«Кіріс» қалтасындағы хабарлардың түсін өзгерту

Таңертең электрондық поштаңызды тексеру үшін Microsoft Office Outlook бағдарламасын іске қосқанда арнайы тек өзіңізге жіберілген хабарларды іздейсіз, солай ғой? Тек өзіңізге жіберілген хабарларды түстік кодтау арқылы оларды оңай табуыңызға болады. Бұлай жасау ол хабарларды тарату тізімдерінен немесе сіздің атыңыз көшірме немесе жасырын көшірме өрісінде болған хабарлардан бұрын маңыздылығын анықтауға көмектеседі.

Тек өзіңізге жіберілген хабарларды түспен бөлектеу

  1. Құралдар мәзірінен Ұйымдастыру пәрменін таңдаңыз.

    Кіріс қалтасын реттеу жолдары

  2. Кіріс қалтасын реттеу жолдары тілқатысу терезесінде Түстерді пайдалану параметрін таңдаңыз.

  3. Тек маған жіберілген хабарларды мына жерде көрсету параметрінен кейінгі тізімнен қажет түсті таңдаңыз.

  4. Қосу түймешігін басыңыз.

  5. Кіріс қалтасын реттеу жолдары тілқатысу терезесін жабыңыз.

    Ескертулер : 

    • Осы хабарлардың көрінісін, мысалы қаріп мәнері мен өлшемін, қосымша теңшеу үшін Түстерді пайдалану параметрін таңдап, Кіріс қалтасын реттеу жолдары тілқатысу терезесінде Автоматты пішімдеу түймешігін басыңыз.

    • Түс параметрін ажырату үшін Ажырату түймешігін басыңыз.

    • Түсті өзгерту үшін Ажырату түймешігін басыңыз да, тізімнен қажет түсті таңдап, Қосу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×