Аударуды басқару жұмыс үдірісін қолдану

Аударуды басқару жұмыс үдірісі Аударуды басқару кітапханасындағы бастапқы құжаттың көшірмелерін жасап, аудару мақсатымен белгіленген аудармашыларға бағыттап жібереді. Аударуды басқару жұмыс үдірісі тек Аударуды басқару кітапханаларына беріледі.

Осы мақалада

Аударуды басқару жұмыс үдірісі қалай жұмыс істейді?

Аударуды басқару жұмыс үдірісін Аударуды басқару кітапханасына қосу

Аударуды басқару жұмыс үдірісімен қолданылатын Аудармашылар тізімін бейімдеу

Аударуды басқару жұмыс үдірісін бастау

Аударуды басқару жұмыс үдірісі тапсырмасын аяқтау

Аударуды басқару жұмыс үдірісі қалай жұмыс істейді?

Аударуды басқару жұмыс үдірісі ұжымдарға, аудару тапсырмаларын бекітуді бақылау мен басқару арқылы олардың құжаттарды қолдап аудару жұмыстарына көмектесу үшін арналған. Бұл жұмыс үдірісі тек Аударуды басқару кітапханаларына беріледі. Аударуды басқару кітапханалары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, Аударуды басқару кітапханасын жасау дегенді қараңыз.

Аударуды басқару жұмыс үдірісі құжаттарды белгілі бір тілге аударуға жауапты адамды тізімдейтін Аудармашылар тізімімен жұмыс істейді. Жұмыс үдірісін бастапқы құжаты үшін қолдап немесе автоматты түрде басталатындай теңшеуге болады.

Аударуды басқару жұмыс үдірісі бастапқы құжатта басталған кезде, ол бастапқы құжаттың тіліне қатысты Аудармашылар тізімінде белгіленген әр аудармашыға бастапқы құжаттың көшірмесін жасайды. Және де, жұмыс үдірісі әр толтырғыш құжатына тиісті тіл сипатын қойып, толтырғыш пен бастапқы құжаттың арасында қатынас құрайды. Содан соң, жұмыс үдірісі аудару тапсырмасын әр аудармашыға бекітеді. Жұмыс үдірісінің қатысушылары жұмыс үдірісі тапсырмалары жөнінде электронды пошта ескертулерін алады.

Аудармашы аудару тапсырмасын аяқтағаннан кейін, ол оны аяқталған деп белгілеп қояды. Жұмыс үдірісіндегі барлық аударма тапсырмалары аяқталған соң, жұмыс үдірісі Аяқталған деп белгіленеді.

Жұмыс үдірісін, бастапқы құжат жұмыс үдірісінің орындалу кезінде өзгерген кезде, ол автоматты түрде аяқталатып, барлық аяқталмаған аудару тапсырмаларын болдырмайтындай теңшеулеуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Аударуды басқару жұмыс үдірісін Аударуды басқару кітапханасына қосу

Аударуды басқару жұмыс үдірісін кітапхананы жасаған кезде Аударуды басқару кітапханасына қосуыңызға болады. Одан басқа, Аударуды басқару жұмыс үдірісін қолданыстағы Аударуды басқару кітапханасына кез келген уақытта қосуыңызға болады.

Аударуды басқару жұмыс үдірісімен жаңа Аударуды басқару кітапханасын жасау

Аударуды басқару кітапханасын жасап, Аударуды басқару жұмыс үдірісін сол кітапханаға сол уақытта қосуыңызға болады. Торапқа Аударуды басқару кітапханасын жасау үшін, Тізімдерді басқару рұқсатыңыз болуы керек.

Аударуды басқару кітапханасын жасау

  1. Тез іске қосу тармағында Барлық торап мазмұнын қарау дегенді таңдап, Жасау дегенді нұқыңыз.

  2. Кітапханалар тармағында Аударуды басқару кітапханасы дегенді нұқыңыз.

    Атауы терезесінде кітапхана атауын теріңіз. Кітапхана атауы қажет етіледі.

    Атауы кітапхана бетінің жоғарғы жағында көрсетіліп, кітапхана бетінің мекенжайының құрам бөлігі болып табылады және пайдаланушыларға кітапхананы тауып, ашуға көмектесетін шарлау элементінде көрсетіледі.

    Сипаттамасы терезесінде кітапхана арнауының сипаттамасын теріңіз. Сипаттама қосымша болып табылады.

    Сипаттамасы кітапхана бетінің жоғарғы жағында, кітапхана атауының тура астында шығарылады. Егер сіз кітапхананың мазмұнды электрондық пошта арқылы қабылдау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отырсаңыз, сіз кітапхананың электрондық пошта мекенжайын адамдар оңай тауып алатындай оның сипаттамасына қоса аласыз.

  3. Жедел іске қосушы ішінде осы кітапханаға сілтеме қосу үшінШарлау бөлімінде Иә тармағы таңдалғандығын тексеріңіз.

  4. Файл кітапханаға тіркелген сайын оның нұсқасын жасау үшін, Құжат нұсқасының тарихы бетінде Иә батырмасын басыңыз.

    Кейінірек сіз негізгі және қосалқы нобайдың екеуін де сақтауды және әрқайсысының қанша нобайын өзгерткіңіз келетіндігін таңдай аласыз.

  5. Құжат үлгісі бөліміндегі тізімде кітапханада жасалған файлдарға үлгі ретінде қолданғыңыз келетін әдепкі файлдың түрін нұқыңыз.

  6. Аударуды басқару жұмыс үдірісі бөлімінде Иә дегенді нұқу арқылы Аударуды басқару жұмыс үдірісін кітапханаға қосыңыз.

  7. Келесі дегенді нұқып, Аударуды басқару жұмыс үдірісін теңшеулеңіз.

Аударуды басқару жұмыс үдірісін теңшеулеу

  1. Жұмыс үдірісін қосу бетіндегі Аты бөлімінде, егер оны Аударуды басқару әдепкі мәнінен өзгерткіңіз келсе, осы жұмыс үдірісіне бірегей ат беріңіз.

  2. Тапсырма тізімі бөлімінде осы жұмыс үдірісімен қолданылатын тапсырма тізімін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Әдепкі Тапсырмалар тізімін қолдануыңызға немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер әдепкі Тапсырмалар тізімін қолдансаңыз, жұмыс үдірісінің қатысушылары жұмыс үдірісі тапсырмаларын Тапсырмалар тізімінің Тапсырмаларым көрінісін қолдану арқылы оңай тауып алып, көрулеріне болады.

    • Егер осы жұмыс үдірісіне арналған тапсырмалар жалпы Тапсырмалар тізімінен бөлек сақтағыңыз келетін құпия деректермен жұмыс істесе немесе оларды көрсететін болса, жаңа Тапсырмалар тізімін жасаңыз.

    • Егер ұжымыңызда бірнеше жұмыс үдірістер болатын болса немесе жұмыс үдірістер бірнеше тапсырмалармен жұмыс істейтін болса, жаңа Тапсырмалар тізімін жасаңыз.

  3. Тарих тізімі бөлімінде осы жұмыс үдірісімен қолданылатын тарих тізімін таңдаңыз. Тарих тізімі жұмыс үдірісінің әр орындалуында болатын оқиғалардың барлығын көрсетеді.

    Ескерту : Әдепкі Тарих тізімін қолдануыңызға немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер ұжымыңызда бірнеше жұмыс үдірісі болса, әр жұмыс үдірісіне бөлек Тарих тізімін жасауды қалауыңыз мүмкін.

  4. Бастау опциялары бөлімінде жұмыс үдірісі қалай, қашан немесе кіммен басталатынын белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Кейбір опциялар, егер оларға сіз таңдаған жұмыс үдірісінің үлгісі қолдау көрсетпесе, қолданысқа берілмеуі мүмкін.

    • Элементтің негізгі нұсқасын жариялауды мақұлдау үшін осы жұмыс үдірісін бастау опциясы, кітапханаға негізгі және шағын нұсқасына қолдау көрсету қосылып тұрса және сіз таңдаған жұмыс үдірісінің үлгісін мазмұнды мақұлдауға қолдануға болатын болса ғана қолданысқа беріледі.

  5. Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Тілдер мен Аудармашылар тізімдері бөлімінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жұмыс үдірісі аудару тапсырмаларын бекітуге қолданыстағы аудармашылар тізімін қолданатындай белгілеу үшін, Торапта берілген қолданыстағы тілдер мен аудармашылар тізімін қолдану дегенді нұқып, қолданғыңыз келетін тізімді таңдаңыз.

      Ескерту : Бұл опция Аудармашылар тізімі торабыңызға берілген болса ғана бар болады.

    • Жұмы үдірісіне қолдануға болатын тілдер мен аудармашылардың жаңа тізімін жасау үшін, Осы жұмыс үдірісіне тілдер мен аудармашылардың жаңа тізімін жасау дегенді нұқып, Тізім аты жолағына тізімнің бірегей атын енгізіңіз. Содан соң, жұмыс үдірісін бейімдеп болған кезде аттарды жаңа аудармашылардың тізіміне қосуды бастағыңыз келсе, Жаңа аудармашылар тізімін бөлек терезеде ашу дегенді таңдаңыз.

  7. Мерзім бөлімінде автоматты түрде басталатын жұмыс үдірістеріне арналған жұмыс үдірісі тапсырмалары аяқаталатын күндер мерзімін белгілеңіз.

    Ескерту : Мерзімді қоятын опция құжаттар кітапханада жасалған немесе өзгертілген кезде жұмыс үдірісі автоматты түрде басталатынын таңдасаңыз ғана қолданысқа беріледі.

  8. Егер барлық тапсырмалар аяқталған кезде немесе біреу аударманың бастапқы құжатын өзгерткен кезде жұмыс үдірісі аяқталғанын қаласаңыз, Жұмыс үдірісін аяқтау бөлімінде Жұмыс үдірісін аяқтау құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Егер бұл құсбелгі көзін белгілемесеңіз, жұмыс үдірісі барлық аудару тапсырмалары аяқталған кезде аяқталады.

  9. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  10. Егер осы жұмыс үдірісімен қолданылатын жаңа аудармашылар тізімін жасап, сол тізім жаңа терезеде ашылғанын таңдасаңыз, бөлек терезе ашылып, тізімге аттарды енгізуді бастауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Аударуды басқару жұмыс үдірісін қолданыстағы Аударуды басқару кітапханасына қосу

Аударуды басқару жұмыс үдірісін қолданыстағы Аударуды басқрау кітапханасына кез-келген уақытта қосуыңызға болады. Егер сол кітапханада өзге бастапқы құжаттарға бөлек Аудармашылар тізімдерін немесе өзге бастапқы құжаттарға өзге аудару ежерелерін қажет етсеңіз, бірнеше Аударуды басқару жұмыс үдірістерін бір кітапханаға қосқыңыз келуі мүмкін.

  1. Жаңа Аударуды басқару жұмыс үдірісін қосқыңыз келетін Аударуды басқару кітапханасын ашыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Рұқсаттар мен Басқару тармағында Жұмыс үдірісінің теңшеулері дегенді нұқыңыз.

    Ескерту : Егер жұмыс үдірістері осы тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосылған болса, бұл қадам тікелей Жұмыс үдірісінің теңшеулерін өзгерту бетіне апарады. Сонда, Жұмыс үдірісін қосу бетіне өту үшін, Жұмыс үдірісін қосу дегенді нұқуыңыз қажет. Егер бұл тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне ешқандай жұмыс үдірістері қосылмаған болса, бұл қадам тікелей Жұмыс үдірісін қосу бетіне апарады.

  3. Аты бөлімінде бұл жұмыс үдірісіне, егер оны Аударуды басқару әдепкі мәнінен өзгерткіңіз келсе, бірегей ат беріңіз.

  4. Тапсырма тізімі бөлімінде осы жұмыс үдірісімен қолданылатын тапсырма тізімін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Әдепкі Тапсырмалар тізімін қолдануыңызға немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер әдепкі Тапсырмалар тізімін қолдансаңыз, жұмыс үдірісінің қатысушылары жұмыс үдірісі тапсырмаларын Тапсырмалар тізімінің Тапсырмаларым көрінісін қолдану арқылы оңай тауып алып, көрулеріне болады.

    • Егер осы жұмыс үдірісіне арналған тапсырмалар жалпы Тапсырмалар тізімінен бөлек сақтағыңыз келетін құпия деректермен жұмыс істесе немесе оларды көрсететін болса, жаңа Тапсырмалар тізімін жасаңыз.

    • Егер ұжымыңызда бірнеше жұмыс үдірістер болатын болса немесе жұмыс үдірістер бірнеше тапсырмалармен жұмыс істейтін болса, жаңа Тапсырмалар тізімін жасаңыз.

  5. Тарих тізімі бөлімінде осы жұмыс үдірісімен қолданылатын тарих тізімін таңдаңыз. Тарих тізімі жұмыс үдірісінің әр орындалуында болатын оқиғалардың барлығын көрсетеді.

    Ескерту : Әдепкі Тарих тізімін қолдануыңызға немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер ұжымыңызда бірнеше жұмыс үдірісі болса, әр жұмыс үдірісіне бөлек Тарих тізімін жасауды қалауыңыз мүмкін.

  6. Бастау опциялары бөлімінде жұмыс үдірісі қалай, қашан немесе кіммен басталатынын белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Кейбір опциялар, егер оларға сіз таңдаған жұмыс үдірісінің үлгісі қолдау көрсетпесе, қолданысқа берілмеуі мүмкін.

    • Элементтің негізгі нұсқасын жариялауды мақұлдау үшін осы жұмыс үдірісін бастау опциясы, кітапханаға негізгі және шағын нұсқасына қолдау көрсету қосылып тұрса және сіз таңдаған жұмыс үдірісінің үлгісін мазмұнды мақұлдауға қолдануға болатын болса ғана қолданысқа беріледі.

  7. Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Тілдер мен Аудармашылар тізімдері бөлімінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жұмыс үдірісі аудару тапсырмаларын бекітуге қолданыстағы аудармашылар тізімін қолданатындай белгілеу үшін, Торапта берілген қолданыстағы тілдер мен аудармашылар тізімін қолдану дегенді нұқып, қолданғыңыз келетін тізімді таңдаңыз.

    • Жұмы үдірісіне қолдануға болатын тілдер мен аудармашылардың жаңа тізімін жасау үшін, Осы жұмыс үдірісіне тілдер мен аудармашылардың жаңа тізімін жасау дегенді нұқып, Тізім аты жолағына тізімнің бірегей атын енгізіңіз. Содан соң, жұмыс үдірісін бейімдеп болған кезде аттарды жаңа аудармашылардың тізіміне қосуды бастағыңыз келсе, Жаңа аудармашылар тізімін бөлек терезеде ашу дегенді таңдаңыз.

  9. Мерзім бөлімінде автоматты түрде басталатын жұмыс үдірістеріне арналған жұмыс үдірісі тапсырмалары аяқаталатын күндер мерзімін белгілеңіз.

    Ескерту : Мерзімді қоятын опция құжаттар кітапханада жасалған немесе өзгертілген кезде жұмыс үдірісі автоматты түрде басталатынын таңдасаңыз ғана қолданысқа беріледі.

  10. Егер барлық тапсырмалар аяқталған кезде немесе біреу аударманың бастапқы құжатын өзгерткен кезде жұмыс үдірісі аяқталғанын қаласаңыз, Жұмыс үдірісін аяқтау бөлімінде Жұмыс үдірісін аяқтау құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Егер бұл құсбелгі көзін белгілемесеңіз, жұмыс үдірісі барлық аудару тапсырмалары аяқталған кезде аяқталады.

  11. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  12. Егер осы жұмыс үдірісімен қолданылатын жаңа аудармашылар тізімін жасап, сол тізім жаңа терезеде ашылғанын таңдасаңыз, бөлек терезе ашылып, тізімге аттарды енгізуді бастауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Аударуды басқару жұмыс үдірісімен қолданылатын Аудармашылар тізімін бейімдеу

Аудару жұмыс үдірісін бастаған кезде, жұмыс үдірісіне арналған аудармашылар тізімінде белгіленген ақырғы тілдердің әр-қайсысына қатысты бастапқы құжаттың көшірмесін жасайды. Содан соң, ол аудармашылар тізімінде сол тілдерге белгіленген аудармашыларға аудару тапсырмаларын бекітеді. Егер белгілі бір аудару түріне біреуден көп аудармашы белгіленген болса (мысалы, ағышлыннан испан тіліне аудару), онда сол аудармашылардың әр-қайсысы аудару тапсырмасын алады.

  1. Егер ол ашылмаған болса, жұмыс үдірісіңізге аудармашылар тізімін ашыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін тізіміңіздің атауын нұқыңыз.

  2. Жаңа мәзірінде Жаңа мәзірі Жаңа элемент дегенді нұқыңыз.

  3. Келесіден аудару бөлімінде осы аудармашы тізімнен құжаттарды аударатын бастапқы құжаттың бастапқы тілін таңдаңыз немесе Өз мәніңізді белгілеу дегенді нұқып, жолаққа тілді енгізіңіз.

  4. Келесіге аудару бөлімінде аудармашы тізімнен құжаттарды қай тілге аударатынын таңдаңыз немесе Өз мәніңізді белгілеу дегенді нұқып, жолаққа тілді енгізіңіз.

  5. Аудармашы бөлімінде аударманың осы түрін орындайтын аудармашының атын енгізіп, Шолу батырмасын басу арқылы каталог қызметінен атты таңдаңыз.

  6. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Тізімге қосымша аудармашыларды қосу үшін 2-6 қадамдарды орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Аударуды басқару жұмыс үдірісін бастау

Егер Аудару жұмыс үдірісі қолдап бастауға теңшеуленген болса, онда сол жұмыс үдірісін Аударуды басқару жұмыс үдірісіндегі құжаттарда қолдап бастауыңызға болады. Жұмыс үдірісін бастау үшін, кемінде Элементтерді өңдеу рұқсатыңыз болуы керек. Кейбір жұмыс үдірісітері, жұмыс үдірісін құжатта немесе элементте бастау үшін, сізде Тізімдерді басқару рұқсаты болуын талап етуі мүмкін.

Ескерту : Жұмыс үдірісін бастағаныңыздан кейін жұмыс үдірісі қатысушылары электронды пошта ескертулері мен ескертпелерді алатынын қамтамасыз еткіңіз келсе, электронды пошта ескертулері торабыңызда қосылып тұрғанын сервер әкімшісімен тексеріңіз.

  1. Жұмыс үдірісін бастағыңыз келетін құжаты бар Аударуды басқару кітапханасын ашыңыз.

  2. Жұмыс үдірісін бастағыңыз келетін құжатға тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз, содан соң, Жұмыс үдірістері дегенді таңдаңыз.

  3. Жаңа жұмыс үдірісін бастау тармағында бастағыңыз келетін жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз.

  4. Аударманы сұрау тармағында тапсырмаларды аяқтайтын күн-айды Мерзім жолағына енгізіңіз немесе таңдаңыз.

  5. Аудару сұранысына қосқыңыз келетін хабарды теріңіз.

  6. Жіберу батырмасын басыңыз.

    Жұмыс үдірісі бірден басталады. Ол жұмыс үдірісіне арналған аудармашылар тізімінде белгіленген ақырғы тілдердің әр-қайсысында бастапқы құжаттың көшірмесін жасайды. Және де, ол аудармашылар тізімінде әр аудармашыға берілетін аудару тапсырмаларын жасайды. Тапсырмалар бастапқы құжатты белгіленген тілге аударуды сұрайды. Егер белгілі бір аудару түріне біреуден көп аудармашы белгіленген болса (мысалы, ағышлыннан испан тіліне аудару), онда сол аудармашылардың әр-қайсысы аудару тапсырмасын алады. Егер торапқа электронды пошта мүмкіндігі қосылған болса, жұмыс үдірісінің қатысушылары аудару тапсырмалары жөнінде электронды пошта ескертулерін де алады.

Беттің жоғарғы жағы

Аударуды басқару жұмыс үдірісі тапсырмасын аяқтау

Аударуды басқару жұмыс үдірісін аяқтау үшін, екі нәрсені орындауыңыз керек:

  • Бастапқы құжаттың аударма көшірмесін Аударуды басқару кітапханасына сақтаңыз.

  • Жұмыс үдірісі тапсырмасының күйі Аяқталды деп көрсету үшін, оны өңдеңіз.

Құжатты аударуға бір шама уақыт кететін болғандықтан, тапсырманы аяқтамас бұрын, аудару тапсырмасының орындалуы жөнінде хабарлау үшін, жұмыс үдірісінің тапсырмасын өңдегіңіз келуі мүмкін.

  1. Тораптың Тапсырмалар тізімін ашыңыз. Содан соң, жұмыс үдірісі тапсырмаңызды тауып алу үшін, Көрініс мәзірінен Тапсырмаларым дегенді таңдаңыз.

    Ескерту : Егер жұмыс үдірісі әдепкі Тапсырмалар тізімін қолданбаса, онда жұмыс үдірісі тапсырмаңыз Тапсырмалар тізімінде шықпауы мүмкін. Жұмыс үдірісі тапсырмасын тауып алу үшін, жүмыс үдірісі элементі сақталған тізімге немесе кітапханаға өтіңіз. Қажетті элементке тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Жұмыс үдірістері дегенді нұқыңыз. Жұмыс үдірісі күйі бетіндегі Жұмыс үдірісітерін орындау тармағында сіз қатысушы болған жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз. Тапсырмалар тармағында жұмыс үдірісі тапсырмаңызды тауып алыңыз.

  2. Аяқтағыңыз келетін тапрсымаға тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Элементті өңдеу дегенді нұқыңыз.

  3. Аударуға қажет құжаттың сілтемесін нұқып, Ашу батырмасын басыңыз.

  4. Аудару кезінде құжатты тіркеуден шығару жақсы әдет болып саналады. Microsoft Office батырмасын нұқыңыз. Содан соң, тінтуірді Сервердің тапсырмалары дегенге апарып, Тіркеуден шығару дегенді нұқыңыз.

  5. Құжатты аударыңыз.

  6. Құжатты аударып болғаныңыздан кейін, Microsoft Office батырмасын басып, Сақтау дегенді нұқыңыз.

  7. Microsoft Office батырмасын басып, тінтуірді Сервердің тапсырмалары дегенге апарыңыз. Содан соң, Тіркеуге алу дегенді нұқыңыз.

  8. Аудару күйін келесіге өзгерту дегеннің қасындағы жұмыс үдірісі тапсырмасының пішінінде қажетті күй мәнін таңдаңыз. Мысалы, Орындалуда немесе Аяқталды дегенді таңдаңыз.

  9. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×