. Мысалы, иерархиялық емес тізімнен оларды қолмен таңдау арқылы екі сандық жылдар үшін ғана сүзуіңізге болады.

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, Excel параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін Қосымша дәрежесін нұқыңыз.

  2. Осы жұмыс кітабы үшін параметрлерді көрсету бөлімінде жұмыс кітабын таңдап, Автосүзгі мәзіріндегі күндерді топтау жанындағы құсбелгіні алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×