Іскерлік деректерді талдау мүмкіндіктеріне кіріспе

Microsoft Office SharePoint Server 2007 бағдарламасындағы бірнеше жаңа мүмкіндіктер іскерлік ақпаратты ортақтастыру, басқару және қайта пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл мақалада жаңа мүмкіндіктерге шолу жасалып, жаңа мүмкіндіктер қалай бір-бірімен байланысатыны сипатталады және қосымша ақпарат алу үшін қор көздерін табуға көмектеседі.

Бұл мақалада

Іскерлік деректерді талдау мүмкіндіктеріне шолу

Есептер орталығы

Excel

Сыртқы дерек көздеріне қосылымдар

Негізгі нәтижелілік көрсеткіштері (ННК)

Сүзгі веб-бөліктері

Аспаптық тақталар

Іскерлік деректерді талдау мүмкіндіктеріне шолу

Әдетте, талдау мақсатында үлкен мөлшердегі құрылымсыз деректерге қатынауға арналған құралдарды тек деректер сақтау немесе деректер өндіру саласында жылдар бойы жинаған тәжірибесі бар кісілер ғана қолдана алатын. Бірнеше көзден алынған деректерді вебке жариялау о бастан жасақтаушылармен және кеңесшілермен шектеліп келген болатын. Office SharePoint Server 2007 бағдарламасындағы жаңа мүмкіндіктердің көмегімен жұмысшылар бірнеше көзден алынған деректерді жинақтап, ол деректерді вебке жариялай алады.

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы сізге есептерді, тізімдерді және негізгі нәтижелілік көрсеткіштерін (ННК) оңай жариялау мүмкіндігін бере отырып SAP, Siebel және Microsoft SQL Server 2005 сияқты іскерлік бағдарламалармен байланыса алады.

Осы жүйелердің біреуіндегі деректерден жасалған есептерді жариялаған кезде, сіз шешім шығарушылар үшін стратегиялық немесе жұмыс деректерін ұсынасыз. Есептердің мысалы Microsoft Office Excel жұмыс кітаптары, SQL Server есеп қызметінің есебі немесе Microsoft Office Access есебі болып табылады. Басшылар мен желілік басшылар хабардар бола отырып шешім шығару үшін уақтылы және дәл есептерге сүйенеді.

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасының жаңа іскерлік деректерді талдау мүмкіндіктерінің ең бастысы есептер орталығы болып табылады. Есептер орталығы дегеніміз - бір топтың бір топ сияқты кішілігіне немесе бүкіл ұйым сияқты үлкендігіне қарамастан оған ортақ болып табылатын есептерді сақтау үшін бір орталық орын ұсынатын торап.

Беттің жоғарғы жағы

Есептер орталығы

Есептер орталығы торабы іскерлік деректерді талдаумен байланысты ақпаратты сақтау үшін орталықтандырылған орынмен қамтамасыз етеді. Оның ішінде есептерді, тізімдерді және сыртқы дерек көздерімен байланыстарды сақтауға арналған арнайы құжат кітапханалары болады. Сондай-ақ, ол бизнес ақпараты бар беттер мен тізімдерді жасауға көмектесу үшін үлгілер мен веб-бөліктердің қолданылуын қамтамасыз етеді. Есептер орталығында пайдаланушылар санаттар арқылы элементтерді іздеп, келетін есептердің күнтізбесін көре және маңызды есептерге жазыла алады.

Әдепкіде, бір есеп орталығы торабы жоғарғы деңгейлі портал торабының астында жасалады. Дегенмен, тиісті рұқсаттары бар кез келген кісі есеп орталығы торабын бір топ, бөлім немесе ұйым торабы ішінде жасай алады.

Осы мақалада сипатталған мүмкіндіктердің барлығы Есеп орталық торабында бар. Дегенмен, мүмкіндіктің әрқайсысына кез келген торап және Office SharePoint Server 2007 ішіндегі кез келген беттен қатынауға және пайдалануға болады. Бұл сізге өз Office SharePoint Server 2007 ортаңызда іскерлік деректерді талдау мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келетіні туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Excel қызметтері

Excel қызметтері сізге бір Excel жұмыс кітабын серверге сақтап, содан кейін сол жұмыс кітабының кез келген бір бөлігін веб-бетке жариялауға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға тек нақты уақыттағы деректерді көру және олармен жұмыс жасау үшін бір шолғыш қажет. Жұмыс кітабы веб-бетке Excel бағдарламасына вебтен қатынау (EWA) веб-бөлігінің көмегімен жарияланады.

Жұмыс кітаптарын веб-бөлікте жариялаудың бір артықшылығы - есептеу толығымен серверде жүретіндігінде. Нәтижеде, жұмыс кітабындағы іскерлік логика еш уақытта ашық қалмайды. Тағы бір артықшылығы - жұмыс кітабының тек бір көшірмесі болады және ол орталық, сенімді бір жерде сақталады.

Жұмыс кітабына қатынасты шектеу үшін веб-беттен пайдаланушыларға "тек көру" құқықтарын беруіңізге болады. Мысалы, пайдаланушылардың бір жұмыс кітабын Excel арқылы ашуының алдын алуыңызға немесе олардың көруге рұқсаты бар нәрселерді бақылауда ұстауыңызға болады.

Сонымен бірге, көзбе-көз белсенді күйде жариялаудың орнына, жұмыс кітабының суретін түсіріп алуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Сыртқы дерек көздеріне қосылымдар

Excel жұмыс кітаптарында сыртқы дерек көздерін пайдалануға қоса, SharePoint тізімдеріндегі, беттеріндегі және веб-бөліктеріндегі SAP және Siebel сияқты басқа іскерлік бағдарламалардан алынған деректерді де пайдалануыңызға болады.

Әкімшілер әдетте жүйелік қосылымдар жасайды және оларды есептер орталығының дерек қосылымдары кітапханасына сақтай алады. Осылайша, қосылымдардың орталық пулына оңай қатынауға болады және оны рұқсаттары бар кез келген кісі қайта пайдалана алады. Дегенмен, дерек қосылымдарын Office SharePoint Server 2007 жүйесінің кез келген жерінде жасап, сақтауыңызға болады.

Сыртқы дерек көздерімен қосылымдардың көмегімен пайдаланушыларға деректермен SharePoint бетінен шықпастан сыртқы қайнар көзден көзбе-көз белсенді әрекеттер жасауға мүмкіндік беретін веб-бөліктер мен SharePoint тізімдерін құрастыруыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Негізгі нәтижелілік көрсеткіштері (ННК)

Негізгі нәтижелілік көрсеткіші (ННК) дегеніміз - бір мақсатқа жету үшін жасалған жетістіктердің өлшемін беретін көрнекі белгі. ННК топтардың, басшылардың және кәсіпорындардың жетістіктерін өлшемді мақсаттармен салыстырып бағалауы үшін пайдалы болып табылады. SharePoint ННК көмегімен төмендегі сұрақтарға оңай көрнекі жауаптар беруіңізге болады:

  • Мен не бойынша алға шығып кеттім немесе артта қалып қойдым?

  • Мен қаншалықты алға шығып кеттім немесе артта қалып қойдым?

  • Мен орындаған ең төменгі жетістік қандай?

Әрбір бизнес саласы өздері қол жеткізуге тырысатын іскерлік мақсаттарға қарай әр түрлі ННК қадағалауды таңдай алады. Мысалы, тұтынушылардың қанағаттандырылуын арттыру үшін телефон арқылы қызмет көрсету орталығы бір қысқа уақыт ішінде белгілі бір қоңыраулар санына жауап беруді өз алдына мақсат етіп қоюы мүмкін. Не болмаса, сату бөлімі бір айда шалынған жаңа сату туралы қоңыраулар саны сияқты өнімділік мақсаттарын қою үшін ННК пайдалануы мүмкін.

Негізгі нәтижелілік көрсеткіштері ННК тізімдері арқылы жасалып, содан кейін арнаулы ННК веб-бөліктерінің көмегімен бейнебетке шығарылады. ННК тізімдерін есептер орталығында немесе Office SharePoint Server 2007 ішіндегі кез келген торапта сақтауыңызға болады, ол жерде оларды қатынау рұқсаттары бар кез келген кісі қайта пайдалана алады.

Негізгі нәтижелілік көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты Негізгі нәтижелілік көрсеткіштерін (ННК) жасау және жариялау бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сүзгі веб-бөліктері

Сүзгілер тек көргіңіз келетін деректер ішжиынын көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, бір деректер жиынының ішінде бүкіл ел/аумақ бойынша бірнеше өнімдердің бес жылдық жұрналы болуы мүмкін. Сүзгінің көмегімен тек бір сату аймағы, тек бір өнім немесе тек ағымдағы жыл сияқты мәндірек нәрселерді бейнебетке шығаруыңызға болады.

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасында дәл қажетті ақпаратты бейнебетке шығару үшін бір немесе бірнеше веб-бөліктің мазмұнын өзгерту үшін бір немесе бірнеше мәнді енгізуге немесе таңдауға мүмкіндік беретін 10 сүзгі веб-бөлігі бар.

Мысалы, ағымдық пайдаланушы сүзгісі веб-бөлігі компьютерге кім кіргеніне негізделген ақпаратты автоматты түрде сүзеді. Бұл пайдаланушыға қазіргі кезде берілген тұтынушы есепшоттары немесе тапсырмалар сияқты ақпаратты ғана бейнебетке шығарғыңыз келген кезде пайдалы.

Сүзгілерді қолданудың басқа жолы жұмыс кітабын Excel бағдарламасына веб арқылы қатынау веб-бөлігінде бейнелеу және сол жұмыс кітабын кісілерге ақпаратын көргісі келетін өнімді таңдауға мүмкіндік беретін бір сүзгімен байланыстыру болып табылады. Сонымен қатар, сүзгі веб-бөлігін беттегі бірнеше веб-бөлікпен байланыстыруыңызға болады. Нәтижеде, сүзгі веб-бөлігінде әр түрлі өнімдер таңдалдған кезде, беттегі басқа веб-бөліктердің барлығы ағымдағы таңдалған өнімді көрсету үшін жаңартылады.

Беттің жоғарғы жағы

Аспаптық тақталар

Аспаптық тақта дегеніміз - бұл күй туралы хабарлау және әрекетті жүргізу үшін пайдаланынатын құралдар. Office SharePoint Server 2007 асппатық тақтасы - есептер, диаграммалар, метрикалар мен негізгі нәтижелілік көрсеткіштері сияқты бір-бірімен салыстыруға келмейтін қайнар көздердегі ақпаратты жинақтап, бейнебетке шығаруға мүмкіндік беретін веб-бет үлгісі.

Сіз әр түрлі веб-бөліктердің көмегімен өз аспаптық тақта бетіңізді жасауыңызға немесе торабыңызда бұрыннан беттерге веб-бөліктер қосуыңызға болады. дегенмен, егер аспаптық тақтаны жаңа бетте жасасаңыз, үлгілерден бастағаныңыз жылдамырақ болуы мүмкін. Ол жалғыз бастау нүктесі болып табылады: бетті жасағаннан кейін оған элементтер қосуыңызға немесе жоюыңызға және оның көрінісін өзгертуіңізге болады.

Аспаптық тақта бетінің үлгісі келесі веб-бөліктердің ішіне енгізілген.

Веб-бөлік

Беретін мүмкіндігі

Excel бағдарламасына вебтен қатынау

Excel жұмыс кітабын, жұмыс парағын немесе жұмыс парағы ауқымын қосу.

ННК тізімі

ННК тізімін бейнелеу (қосымша).

Сүзгілерді қолдану (түймешік)

Сүзгілерді қолдану түймешігін бейнелеу.

Байланысты ақпарат

Басқа бет элементтерімен байланысқан сілтемелер алу.

Қорытынды

Жоспарлар мен күйлер туралы ақпаратты сипаттау.

Істес кісілер мәліметтері

Бет туралы байланысатын кісінің атын тізімнен көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×