Істес кісілерді реттеушідегі көріністер туралы

Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасында мәліметті басқа Outlook қалтасындағыдай сіз үшін ең маңызды мәлімет көрсетілетін етіп сұрыптау үшін, көрініс мүмкіндігін пайдалана аласыз. Әрбір Істес кісілерді реттеуші қалтасының стандартты көріністері бар, бірақ өзіңіздің көріністеріңізді жасап алуыңызға да болады.

Стандартты көріністер

Істес кісілерді реттеуші қалталарының мазмұнын стандартты көріністердің көмегімен көре аласыз.

  1. Өту мәзіріндегі қалталар тізімі пәрменін таңдаңыз.

  2. Әрбір қалтадағы Көрініс мәзіріндегі Ағымдық көрініс пәрменін нұсқап, одан кейін керекті көріністі таңдаңыз.

Көріністерді теңшеу

Көріністі пайда болатын өрістері мен олардың көрсетілу тәртібін өзгерту: көріністі белгілі бір өріс бойынша топтастыру, сұрыптау немесе сүзу не болмаса қаріп пен кесте параметрлерін өзгерту арқылы теңшеуге болады.

  1. Көрініс мәзіріндегі Ағымдық көрініс параметрін көрсетіп, Ағымдық көріністі теңшеу пәрменін таңдаңыз.

  2. Көріністі теңшеу үшін төмендегі түймешіктердің бірін немесе бірнешеуін басыңыз. Теңшелетін көрініске байланысты түймешіктердің барлығы қатынаулы болмайды.

    • Өрістер      Көріністе пайда болатын өрістерді қосу немесе жою үшін осы түймешікті басыңыз.

    • Топтау      Топ дегеніміз – бір елдегі не аймақтағы Бизнес-контакт немесе бір мерзімде орындалуы тиіс Маркетинг науқаны сияқты ортақ сипаты бар элементтер жиыны. Ішіндегі элементтерді көрсету не жасыру мақсатында топ тақырыбын жаю немесе тасалау үшін осы түймешікті басыңыз.

    • Сұрыптау      Күн/апта/ай және уақыт шкаласы сияқты уақытқа негізделген көріністерден басқа кез келген бір көріністегі қалтаның элементтерін бір не бірнеше өріс бойынша сұрыптау үшін осы түймешікті басыңыз. Мысалы, Бизнес жобасы тапсырмаларының қандай тәртіппен орындалу керектігін көру үшін орындалуы тиіс мерзімі бойынша сұрыптауыңызға болады.

    • Сүзгі      Тек көрсеткен шарттарыңызға сай келетін элементтерді немесе файлдарды көру үшін осы түймешікті басыңыз. Мысалы, маркетингілік науқандарды жасалған күні бойынша сүзуге болады. сүзгі таңдалған қалтаға қолданылған кезде бейнебеттің сол жақ төменгі бұрышында Сүзгі орындалды деген сөздер көрінеді.

    • Басқа параметрлер      Қаріптерді, тор сызықтарын және оқу аймағының көрсетілу тәсілін өзгерту үшін осы түймешікті басыңыз.

    • Автоматты пішімдеу      Топ тақырыптары мен қалта мазмұнына арналған автоматты қаріп пішімін өзгерту үшін осы түймешікті басыңыз.

    • Бағандарды пішімдеу      Әрбір бағанның көрсетілетін енін орнату үшін осы түймешікті басыңыз.

    • Ағымдық көріністі қалпына келтіру      Арнайы көрініске арналған соңғы пішімдеуді қайтару үшін осы түймешікті басыңыз.

Кеңес : Соңғы және алғашқы атау пішіміне тіркелгілер мен істес кісілердің көрінісін өзгерту туралы қосымша ақпарат алу үшін Соңғы атау, алғашқы атау пішімінде істес кісілер тізімін көрсету бөлімін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×