«Жетектеушімен ашу» пәрменін пайдаланып кітапхана файлдарын көшіру немесе жылжыту

«Жетектеушімен ашу» пәрменін пайдаланып кітапхана файлдарын көшіру немесе жылжыту

Уақыт өте келе, кітапханадағы бір немесе бірнеше құжаттарды басқа кітапханаға көшіру немесе жылжыту керек болуы мүмкін. Мысалы, кітапханадағы бір жыл бұрын жасалған барлық құжаттарды басқа кітапханаға ақпаратты мұрағаттау үшін көшіргіңіз келуі мүмкін. Болмаса, жұмыс тобыңызды өзгерткен соң, ішкі тораптағы басқа кітапханаға меншігіңіздегі бір тораптағы кітапханадан құжаттарды көшіргіңіз келуі мүмкін. Осы әрекеттерді орындау үшін, кітапханадағы файлдарды басқаратын қосымша жол – Жетектеушімен ашу пәрменін пайдалана аласыз. Осы пәрменді пайдаланған кезде, компьютерде жетектеуші ашылады, бірақ ол торапты ерекшелейтін сервер компьютерінде қалта құрылысын көрсетеді. Қалтадағы файлдарды көшіру, атын өзгерту, жою және басқа да жолдармен басқара аласыз.

Бұл мақалада:

Шолу

«Жетектеушімен ашу» пәрменін пайдалануға арналған бағдарламалық жасақтама талаптары

Құжат сипаттары мен кітапхана ақпараты туралы

Кітапхана файлдарын көшіру немесе жылжыту

Тораптар жинағындағы кітапхана файлдарын көшіру немесе жылжыту

Файлдарды тораптар жинағы арасында көшіру және жылжыту

Шолу

Ашық Explorer терезесі Уақыт өте келе, кітапханадағы бір немесе бірнеше құжаттарды басқа кітапханаға көшіру немесе жылжыту керек болуы мүмкін. Мысалы, кітапханадағы бір жыл бұрын жасалған барлық құжаттарды басқа кітапханаға ақпаратты мұрағаттау үшін көшіргіңіз келуі мүмкін. Болмаса, жұмыс тобыңызды өзгерткен соң, ішкі тораптағы басқа кітапханаға меншігіңіздегі бір тораптағы кітапханадан құжаттарды көшіргіңіз келуі мүмкін. Осы әрекеттерді орындау үшін, SharePoint кітапханасындағы файлдарды басқаратын қосымша жол – Жетектеушімен ашу пәрменін пайдалана аласыз. Осы пәрменді пайдаланған кезде, компьютерде жетектеуші бағдарламасы ашылады, бірақ ол торапты ерекшелейтін сервер компьютерінде қалта құрылысын көрсетеді. Қалтада файлдарды көшіру, атын өзгерту, жою және басқа да жолдармен басқара аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

«Жетектеушімен ашу» пәрменін пайдалануға арналған бағдарламалық жасақтама талаптары

Жетектеушімен ашу пәрменін пайдалану мүмкін болмаса, клиенттік компьютерде алдын ала орнатылған бағдарламалық жасақтаманың бар екенін тексеріңіз:

  • Төмендегі Windows клиентінің амалдық жүйелерінің бірі: Windows XP, Windows Vista, Windows 7 немесе Windows Server 2008 бағдарламалары клиент ретінде іске қосылған болуы керек. Сонымен қатар, пайдаланушылар тіркелгілерін басқару (UAC) параметрі төменгі деңгейде немесе ажыратылған болуы керек.

  • Internet Explorer 7.0 немесе кейінгі нұсқасы. ActiveX басқару элементтері іске қосылуы керек.

  • Веб-клиент қызметі іске қосылған болуы керек. Windows Server 2008 немесе Windows 7 Server бағдарламаларын клиент компьютері ретінде пайдаланып жатсаңыз, онда Server Manager бағдарламасынан жұмыс үстелі мүмкіндіктерін орнату керек.

Беттің жоғарғы жағы

Құжат сипаттары мен кітапхана ақпараты туралы

Бір кітапханадан екіншісіне құжаттарды көшіру немесе жылжыту кезінде, құжаттармен байланысты кітапхана ақпаратына және құжат сипаттарына не болатынын білу керек. Бар кітапханалар арасында файлдарды көшіру немесе жылжыту кезінде, файлдың Сипаттар, сондай-ақ, Аты, Тақырыбы және Авторы тілқатысу терезесінде көрінетін және файлдармен сақталған құжат сипаттары сақталады. Дегенмен, көріністер және параметрлер сияқты кітапханаға тән ақпарат сақталмайды.

Осы кітапхана ақпаратын сақтау үшін, кітапхананы кітапхана үлгісін пайдаланып көшіре аласыз.

Ескерту :  Жетектеуші көрінісі әдепкі кітапхана көрінісі болса, қате туралы хабар алуыңыз мүмкін. Осыны шешу үшін, әдепкі көріністі жетектеуші көрінісін пайдаланбау параметріне өзгертіңіз, Жетектеушімен ашу пәрмені – кітапханада файлдарды басқарудың ұсынылған жолы.

Беттің жоғарғы жағы

Кітапхана файлдарын көшіру немесе жылжыту

Келесі бөлімдер құжаттар кітапханасында бір тораптан (бастапқы торап) басқа торапқа (соңғы торап) файлдарды қалай көшіру немесе жылжыту жолын көрсетеді.

Тораптар жинағындағы кітапхана файлдарын көшіру немесе жылжыту

  1. Файлдар көшірілетін немесе жылжытылатын кітапханасы бар бастапқы торапты ашыңыз.

  2. Жедел іске қосу тақтасындағы кітапхана атауын нұқыңыз немесе Торап әрекеттері түймешігін басып, Тораптың бүкіл мазмұнын қарау пәрменін, одан кейін тиісті кітапхана бөлімінен кітапхана атауын таңдаңыз.

    Ескерту :  Тораптың сыртқы түрін және шарлау элементтерін едәуір өзгертуге болады. Егер пәрмен, түймешік немесе сілтеме сияқты параметрді таба алмасаңыз, әкімшімен хабарласыңыз.

  3. Таспада Кітапхана құралдары бөлімі астындағы Кітапхана қойындысын нұқып, Қосылу және экспорттау тобында Жетектеушімен ашу түймешігін басыңыз.

  4. Жетектеуші терезесінде жылжытылатын немесе көшірілетін файлдарды таңдаңыз.

    Көптеген іргелес файлдарды таңдау үшін, SHIFT пернесін басып тұрып, керек файлдар жиынтығы бойынша тінтуір меңзерін жылжытыңыз. Көптеген іргелес емес файлдарды таңдау үшін, CTRL пернесін басып тұрып, керек файлдарды нұқыңыз.

  5. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жылжыту.    Таңдалған файлдардың бірін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қиып алу түймешігін басыңыз.

    • Көшіру.    Таңдалған файлдардың бірін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Көшіру түймешігін басыңыз.

  6. Internet Explorer шолғышында «Жаңа қойынды» түймешігін немесе CTRL+T пернелер тіркесімін басу арқылы жаңа қойынды жасаңыз.

  7. Жаңа қойындыда файлдарды жылжытатын және көшіретін соңғы торапты ашыңыз.

  8. Таспада Кітапхана құралдары бөлімі астындағы Кітапхана қойындысын нұқып, Әрекеттер тобында Жетектеушімен ашу түймешігін басыңыз.

  9. Жетектеуші терезесінде бос аймақты тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қою түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Соңғы кітапханада қалталар болса, ол қалталар көрінетін болады және сол қалталарды ашып, файлдарды арнайы бір қалтаға қоя аласыз.

  10. Сондай-ақ, жетектеуші терезесін жабыңыз.

  11. Кітапханадағы файлдарды көру үшін, шолғыш терезесін жаңартыңыз (F5 пернесін басыңыз).

    Ескертулер : 

    • Файлдың анықталған төлсипаттарының бар екенін талап ететін кітапханаға жылжытылып немесе көшіріліп жатқан файлдардың бұл төлсипаттары жоқ болса, файлдар кітапханаға кері қотарылмайды. Қажетті төлсипаттар енгізілгеннен кейін, бұл файлды қайтара аласыз.

    • Файлдардың бөліп алынуын талап ететін кітапханаға файлды жылжытып немесе көшіріп жатсаңыз, бастапқы файл бөлініп алынады. Басқа адамдар бұл файлды өзгертпес бұрын, оны қайтаруыңыз қажет.

    • Мазмұнды бекіту кітапхана үшін қажетті болса, файлдарыңыз кітапханадағы файлдарды қарап шығу рұқсаттары бар әрбір пайдаланушыға көрсетілмес бұрын, файлыңызды бекіту қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Файлдарды тораптар жинағы арасында көшіру және жылжыту

  1. Файлдар көшірілетін немесе жылжытылатын кітапханасы бар бастапқы торапты ашыңыз.

  2. Жедел іске қосу тақтасындағы кітапхана атауын нұқыңыз немесе Торап әрекеттері түймешігін басып, Тораптың бүкіл мазмұнын қарау пәрменін, одан кейін тиісті кітапхана бөлімінен кітапхана атауын таңдаңыз.

    Ескерту :  Тораптың сыртқы түрін және шарлау элементтерін едәуір өзгертуге болады. Егер пәрмен, түймешік немесе сілтеме сияқты параметрді таба алмасаңыз, әкімшімен хабарласыңыз.

  3. Таспада Кітапхана құралдары бөлімі астындағы Кітапхана қойындысын нұқып, Әрекеттер тобында Жетектеушімен ашу түймешігін басыңыз.

  4. Жетектеуші терезесінде жылжытылатын немесе көшірілетін файлдарды таңдаңыз.

    Көптеген іргелес файлдарды таңдау үшін, SHIFT пернесін басып тұрып, керек файлдар жиынтығы бойынша тінтуір меңзерін жылжытыңыз. Көптеген іргелес емес файлдарды таңдау үшін, CTRL пернесін басып тұрып, керек файлдарды басыңыз.

  5. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жылжыту.    Таңдалған файлдардың бірін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қиып алу түймешігін басыңыз.

    • Көшіру.    Таңдалған файлдардың бірін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Көшіру түймешігін басыңыз.

  6. Internet Explorer шолғышында «Жаңа қойынды» түймешігін немесе CTRL+T пернелер тіркесімін басу арқылы жаңа қойынды жасаңыз.

  7. Соңғы торап URL мекенжайын http://Contoso сияқты мекенжай жолағына енгізіңіз.

  8. Файлдарды жылжытатын және көшіретін соңғы торапты ашыңыз.

  9. Таспада Кітапхана құралдары бөлімі астындағы Кітапхана қойындысын нұқып, Әрекеттер тобында Жетектеушімен ашу түймешігін басыңыз.

  10. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен бос аймақты нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қою түймешігін басыңыз.

    Кеңес :  Соңғы кітапханада қалталар болса, ол қалталар көрінетін болады және сол қалталарды ашып, файлдарды арнайы бір қалтаға қоя аласыз.

  11. Сондай-ақ, жетектеуші терезесін жабыңыз.

  12. Кітапханадағы файлдарды көру үшін, шолғыш терезесін жаңартыңыз (F5 пернесін басыңыз).

Ескерту : 

  • Файлдың анықталған төлсипаттарының бар екенін талап ететін кітапханаға жылжытылып немесе көшіріліп жатқан файлдардың бұл төлсипаттары жоқ болса, файлдар кітапханаға кері қотарылмайды. Қажетті төлсипаттар енгізілгеннен кейін, бұл файлды қайтара аласыз.

  • Файлдардың бөліп алынуын талап ететін кітапханаға файлды жылжытып немесе көшіріп жатсаңыз, бастапқы файл бөлініп алынады. Басқа адамдар бұл файлды өзгертпес бұрын, оны қайтаруыңыз қажет.

  • Мазмұнды бекіту кітапхана үшін қажетті болса, файлдарыңыз кітапханадағы файлдарды қарап шығу рұқсаттары бар әрбір пайдаланушыға көрсетілмес бұрын, файлыңызды бекіту қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×