«Қызметтер веб дерекқорының үлгісін» пайдалану арқылы бағаларды төленген есеп-шоттарға ауыстыру

Access 2010 бағдарламасының қызметтер веб дерекқорының үлгісі қызмет бизнесімен байланысты ұсыныс бағаларды, есеп-шоттарды, тұтынушыларды және басқа да деректерді бақылап отыратын пайдалануға дайын дерекқорын жасайды.

Келесі бейне осы үлгінің қалай пайдаланылатыны туралы қысқаша сценарий көрсетеді.

Егер әлі орындамаған болсаңыз, «қызметтер үлгісін» жүктеп алыңыз.

Өз дерекқорыңызды жасау үшін үлгіні қалай пайдалану керектігін оқып үйренген соң, бизнесті жүргізу үшін пайдалануды бастаңыз.

Ескерту :  Бұл мақала Access apps бағдарламасына, яғни Access бағдарламасымен жасақталатын және желіде жарияланатын дерекқордың түріне қолданылмайды. Қосымша ақпарат үшін Access бағдарламасын жасау бөлімін қараңыз.

Осы мақалада

Деректерді алғаш рет қолдануды бастау

Жұмысты бастау: «Қызметтер дерекқорына» бар деректерді қосу

Қош келдіңіз қойындысы: Көмек және басқа да ресурстар

Компания ақпараты қойындысы: Компания ақпаратына кіру

Қызметкерлер қойындысы: Қызметкер туралы ақпаратты енгізу

Қызметтер қойындысы: Қызмет туралы ақпаратты енгізу

Excel бағдарламасында сақтаған қызметтерді қосу

Қызметтерді кезекпен қосу

Өнімдер қойындысы: Өнімдер туралы ақпаратты енгізу

Excel бағдарламасында сақтаған өніміңізді қосу

Өнімерді кезекпен қосу

Ұсыныс бағалар мен есеп-шоттар

Бақылау тақтасы: Белсенді ұсыныс бағалары мен есеп-шоттарды бақылау

Ұсыныс баға мен есеп-шот туралы мәліметтерді көру

Жаңа ұсыныс баға не есеп-шотты жасау

Ұсыныс бағалар: Барлық ұсыныс бағаларды басқару

Ұсыныс баға туралы мәліметтерді көру

Ұсыныс бағалардың мәліметтері пішіні

Жаңа ұсыныс бағаны жасау

Ұсыныс бағаны бекіту үшін жіберу

Жіберілген ұсыныс бағаны бекіту не қабылдамау

Бекітілген ұсыныс бағаны есеп-шотқа айналдыру

Ұсыныс бағаны басып шығару не электрондық поштамен жіберу

Есеп-шоттар: Барлық есеп-шоттарды басқару

Есеп-шот туралы мәліметтерді көру

Есеп-шот мәліметтері пішіні

Жаңа есеп-шот жасау

Төлеу үшін есеп-шотты жіберу

Есеп-шотты басып шығару не электрондық поштамен жіберу

Төленген есеп-шотты белгілеу

Есептер орталығы: Есептерді көріп басып шығару

Қосымша: Қызметтерді, өнімдерді, қызметкерлерді, және тұтынушыларды басқару

Келесі қадамдар

Деректерді алғаш рет қолдануды бастау

Диалогтық терезе деректеріңізге кіре алу үшін, деректер үлгісін сақтап немесе оны жоюға мүмкіндік берер кезде пайда болады:

«Қызметтер веб дерекқор үлгісінің» бастапқы пішіні

Дерекқорды ашу үшін сол жақтағы түймешікті басып, деректер үлгісімен жұмыс істеуді бастаңыз. Access бағдарламасы жалған компанияның Northwind Traders деректерімен «қызметтер дерекқорын» толтырады.

Өзіңіздің деректеріңізге кіру үшін үлгі деректерді оң жақтағы түймешікпен басып жойыңыз.

Ескерту :  Үлгі деректерді жою арқылы бастапқы диалогтық терезенің қайта шығуын да алдын алуға болады.

Диалогтық терезенің қайта шығуын алдын алу үшін құсбелгіні алыңыз.

Ескерту :  Валюта деректерін бейнелейтін қызметтер үлгісіндегі барлық өрістер мен басқару элементтері ($) доллар таңбасын валюта символы ретінде пайдаланады. Егер жергілікті жерде валютаның басқа символын пайдаланылса, онда үлгі деректерін жоймастан бұрын, зақымданған өрістер мен басқару элементтерін бейімдеуді қарастырғаныңыз жөн. Толық ақпарат алу үшін Қосымша қараңыз бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмысты бастау: «Қызметтер дерекқорына» бар деректерді қосу

Жұмысты бастау қойындысы бизнесіңізге байланысты деректеріңізді орныңызда алып, әрі қарай жүруге дайын болу үшін көмек беретін басқа да қойындыларды қамтиды:

Жұмысты бастау қойындылары

Мүмкіндіктер

Қош келдіңіз

Пайдалы ресурстарға байланыстар

Компания ақпараты

Есеп-шоттар мен басқа да есептерді пайдалану үшін компанияңыз туралы ақпаратты сақтауға арналған өрістер

Қызметкерлер

Қызметкерлердің деректер кестесінің көрінісі. Тіркелген қызметкер жаңа бағалар мен есеп-шоттарда жазылады

Қызметтер

Қызметтердің «деректер кестесінің көрінісін» бағалар мен есеп-шоттарға қоса аласыз

Өнімдер

Қайта сатып не пайдаланып жатқан материалдардың «деректер кестесінің көрінісі». Бұл өнімдерді ұсыныс бағалары мен есеп-шоттарға қоса аласыз

Ұсыныс бағалары мен есеп-шоттар

Деректер кестесінің екі көрінісі: ұсыныс бағаларыңыз бен есеп-шоттарыңыз

Бастапқы диалогтық терезесінде Менің деректеріме кіруді бастау пәрменін басқанда, Access бағдарламасы Жұмысты бастауҚош келдіңіз қойындысына алып келеді, мұнда жаңа қызметтер дерекқорына кіру процесін бастай аласыз.

«Қызметтер веб дерекқор үлгісінің» жұмысты бастау қойындысы

Ескерту :  Деректердің барлығына кіру үшін Жұмысты бастау қойындысын пайдаланбасаңыз да болады. Жұмысты жылдам бастау үшін арналған бұл қойынды тек жұмысыңызды ыңғайландырады. Жұмысты бастау қойындылары арқылы кіруге болатын ақпараттың көбісіне негізгі қойындылары Ұсыныс бағалар қойындысы немесе Есеп-шоттар қойындысы сияқты қойындылары арқылы кіруге болады. Алайда, сіз тек қана Компания ақпараты қойындысын басып, (бағалар мен есеп-шоттарда пайда болатын) компания туралы ақпаратқа ғана кіре аласыз.

Қош келдіңіз қойындысы: Көмек және басқа да ресурстар

«Қызметтер дерекқорының» көп бөлігін жасауға көмектесу үшін, Қош келдіңіз қойындысындағы байланыстар көптеген ағымдағы ресурстарға жол сілтейді. Байланыстар өзгермегенімен, жаңа ресурстар қол жетімді болған сайын байланыс мақсаттары жаңартылып отырады.

  • Қош келіңіз қойындысындағы ақпаратты көруді аяқтасаңыз, Келесі пәрменін басып Компания ақпараты қойындысын таңдаңыз.

Компания ақпараты қойындысы: Компания ақпаратына кіру

Компания ақпараты қойындысында аты, орналасқан жері, телефон нөмірі, және электорондық пошта мекенжайы сияқты компания туралы ақпаратқа кіре аласыз. Бұл ақапарат дерекқор арқылы жасалып, есеп-шоттар мен басқа да есептерде көрсетіледі.

«Қызметтердің дерекқор үлгісінің» компания ақпараты қойындысы

  • Жолақтарға компания туралы ақпаратты теріп, Келесі түймешігін басыңыз.

Қызметкерлер қойындысы: Қызметкер туралы ақпаратты енгізу

Қызметкерлер қойындысында қызметкерлерді дерекқорға қоса аласыз. Бұл қызметкердің жұмысын бақылап отыруға көмектеседі. Мысалы, жаңа ұсыныс бағасы жасалған кезде, тіркелген қызметкер жаңа ұсыныс бағаның бөлігі ретінде жазылады.

  • Әрбір қызметкер туралы ақпаратты деректер кестесіне теріп жазған соң, Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Сонымен қатар, қызметкерлерді Қызметкерлер басты қойындысынан көріп, өңдеп және қоса аласыз.

Қызметтер қойындысы: Қызмет туралы ақпаратты енгізу

Қызметтер қойындысында, әрқайсысының мөлшерлемесі сияқты қамтамасыз ететін қызметтер туралы ақпаратты қосыңыз. Сонымен қатар, қызметтерді жою арқылы немесе оларды әрі қарай жалғастырмай өшіре аласыз. Қызметті ешқандай ұсыныс бағалары мен есеп-шоттарда пайда болмаған жағдайда ғана жоя аласыз.

Ескерту :  Қызметті ұсыныс баға не есеп-шотқа қосқан кезде, осы қызметке арналған әдепкі мөлшерлеме баға не есеп-шотқа қосылады. Алайда, кез келген нақты ұсыныс баға не есеп-шотты тағайындамас бұрын қызметке арналған мөлшерлемені лайықтап алсаңыз болады. Баға не есеп-шоттың мөлшерін лайықтап қою қызметке арналған әдепкі мөлшерлемеге әсерін тигізбейді.

Excel бағдарламасында сақтаған қызметтерді қосу

Excel бағдарламасынан деректерді көшіріп Access дерекқор кестесіне қоя аласыз. Егер Excel бағдарламасындағы деректер жолдар мен деректер кестесіндегі бағандарға өте ұқсас не солармен бірдей болатын бағандарда орналасқан болса, деректерді көшіріп қою сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Excel деректерін көшіріп оны Access бағдарламасына қоюға дайындалу кезінде екі түрлі басты ой бар:

Маңызды : Қызмет коды бағанының әрбір қызметке арналған мәні болу керек, және бұл мән бірыңғай болуы керек, яғни екі не одан да көп қызметтер бірдей атауға ие бола алмайды.

Ескерту :  Бұл бөлімдегі қадамдар Қызметтер деректер кестесіндегі барлық төрт бағандарға арналған деректердің бар екенін болжайды. Егер оларға арналған деректеріңіз болмаған жағдайда, бар деректерді көшіре аласыз. Бірыңғай мәндері болуы керек қажетті баған Қызмет коды бағаны ғана.

Excel деректерін жолдардан бағандарға транспорлау

Кеңес :  Егер деректеріңіз Access деректер кестесіндегі бағандар сияқты ретпен орналаспаған жағдайда, Excel бағдарламасына жұмыс парағын кірістіріп деректерді жаңа жұмыс парағына транспорлауыңыз жөн. Жаңа жұмыс парағын пайдалану деректерді Access деректер кестесінің бағандары сияқты ретпен орналастыру жеңілірек болады.

  1. Excel бағдарламасынан деректерді таңдап, CTRL+C пернелерін басыңыз.

Кеңес :  Ұяшықтардың байланысты емес бірнеше топтарын таңдау үшін, таңдау кезінде CTRL кілтін басып тұрыңыз.

  1. Таңдалған деректерден тыс жатқан ұяшықты тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып (мысалы, таңдауыңыздың ең төмен жолының астындағы ұяшық), және Қою параметрлері пәрменінің астындағы Транспорлау түймешігін басыңыз:
    Транспорлауды қою

«Қызметтер деректер кестесінің» ретінен басқаша орналасқан Excel деректерінің бағандарын қайта реттеу
  1. Қызметтер туралы деректерді қамтитын Excel жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жаңа жұмыс парағын кірістіріңіз. Қадамды жеңілдету үшін Excel мақаласын Жұмыс парағын кірістіру не жою оқыңыз.

  3. Жаңа жұмыс парағында:

    1. Қызмет кодын A1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    2. Қызмет сипаттамасын B1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    3. Әдепкі мөлшерлеме C1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    4. Жазбалар D1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

  4. Қызметтеріңіздің атаулары мен кодтарын A бағанына көшіріңіз:

    1. Атаулар мен кодтар тізімі берілген жұмыс парағының түймешігін басыңыз.

    2. Атаулар мен кодтар тізімін таңдап CTRL+C пернелерін басыңыз

    3. Жаңа жұмыс парағының түймешігін басыңыз.

    4. A2 ұяшығын таңдап CTRL+V пернелерін басыңыз.

  5. Қызметтер сипаттарын B бағанына көшіріңіз:

    1. B2 ұяшығын басып бірдей таңбаны (=) теріңіз.

    2. Сипаттамалар тізімделген жерде жұмыс парағының түймешігін басыңыз.

    3. Алғашқы сипаттамасы бар ұяшықты басыңыз да, ENTER пернесін басыңыз.
      Excel бағдарламасы ұяшық сілтемесін жаңа жұмыс парағындағы B2 ұяшығына қояды.

    4. Жаңа жұмыс парағында B2 ұяшығын қайта басып, кейін толтыру таңбалауышы Толтыру таңбалауышы түймешігін екі рет басыңыз.
      Excel бағдарламасы В бағанындағы тізімнің қалған бөлігіне ұяшық сілтемелерін қойып шығады.

  6. C бағанын пайдаланып 5 қадамды қайталаңыз және қызметтеріңізге арналған әдепкі мөлшерлемелерді көшіріңіз.

  7. D бағанын пайдаланып 5 қадамды қайталаңыз және қызметтеріңізге арналған жазбаларды көшіріңіз.

«Қызметтердің деректер кестесіндегі» бағандар сияқты орналасқан деректерді бағандардан алып қойыңыз
  1. Excel бағдарламасынан деректерді таңдап, CTRL+C пернелерін басыңыз.

Кеңес :  Ұяшықтардың байланысты емес көптеген топтарын таңдау үшін таңдау кезінде CTRL кілтін басып тұрыңыз.

  1. Access бағдарламасындағы Қызметтер қойындысында деректер кестесіндегі жұлдызшаны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қою түймешігін басыңыз.
    Қызметтердің деректер кестесіндегі таңбаша мәзірі

Қызметтерді кезекпен қосу

  • Қызмет мәліметтері пішінін ашу үшін, Жаңа қызметті қосу пәрменін басып қызмет туралы ақпаратты енгізіңіз.
    - немесе –

  • Қызметтер қойындысындағы дерекқорға деректерді енгізіңіз.

Өнімдер қойындысы: Өнімдер туралы ақпаратты енгізу

Өнімдер қойындысына, қызмет көрсету барысында қайта сатып не пайдаланып жатқан өнімдер туралы ақпаратты қосыңыз.

Ескерту :  Өнімді ұсыныс баға не есеп-шотқа қосқан кезде, бірліктің бағасы ұсыныс бағаның не есеп-шоттың бөлігі ретінде жазылады. Дегенмен, бірліктің бағасын кез келген нақты ұсыныс баға не есеп-шотты белгілеместен бұрын, өнімге бекіте аласыз. Ұсыныс баға не есеп-шотқа бағаны бекіту өнімнің бірлік бағасына әсерін тигізбейді.

Excel бағдарламасында сақтаған өніміңізді қосу

Excel бағдарламасынан деректерді көшіріп «Access дерекқор кестесіне» қоя аласыз. Егер Excel бағдарламасындағы деректер жолдар мен деректер кестесіндегі бағандарға өте ұқсас не солармен бірдей болатын бағандарда орналасқан болса, деректерді көшіріп қою сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Excel деректерін көшіріп оны Access бағдарламасына қоюға дайындалу кезінде екі түрлі басты ой бар:

Маңызды : Өнім коды бағанының әрбір қызметке арналған мәні болуы және бұл мән бірыңғай болуы керек, яғни екі не одан да көп қызметтер бірдей атауға ие бола алмайды.

Ескерту :  Бұл бөлімдегі қадамдар Өнімдер деректер кестесіндегі барлық төрт бағандарға арналған деректердің бар екенін болжайды. Егер оларға арналған деректеріңіз болмаған жағдайда, бар деректерді көшіре аласыз. Бірыңғай мәндері болуы керек қажетті баған Өнім коды бағаны ғана.

Excel деректерін жолдардан бағандарға транспорлау

Егер деректер жолдарда (бағандарға қарама қарсы сияқты) орналасса, деректерді Access бағдарламасына қоймастан бұрын Excel бағдарламасында транспорлауыңыз қажет.

Кеңес :  Егер деректеріңіз Access деректер кестесіндегі бағандар сияқты ретпен орналаспаған жағдайда, Excel бағдарламасына жұмыс парағын кірістіріп деректерді жаңа жұмыс парағына транспорлауыңыз жөн. Жаңа жұмыс парағын пайдалану деректерді Access деректер кестесінің бағандары сияқты ретпен орналастыру жеңілірек болады.

  1. Excel бағдарламасынан деректерді таңдап, CTRL+C пернелерін басыңыз.

Кеңес :  Ұяшықтардың байланысты емес бірнеше топтарын таңдау үшін, таңдау кезінде CTRL кілтін басып тұрыңыз.

  1. Таңдалған деректерден тыс жатқан ұяшықты тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып (мысалы, таңдауыңыздың ең төмен жолының астындағы ұяшық), және Қою параметрлері пәрменінің астындағы Транспорлау түймешігін басыңыз:
    Транспорлауды қою

Өнімдер деректер кестесінің ретінен басқаша орналасқан Excel бағандарын қайта реттеу
  1. Өнімдер туралы деректерді қамтитын Excel жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жаңа жұмыс парағын кірістіріңіз. Қадамды жеңілдету үшін Excel мақаласын Жұмыс парағын кірістіру не жою оқыңыз.

  3. Жаңа жұмыс парағында:

    1. Өнім кодын A1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    2. Өнім сипаттамасын B1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    3. Бірліктің бағасын C1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    4. Бірліктегі саны D1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

    5. Жазбаларды Е1 ұяшығына теріңіз не қойыңыз.

  4. Өнімдердің атаулары мен кодтарын A бағанына көшіріңіз:

    1. Атаулар мен кодтар тізімі берілген жұмыс парағының түймешігін басыңыз.

    2. Атаулар мен кодтар тізімін таңдап CTRL+C пернелерін басыңыз

    3. Жаңа жұмыс парағының түймешігін басыңыз.

    4. A2 ұяшығын таңдап CTRL+V пернелерін басыңыз.

  5. Өнімдер сипаттарын B бағанына көшіріңіз:

    1. B2 ұяшығын басып бірдей таңбаны (=) теріңіз.

    2. Сипаттамалар тізімделген жерде жұмыс парағының түймешігін басыңыз.

    3. Алғашқы сипаттамасы бар ұяшықты басыңыз да, ENTER пернесін басыңыз.
      Excel бағдарламасы ұяшық сілтемесін жаңа жұмыс парағындағы B2 ұяшығына қояды.

    4. Жаңа жұмыс парағында B2 ұяшығын қайта басып, кейін толтыру таңбалауышы Толтыру таңбалауышы түймешігін екі рет басыңыз.
      Excel бағдарламасы В бағанындағы тізімнің қалған бөлігіне ұяшық сілтемелерін қойып шығады.

  6. С бағанын пайдаланып 5 қадамды қайталаңыз және өнімдеріңізге арналған бірліктің бағасын көшіріңіз.

  7. D бағанын пайдаланып 5 қадамды қайталаңыз және өнімдеріңізге арналған әр бірліктің санын көшіріңіз.

  8. Е бағанын пайдаланып 5 қадамды қайталаңыз және өнімдеріңізге арналған жазбаларды көшіріңіз.

«Өнімдердің деректер кестесіндегі» бағандар сияқты орналасқан деректерді бағандардан алып қойыңыз
  1. Excel бағдарламасынан деректерді таңдап, CTRL+C пернелерін басыңыз.

    Кеңес :  Ұяшықтардың байланысты емес көптеген топтарын таңдау үшін таңдау кезінде CTRL кілтін басып тұрыңыз.

  2. Access бағдарламасындағы Өнімдер қойындысында деректер кестесіндегі жұлдызшаны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қою түймешігін басыңыз. Қызметтердің деректер кестесіндегі таңбаша мәзірі

Өнімерді кезекпен қосу

  • Өнім мәліметтері пішінін ашу үшін, Жаңа өнімді қосу пәрменін басып өнім туралы ақпаратты енгізіңіз.
    - немесе –

  • Тауарлар қойындысындағы дерекқорға деректерді енгізіңіз.

Ұсыныс бағалар мен есеп-шоттар

Егер дайын ұсыныс бағалары мен есеп-шоттарыңыз болса, онда оларды Ұсыныс бағалар мен есеп-шоттар қойындысындағы деректер кестесіне енгізе аласыз.

  1. Ұсыныс бағаны енгізу үшін, Жаңа ұсыныс бағаны қосу түймешігін басыңыз. Есеп-шотты енгізу үшін, Жаңа есеп-шотты енгізу түймешігін басыңыз.

  2. Ашылған мәліметтер пішініне күйі, ұсыныс баға мен есеп-шотты шығарған қызметкер, және тұтынушы сияқты бар ақпаратты енгізіңіз.

  3. Дерекқорыңызда жоқ тұтынушыны енгізсеңіз, Access бағдарламасы сізге жаңа тұтынушыны енгізуге шақырады. Иә түймешігін басып, жаңа тұтынушы туралы бар ақпаратты жазыңыз. Дерекқорды жапқан кезде, Тұтынушы ашылмалы тізімінде қол жетімді болады.

  4. Әрбір ұсыныс баға мен есеп-шотты аяқтаған кезде Сақтау және жабу түймешігін басыңыз. Деректер сақталып пішін жабылады.

  5. Бар ұсыныс бағалар мен есеп-шоттарды қосуды аяқтаған соң, Келесі түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бақылау тақтасы: Белсенді ұсыныс бағалары мен есеп-шоттарды бақылау

Бақылау тақтасы қойындысы ашық ұсыныс бағалары мен төленбеген есеп-шоттарды бақылауды және жаңа ұсыныс бағалары мен есеп-шоттарын қосуға арналған ыңғайлы жермен қамтамасыз етеді.

«Қызметтердің дерекқор үлгісінің» бақылау тақтасы қойындысы

Ұсыныс баға мен есеп-шот туралы мәліметтерді көру

  • Осы ұсыныс бағаға арналған Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін ашу үшін, Ұсыныс баға# параметрінің астында орналасқан мәнді басыңыз.

    Ескерту :  Жібермес бұрын, ұсыныс бағаның мәліметтерін өңдей аласыз, яғни, егер КүйЖаңаболса.

  • Осы есеп-шотқа арналған Есеп-шот мәліметтері пішінін ашу үшін, Есеп-шот# параметрінің астында орналасқан мәнді басыңыз

Жаңа ұсыныс баға не есеп-шотты жасау

  • Жаңа ұсыныс баға немесе Жаңа есеп-шот пәрменін басып, пайда болған пішінді толтырыңыз.

    Ескерту :  Егер дерекқорға тіркелмеген болсаңыз, ұсыныс баға не есеп-шотқа атыңызды қосу үшін Сатушы ашылмалы тізімінен атыңызды таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұсыныс бағалар: Барлық ұсыныс бағаларды басқару

Ұсыныс қойындысы, күйіне негізделген ұсыныс бағаларды басқару үшін көмек беретін көрініспен қамтамасыз етеді.

Қызметтердің дерекқор үлгісінің» ұсыныс бағалары қойындысы

Келесі қойындыларда тізімделген ұсыныс бағалары:

  • Белсенді    Шот берілмеген, қабылданбаған, не мерзімі бітпеген ұсыныс бағалардың тізімін береді.

  • Бекітілген    Бекітілген не шот берілген ұсыныс бағалардың тізімін береді.

  • Шот берілген    Шоты берілген ұсыныс бағалардың тізімін береді. Тізімделген ұсыныс бағалардың есеп-шотын көрсеңіз болады.

  • Мерзімі аяқталған    Шоты берілмей мерзімі біткен ұсыныс бағалардың тізімін береді.

  • Қабылданбаған    Қабылданбаған ұсыныс бағалардың тізімін береді. Шотын бергенде қол жетімді ету үшін қабылданбаған ұсыныс бағаны бекіте аласыз.

Ұсыныс баға туралы мәліметтерді көру

  • Осы ұсыныс бағаға арналған Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін ашу үшін, Ұсыныс баға# параметрінің астында орналасқан мәнді басыңыз.

    Ескерту :  Жібермес бұрын, ұсыныс бағаның мәліметтерін өңдей аласыз, яғни, егер КүйЖаңаболса.

Ұсыныс бағалардың мәліметтері пішіні

Ұсыныс бағаның нөмірі мен күйі Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.

Ұсыныс бағаны жіберу, бекіту, не шотын беру үшін, ұсыныс бағаның көшірмесін жасау үшін, және басып шығару үшін дайындық кезінде ұсыныс бағаны көру үшін, Ұсыныс бағаның мәліметтері параметрінің жоғарғы жағындағы түймешіктерді басыңыз.

Ұсыныс баға туралы жалпы ақпарат Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағындағы түймешіктердің астында орналасқан жәшіктерде пайда болады.

Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің ортасындағы қойындылар ұсыныс баға туралы мәіметтерге арналған: жол элементтері (қызметтер және өнімдер), қызмет көрсету жері, салықтар және шарттар, және жазбалар. Жол элементтеріне арналған мөлшерлемелер мен бірліктің бағаларын байланысы бар қызмет не өнімге арналған әдепкі мәнге әсерін тигізбей кез келген ұсыныс бағада тағайындай аласыз.

Қызметтерге, өнімдерге және салықтарға арналған жалпы мөлшер Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі. Егер Жол элементтері қойындысындағы немесе Салықтар және шарттар қойындысындағы мәліметтерді жаңартып отырсаңыз, онда осы жерде көрсетілген мөлшерлерді жаңарту үшін Қорытындыларды жаңарту параметрін таңдаңыз.

Жаңа ұсыныс бағаны жасау

  • Ұсыныс бағалар қойындысындағы Жаңа ұсыныс бағасы түймешігін басып, Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін толтырыңыз.

    Ескерту :  Егер дерекқорға тіркелмеген болсаңыз, ұсыныс бағаға атыңызды қосу үшін Сатушы ашылмалы тізімінен атыңызды таңдаңыз.

Ұсыныс бағаны бекіту үшін жіберу

Жіберілмеген ұсыныс бағалардың нөмірі болмайды; […] мәні Ұсыныс баға# параметрінің астында бейнеленеді.

  1. Ұсыныс бағалар қойындысында жіберілетін ұсыныс бағасы бар қатардағы […] мәнін басыңыз.
    Access бағдарламасы Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін ашып ұсыныс бағаны бейнелейді.

  2. Ұсыныс бағаға арналған жалпы ақпарат пен мәліметтерді шолып, жол элементтерін қосу не жою, жол элементіне арналған мөлшерлемені не бірлік бағасын тағайындау, немесе жазбаларды қосу сияқты қажетті өзгертулерді жасаңыз.

  3. Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында Жіберу түймешігін басыңыз.

Жіберілген ұсыныс бағаны бекіту не қабылдамау

  1. Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін ашып ұсыныс бағаны көрсету үшін, Ұсыныс бағалар қойындысында Ұсыныс баға# мәнін басыңыз.

  2. Ұсыныс баға туралы ақпаратты шолып келесі қадамдардың бірін жасаңыз:

    • Егер ұсыныс бағасы мүмкін болса, Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында орналасқан Бекіту түймешігін басыңыз.

    • Егер ұсыныс бағасы шағын өзгерістерімен мүмкін болса, Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында Көшірме түймешігін басыңыз. Access бағдарламасы түпнұсқаға негізделген жаңа ұсыныс бағаны жасайды. Содан кейін, жаңа ұсыныс бағаны қарап шығып жібере аласыз, және оны бекіте аласыз.

    • Егер ұсыныс бағасы мүмкін емес болса, Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында орналасқан Қабылдамау түймешігін басыңыз.

Бекітілген ұсыныс бағаны есеп-шотқа айналдыру

  1. КелесіҰсыныс бағалар қойындысындағы Бекітілген түймешігін басыңыз.
    Access бағдарламасы шоты беріліп қойған ұсыныс бағаларды қосып бекітілген ұсыныс бағаларды көрсетеді.

  2. Осы ұсыныс бағаға арналған Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін ашу үшін, Ұсыныс баға# параметрінің астында орналасқан мәнді басыңыз.

  3. Ұсыныс баға туралы ақпаратты шолып шығыңыз.

    Ескерту :  Бекітілген ұсыныс бағаның ешқандай мәліметтерін өзгерте алмайсыз. Дегенмен, ұсыныс бағаның көшірмесін Көшірме пәрменін басу арқылы жасай аласыз, ұсыныс бағаның көшірмесін қарап шығып жібере аласыз, және бекіткен соң, есеп-шот жасау үшін сол ұсыныс бағаны пайдалан аласыз.

  4. Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында Есеп-шот түймешігін басыңыз.

Ұсыныс бағаны басып шығару не электрондық поштамен жіберу

  1. Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінін ашып ұсыныс бағаны көрсету үшін, Ұсыныс бағалар қойындысында Ұсыныс баға# мәнін басыңыз.

  2. Ұсыныс бағаның мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында Ұсыныс бағаны көру түймешігін басыңыз.
    Access бағдарламасы ұсыныс бағаны басылып шығарылатын пішінде ашады.

    Ескерту :  Ұсыныс бағаның жоғарғы жағындағы түймешіктер соңғы көшірмеде пайда болмайды.

  3. Ұсыныс бағаның жоғарғы жағындағы тиісті түймешікті басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Есеп-шоттар: Барлық есеп-шоттарды басқару

Есеп-шоттар қойындысында жаңа есеп-шоттар жасап, оларды күйі бойынша қарап шығуға болады.

«Қызметтердің дерекқор үлгісінің» есеп-шоттар қойындысы

Келесі қойындыларда тізімделген есеп-шоттар:

  • Төленбеген    Әлі мерзімі бітпеген бірақ төленбеген есеп-шоттардың тізімін береді.

  • Мерзімі біткен   Мерзімі біткен бірақ төленбеген есеп-шоттардың тізімін береді.

  • Төленген    Төленген есеп-шоттардың тізімін береді.

Есеп-шот туралы мәліметтерді көру

  • Осы есеп-шотқа арналған Есеп-шот мәліметтері пішінін ашу үшін, Есеп-шот# параметрінің астында орналасқан мәнді басыңыз.

    Ескерту :  Жібермес бұрын, есеп-шот мәліметтерін өңдей аласыз, яғни, егер КүйЖаңаболса.

Есеп-шот мәліметтері пішіні

Есеп-шот мәліметтері пішіні

Есеп-шоттың нөмірі мен күйі Есеп-шот мәліметтері пішінінің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.

Есеп-шотты жіберу үшін не оны төленген деп белгілеу үшін, есеп-шотқа көшірме жасау үшін, есеп-шот басып шығарылған кездегі түрін көру үшін, және есеп-шотқа жасалатын өзгертулерді сақтап, Есеп-шот мәліметтері пішінін жабу үшін, Есеп-шот мәліметтері пішінінің жоғарғы жағындағы түймешіктерді пайдаланыңыз. .

Есеп-шот туралы жалпы ақпарат Есеп-шот мәліметтері пішінінің жоғарғы жағындағы түймешіктердің астында орналасқан жәшіктерде пайда болады. Егер есеп-шот ұсыныс бағадан жасалынса, онда ақпаратты сол ұсыныс бағадан алады, бірақ есеп-шотқа жасалатын өзгертулер бастапқы ұсыныс бағаға әсерін тигізбейді.

Есеп-шот мәліметтері пішінінің ортасында орналасқан қойындылар есеп-шот туралы мәліметтерге арналған: жол элементтері (қызметтер және өнімдер), қызмет көрсету жері, салықтар және шарттар, және жазбалар. Егер есеп-шот ұсыныс бағадан жасалынса, онда мәліметтерді сол ұсыныс бағадан алады, бірақ есеп-шот мәліметтеріне жасалған өзгерістер бастапқы ұсыныс бағаға әсерін тигізбейді. Сонымен қатар, кез келген есеп-шоттағы жол элементтеріне арналған мөлшерлемелер мен бірліктің бағаларын байланысты қызмет не өнімге арналған әдепкі мәнге еш әсерін тигізбей тағайындай аласыз.

Қызметтерге, өнімдерге және салықтарға арналған жалпы мөлшер Есеп-шот мәліметтері пішінінің төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі. Егер Жол элементтері қойындысындағы немесе Салықтар және шарттар қойындысындағы мәліметтерді жаңартып отырсаңыз, онда осы жерде көрсетілген мөлшерлерді жаңарту үшін Қорытындыларды жаңарту параметрін таңдаңыз.

Жаңа есеп-шот жасау

  • Жаңа есеп-шот пәрменін басып Есеп-шот мәліметтері пішінін толтырыңыз.

    Ескерту :  Егер дерекқорға тіркелмеген болсаңыз, ұсыныс бағаға атыңызды қосу үшін Сатушы ашылмалы тізімінен атыңызды таңдаңыз.

Төлеу үшін есеп-шотты жіберу

Жіберілмеген есеп-шоттың нөмірі болмайды; […] мәні Есеп-шот# параметрінің астында бейнеленеді.

  1. Есеп-шоттар қойындысында жіберілетін есеп-шоты бар қатардағы […] мәнін басыңыз.
    Access бағдарламасы Есеп-шот мәліметтері пішінін ашып ұсыныс бағаны бейнелейді.

  2. Есеп шотқа арналған жалпы ақпарат пен мәліметтерді шолып, жол элементтерін қосу не жою, жол элементіне арналған мөлшерлемені не бірлік бағасын тағайындау, немесе жазбаларды қосу сияқты қажетті өзгертулерді жасаңыз.

  3. Есеп-шот мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында Жіберу түймешігін басыңыз.

Есеп-шотты басып шығару не электрондық поштамен жіберу

  1. Есеп-шот мәліметтері пішінін ашып есеп-шотты көрсету үшін Есеп-шоттар қойындысында Есеп-шот# мәнін басыңыз.

  2. Есеп шот мәліметтері пішінінің жоғарғы жағында Есеп шотты көру түймешігін басыңыз.
    Access бағдарламасы есеп шотты басылып шығарылатын пішінде ашады.

    Ескерту :  Есеп-шот жоғарғы жағындағы түймешіктер соңғы көшірмеде пайда болмайды.

  3. Есеп-шот жоғарғы жағындағы тиісті түймешікті басыңыз.

Төленген есеп-шотты белгілеу

  1. Есеп-шот мәліметтері пішінін ашып есеп-шотты көрсету үшін, Есеп-шоттар қойындысында Төленбеген қойындысындағы Есеп-шот# параметрінің астынғы жағындағы мәнді басыңыз.

  2. Есеп-шот мәліметтері пішінінің жоғарғы жағындағы Төленген белгісі түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Есептер орталығы: Есептерді көріп басып шығару

Қызметтер дерекқор үлгісінің төрт есебі бар: тұтынушы тізімі, және үш сатылым есептері (айлық, ширектік, жылдық).

Қызметтердің дерекқор үлгісінің есеп орталығы қойындысы

Есепті қарап алу үшін:

  • Есептер орталығы қойындысын басып, Есепті таңдау параметрінің астындағы көрінетін есепті басыңыз.
    Access бағдарламасы есепті алдын ала қарап алу аумағында бейнелейді.

Кеңес :  Алдын ала қарауды алдын ала қарау аумағының жоғарғы жағында пайда болатын параметрлердіды пайдалану арқылы реттей аласыз. Пайда болатын параметрлер есептің қай түрін алдын ала қарап жатқандығыңызға тәуелді.

Есепті басып шығару үшін:

  1. Басып шығарылатын есепті алдын ала қарап шығыңыз.

  2. Есептер орталығы қойындысындағы Жаңа қойындыда ашу пәрменін басып, кейін CTRL+P пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша: Қызметтерді, өнімдерді, қызметкерлерді, және тұтынушыларды басқару

Қосымша қойындысы келесі тізімдерді басқару үшін ыңғайлы жермен қамтамасыз етеді:

  • Тұтынушылар

  • Қызметкерлер

  • Өнімдер

  • Қызметтер

Әрбір тізім деректер кестесі ретінде бейнеленеді, мұнда келіспеушіліктерді оңай анықтап деректерге жаппай өзгерістер енгізуге болады.

«Қызметтер дерекқор үлгісінің» қосымша қойындысы

Беттің жоғарғы жағы

Келесі қадамдар

Бизнесті жүргізу үшін қызметтер дерекқорын пайдалана бастаған кезіңізде, деректерге сұрау жасап не оларды сүзгіден өткізу үшін жаңа жолдарды қарастыра бастауыңыз ықтимал. Сонымен қатар, дерекқордың талаптарыңызға сай түрлендіруді қалайтыныңыз мүмкін. Осы бөлімдегі байланыстар жасауға болатын қарапайым тапсырмалар мен түрлендірулер туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×