Адамдарды контактілер тізіміне қосу

Lync контактілеріңіз - жиі байланысатын адамдардың онлайн сәйкестік куәліктері болып табылады. Компаниядан кез келген адамды қосуға болады және ұйымыңыз рұқсат етсе, басқа компаниялардағы Lync пайдаланушларын, Microsoft идентификаторы бар кірген Skype пайдаланушыларын да қосуға болады.

Ұйымыңыздағы контактіні қосу

  1. Lync бағдарламасының негізгі терезесінде Контактіні қосу Контактіні қосу , содан кейін Контактіні "Mенің ұйымым" бeліміне қосу тармағын таңдаңыз.

    Lync негізгі терезесінде контактіні қосу түймешігі

  2. Іздеу жолында адамның атын немесе электрондық пошта мекенжайын теріңіз.

  3. Тізімді тінтуірдің оң жағымен басып, Контактілер тізіміне қосу түймешігін басыңыз, содан соң контактіні қосатын топты таңдаңыз.

  4. (Қосымша) Құпиялылық қарым-қатынасты көру немесе өзгерту үшін тінтуірдің оң жағымен контакт тізімін басыңыз және содан кейін Құпиялылық қарым-қатынасты өзгерту түймешігін басыңыз.

Ұйымыңыздан тыс контактіні қосу

Егер компанияңыз рұқсат берсе, сыртқы контактілермен байланысу үшін Lync бағдарламасын пайдалануға болады:

  • Сыртқы Lync пайдаланушылары    Сіздің және басқа адамның ұйымындағы әкімшілер сыртқы байланыстарға рұқсат беруі керек.

  • Skype пайдаланушылары    Skype бағдарламасына Microsoft тіркелгісімен (бұрынғы атауы Windows Live ID) кіру қажет.

Сыртқы контактілерге қолжетімді мүмкіндіктер бөлімін қараңыз. AOL, Yahoo! немесе Google Talk сияқты жылдам хабар алмасу провайдерлері пайдаланатын контактілерге қолдау көрсетілмейді.

  1. Lync бағдарламасының негізгі терезесінде Контактіні қосу Контактіні қосу > Контактіні "Mенің ұйымымда емес" бeліміне қосу тармағын таңдаңыз

Lync бағдарламасында сыртқы контактіні қосу

  1. Контактінің жылдам хабар алмасу провайдерін, Lync немесе Skype түймешігін басыңыз.

  2. Жылдам хабар алмасу мекенжайы жолағына жаңа контактіні енгізіңіз.

Маңызды : Егер Skype контактіңіз өзінің жеке электрондық пошта атауын Microsoft тіркелгісі логині ретінде пайдаланып жатса, жылдам хабар алмасу мекенжайыарнайы пішімдеуді талап етеді. Lync Жылдам хабар алмасу немесе Skype сыртқы контактілерді қоса алмаған жағдайда не істеу қажет бөлімін қараңыз.

  1. (Қосымша) Осы контактіге арналған топты және құпиялылық деңгейін таңдаңыз.

  2. OK түймешігін басыңыз.

Келесіні есте ұстаңыз:

  • Жаңа контакт қолжетімді болмастан бұрын 24 сағатқа дейін күту керек болуы мүмкін. Егер толық бір күн өткен соң контакт “Бар болу таныс емес” деп көрсетсе, жұмыс орнындағы техникалық қолдау орталығына хабарласыңыз.

Lync сыртқы контактілерге қолжетімді мүмкіндіктер

Сізге және басқа Lync пайдаланушысына қолжетімді мүмкіндіктерге ғана қолдау көрсетіледі.

Skype сыртқы контактілерге қолжетімді мүмкіндіктер

Skype пайдаланушылары үшін қол жетімді

Skype пайдаланушылары үшін қол жетімді емес

  • Қатысу

  • Бетпе бет жылдам хабар алмасу

  • Бетпе бет дыбыс қоңыраулары

  • Lync конактілерін Skype бағдарламасында табу және қосу

  • Бейне сөйлесулері

  • Үш немесе одан да көп адамдармен дыбыстық немесе жылдам хабар сөйлесулері

  • Жұмыс үстелін және бағдарламаны ортақ пайдалану

Қосымша мәлімет: Lync жылдам хабар алмасу немесе Skype сыртқы контактілерді қоса алмаған жағдайда не істеу қажет.

Outlook сыртқы контактілері

Lync бағдарламасына сыртқы пайдаланушыны қосу үшін басқа адамда жарамды жылдам хабар алмасу және Lync немесе Skype конференция клиенті болуы керек. Сыртқы пайдаланушыны Office 365 мекенжай кітабына қосу үшін тек жарамды электрондық пошта мекенжайы қажет. Қосымша ақпарат:

  • Outlook 2013 бағдарламасына контактіні қосу

  • Outlook Web App бағдарламасына контактіні қосу

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×