«Қысу» және «Жөндеу» пәрмендері арқылы дерекқор файлына қатысты мәселелерге жол бермеуге және түзетуге көмектесу

Дерекқор файлдары пайдаланылған кезде жылдам өсіп, кейді жұмысына кедергі жасауы мүмкін. Сондай-ақ, олардың байқаусызда бүлініп немесе зақымдалып қалуы мүмкін. Бұл мәселердің алдын алу және оларды шешу үшін Microsoft Office Access бағдарламасындағы Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменін пайдалануыңызға болады.

Бұл мақала дерекқордың сақтық көшірмелерін жасау және қалпына келтіру жолдарын түсіндірмейді. Толық ақпаратқа сілтемелерді Қосымша мәліметтер бөлімінен қараңыз.

Ескерту : Баспаға шыққан веб дерекқорды ықшамдау немесе жөндеу үшін, ықшамдау немесе жөндеу аяқталған соң дерекқорды қадамдастыру керек. Ықшамдау немесе жөндеу баспаға шыққан веб дерекқорға байланысты кездесетін барлық ақаулықтарды жөндемеуі мүмкін.

Бұл мақалада

Дерекқорды қысу және жөндеу себептері

Ең алдымен

Дерекқорды қысу және жөндеу.

Дерекқорды қысу және жөндеу себептері

Бұл шолу Дерекқорды қысу және жөндеу пәрмені арқылы кейде дерекқорға ықпал жасайтын мына мәселелердің алдын алуға және түзетуге болатын әдістері туралы түсіндіреді: пайдаланғанда үлкейетін файлдар және бүлінетін файлдар.

Дерекқор файлдары пайдаланғанда өседі

Деректерді қосып жаңартып, оның жобасын өзгерткеннен кейін дерекқор файлы үлкейеді. Оның біраз өсуіне жаңа деректер, ал біразына басқа қайнар көздері себеп болады:

  • Access бағдарламасы әр түрлі тапсырмаларды орындау үшін уақытша, жасырын нысандар жасайды. Кейде бұл уақытша нысандар Access бағдарламасына қажет болмай қалғаннан кейін дерекқорыңызда қалады.

  • Дерекқор нысаны жойылғанда, нысан алып тұрған дискідегі бос орын автоматты түрде қалпына келмейді — нысан жойылғанны өзінде дерекқор файлы сол дискідег бос орынды пайдалана береді.

Дерекқор файлы уақытша және жойылған нысандардың қалғандарымен толғаннан кейін оның жұмыс тиімділігі төмендеуі мүмкін. Нысандар баяуырақ ашылып, сұраулардың орындалуына әдеттегіден ұзақ уақыт кетуі мүмкін, ал әдеттегі әрекеттер негізінен ұзақ жүретін сияқты.

Ескерту : Қсыу деректерді қыспайды — пайдаланылмаған бос орынды жоя отырып, дерекқор файлын кішірейтеді.

Дерекқор файлдары бүлініп қалуы мүмкін

Кей жағдайларда дерекқор файлы бүлініп қалуы мүмкін. Егер дерекқор файлы желіде ортақ пайдаланыоып, бірнеше пайдаланушы файлмен бір уақытта тікелей жұмыс істесе, сол файлдың бүлініп қалу қаупі аз. Егер пайдаланушылар «Жазбалар» өрістеріндегі деректерді жиі өзгертіп, қауіп уақыт өте өсе беретін болса, бүліну қаупі аздап үлкен болады. Бұл тапсырманы Дерекқорды қысу және жөндеу пәрмені арқылы жеңілдетуге болады.

Бүлдірудің бұл түрі Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) модуль қатысты ақаулықтан жиі шығып, деректердің жоғалуына қауіп төндірмейді. Дегенмен, бүлдірудің бұл түрі жоғалған VBA коды немесе пайдаланылмайтын пішіндер сияықты дерекқор құрастыруды зақымдау қаіпін төндірмейді.

Дерекқор файлы деректердің жоғалуынан сирек бүлінеді. Әдетте бұл жоғалу бір пайдаланушының соңғы әрекетімен, яғни, деректерді бір рет өзгертумен шектеледі. Пайдаланушы деректерді өзгертуді бастап, өзгерту — мысалы, желі қызметінің жоғалуынан үзіліп кетсе — Access бағдарламасы дерекқор файлын бүлінген деп белгілейді. Файлды жөндеуге болады, бірақ кейбір деректердің жөндеу аяқталғаннан кейін болмауы мүмкін.

Кеңес : Дерекқорды бөлу дерекқор файлдарының бүлінуіне жол бермей, деректерді пайдаланушылар тікелей қатынай алмайтын бөлек файлда сақтай арқылы деректердің жоғалуын шектей алады.

Access бағдарламасы бүлінген дерекқор файлын жөндеуге нұсқау береді

Бүлінген дерекқор файлын ашпақ болған кезде сізге Access бағдарламасының файлды автоматты түрде жөндеуіне мүмкіндік беруге нұсқау береді. Сондай-ақ, жөндеу үшін Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменін пайдаланып, бүлінген дерекқор файлын қолмен ашуға болады.

Егер Access бағдарламасы бүлінген файлды толығымен жөндесе, ол хабарды көрсетіп, сәтті жөнделгенін және ойдағыдай екеніне көз жеткізу үшін дерекқордың мазмұнын тексеру керектігін білдіреді.

Егер Access бағдарламасы жартылай ғана сәтті болса, сақтық көшірмеден қалпына келтіру керек нәрсені анықтауға мүмкіндік беру үшін ол жөнделмейтін дерекқор нысандарын қадағалайды.

Ескерту : Белгілі бір дерекқорды жапқан сайын «Дерекқорды қысу және жөндеу» пәрменінің автоматты түрде іске қосылуына себеп болатын дерекқор параметрін орнатуға болады. Егер сіз дерекқорды жалғыз пайдалансаңыз, осы параметрді орнатуыңыз керек. Көп пайдаланушылық дерекқорларда бұл параметрді орнатқыңыз келмеуі мүмкін, себебі оның бірден дерекқордың қатынаулы болуын бұзуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Ең алдымен

Қысу және жөндеу әрекетін бастамас бұрын мына әрекеттерді орындап көріңіз:

  • Әрдайым сақтық көшірме жасау.    Жөндеу барысында Access бағдарламасы зақымдалған кестелерден біраз деректерді қысқаруы мүмкін. Кейде осындай деректерді сақтық көшірмесінен қалпына келтіру мүмкін. Үнемі сақтық көшірме жасау стратегиясынан басқа, Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменін пайдаланбас бұрын сақтық көшірмесін жасау керек. Сақтық көшірмені Дерекқордың сақтық көшірмесін жасау пәрмені арқылы жасауға болады:

    • «Office» түймешігін басыңыз. Outspace пайда болады.

    • Меңзермен Сақтау пәрменін көрсетіп, Қосымша астындағы Дерекқордың сақтық көшірмесін жасау түймешігін басыңыз.

  • Автоматты түрде қысу және жөндеу.    Бір дерекқор файлын желідегі басқа пайдаланушылармен ортақ пайдаланғанша, дерекқорды автоматты түрде қысылатын және жөнделетін етіп қою керек.

  • Жүйенің қалпына келтіру қателерін кестеге жазып алу.    Access бүлінген дерекқор файлындағы нысандардың барлығын жөндей алмағанда, қалпына келмейтін нысандар «MSysCompactErrors» деп аталатын кестеге жазылады. Егер қателер болса, Access бағдарламасы «MSysCompactErrors» кестесін деректер кестесінің көрінісі ашады.

    Егер сізде дерекқор бүлінбей тұрып жасалған дерекқордың сақтық көшірмесі болса, дерекқордың сақтық көшірмесінен жөнделген дерекқорға импорттағыңыз келетін нысандарды анықтау үшін «MSysCompactErrors» кестесін пайдалануға болады.

  • Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменін пайдалану үшін дерекқорға ерекше қатынасуды алу.    Егер сіз дерекқорыңызды жалғыз пайдалансаңыз, бұл бөлімнің қалғанын өткізіп, Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменіне бірден өтуге болады.

    Қысу және жөндеу әрекеті дерекқор файлына ерекше қатынасуды талап етеді, себебі әрекет басқа пайдаланушыларды бұзуы мүмкін. Басқа пайдаланушылардың сол уақытта дерекқорды пайдалануына жол бермеу үшін қысу және жөндеу әрекетін орындауды жоспарлайтын кез туралы оларды хабардар етуіңіз керек.

    Пайдаланушыларға дерекқорды пайдалануға қанша уақыт жол бермеу керектігін айтыңыз. Егер сіз қысу және жөндеу әрекеттерін үнемі орындап тұрсаңыз, оның қанша уақыт алатынын жазып алыңыз. Содан кейін басқа пайдаланушыларға дерекқорды пайдалануға қанша уақыт жол бермеуі керектігі туралы нұсқаулар беретін дәлірек бағаларды жасауға болады.

  • Қысу және жөндеу әрекетін орындауға жеткілікті рұқсаттар алу.    Егер сіз дерекқор файлының ескірек нұсқасын пайдаланып, жұмыс тобы бір бөлігі болсаңыз, сіздің дерекқорды қалауыңыз бойынша қыса және жөндей алмауыңыз мүмкін. Егер сізде рұқсаттар жеткілікті болмай, сізге дерекқорды қысу және жөндеу керек болса, көмек алу үшін жұмыс тобыңыздың әкімшісіне хабарласыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқорды қысу және жөндеу.

Дерекқорды жабылған кезде автоматты түрде қысу және жөндеу

Дерекқорды қолмен қысу және жөндеу

Дерекқорды жабылған кезде автоматты түрде қысу және жөндеу.

Егер сіздің дерекқорды жабылған кезде автоматты түрде қысқыңыз және жөндегіңіз келсе, Жапқан кезде қысу дерекқорлық параметрін таңдауыңызға болады.

Ескерту : Бұл параметрді орнату қазір ашық тұрған дерекқорға ғана ықпал жасайды. Автоматты түрде қысқыңыз және жөндегіңіз келетін әрбір дерекқор үшін осы параметрді бөлек орнату керек.

  1. «Office» түймешігін басыңыз. Outspace пайда болады.

  2. Outspace нысанының сол жақ аумағындағы Параметрлер түймешігін басыңыз.

  3. Access параметрлері тілқатысу терезесінде Ағымдық дерекқор түймешігін нұқыңыз.

  4. Бағдарлама параметрлері астындағы Жапқан кезде қысу көзіне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқорды қолмен қысу және жөндеу.

Жапқан кезде қысу дерекқорлық параметрінен басқа немесе оның орнына Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменін қолмен орындауға болады. Дрекқорыңыз ашық кезде осы пәрменді орындауыңызға болады және дерекқор ашылмаған кездегі параметрді орындауға болады. Сондай-ақ, белгілі бір дерекқор файлында Дерекқорды қысу және жөндеу пәрменін ашатын жұмыс үстелі таңбашасын жасауға болады.

Ашық дерекқорды қысу және жөндеу.

Ескерту : Егер басқа пайдаланушылар да қазір дерекқор файлын пайдаланып отырса, сіз қысу және жөндеу әрекетін орындай алмайсыз.

  • «Office» түймешігін басыңыз. Outspace пайда болады.

  • Меңзермен Ақпарат параметрін көрсетіп, Дерекқорды қысу және жөндеу түймешігін басыңыз.

Ашылмаған дерекқорды қысу және жөндеу.

Ескерту : Егер басқа пайдаланушылар қазір дерекқор файлын пайдаланып отырса, сіз қысу және жөндеу әрекетін орындай алмайсыз. Қысу және жөндеу әрекетін орындаған кезде ешкім дерекқор файлын пайдалана алмайды.

  1. Access бағдарламасын іске қосыңыз, бірақ дерекқорды ашпаңыз.

  2. Меңзермен Ақпарат параметрін көрсетіп, Дерекқорды қысу және жөндеу түймешігін басыңыз.

  3. Қысылатын дерекқор тілқатысу терезесінде қысқыңыз және жөндегіңіз келетін дерекқорға өтіп, оны екі рет басыңыз.

Белгілі бір дерекқорды қысатын және жөндейтін жұмыс үстелінің таңбашасын жасау.

Жұмыс үстелінде белгілі бір дерекқорды қысу және жөндеу үшін пайдаланылатын таңбаша жасауыңызға болады.

Ең алдымен, компьютерден Msaccess.exe файлының орнын тексеріңіз. Msaccess.exe файлы әдетте мына қалтада орналасады:

C:\Program Files\Microsoft Office\Office14

Егер сіз Msaccess.exe файлын сол жерден таппасаңыз, файлды іздеп, толық жолын жазып алыңыз.

Жұмыс үстелінің таңбашасын жасау    

  1. Жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, меңзерді Жаңа параметріне апарып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Таңбаша түймешігін басыңыз.

  2. Таңбашаны жасау шеберінің бірінші бетінде Элементтің орнын теру терезесінде қос тырнақшаны (") және Msaccess.exe файлының толық жолын (файл атауымен бірге), содан кейін қос тырнақшаны енгізіңіз. (Осыған ұқсас, файлды табу және таңдау үшін Шолу түймешігін басыңыз. Мұндай жағдайда тырнақшалар автоматты түрде қосылады.)

    Мысалы, былай деп теріңіз:"C:\Program Files\Microsoft Office\Office14\msaccess.exe"

  3. Жабатын тырнақшадан кейін бос орын қалдырыңыз, содан кейін қысып жөндегіңіз келген дерекқордың толық жолын енгізіңіз. Егер жолында бос орындар болса, жолын тырнақшаға алыңыз. Тағы бос орын қалдырып, /compact деп теріңіз.

    Мысалы, былай деп теріңіз: "C:\My Folder\My Database.accdb" /compact

  4. Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Таңбаша атауын енгізу жолағына таңбаша атауын теріп, одан кейін Дайын түймешігін басыңыз.

    Шебер таңбашаны жасап, оны жұмыс үстеліне орналастырады.

  6. Дерекқорды қысып, жөндегенде, таңбашаны екі рет нұқыңыз.

    Кеңес : Жұмыс үстелінің таңбашасын Бастау мәзіріне қосу үшін, таңбашаны енін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірден «Бастау» мәзіріне шығару параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×