Іздеуді шарлау веб-бөлігіне арналған параметрлерді өзгерту

Іздеуді шарлау веб-бөліктерінде пайдаланушыларға тігінен іздеулер ретінде белгілі түрлі әздеу нәтижелері арасында жылдам іздеуге мүмкіндік беретін сілтемелер көрсетіледі. Тігінен іздеулер пайдаланушылардың іздеп ауқымына байланысты түрлі іздеу тәжірибелерін беру үшін алдын ала жасақталады. Мысалы, пайдаланушылар Адамдар сілтемесін басса, олар адамдарды тігінен іздеуге кіріседі, ол адамдар туралы ақпаратты көрсету үшін арнайы орнатылатын іздеу беті болып табылады.

Әдепкі бойынша, Іздеуді шарлау веб-бөлігі Барлығы, Адамдар, Сөйлесулер және Бейнелер бөлімдерінде тігінен іздеу сілтемелерін көрсету үшін орнатылады. Іздеуді шарлау веб-бөлігі Іздеу нәтижелері веб-бөлігіндегі іздеу нәтижелерін көрсетеді, осылайша пайдаланушылар тігінен іздеу сілтемесін басқан кезде, іздеу нәтижелері тігінен іздеу мүмкіндігінің орнатылу әдісіне байланысты сүзгіленеді және көрсетіледі.

SharePoint Online әкімшісі ретінде, іздеу нәтижелерін алу үшін басқа веб-бөлікті көрсету арқылы іздеуді шарлау веб-бөлігінің орнатылу әдісін өзгертуге, көрсетілетін сілтемелердің санын және веб-бөліктің сыртқы түрі мен құрылымын өзгертуге болады. Веб-бөлік құралдар тақтасындағы сипаттарды өңдеу арқылы осы өзгерістерді енгізе аласыз.

Сілтемеге арналған көрсетілетін атауларды өзгерту немесе олардың ретін өзгету сияқты басқа да өзгерістерді енгізу үшін, тиісті сайттың Іздеу параметрлері бөліміне өтіңіз. Осы жерде, веб-бөлікте көрсету үшін жаңа тігінен іздеу мүмкіндігіне сілтеме қосуға болады.

Не істегіңіз келеді?

Шарлауды іздеу веб-бөлігіне арналған параметрлерді өзгерту

Тігінен іздеу мүмкіндігінің көрсетілетін атауын немесе URL-мекенжайын өзгерту

Тігінен іздеу сілтемелерінің ретін өзгерту

Іздеуді шарлау веб-бөлігіне тігінен іздеу мүмкіндігін қосу

Іздеуді шарлау веб-бөлігіне арналған параметрлерді өзгерту

Осы жерде Іздеуді шарлау веб-бөлігінің орнатымын өзгерту әдісі берілген. Нәтижелерді алу үшін әр түрлі веб-бөлікті көрсетуге, көрсетілетін сілтемелер санын және веб-бөліктің сыртқы түрі мен құрылымын өзгертуге болады.

  1. Іздеу нәтижелері бетінде Параметрлер мәзірін, содан кейін Бетті өңдеу түймешігін басыңыз.

  2. Іздеуді шарлау веб-бөлігінде Іздеуді шарлау веб-бөлігі мәзір көрсеткісін, содан кейін Веб-бөлікті өңдеу түймешігін басыңыз.

  3. Веб-бөлік құралдар тақтасындағы Басқару бөлімінде:

    • Беттегі басқа веб-бөліктен іздеу нәтижелерін алу үшін, Ағымдағы сұрауды келесіден пайдалану тізімінде ве-бөлікті таңдаңыз.

    • Толып кетпес бұрын тігінен іздеу сілтемелерінің санын өзгерту үшін, Толып кету алдындағы сілтемелердің ең үлкен мәні өрісінде санды теріңіз.

  4. Веб-бөлік көрінісін өзгерту үшін, Сыртқы түр және Құрылым бөлімдеріндегі параметрлерді өңдеңіз.

  5. ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Тігінен іздеу мүмкіндігінің көрсетілетін атауын немесе URL-мекенжайын өзгерту

  1. Сайтқа арналған Параметрлер мәзірінде Сайт параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Сайт параметрлері бетіндегі Іздеу бөлімінде Іздеу параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Іздеу параметрлері бетіндегі, Іздеуді шарлауды конфигурациялау бөлімінде өзгерту керек тігінен іздеуді таңдау үшін басыңыз, содан кейін Өңдеу түймешігін басыңыз.

  4. Шарлау сілтемесі диалогтық терезесінде:

    • Тігінен іздеудің көрсетілетін атауын өзгерту үшін, Тақырып өрісінде көрсетілетін атауды теріңіз.

    • Тігінен іздеудің URL-мекенжайын өзгерту үшін, URL өрісінде URL-мекенжайын теріңіз.

  5. ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Тігінен іздеу сілтемелерінің ретін өзгерту

  1. Сайтқа арналған Параметрлер мәзірінде Сайт параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Сайт параметрлері бетіндегі Іздеу бөлімінде Іздеу параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Іздеу параметрлері бетіндегі, Іздеуді шарлауды конфигурациялау бөлімінде тігінен іздеуді таңдау үшін басыңыз.

  4. Көрсету ретін өзгерту үшін, Жоғары жылжыту немесе Төмен жылжыту түймешігін басыңыз.

  5. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Іздеуді шарлау веб-бөлігіне тігінен іздеу мүмкіндігін қосу

SharePoint Online әкімшісі ретінде, жаңа тігінен іздеу бетін жасауға және оны Іздеуді шарлау веб-бөлігіне қосуға болады. Жаңа бетті жасағанда, бұрыннан бар тігінен іздеу беттерінің бірін мысалы, results.aspx бетін көшіру, содан кейін жаңа бетті жасау үшін көшірмені өзгерту ұсынылады.

Осы жерде веб-бөліктегі жаңа тігінен іздеу бетіне сілтеме қосу әдісі берілген:

  1. Сайтқа арналған Параметрлер мәзірінде Сайт параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Сайт параметрлері бетіндегі Іздеу бөлімінде Іздеу параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Іздеу параметрлері бетіндегі, Іздеуді шарлауды конфигурациялау бөлімінде Сілтемені қосу түймешігін басыңыз.

  4. Шарлау сілтемесі диалогтық терезесінде:

    • Тақырып өрісінде көрсетілетін атауды теріңіз.

    • URL өрісінде жаңа тігінен іздеу бетінің URL-мекенжайын теріңіз.

    • Жаңа тігінен іздеуді сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз.

  5. Көрсету ретін өзгерту үшін, Жоғары жылжыту немесе Төмен жылжыту түймешіктерін басыңыз.

  6. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Қосымша ақпарат:

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×