Іздеу бағанын қосу немесе өзгерту

Өріс тізімі аумағын қолдану арқылы өрістерді пішімге немесе есепке жылдам қосуыңызға болады. Өріс тізімі аумағындағы өрісті екі рет нұқыған кезде (немесе тізімдегі өрісті пішім немесе есепке апарсаңыз), Microsoft Office Access 2007 автоматты түрде өрісті бейнелеу үшін сәйкес басқару элементін жасайды — мысалы, мәтіндік жолақ немесе құсбелгі — одан соң басқаруды сол өріспен байланыстырады.

Егер өріске қосатын бар пішіміңіз немесе есебіңіз болмаса, Пішім жасау немесе іске қосылу үшін Қарапайым есеп жасау бөлімдерін қараңыз.

Не істегіңіз келеді?

Пішім немесе есепке Өріс тізімі аумағын қолдану арқылы өріс қосу

Жасақтама көрінісіндегі пішімге немесе есепке өріс қосу

Өріс тізімі аумағы туралы көбірек оқып үйрену

Пішім немесе есепке Өріс тізімі аумағын қолдану арқылы өріс қосу

  1. Орналасу көрінісі немесе Жасақтама көрінісіндегі есебіңізді ашыңыз.

    Егер Өріс тізімі аумағы бейнеленбесе, төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Пішім қойындысының Басқару элементтері тобында Бар жолақтарды қосу түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

    • ALT+F8 пернелерін басыңыз.

  2. Өріс тізімі аумағында қосқыңыз келетін өрісті өрісті қамтитын кестені табыңыз. Әрбір кестедегі өрістер тізімін көрсету немесе жасыру үшін қосу (+) немесе азайту белгісін (-) кесте атауы жанынан нұқыңыз.

    Ескерту : Егер дерекқор ешбір кестені қамтымайтын болса, Өріс тізімі аумағы бос болады.

  3. Егер қосқыңыз өрісті тапсаңыз, оны пішім немесе есепке қосу үшін төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Өрісті екі рет нұқыңыз.

    • Өрісті Өріс тізімі аумағынан пішім немесе есепке апарыңыз.

    • CTRL пернесін басып тұрып, бірнеше өрісті нұқыңыз және оларды барлығын бір уақытта пішімге немесе есепке апарыңыз.

      Ескерту : Бұл әрекеттер тек Өріс тізімі аумағының Осы көрініс үшін қатынаулы өрістер ішіндегі өрістерге қолданылады.

    • Төмендегілерді орындау арқылы өрістер ауқымын Өріс тізімі аумағынан пішімге немесе есепке апарыңыз:

      1. Ауқымдағы бірінші өрісті нұқыңыз.

      2. SHIFT пернесін басып ұстап тұрыңыз және ауқымдағы соңғы өрісті нұқыңыз.

        Access бағдарламасы аралық өрістер сияқты нұқылған өрістерді таңдайды.

      3. Барлық таңдалған өрістерді пішімге немесе есепке апарыңыз.

        Ескерту : Бұл әрекеттер тек Өріс тізімі аумағының Осы көрініс үшін қатынаулы өрістер ішіндегі өрістерге қолданылады.

  4. Office Access 2007 әрбір өрісті көрсету үшін сәйкес басқару элементін жасайды және әрбір басқару элементін өріске байлайды. Қосымша ретінде Access бағдарламасы басқару элементі үшін тіркелген белгі жасайды. Белгіні таңдау үшін нұқу және белгіге кірістіру орнын орналастыру үшін қайта нұқу арқылы өңдеуіңізге болады. Одан соң, белгіні өңдеу құжаттағы мәтінді өңдегендей жолмен жүзеге асады.

  5. Егер өрістің Access бағдарламасы автоматты түрде жасаған басқару элементініңі түрінен басқасында бейнеленуін қаласаңыз, онда басқару элементін басқа түрге өзгерте аласыз. Алайда, оны тек өріске сәйкес келетін басқару элементіне өзгерте аласыз. Мысалы, өзгертпелі шаршыны мәтіндік жолаққа немесе тізім жолағына өзгертуіңізге болады, бірақ өзгертппелі шаршыны түймшікке өзгерту мүмкін емес.

  6. Басқару элементін бір түрден басқа түрге өзгерту

    1. Шарлау аумағында Жасақтама көрінісін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, кейін Жасақтама көрінісі Түймешік суреті түймешігін басу арқылы пішім немесе есепті ашыңыз.

    2. Өзгерткіңіз келетін басқару элементін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, одан соң Өзгерту пәрменін нұқыңыз.

      Егер Өзгерту мәзірі қол жеткізгісіз болса, осы өріс үшін сәйкес келетін басқару элементтерінің басқа түрлері болмайды. Керісінше жағдайда Access басқару элементінің тізімін бейнелейді.

    3. Түрді басқару элементін өзгерту үшін қатынаулы басқару элементтерінің бірін нұқыңыз.

      Басқару элементі өріске байланыстырылған күйде қалады, бірақ жаңа басқару элементі қалауыңызша жұмыс істеуі үшін жаңа сипаттар орнатуыңыз қажет болуы мүмкін. Басқару элементінің сипаттар кестесін көрсету үшін басқару элементін нұқып, одан соң F4 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жасақтама көрінісіндегі пішімге немесе есепке өріс қосу

Жалпы, Өріс тізімі аумағы пішім немесе есепке өріс қосудың оңай жолы. Дегенмен, басқару элементін жасап, оны өріспен байланыстыру арқылы да өріс қосуыңызға болады. Келесі іс рәсімі оның жолдарын көрсетеді.

  1. Шарлау аумағында Жасақтама көрінісін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, кейін Жасақтама көрінісі түймешігін басу арқылы пішім немесе есепті ашыңыз.

    Басқару шеберлері    Басқару шеберлерін түймешіктерді, тізім жолақтарын, ішкі пішімдер, өзгертпелі шаршылар және параметрлер тобын жасау үшін қолдануыңызға облады. басқару шебері іздеу және әрекет етудің қай жолын қалайтыныңыз туралы бірқатар сұрақтар қояды, одан соң ол басқару элементін жасайды және жауаптарыңызға негізделген басқару элементінің сипаттарын орнатады. Жасақтама қойындысындағы Басқару элементтері тобынан егер Басқару шеберлерін қолдану бөлектелмесе, оны бөлектеу үшін нұқыңыз.

    Түймешік суреті

    Егер басқару элементтерін шебер көмегінсіз жасауды қаласаңыз, ол таңдалмас үшін Басқару шеберлерін қолдану пәрменін нұқыңыз.

    Түймешік суреті

  2. Жасақтама қойындысындағы Басқару элементтері тобынан қосқыңыз келетін басқару элементінің түрі үшін құралды нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

    Құрал атауын анықтау үшін меңзерді оның үстіне орналастырыңыз. Access бағдарламасы құрал атауын көрсетеді.

  3. Басқару элементінің жоғарғы сол жақ бұрышын орналастырғыңыз келетін пішім немесе жасақтама торын нұқыңыз. Әдепкі өлшемді басқару элементін жасау үшін оны бір рет нұқыңыз немесе құралды нұқып, одан соң қалаған өлшемдегі басқару элементін жасау үшін пішім жасақтамасы торында апарыңыз.

  4. Егер Басқару шеберін қолдану таңдаған болсаңыз және орналастыратын басқару элементіңіз онымен байланыстырылған шеберге ие болса, шебер іске қосылады және басқару элементіне арналған параметрлер ішінде нұсқау береді.

  5. Егер басқару элементін бірінші әрекет еткенде талаптарға сай орнатпасаңыз, оны төмендегіні орындау арқылы жылжыта аласыз:

    1. Басқару элементін таңдау үшін оны нұқыңыз.

    2. Меңзерді басқару элементіне ол меңзерге айналғанша қойып тұрыңыз Жылжыту көрсеткіші .

    3. Басқару элементін нұқыңыз және қалаған орынға апарыңыз.

Егер басқару шеберін қолданатын болсаңыз, шеберде басқару элементін өріспен байланыстыруға көмек беретін қадамдар қамтылуы мүмкін. Егер шебер басқару элементін өріспен байланыстырмайтын болса және басқару элементі деректі көрсете алатын түрге жатса (мысалы, мәтін жолағы немесе өзгертпелі шаршы), басқару элементі қанда да бір болмасын деректі көрсетпес бұрын өріс атауы немесе өрнекті басқару элементіне арналған Басқару көзі сипатында енгізіледі. Басқару элементін өріспен байланыстыру үшін төмендегі іс рәсімін қолданыңыз.

  1. Басқару элементін нұқып, одан соң F4 басу арқылы сипаттар кестесін көрсетіңіз.

  2. Сипаттар кестесінің Деректер қойындысында Басқару көзі сипаты жанынан ашылма жүгіргісін нұқыңыз және басқару элементінің ішінде бейнеленген қалаған өрісті таңдаңыз. Сонымен қатар, өрнекті де Басқару көзі жолағына теруіңізге болады.

    Өрнектер туралы қосымша ақпарат алу үшін Өрнек жасау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өріс тізімі аумағы туралы көбірек оқып үйрену

Төмендегі тізім Өріс тізімі аумағымен жұмыс істеу туралы кеңестерді қамтиды, өрістерді пішімге немесе есепке қосатын болсаңыз, олардың пайдасы тиеді. Өріс тізімі аумағын бейнелеу үшін Орналасу көрінісі немесе Жасақтама көрінісінде пішім не есепті ашыңыз, одан соң ALT+F8 пернелерін басыңыз.

  • Егер пішім немесе есептің Жазба көзі сипаты бос болса және өрісті Өріс тізімі аумағынан пішімге немесе есепке апарыңыз, Access пішім немесе есептің Жазба көзі сипатын автоматты түрде толтырады.

  • Егер пішімнің немесе есептің Жазба көзі сипаты ТАҢДАУ нұсқауында немесе кесте атауында болса, Өрістер тізімі аумағын екі төмендегі нұсқау арасында ауыстырып қосуыңызға болады:

    • Дерекқордың барлық өрістері    Осы көрініс үшін қатынаулы өрістер бөлімін, Қатысты кестелер ішінде қатынаулы өрістер бөлімін (егер ондай кестелер бар болса) және Басқа кестелер ішінде қатынаулы өрістер бөлімін (егер ондай кесте бар болса) көрсетеді.

    • Жазба көзі өрістері ғана     Тек Осы көрініс үшін ғана бар бөлімін ғана бейнелейді.

      Екі күй арасында қосылу үшін Өріс тізімі аумағының төменіндегі Тек ағымдық жазба көзіндегі өрістерді ғана көрсету немесе Барлық кестелерді көрсету нұқыңыз.

      Ескерту : Егер сақталған сұрауға пішім немесе есеп Жазба көзі сипатын орнататын болсаңыз, Өріс тізімі аумағы тек Осы көрініс үшін қатынаулы өрістер бөлімін (Өріс тізімі аумағының төменгі бөлігінде Барлық кестелерді көрсету параметрі жоқ). Жазба көрінісін өңдеу үшін өрістердің кез-келген біреуін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан соң Жазба көрінісін өңдеу пәрменін нұқыңыз.

  • Егер пішім немесе есептің Жазба көзі сипатын кестеге орнатаын болсаңыз және өрісті Өріс тізімі аумағынан Қатысты кестелер ішінде қатынаулы өрістер пішім немесе есепке апаратын болсаңыз, Access пішім немесе есептің Жазба көзі сипатын өзіңіз қосатын өрісті қамтитын ТАҢДАУ нұсқауына өзгертеді. Егер Access кестелерді қатынастыру әдісін анықтай алмайды, ол сәйкес қатынасты таңдауыңыз үшін сәйкес Қатынасты таңдау тілқатысу терезесін көрсетеді.

  • Егер өрісті Өріс тізімі аумағындағы Басқа кестеде қатынаулы өрістер бөлімінен пішім немесе есепке апаратын болсаңыз, Access бағдарламасы Қатынасты белгілеу тілқатысу терезесін көрсетеді. Басқа кесте мен пішім немесе есептің жазба көзі арасында қатынас белгілеу үшін осы тілқатысу терезесін қолдануыңыз керек. Егер осы тілқатысу терезесіне қай өрісті енгізу керектігіне сенімсіз болсаңыз, онда Болдырмау пәрменін нұқып, одан соң кесте қатынастарын тексеруіңізге болады.

    Қатынастар туралы қосымша ақпарат алу үшін Кесте қатынастарына нұсқау немесе Қатынасты жасау, өңдеу немесе жою бөлімдерін қараңыз.

    Өріс тізімі аумағы ішіндегі Басқа кестеде қатынаулы өрістер бөлімі Қатысты кестелер ішінде қатынаулы өрістер бөліміндегі кестелердің бірі арқылы пішім немесе есептің жазбалар көзіне жанама қатынасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, қатынасты кестелердің бірінен өрісті пішімге немесе есепке апару бір немесе бірнеше кестенің Басқа кестеде қатынаулы өрістер бөлімінен Қатысты кестелер ішінде қатынаулы өрістер бөліміне жылжуына әкелуі мүмкін.

  • Егер пішім немесе есептің жазба көзі ТАҢДАУ нұсқауы болса немесе сақталған сұрау болса, Өріс тізімі аумағындағы кез-келген өрісті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып және Жазба көзін өңдеу пәрменін нұқу арқылы Сұрау құрастырғышы ішіндегі жазба көзін қарап шығу және өңдеуіңізге болады. Егер жазба көзі кесте болып табылса, бұл пәрмен кестедегі Сұрау құрастырғышын іске қосады. Access бағдарламасы кестеге негізделген сұрау жасағыңыз келуі туралы сұрайды; жазба көзін сұрауға өзгерту үшін Иә немесе жазбаны өзгертусіз қалдыру үшін Жоқ түймешігін басыңыз.

  • Деректер кестесі көрінісіндегі кестені кесте атауы жанынан Кестені өңдеу пәрменін нұқу арқылы немесе Өріс тізімі аумағындағы кесте атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан соң Деректер кестесі көрінісіндегі Кестені ашу пәрменін нұқу арқылы ашуыңызға болады.

  • Төмендегіні орындау арқылыІздеу өрісі кестеге қосылуы үшін Өріс тізімі аумағын қолдануыңызға болады:

    1. Іздеу бағанын қосқыңыз келетін кесте жанынан Кестені өңдеу пәрменін нұқыңыз.

      Кесте Деректер кестесі көрінісінде бейнеленеді.

    2. Өрісті Өріс тізімі аумағынан деректер кестесіне апарыңыз.

    3. Іздеу шебері іске қосылады. Шебердегі нұсқауларды орындаңыз. Соңғы бетте Аяқтау пәрменін нұқыңыз.

  • Өріс тізімі аумағының тақырып тақтасының ішінде меңзерді ол жылжу меңзеріне айналғанға дейін орналастырып қою Жылжыту көрсеткіші және одан кейін Өріс тізімі аумағын солға қарай апару арқылы Өріс тізімі аумағын Access жұмыс аумағының оң жанынан құрсаудан босатуыңызға болады. Тізімді жұмыс аймағының ішіндегі кез-келген жерге орналастыруыңызға немесе оны жол бойы солға апару арқылы жұмыс аймағының сол жағына апаруыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×