Іздеу қалтасын жасау

Іздеу қалтасы — бұл, белгілі бір іздеу шарттарына сай барлық электрондық пошта элементтерінің көрінісін беретін көрнекі қалта. Мысалы, Оқылмаған пошта іздеу қалтасы хабарлар әр түрлі пошта қалталарында орналасқан болуы мүмкін болса да, оқылмаған хабарлардың барлығын бір қалтадан көруге мүмкіндік береді.

Ескертулер : 

  • Іздеу қалталарының құрамында көптеген Outlook деректер файлынан (.pst) іздеу нәтижелері болмайды.

  • Іздеу қалталары көрсетілген мәтін жолдарындағы префикстің сәйкес келуін қолдайды. Мысалы, іздеу қалтасына «ақ» сөзі бар барлық хабарларды қосу үшін, іздеу қалтасында, сондай-ақ, «ақшыл» немесе «ағырақ» сияқты сөздер де қосылады, бірақ «парақ» сияқты сөздер болмайды.

Алдын ала анықталған іздеу қалтасын қосу

  1. Пошта тармағында Қалта қойындысындағы Жаңа тобынанЖаңа іздеу қалтасы параметрін таңдаңыз.

Пернелер тіркесімі    Жаңа іздеу қалтасын жасау үшін, CTRL+SHIFT+P пернелер тіркесімін басыңыз.

  1. Іздеу қалтасын таңдау тізімінде алдын ала анықталған іздеу қалтасын таңдаңыз.

  2. Нұсқау алсаңыз, Іздеу қалтасын теңшеу параметрінің астынан пайдаланылатын іздеу шарттарын көрсетіңіз.

  3. Ізделетін басқа пошта жәшігін таңдау үшін, Іздеу қалтасын теңшеу астында Поштаны іздеу орны жолағындағы көрсеткіні нұқып, тізімнен пошта жәшігін таңдаңыз.

Кеңес :  Іздеу қалтасының шарттарын өзгерту үшін, шарлау аумағындағы қалтаны тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Осы іздеу қалтасын теңшеу, Шарт параметрлерін таңдап, өзгертілетін шарттарды өзгертіңіз. Оқу поштасы тобындағы, оның ішінде Кіріс, Жоба немесе Жіберілген элементтер қалталарындағы іздеу қалталарының шарттарын өзгерту мүмкін емес.

Беттің жоғарғы жағы

Теңшелетін іздеу қалтасын жасау

  1. Пошта тармағының Қалта қойындысындағы Жаңа тобынанЖаңа іздеу қалтасы параметрін таңдаңыз.

Пернелер тіркесімі    Жаңа іздеу қалтасын жасау үшін, CTRL+SHIFT+P пернелер тіркесімін басыңыз.

  1. Іздеу қалтасын таңдау тізімінен Теңшелетін іздеу қалтасын жасау параметрін таңдаңыз.

  2. Іздеу қалтасын теңшеу астында Таңдау пәрменін таңдаңыз.

  3. Теңшелетін іздеу қалтасының атын енгізіңіз.

  4. Шарт параметрін таңдап, қажетті параметрлерді бөлектеңіз.

    • Хабарлар қойындысында жіберуші, кілт сөздер немесе алушылар сияқты хабар мазмұнының немесе сипаттарының шарттары болады.

    • Қосымша таңдаулар қойындысында маңыздылық, жалаушалар, тіркемелер немесе санатын анықтау сияқты басқа хабар шарттары болады.

    • Қосымша қойындысы егжей-тегжейлі шарттарды жасауға мүмкіндік береді. Қосымша шарт анықтау астынан Өріс параметрін, қажетті шарт түрін таңдап, одан кейін тізімнен нақты шартты таңдаңыз. Одан кейін Шарт жолағынан және Мән жолағынан қажетті параметрді таңдап, Тізімге қосу параметрін таңдаңыз. Осы іздеу қалтасына қосылатын әрбір шарт үшін осы әрекетті қайталап, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

  5. Шолу түймешігін басып, ізделетін қалталарды таңдаңыз.

  6. Ашық тілқатысу терезесін жабу үшін, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×