Анонимдік қатынас мүмкіндігін қосу

Не істегіңіз келеді?

Анонимдік қатынас туралы

Анонимдік қатынас мәселелері

Торапта анонимдік қатынасты қосу

Тізімге немесе кітапханаға анонимдік қатынасты қосу

Анонимдік қатынас туралы

Веб-торапқа анонимдік қатынасты қосқан кезде, анонимдік пайдаланушыларға (және түпнұсқалығы анықталған, алайда торапты қарауға рұқсат берілмеген пайдаланушыларға) веб-торапты және веб-тораптан рұқсаттарды мұралап алатын тізім, кітапхана, тізім элементі немесе құжат ішіндегі кез келген тізімді, кітапхананы, қалтаны көріп шығуға мүмкіндік бересіз. Егер анонимдік қатынасты сервер әкімшісі қосқан болса, Торап атауы иелері SharePoint тобы келесі әрекеттерді орындай алады:

  • Торапқа анонимдік қатынас рұқсатын беру.

  • Тек қана тізімдер мен жинақтарға ғана анонимдік қатынас рұқсатын беру.

  • Торапқа анонимдік қатынасты құрсаулау.

Келесі кестеде түрлі анонимдік қатынас параметрлері келтірілген және анонимдік қатынас параметрі таңдалғанда анонимдік пайдаланушыға берілетін және берілмейтін мүмкіндіктерді сипатталады.

Анонимдік қатынасқа рұқсат беру

Анонимдік пайдаланушыларға келесі мүмкіндіктерге рұқсат береді

Анонимдік пайдаланушыларға келесі мүмкіндіктерге рұқсат бермейді

Бүкіл веб-торап

Торабыңызды толығымен көріп шығу.
Тораптан рұқсаттарды мұралап алатын тізім немесе кітапхана ішіндегі кез келген тізімдерді, кітапханаларды немесе қалталарды оқиды және сол тізімдер мен кітапханаларда болған тізім элементтері мен құжаттарды ашады және оқиды.

Әдепкі бойынша мазмұнды өзгерту.

Тізімдер мен кітапханалар

Анонимдік пайдаланушыларға элементтерді көру рұқсаттары берілген тізімдер мен кітапханаларды оқиды.

Ескертулер : 

  • Элементтерді көру рұқсаттары әдепкі бойынша орнатылмағандықтан, анонимдік пайдаланушылар кез келген тізімдерді немесе кітапханаларды әдепкі бойынша көре алмайды.

  • Тізімдегі немесе кітапханадағы элементтерді көру рұқсаттарын орнату үшін тізім немесе кітапхана бірегей рұқсаттарын пайдаланыуы қажет. Анонимдік пайдаланушылар тораптан рұқсаттарды мұралап алатын тізімдер мен кітапханаларды көре алмайды.

Торапты шолу.
(Торап деңгейінде анонимдік пайдаланушыға шектелген рұқсат деңгейі тағайындалады, яғни ол анонимдік пайдаланушыларға тізімдерге және кітапханаларға қатынауға мүмкіндік береді.)
Мазмұнды әдепкі бойынша өзгерту.

Ешнәрсе

Қолданылмайды

Веб-торап ішіндегі барлық тораптарға, барлық тізімдерге және кітапханаларға, соның ішінде бірегей рұқсаттары бар тізімдер мен кітапханаларға қатынау.

Анонимдік қатынас орнату мүмкіндігін қосатын болсаңыз, веб серверлердың қауіпсіздік деңгейі, былай қарағанда, төмендеп кетеді, себебі анонимдік пайдаланушылар мен торабыңызға рұқсат берілмеген түпнұсқалығы анықталған пайдаланушылар торап мазмұнын немесе параметрлерін өзгертіп жіберу мүмкін немесе сервер қорғаушыны ажыратып қоюы мүмкін және олардың әрекеттерін қадағалауға мүмкіндік болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Анонимдік қатынас мәселелері

Анонимдық пайдаланушыларға торапты, тізімдерді немесе кітапханаларды көріп шығуға мүмкіндік беретін болсаңыз, анонимдік пайдаланушылар торап ақпараттарына, яғни пайдаланушылардың электрондық пошта мекенжайларына және тізімдердегі, кітапханалардағы және талқылаудардағы ақпараттарға қол жеткізе алады. Анонимдық пайдаланушыларға тізімдер мен жинақтарда оқудан басқа рұқсаттар беретін болсаңыз, олар тізімдерге, талқылауларға және сауалдарға қол жеткізіп, құжаттарды өңдеуі мүмкін, яғни осы әрекеттердің барлығы дискінің немесе басқа қор көздеріне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Қауіпсіз торап, тізім немесе кітапхана жасау үшін, анонимдік қатынас мүмкіндігін қоспаңыз.

Анонимдік пайдаланушылар Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламалармен сай келетін бағдарламаларда өңдеу үшін аша алмайды, мысалы Microsoft Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы және Windows жүйесінде веб қалталары тілдесу тәсілін пайдалана алмайды (яғни олар торапты желілік орта мүмкіндігінде көре алмайды).

Кеңес : Анонимдік қатынас берудің орнына Расталған пайдаланушылар Windows қауіпсіздік тобын Торап атауы кірушілер SharePoint тобын қосып қоюыңызға болады. Бұл сіздің Windows егелігіңіздегі барлық түпнұсқалығы анықталған мүшелерге веб-торабыңызға оқу үшін қатынас орнатады. Анонимдық пайдаланушыларға қарағанда түпнұсқалығы анықталған пайдаланушыларды анықтауға болады. SharePoint тобына пайдаланушыларды қосу туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін SharePoint топтары мақаласын көріңіз.

Басқа рұқсаттар парамтерлері сияқты, торапта анонимдік қатынасқа рұқсат беретін болсаңыз, тораптан мұралап алатын бағыныңқы тораптарға да қатынас орнатылады.

Беттің жоғарғы жағы

Торапта анонимдік қатынасты қосу

Осы іс ретін орындау үшін әкімшіңіз веб бағдарламалары үшін анонимдік қатынас мүмкіндігін қосып қоюы керек. Егер оны істемейтін болса, Анонимдік қатынас параметрі пайда болмайды.

  1. Анонимдік қатынас орнатылатын торапты ашыңыз.

    Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  2. Торап параметрлері бетінің Пайдаланушылар және рұқсаттар бағанындағы Қосымша рұқсаттар параметрін таңдаңыз.

  3. Рұқсаттар бетінің Параметрлер мәзіріндегі Анонимдік қатынас параметрін таңдаңыз.

  4. Анонимдік қатынас парамтерлері бетінде пайдаланушылар анонимдік қатынас жасайтын торап бөліктерін таңдаңыз.

    Ескерту : Осы беттегі параметрлер туралы қосымша ақпаратты алдыңғы кестеден қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімге немесе кітапханаға анонимдік қатынасты қосу

Ескертулер : 

  • Алдыңғы іс ретінде түсіндірілгендей, анонимдік қатынас орнатылғанда ғана және жоғарыдағы 5-қадамдағы тізімдер мен кітапханалар және толық веб-торапқа қатынас орнатқанда ғана, осы іс ретін пайдаланыңыз.

  • Келесі қадамдарды бірегей рұқсаттарды пайдаланатын тізім немесе кітапханада ғана орындауға болады.

  1. Анонимдік қатынас орнатылатын тізімді немесе кітапхананы ашыңыз.

  2. Параметрлер мәзіріндегі Тізім параметрлері немесе Жинақ параметрлері тармағын нұқыңыз.

  3. Рұқсаттар мен басқару бағанындағы Осы тізім рұқсаттары немесе Осы кітапхана рұқсаттары параметрін нұқыңыз.

    Ескерту : Егер сіздің тізіміңіз немесе кітапханаңыз рұқсаттарды тектік тораптан мұралап алатын болса, Параметрлер мәзірін рұқсаттар бетінде қолдану мүмкін емес.

  4. Егер тізіміңіз немесе кітапханаңыз рұқсаттарды тораптан мұралайтын болса, алдымен тораптан алынып жатқан мұралауды болдырмауыңыз қажет. Ол үшін Әрекеттер мәзіріндегі Рұқсаттарда өңдеу пәрменін нұқыңыз да, жалғастыру үшін OK түймешігін басыңыз. Немесе 5-қадамға өтіңіз.

  5. Рұқсаттар бетінің Параметрлер мәзіріндегі Анонимдік қатынас параметрін таңдаңыз.

  6. Анонимдік қатынас параметрлерін өзгерту бетінде анонимдік пайдаланушыға тізім немесе кітапхана үшін орнатылатын рұқсаттарды таңдаңыз.

    Ескерту : Кітапханаларда тек элементтерді көру рұқсатын пайдалануға болады. Мұның бәрі торабыңызды әлеуетті сценарий енгізу шабуылдардан сақтауға көмектеседі.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×