Атаулы жиынды OLAP жиынтық кестесі есебінде жасау

Деректерді жедел аналитикалық өңдеу OLAP жиынтық кестесімен Excel 2010 бағдарламасында жұмыс істегенде, мына әрекеттерді орындау үшін пайдалануға болатын атаулы жиынтықтарды жасауға болады:

  • Қайта пайдалануға болатын элементтердің жалпы жиындарын, тіпті ол жиындар деректерде болмаса да топтаңыз.

  • Элементтерді әр түрлі иерархиялардан бұрын көбінесе асимметриялық есептер деп аталған Excel нұсқаларында мүмкін болмаған жолдармен біріктіріңіз.

  • Атаулы жиынды теңшелетін көп өлшемді өрнектері (MDX) – жұмыс парағы формулалары сияқты синтаксис есептеуін беретін OLAP дерекқорының сұрау тілін пайдаланып жасауға болады.

Көп өлшемді өрнектер сұрау тілімен таныс болмасаңыз, жиынтық кестесі есебінің жолдары мен бағандарындағы элементтерге негізделген атаулы жиын жасай аласыз. Көп өлшемді өрнек сұрау тілі туралы қосымша ақпаратты Көп өлшемді деректерді сұрау бөлімінен қараңыз.

Көп өлшемді өрнек сұрау тілімен таныс болсаңыз, атаулы жиынтықты жасау немесе өзгерту үшін, көп өлшемді өрнекті пайдалана аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Жолдағы немесе бағандағы элементтер негізінде атаулы жиын жасау

Атаулы жиын жасау үшін, көп өлшемді өрнекті пайдалану

Атаулы жиынды өңдеу немесе жою

Жолдағы немесе бағандағы элементтер негізінде атаулы жиын жасау

  1. Атаулы жиын жасалатын OLAP жиынтық кестесі есебін таңдаңыз.

Бұл Жиынтық кесте құралдарын параметрін көрсетіп, Параметрлер және Жасақтама қойындысын қосады.

  1. Параметрлер қойындысындағы Есептеулер тобынан Өрістер, элементтер және жиындар параметрін таңдап, Жолдағы элементтер негізінде жиын жасау немесе Бағандағы элементтер негізінде жиын жасау түймешіктерін басыңыз.

Жиынтық кесте құралдары: «Параметрлер» қойындысындағы «Есептеулер» тобы

Жаңа жиын тілқатысу терезесі көрсетіледі. Қажет болса, осы тілқатысу құралының өлшемін тілқатысу терезесінің төменгі оң жақ бұрышындағы өлшем өзгерту таңбалауышын сүйреу арқылы өзгертуге болады.

  1. Жиын атауы жолағына жиын үшін пайдаланылатын атауды енгізіңіз.

  2. Атаулы жиынға қосылатын жолдарды көрсету үшін, мына әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін пайдаланыңыз:

    • Элементтер тізімінен жол алып тастау үшін, таңдалатын жолдың сол жақ аймағын басып, Жолды жою түймешігін пайдаланыңыз.

    • Элементтер тізіміне жаңа жол қосу үшін, жаңа жол қосылатын жолдың сол жақ төменгі аймағын басып, Жол қосу түймешігін пайдаланыңыз.

    • Элемент көшірмесін жасау үшін, жолдың сол жағындағы көшірілетін аймақты басып, Жолды көшіру түймешігін пайдаланыңыз.

    • Элементті басқа орынға жылжыту үшін, жолдың сол жағындағы жылжытылатын аймақты басып, Жоғарғы және Төменгі көрсеткілерді пайдаланып оны тиісті орынға жылжытыңыз.

  3. Әдепкі параметр бойынша, әр деңгейдің элементтері иерархияда бөлек өрістерде көрсетіледі, ал атаулы жиын жол немесе баған аймағындағы ағымдағы өрістермен алмасады.

    • Сол элементтерді басқа элементтер өрісінде көрсету үшін, Әр түрлі деңгейлердегі элементтерді бөлек өрістерде көрсету құсбелгісін алып тастаңыз.

    • Ағымдағы өрістерді жол немесе баған аймағында көрсетуді жалғастыру үшін, Ағымдағы жол аймағындағы өрістерді жаңа жиынмен алмастыру немесе Ағымдағы баған аймағындағы өрістерді жаңа жиынмен алмастыру құсбелгілерін алып тастаңыз. Жарайды түймешігін басқан кезде, жиын жиынтық кестеде көрсетілмейді, бірақ ол Жиынтық кесте өрісінің тізімі құрамында қол жетімді болады.

  4. Атаулы жиын жасау үшін, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескерту : 

  • Тілқатысу терезесін жапқан соң, барлық әрекеттерді болдырмау үшін, жылдам қатынау тақтасындағы Болдырмау түймешігін басыңыз.

  • Атаулы жиындар үшін ешқандай сүзу түрін қолдана алмайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Атаулы жиын жасау үшін, көп өлшемді өрнекті пайдалану

Маңызды :  Бұрыннан бар атаулы жиынның атаулы жиынын жасау немесе өзгерту үшін көп өлшемді өрнекті пайдаланғанда, кез келген қосымша өзгерістерді тек көп өлшемді өрнекті пайдаланып жасауға болады.

  1. Теңшелетін атаулы жиын жасалатын OLAP жиынтық кестесі есебін таңдаңыз.

  2. Параметрлер қойындысын ашып, Есептеулер тобындағы Өрістер, элементтер және жиындар тармағын таңдаңыз, одан кейін Жиындарды басқару параметрін таңдаңыз.

Жиынтық кесте құралдары: «Параметрлер» қойындысындағы «Есептеулер» тобы

Жиындарды басқарушы тілқатысу терезесі көрсетіледі. Қажет болса, осы тілқатысу құралының өлшемін тілқатысу терезесінің төменгі оң жақ бұрышындағы өлшем өзгерту таңбалауышын сүйреу арқылы өзгертуге болады.

  1. Жаңа түймешігін басып, Көп өлшемді өрнекті пайдаланып жиын жасау параметрін таңдаңыз.

  2. Жиын атауы жолағына жиын үшін пайдаланылатын атауды енгізіңіз.

  3. Атаулы жиынға көп өлшемді өрнек анықтамасын орнату үшін, мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Анықтама орнату жолағына көшірілген көп өлшемді өрнекті жазыңыз немесе қойыңыз.

    • Өрістер мен элементтер қойындысындағы қосылатын өріс тізімі жазбасын таңдап, Кірістіру түймешігін басыңыз.

      Сонымен қатар, Анықтама орнату жолағына өрістер тізімі жазбасын сүйреп апаруға немесе өрістер тізімі жазбасын екі рет нұқуға болады.

      Қол жетімді өрістер тізімі жазбалары

      Өрістер тізімі жазбасы

      Adventure Works текшесін пайдаланып жасалған көп өлшемді көрме үлгілері

      Мөлшер

      [Өнім]

      Төлсипаттар иерархиясы (барлық мүшелерді қамтиды)

      [Өнім].[Санат]

      Төлсипаттар иерархиясының деңгейі (барлық мүшелерді қамтымайды)

      [Өнім].[Санат].[Санат]

      Төлсипаттар иерархиясы мүшесі

      [Өнім].[Санат].&[4]

      Пайдаланушылар иерархиясы

      [Өнім].[Өнім Санаттар]

      Пайдаланушылар иерархияларының деңгейі

      [Өнім].[Өнім санаттары].[Санат]

      Пайдаланушылар иерархиясы мүшесі

      [Өнім].[Өнім санаттары].[Санат].&[4]

      Өлшем

      [Өлшемдер].[Интернет сатылымының көлемі]

      Есептелген өлшем

      [Өлшемдер].[Тектік өнім Интернет қатынасы]

      Атаулы жиын

      [Негізгі өнімдер тобы]

      Өнімділіктің негізгі көрсеткіші мәні

      Өнімділіктің негізгі көрсеткіші мәні («Өнім жалпы пайдасының шегі»)

      Өнімділіктің негізгі көрсеткіші мақсаты

      Өнімділіктің негізгі көрсеткіші («Өнім жалпы пайдасының шегі»),

      Өнімділіктің негізгі көрсеткішінің күйі

      Өнімділіктің негізгі көрсеткішінің күйі («Өнім жалпы пайдасының шегі»)

      Өнімділіктің негізгі көрсеткіші тренді

      Өнімділіктің негізгі көрсеткіші тренді («Өнім жалпы пайдасының шегі»)

      Пайдаланушылар иерархиясы мүшесінің сипаты

      [Өнім].[Өнім санаттары].Сипаттар(«Сынып» )

      Төлсипаттар иерархиясы мүшесінің сипаты

      [Өнім].[Өнім].Сипаттар(«Сынып»)

    • Функциялар қойындысындағы қол жетімді көп өлшемді өрнектен пайдаланылатын бір немесе бірнеше функцияларды таңдап, Кірістіру түймешігін басыңыз. Көп өлшемді өрнек функцияларын талдау қызметтері қолдайды; олардың құрамына VBA функциялары кірмейді.

      Функция аргументтері бұрышты тырнақшалар ішіне орналасады (<< >>). Толтырғыш аргументтерін таңдап, пайдаланылатын жарамды атауларды жазу арқылы оларды өзгертуге.

      Көп өлшемді өрнек функцияларының үлгілері

      ADDCALCULATEDMEMBERS( «Set» )
      AGGREGATE( «Set»[, «Numeric Expression»] )
      «Level».ALLMEMBERS
      «Hierarchy».ALLMEMBERS
      ANCESTOR( «Member» «Level» )
      ANCESTOR( «Member», «Distance» )
      ANCESTORS( «Member», «Distance» )
      ANCESTORS( «Member», «Level» )
      ASCENDANTS( «Member» )
      AVG( «Set»[, «Numeric Expression»] )
      AXIS( «Numeric Expression» )
      BOTTOMNCOUNT( «Set», «Count»[, «Numeric Expression»] )
      BOTTOMPERCENT( «Set», «Percentage», «Numeric Expression» )
      BOTTOMSUM( «Set», «Value», «Numeric Expression» ) …

  4. Жаңа көп өлшемді өрнек анықтамасын сынау үшін, Көп өлшемді өрнекті сынау түймешігін басыңыз.

  5. Әдепкі параметр бойынша, әр түрлі деңгейдегі элементтер иерархиядағы әр түрлі өрістерде көрсетіледі, өрістер реттеледі және қосарланған жазбалар автоматты түрде жойылады (себебі жиынға HIERARCHIZE және DISTINCT қосылады), ал атаулы жиын жол немесе баған аймағындағы ағымдағы өріспен алмасады.

    • Сол элементтерді басқа элементтер өрісінде көрсету үшін, Әр түрлі деңгейлердегі элементтерді бөлек өрістерде көрсету құсбелгісін алып тастаңыз.

    • Әдепкі иерархияны өзгертіп, қосарланған жазбаларды қалдыру үшін, Қосарланған жазбаларды жиында автоматты түрде реттеу және жою құсбелгісін алып тастаңыз.

    • Ағымдағы өрістерді жол немесе баған аймағында көрсетуді жалғастыру үшін, Ағымдағы жол аймағындағы өрістерді жаңа жиынмен алмастыру немесе Ағымдағы баған аймағындағы өрістерді жаңа жиынмен алмастыру құсбелгілерін алып тастаңыз. Жарайды түймешігін басқан кезде, жиын жиынтық кестеде көрсетілмейді, бірақ ол Жиынтық кесте өрісінің тізімі құрамында қол жетімді болады.

  6. SQL Server 2008 талдау қызметтері текшесіне қосылған болсаңыз, динамикалық атаулы жиын әдепкі параметр бойынша орнатылады. Осы аталған жиын әрбір жаңарту сайын қайта есептеледі.

    • Атаулы жиынды әрбір жаңарту сайын қайта есептемеу үшін, Жиынды әрбір жаңарту сайын қайта есептеу құсбелгісін алып тастаңыз.

  7. Атаулы жиын жасау үшін, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескерту : 

  8. Тілқатысу терезесін жапқан соң, барлық әрекеттерді болдырмау үшін, жылдам қатынау тақтасындағы Болдырмау түймешігін басыңыз.

  9. Атаулы жиындар үшін ешқандай сүзу түрін қолдана алмайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Атаулы жиынды өңдеу немесе жою

  1. Құрамында өңделетін немесе жойылатын атаулы жиын бар OLAP жиынтық кестесі есебін таңдаңыз.

  2. Параметрлер қойындысын ашып, Есептеулер тобындағы Өрістер, элементтер және жиындар тармағын таңдаңыз, одан кейін Жиындарды басқару параметрін таңдаңыз.

Жиынтық кесте құралдары: «Параметрлер» қойындысындағы «Есептеулер» тобы

Жиындарды басқарушы тілқатысу терезесі көрсетіледі. Қажет болса, осы тілқатысу құралының өлшемін тілқатысу терезесінің төменгі оң жақ бұрышындағы өлшем өзгерту таңбалауышын сүйреу арқылы өзгертуге болады.

  1. Өңделетін немесе жойылатын жиынды таңдаңыз.

  2. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бөлектелген атаулы жиынды өңдеу үшін, Өңдеу түймешігін басып, қажет өзгерістерді енгізіңіз.

    • Бөлектелген атаулы жиынды жоюды растау үшін, Жою түймешігін, одан кейін Иә түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×