Ажыратпа-қосқыштар тобын кірістіру

Егер пайдаланушылардың шектелген параметрлер тобынан біреуін таңдағанын қаласаңыз, Microsoft Office InfoPath пішін үлгісінде екі немесе одан да көп ажыратпа-қосқыштарды кірістіруге болады.

Бұл мақалада

Ажыратпа-қосқыштар тобын қашан пайдалану керек

Пайдаланушы тәжірибесі

Ажыратпа-қосқыштар тобын кірістіру

Орналасу кеңестері

Ажыратпа-қосқыштар тобын қашан пайдалану керек

Ажыратпа-қосқыштар тобын өзара сабақтас, бірақ бір бірінен тәуелсіз бірнеше жеке таңдау мүмкіндігін пайдаланушыларға ұсыну үшін пішін үлгіңізде пайдаланыңыз.

Төмендегі суретте жұмысшылар мен менеджерлер жұмыс өнімділігін бағалау үшін жұмысты тексеру пішінінде ажыратпа-қосқыштарды басады. Әр бөлімде пайдаланушылар тек қана бір ажыратпа-қосқышты таңдай алады.

Option buttons in a performance review form

Пайдаланушылар сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді ашқан кезде, ажыратпа-қосқыштардың ешқайсысы әдепкі бойынша таңдалмайды. Егер пайдаланушылар үлгіні ашқан кезде ажыратпа-қосқыштардың бірі таңдалғанын қаласаңыз, осы ажыратпа-қосқыш үшін Бұл ажыратпа-қосқыш әдепкі бойынша таңдалған құсбелгі көзін (Ажыратпа-қосқыштардың сипаттары тілқатысу терезесі) таңдауыңызға болады.

Сабақтас басқару элементтері

InfoPath бағдарламасында ажыратпа-қосқыштарға ұқсас, бірақ басқа мақсаттағы басқару элементтері бар. Осы басқару элементтерінің қайсысы сіздің пішін үлгіңізде жақсы жұмыс істейтінін білу үшін төмендегі тізімді қараңыз:

Құсбелгі көзі    Ажыратпа-қосқыш сияқты, құсбелгі көзі қосулы немесе өшірулі параметрлерді қолдайды. Айырмашылығы сол, құсбелгі көзі әдетте иә/жоқ деген шешімдер үшін немесе жеке дара емес таңдау жасау үшін пайдаланылады.

Тізімді жолақ    Ажыратпа-қосқыштар тобы сияқты, тізімді жолақ пішіндегі бірнеше параметр арасынан таңдауға мүмкіндік береді. Алайда тізімді жолақпен жұмыс істегенде, пайдаланушылар кішкентай шеңберді емес, тізімдегі тармақты шерту арқылы таңдау жасайды.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы тәжірибесі

Пайдаланушы сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырған кезде, ажыратпа-қосқыштар қасында жапсырмалары бар кішкене шеңберлер түрінде пайда болады. Пайдаланушы ажыратпа-қосқыштардың бірін шерткенде, осы шеңбердің ортасында нүкте пайда болады. Кез келген ажыратпа-қосқыштар тобында тек бір ғана ажыратпа-қосқышты таңдауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Ажыратпа-қосқыштар тобын кірістіру

Ажыратпа-қосқыштар тобын кірістірудің іс реті сіз жаңа, таза пішін үлгісін құрастырып жатырсыз ба, немесе пішін үлгіңізді дерекқорға немесе басқа бір сыртқы дерек көзіне негіздеп жатырсыз ба, соған қарай сәл өзгеше болады.

Төмендегі суретте ажыратпа-қосқышты құрастыру тәртібі бөлектеген кезде, оның түрі қандай болатыны көрсетілген.

Three option buttons in design mode; the first one is selected

Басқару элементтерінің байланысы болуы немесе болмауы мүмкін. Басқару элементінің байланысы болғанда, басқару элементіне енгізілген деректердің негізінде жататын пішін (.xml) файлында сақталуы үшін ол жолаққа немесе топқа қосылмайды. Басқару элементінің байланысы болмағанда, ол жолаққа немесе топқа қосылмайды, ал басқару элементіне енгізілген деректер сақталмайды. меңзеріңізді басқару элементі арқылы таңдағаныңызда немесе жылжытқаныңызда, мәтін мен байланысы бар белгіше басқару элементінің жоғарғы оң жақ бұрышына шығады. Мәтін басқару элементі деректер көзінде байланысқан топты немесе жолақты көрсетеді. Белгіше басқару элементінің сол топқа немесе жолаққа дұрыс байланысқанын көрсетеді. Байланыс дұрыс болғанда, жасыл белгіше шығады. Егер байланыс дұрыс болмаса, орнына сіз көк немесе қызыл белгішені көресіз.

Пішін үлгісіне арналған деректер көзі Деректер көзі тапсырмалар тақтасында реттелген көрініспен шығатын жолақтар мен топтардан тұрады. Әр ажыратпа-қосқыш дерек көзіндегі бір өріспен байланысқан. Пайдаланушы ажыратпа-қосқышты басқанда, осы ажыратпа-қосқышпен байланысты мән сол өрісте сақталады. Төмендегі мысалда 1, 2, 3, және жоқ ажыратпа-қосқыштарының бәрі Дерек көзі тапсырмалар аймағындағы employeeScore жолағымен байланысады.

relationship between group of option buttons on form template and corresponding field in data source

Ажыратпа-қосқыштар тобын жаңа, таза пішін үлгісіне кірістіру

Жаңа, бос пішін үлгісін жасақтағаныңызда, Басқару элементтері тапсырмалар тақтасындағы Деректер көзін автоматты түрде жасау қанатшасы әдепкі мәнімен таңдалады. Сіз басқару элементтерін пішін үлгісіне қосатындықтан, ол InfoPath бағдарламасына жолақтар мен топтарды деректер көзінде автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Бұл жолақтар мен топтар Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы қалта және файл белгішелерімен көрсетіледі.

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерін кірістіру тобындағы Ажыратпа-қосқыш тармағын таңдаңыз.

  4. Ажыратпа-қосқыштарды кірістіру тілқатысу терезесінде кірістіргіңіз келген ажыратпа-қосқыштар санын енгізіңіз де, Жарайды батырмасын басыңыз..

  5. Ажыратпа-қосқыш таңдалғанда дерек көзінде сақталған мәнді өзгерту үшін өзгерткіңіз келген ажыратпа-қосқышты екі рет шертіңіз де, Дерек қойындысын ашыңыз, содан соң қалаған мәнді Таңдалған кездегі мән жолағына енгізіңіз.

    Ескерту :  Әдепкі бойынша, топтағы бірінші ажыратпа-қосқыш таңдалған кезде 1 мәнін сақтайды, екіншісі 2 мәнін сақтайды және т. с.с.

  6. Пішін үлгісінде әр бір ажыратпа-қосқыштың қасында жазылған толтырыш мәтінді өзіңіздің мәтініңізбен ауыстырыңыз.

Бұрыннан бар дерек көзіне негізделген пішін үлгісіне ажыратпа-қосқыштар тобын кірістіру

Егер сіз пішін үлгіңізді бар Ашық белгілеу тілінде жасақтасаңыз, (XML) файлы, дерекқоры, веб қызметі, InfoPath бар деректер көзінен Деректер көзі тапсырмалар тақтасынан жолақтар мен топтарды шығарады. Бұл сценарийде ажыратпа-қосқыштар тобын Дерек көзі тапсырмалар аймағындағы өрісті пішін үлгісіне сүйреп апару арқылы кірістіруге болады немесе оның орнына, төмендегі іс ретінде көрсетілгендей, ажыратпа-қосқыштар тобын Басқару элементтері тапсырмалар аймағынан кірістіруге болады:

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерін кірістірутобында Ажыратпа-қосқыш тармағын таңдаңыз.

  4. Ажыратпа-қосқышты байланыстыру тілқатысу терезесінде ажыратпа-қосқыш деректерін сақтағыңыз келген өрісті таңдаңыз да, Жарайды батырмасын басыңыз.

    Ескерту : Егер ажыратпа-қосқыштарды қайталанатын өріс байланыстыратын болсаңыз, ажыратпа-қосқыштар қайталанатын кесте немесе қайталанатын бөлім сияқты қайталама басқару элементтерінің ішінде болуға тиіс.

  5. Кірістірілетін ажыратпа-қосқыштар саны жолағында, Ажыратпа-қосқыштарды кірістіру тілқатысу терезесінде кірістіргіңіз келген параметрлер санын енгізіңіз де, Жарайды батырмасын басыңыз.

  6. Ажыратпа-қосқыш таңдалғанда дерек көзінде сақталған мәнді өзгерту үшін өзгерткіңіз келген ажыратпа-қосқышты екі рет шертіңіз де, Дерек қойындысын ашыңыз, содан соң қалаған мәнді Таңдалған кездегі мән жолағына енгізіңіз.

    Ескерту :  Әдепкі бойынша, топтағы бірінші ажыратпа-қосқыш таңдалған кезде 1 мәнін сақтайды, екіншісі 2 мәнін сақтайды және т. с.с. Қабылдауға болатын мәндер ажыратпа-қосқыштар байланған өрістің дерек түрінің қанадй екеніне байланысты болады.

  7. InfoPath өрістің атауын топтағы әр ажыратпа-қосқыштың жапсырмасы ретінде пайдаланады. Пішін үлгісінде әр ажыртпа-қосқыштың жапсырмасына арналған толтырғыш мәтінді өз мәтініңізбен ауыстырыңыз.

    Кеңес : Басқару элементтерін кірістіру үшін Дерек көзі тапсырмалар аймағыдан пайдалануыңызға болады. Дерек көзі тапсырмалар аймағында ажыратпа-қосқыштарды байланыстырғыңыз келген өрісті екі рет шертіңіз де, мәтінмәндік мәзірде Ажыратпа-қосқыш тармағын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасу кеңестері

Ажыратпа-қосқыштар тобының көрінісін, өлшемін және басқа жағдайларын өзгерту үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:

  • Бірнеше ажыратпа-қосқыштың өлшемдерін бірден өзгерту үшін өлшемдерін өзгерткіңіз келген ажыратпа-қосқыштарды таңдаңыз да, ALT+ENTER пернесін басыңыз, содан соң Өлшемі қойындысын ашып, қажетті баптауларды іске асырыңыз.

  • Оқылуын жақсарту үшін әр ажыратпа-қосқыштың алдынан нұсқаулық мәтін жолын қосу, олардың айналасында жиек қосу немесе арт жағынан реңк қосу мүмкіндігін ойластырыңыз. Мұны іске асырудың ең дұрыс жолы - ажыратпа-қошқыштарды пішін үлгісіндегі бос бөлімге кірістіру. Сондай бөлімді таңдаңыз, содан соң Пішім мәзірінде Жиектер мен реңктер тармағын шертіңіз де, қажетті баптауларды іске асырыңыз.

  • Әр ажыратпа-қосқыштың айналасындағы бос орынды лайықтау үшін жақтау параметрлерін пайдаланыңыз.

  • Өту бірізділігі дегеніміз пайдаланушы TAB пернесі басқан кезде жүгіргінің кезелімі жылжыйтын тәртіпті білдіреді. Ажыратпа-қосқыштарды алатын болсақ, ажыратпа-қосқыштардың ешқайсысы таңдалмаса, пайдаланушы TAB пернесі басқан кезде кезелім топтағы бірінші тұрған ажыратпа-қосқышқа немесе соңғы болып пайдаланылған ажыратпа-қосқышқа жылжыйды. TAB пернесін одан кейін басқан сайын, қалған ажыратпа-қосқыштардан өтіп кетіп, өту бірізділігіндегі келесі басқару элементі таңдалады. Пайдаланушылар ажыратпа-қосқыштарды шолу үшін көрсеткі пернелерді қолдана алады, дегенмен кейде оның орнына кезелімді жылжыту үшін TAB пернесін қолданғыңыз клеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, өту бірізділігін Ажыратпа-қосқыш сипаттары тілқатысу терезесіндегі Қосымша қойындысындағы Өту реттеуіші параметрін өзгерту арқылы қолдан баптауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×